Суббота , 5 июля 2025

Сәдібек ТҮГЕЛ: ҚАЗАҚТЫ АР МЕН АБЫРОЙДАҒДАРЫСЫНАН ҚҰТҚАРАЙЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Тәлім тұғы­ры

 


 

 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы «Ұлы Дала Қыран­да­ры» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық мәде­ни-әле­умет­тік қозға­лы­сы­ның тең төраға­сы, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, жазу­шы Сәді­бек Түгел мыр­за­ның бүгін­гі жастар­дың руха­ни адам­гер­шілік тәр­би­есі төңіре­гін­де­гі сұх­ба­ты­мен «Тәлім тұғы­ры» айда­ры­ның тұса­уын кестік.

 

– Сәді­бек мыр­за, өзіңіз қатар­лас аза­мат­тар депу­тат болу үшін жан­та­ла­сып, барын да, арын да салып жүр. Ал сіз­ге неге депу­тат болмасқа?

– Сіздің сұрағы­ңы­зға қар­сы сау­ал қояй­ын: депу­тат­тар­дың менен қан­дай арты­қ­шы­лы­ғы бар?

– Қал­та­сын­да ман­да­ты, ала­тын мини­стр­лік жалақы­сы бар демесеңіз…

– Дұрыс айта­сыз – одан басқа айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Мен өзім­ді олар­мен тең санай­мын. Қоғам қай­рат­кері және қалам­гер ретін­де ұлт­тың мүд­десін бір кісі­дей қорғап, небір мін­бер­лер мен әле­умет­тік желілер­де бүге­жек­те­мей, біре­у­ге қарап жал­тақта­май, бұлғақта­май, айтар ойла­рым мен ұсы­ны­ста­рым­ды ашық жет­кізіп келе­мін. Ел білетін қалып­тасқан аза­мат­тық ұста­ны­мым бар. Бұл бағыт­та мен депу­тат­тар­дан кем емеспін.

Иә, біз­де депу­тат­та­ры­мыз жоға­ры дең­гей­де жалақы ала­ды, қым­бат үйде тегін тұра­ды, тегін авто­көлік, тегін қам­ту қыз­меті көр­сетіледі. Әлем­дік дағ­да­рыс алқым­нан алып, қара­пай­ым халы­қты есең­гіретіп тұрған­да, депу­тат­тарға аста-төк жағ­дай жасау дұрыс емес деп есеп­тей­мін. Менің ойым­ша, қазір­гі қиын жағ­дай­да халық қала­у­лы­ла­ры­ның еңбе­кақы­ла­рын екі есе­ге төмен­де­ту қажет. Сон­да халық риза бола­ды. Үнем­дел­ген қара­жат­ты сал ауруы­на және басқа да дерт­тер­ге шал­ды­ққан науқас бала­лар­ды емде­у­ге, оларға қажет­ті опе­ра­ция жаса­уға жұм­саған дұрыс болар еді.

Тең­генің құн­сызда­нуы­на бай­ла­ны­сты дәрі-дәр­мек­тің баға­сы қым­бат­тап кет­ті. Одан қара­пай­ым кедей адам­дар зор зардап шегу­де. Ақша­ла­рын қысқарт­са, депу­тат­тар­дың мұр­ты қисай­май­ды, тұр­мыс-тір­шілік­тері төмен­де­мей­ді, қысқар­май­ды деп санай­мын. Жер­ге қарап оты­рған бір­де-бір депу­тат жоқ. Әрбір депу­тат­тың үй-күйі бар дегендей.

Ал «сіз­ге неге депу­тат бол­масқа» деген сұрағы­ңы­зға кел­сек, «тура сөй­ле­ген туы­сы­на жақ­пай­ды» деген қағи­да бар. Әділет­сіздік­ке жаным қар­сы. «Отан­ды сату жемқор­лы­қтан баста­ла­ды», «Кресло­ма­ни­ядан арыл­май, кор­руп­ци­ядан құтыл­май­мыз» деп, басың бар, көзің бар демей ойым­ды ашық айта­мын. Ол біре­улер­ге жақпайды.

– Бірақ сіздің осы «біре­улер­ге жақ­пай­тын» пікіріңіз дең­гей­ін­де ой айтып жүр­ген депу­тат­ты көре алма­дық қой. Қоғам­да халы­қтың тіле­гін шымыр­ла­тып жет­кі­зе ала­тын кім­дер­дің депу­тат болға­нын қалар едіңіз?

