Суббота , 5 июля 2025

Таңдауға ТОҚТАУ болмасын

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Бір даб­ы­раға екі пікір

 

Жуы­қта «Фейс­бук­тағы» парақ­шам­да мына­дай жөпел­де­ме жаз­ба қал­ды­рған едім. Ойым – тоқ­пақтың астын­да қалған «91» тобы­на ара­ша түсу бола­тын: «Оу, халай­ық, айнал­ды­рған бес бала қалың қаза­қтың жаста­рын «гей­ро­паға» алып кете­ді деген не был­шыл?! Жастар­ды тәр­би­е­лей­тін отба­сы қай­да, мек­теп қай­да, сала­у­ат­ты орта қай­да? Осы­лар­дың бәрі­нен бес маңқа мықты бол­са – жетіс­кен екен­біз! Осы бес бала­да не құт­та­рың қал­ды?! «Бір бие­ден ала да, құла да туа­ды» деген­ді місе тұтқан ежел­гі қазақ сияқты кеңдік­терің қай­да?! Не бол­ды сен­дер­ге – бес балаға ата жау­ла­ры­ң­дай шүй­лі­гіп?! Енді­гі бол­ды емес пе, түге!!!».

Содан бүкіл желі біт­кен­ді ақта­рып, «91»-ге сауға сұраған жаз­ба­лар­ды ірік­теп алдым. Соның ішін­де­гі ерекше еке­уін газет бетін­де жария ете оты­рып, өнер­ден өзге­ше өріс ізде­ген өрен­дер­ге қол­дау біл­дір­ген­ді жөн сана­дым. Бұным­ды ұнат­паған­дар бол­са, Сәу­ле Әбе­ди­но­ва айтқан­дай (қараңыз), «мені талап жеңіздер»…

Ермұрат БАПИ

 


 

 

Шешем қыз кезін­де кала­ка­ла шал­бар киді, көке­лерім­нің келін­шек­тері жас кезін­де мини-юбка­мен жүр­ді, аға­ла­рым шашын дудар­лат­ты… Олар да «Аббаға» елік­теп, «Бит­лзға» ерік бер­ді… Қай­та­лап айта­мын, жас кезін­де… Келін боп түсіп, отаға­сы ата­нып, жас кел­ген соң, бәрі тып-типыл жоқ бол­ды… 10 бала сүй­ген сала­у­ат­ты әке-ана, бес уақыт нама­зын қаза қыл­маған әже мен ата қазір…

Сол буын­ның жастық кезеңі­нен өткен соң, шашта­рын жал­бы­ра­тып, әлем-жәлем болып жүр­генін неме­се ұрпағы ұсақта­нып май­мыл болып кет­кенін көр­генім жоқ… Фред­ди Мер­кью­ри, Элтон Джон, Сти­ви Уан­дер, Джо Кокер, Мик Джаг­гер, сырға тақ­пақ түгілі бет терісін сыпы­рып өзгерт­кен Май­кл Джек­сон, Пол Мак­карт­ни, Цой, Прес­ли, Хью­стон, Зем­фи­ра, тағы жүз­де­ген әлем­дік дең­гей­де­гі жұл­ды­здарға там­са­нып өскен талай ұрпақ кел­ді-кет­ті… Жан-жағы­мы­зға қарай­