– Құдай­ға шүкір, ел ішін­де ұлағат­ты сөз­дер тауып, мағы­на­лы ұсы­ны­стар­ды айта ала­тын ағай­ын­дар бар. Алма­ты­дан жазу­шы­лар Зей­неп Ахме­то­ва апай мен Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, Софы Сма­та­ев аға­лар, Аста­на­дан Кен­же­бо­лат Жол­ды­бай аға, қай­рат­кер аза­мат Марат Нәби­ев, ЮНЕСКО про­фес­со­ры Намазәлі Ома­шұ­лы, кино­ре­жис­сер Ермек Тұр­сы­нов, жур­на­ли­стер Марат Тоқаш­ба­ев, Арман Шора­ев, Дәу­рен Қуат, ақын­дар Ғалым Жай­лы­бай, Ұлы­қ­бек Есдау­лет, Қазы­бек Иса, Ауыт Мұқи­бек, Ринат Зай­ы­тов, сая­сат­та­ну­шы­лар Айдос Сарым, Ерлан Қарин, Толға­най Үмбе­та­ли­е­ва, Расул Жұма­лы… және тағы басқа­лар. Шынын­да, пар­ла­мент мәжілісінің депу­тат­та­ры бола­тын мықты аза­мат­тар елі­міз­де жетерлік.

– Сіз қазақ қызда­ры­ның шетел­дік­тер­ге жап­пай күй­е­у­ге шығуы, лас туризм, беде­улік­тің белең алуы, гей­лер­дің көбе­юі, т.т. қоғам­ды толған­тқан тақы­рып­тар­ды әле­умет­тік желі­де жиі көтеріп жүр­геніңізді біле­міз. Мұн­дай бел­сен­ділік­ке сізді итер­ме­лей­тін нен­дей күш?

– Маған әсі­ре бел­сен­ділік қажет емес, мені толған­та­тын елде қалып­тасқан руха­ни азғын­дау жағ­дайы. Бір мил­ли­ард халқы бар үнді елінің ең таны­мал бло­гері Шах­кар Аби­ди атты жур­на­лист әлем­дік секс-инду­стри­я­ның ота­ны – Қаза­қстан, ал аста­на­сы – Алма­ты қала­сы деп жар сал­ды. Ол желі­де АҚШ дипмис­си­я­сы­ның 2012 жыл­дың қоры­тындыс­ы­на арналған есебін­де Қаза­қстан әйел­дер мен жасөс­пірім қыздар­дың секс-тра­фи­гінің баста­у­шы­сы және тран­зит­тік орта­лы­ғы ретін­де көр­сет­ті деп жаз­ды. Бұдан артық қан­дай «клей­мо» керек біз­ге? Дәл осы жағ­дай­да бай­лық неге керек, бар­лық неге керек?

Логи­каға сал­сақ, секс-туризм, жезөк­шелік, адам­дар­дың азғын­да­уы эко­но­ми­ка­сы өте нашар, намысы тап­талған, ар-ұяты аз елде ғана орын ала­ды екен. Біздің мем­ле­кет­тік ән-ұра­ны­мы­зда: «Намысын бер­ме­ген қаза­ғым мықты ғой» деп жазы­лған. Сол намыс қайда?

Сол намысты сақтап қалу үшін біз­ге не істеу керек? Бірін­ші­ден, бар­лық қазақ қызда­ры тегін білім алу­ла­ры керек. Жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы ақы­лы оқы­ту­ды тоқта­ту қажет.

Екін­ші­ден, «сексха­на» және «бор­дель» болып кет­кен сан­сыз «сау­на», «хауз», «хамам­дар­ды» «түн­гі жын-ойнақтар­ды», «гей, гей­ша клуб­тар­ды», «қонақ үйлер­ді» жабу керек. Үшін­ші­ден, лас туризмді елі­міз­ге кір­гіз­беу керек. Төр­тін­ші­ден, идео­ло­ги­яға және жастар тәр­би­есіне жете көңіл бөлудің заң негізін­де­гі алғы шар­тта­рын жаса­уға тиіс­піз. Бесін­ші­ден, идео­ло­гия сала­сын­да теле­ви­де­ние, радио, интер­нет­ті жастар­дың рухын бұза­тын «өнім­дер­ден» қат­ты қадаға­лап, ұлт­тық рухы­мы­зға зиян тидір­мей­тін ұлт­тық-тәр­би­елік дүни­е­лер­ді ғана көр­се­ту керек.

– Кезін­де 90-жыл­да­ры сіз Қазақ теле­ди­да­рын­да осы тақы­рып­тар төңіре­гін­де «Біз қай­да бара­мыз?» деген бағ­дар­ла­ма жасаған едіңіз…

– Өкініш­ке орай, ар мәсе­лесін­де алды­мыз – жар, арты­мыз – құз болып тұрған­да, осын­дай тәлім­дік теле­бағ­дар­ла­ма бол­май тұр. Шынын­да, менің бұл тақы­рып­тар­мен шұғыл­да­нып келе жатқа­ны­ма тура 20 жыл­дан асты. Қазақ теле­ви­де­ни­есін­де «Қазақ қызы­на қырық үйден тый­ым», «Ислам діні және жастар тәр­би­есі» атты хабар­лар­ды ұйымдастырдым.

Енді қараңыз­шы: қазақ қызда­ры жат жұрт­ты­қтарға күй­е­у­ге бірі­нен кей­ін бірі шығу­да. Орта есеп­пен алған­да, бір жыл­да тоғыз мың­дай қазақ қызы шетел­дік­тер­ге тұр­мысқа шыға­ды екен. Егер осы қалып­та жүре бер­сек, келесі ғасыр­да қазақ деген ұлт­ты туа­тын қыз қал­май­тын сияқты көрі­неді маған. Жуы­қта бал­ды­зым­ның үйіне жаңа құда­ла­ры­мен бір­ге қонақта бол­дым. Сон­да бір құдағи: «Қаза­қтар­мен – қаза­қтар құда болған сіз­дер өте бақыт­ты жан­дар­сыздар. Бұны айтып тұрға­ным – Алма­ты­ның мед­ин­сти­ту­тын­да оқы­ған екі қызым менің тілім­ді алмай, индустарға күй­е­у­ге шығып кет­ті. Бөтен­нің аты бөтен бола­ды екен: қызда­рым­нан туған индус неме­ре-жиен­дер­ге жүре­гім емірен­бей­ді. Содан бері көңілім алай-дүлей», – деп, көзіне жас алды. Қызы­қтың көкесін түйе сой­ған­да көрерсің деген: оған қосы­лып Алма­ты­дан кел­ген екін­ші құдағи жыла­ды. Бұған не бол­ды десек, оның да жалғыз қызы ита­льян­дық біре­у­ге шығып, елден бір­жо­ла­та кетіп қалып­ты. Тра­ге­дия деген осы.

«Ауруын жасы­рған – өледі» дей­ді біздің дана халық. Біздің зерт­те­уі­міз­де, бүгін­гі күні 15 пен 25 ара­лы­ғын­дағы қызда­ры­мы­здың тең жар­ты­сы шетел­дік­тер­ге тұр­мысқа шығуға дай­ын. Өткен тарихы­мы­зды зер­де­ле­сек, біздің қайт­пас-қай­сар, ержүрек ата-баба­ла­ры­мыз бой­ла­рын­дағы жан­да­рын бер­се де, ұлта­рақтай жер­лері­мен қатар бола­шақ қаза­қтар­ды әке­летін қыз-келін­шек­тер­ді жат жұрт­ты­қтар­дан қызғы­штай қорғап, сақтаған. Олар қыздар­ды «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ел-Ана» деп баға­лап, жауға бер­ме­ген. Қыз – елдің ыры­сы мен бере­кесі, өсуі, дамуы деп білген.

Басы ашық мәсе­ле – қызда­ры­мы­здың жат жұрт­ты­қтарға күй­е­у­ге шығуы ұлт­тың өсуіне де, демо­гра­фи­яға да кері әсерін тигізіп отыр. 1960 жыл­да­ры өзбек­тер мен қаза­қтар­дың саны тең – 10 мил­ли­он­нан болған. Өзбек­тер қазір 31 мил­ли­он. Ал біздің қазақ сол 10 мил­ли­он­нан алы­сқа ұзап кете алма­ды. Сауд Араб елін­де және басқа да араб мем­ле­кет­терін­де қызда­ры­ның басқа ұлт өкіл­деріне күй­е­у­ге шығу­ла­ры­на қатаң шек­теу қой­ы­лған. Олар бұл тұрғы­да арнайы заң қабыл­даған. Қазақ саны аз ұлт болған­ды­қтан, мұн­дай заң біз­ге де қажет деп ойлаймын.

– Ұлт­тық ар-намысқа нұқ­сан кел­тіретін тағы бір мерез – жезөк­шелік мәсе­лесі тура­сын­да да сіз ашық айтып жүрсіз…

– Қоғам­ды мең­деп бара жат­са, оны не жасы­ра­ты­ны бар?! Кей­бір деректер­ге қараған­да, қазір елі­міз­де жүз мың­нан астам денесін сатып, ақша тауып жүр­ген қыздар бар екен. Мысалға, тек бір ғана Шым­кент қала­сын­да бір кеш­те 2000–2500 қыз жезөк­шелік­пен айна­лы­са­ды деген деректі бір жер­ден оқы­дым. Алма­ты, Аста­на, Тараз, Қараған­ды, Қызы­лор­да, Аты­рау, Орал, Ақтө­бе, Ақтау, Қоста­най, Қызы­л­жар, Семей, Көк­ше­тау, Өске­мен, Пав­ло­дар, Тал­ды­қорған, Қап­шағай, Бура­бай және тағы басқа қала­лар­да «про­сти­ту­ция» мен арды сату өршіп тұр. Бұл дегеніңіз сұм­дық емес пе! Әсіре­се шетел­дік­тер жұмыс істей­тін аймақтар­да жеңіл жүрістілер көп.

Қазақ ұлты қай­да бара­ды? Дәл қазір елі­міз­де 25 жастан асқан, тұр­мыс құр­маған 250 мыңға жуық «кәрі қыздар», 175 мың­дай «сүр бой­дақ» жігіт­тер бар екен. Оның үстіне жесір қалған­дар мен ажы­рас­қан­дар­ды қос­саң, бұл көр­сет­кіш екі-үш есе­ге көбей­еді. Бүгін­гі күн­гі әрбір 10 некенің 4‑і ажы­рас­ып отыр.

Тағы бір сұм­дық – қаза­қтың жаста­рын беде­улік кесе­па­ты жай­лап бара­ды. Уро­лог Алшын­ба­ев­тың айтуын­ша, олар­дың саны 30 пай­ы­здан асып жығы­ла­ды екен…

– Аға, дәл осы жер­де сіздің «Қазақ жігіт­теріне жатар­дың алдын­да қазы жеп, қымыз ішу қажет» деген сұх­ба­ты­ңы­зды бір басы­лым­нан көзім шалған еді. Елде қыз­те­ке жігіт­тер мен еркек­шо­ра әйел­дер­дің көбе­юі де бір мерез болып тұрған жоқ па?

– Дәл солай! Қыз­те­ке­лер мен бір­жы­ны­сты­лар өздерін ашық жар­на­ма­лай бастаған кез­де мем­ле­кет тара­пы­нан қар­сы наси­хат­тың әре­кеті жасал­май жатқа­нын түсі­ну қиын. Керісін­ше, біздің теле­ди­дар­лар еркек­тің – әйел рөліне ену жағ­дай­ын молы­нан жар­на­ма­лай баста­ды. Әзіл-сықақ теат­рын­дағы қазақ жігіт­тері әйел­дер­дің ролін ойна­уға құштар. Соған өлер­дей беріліп алған.

Бір жолы Жаңа­жол ауы­лы­на мал­шы­ның үйіне бар­дым. Оның 5–6 жастағы ұлда­ры «Сабин­ка келін» болып, баста­ры­на ора­мал тар­тып, ойнап жүр­генін көріп, жағам­ды ұста­дым. Қатын болып ойна­уды қаза­қтың әртіс жігіт­тері мақтан тұта­ды. Намыс жоқ.

Біз өзі­мізді саны көп оры­стар мен қытай­лар­мен салы­стыр­май­ық. Олар­да сан сапаға ауы­сып кет­кен. Біз – азбыз. Сәл жібер­ген кем­шілік­тері­міз бен қателік­тері­міз көз­ге көрініп тұра­ды. Оның кесірі­нен руха­ни­я­ты­мы­здың өсуі кеше­уіл­деп, ұлт­тық тәлім-тәр­би­е­міз, ар-ождан мәсе­ле­лері ұмыт қал­ды. Жастар­ды жаман, кір, лас жол­дарға сала­тын үрдістер бой көтеріп, ар-ұят жоға­лып бара­ды. Соның нағыз дәлел­дерінің бірі – біздің елі­міз сау­на­сы ең көп елге айна­луы дер едім. Ал ол сау­на-мон­ша кешен­дері, шын­ту­ай­тын айтқан­да, ар-намысты ұмы­тып, дүние-қоңыз жина­уға құны­ққан биз­не­смен­дер мен кәсіп­кер­лер­дің, кей­бір құқық қорға­у­шы­лар­дың күреп лас ақша таба­тын «бор­дель-сексха­на­ла­ры­на», «жын-ойнақ» сау­на­ла­ры­на айна­лып кет­ті. Бұл не деген сұм­дық? Қалай осы сау­на­лар­ды жабамыз?

– Енде­ше сұх­ба­ты­мы­здың басын­дағы сұраққа қай­та­дан айна­лып келей­ік: егер сіз депу­тат бол­саңыз, осы келеңсіздік­тер­ді мем­ле­кет­тік мін­бер­ден айтар едіңіз…

– Бұл келеңсіздік­тер­мен депу­тат­тың ғана күре­суі аздық ете­ді, оған бүкіл қоғам қар­сы тұруы керек. Ал ел пар­ла­мен­ті Ар-Намыс, Ар-Ождан мәсе­лесіне арналған арнайы заң қабыл­да­у­ла­ры керек деп есеп­тей­мін. Қар­жы, эко­но­ми­ка дағ­да­ры­сы түзе­леді, ал ар-намыс, абы­рой дағ­да­ры­сы ден­деп кет­се, одан құты­лу оңай болмайды.

– Ұлт­тың ұлаға­ты үшін жік-жапар болған сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, аға!

 

Дидар НҰРЖІГІТ,

жур­на­лист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн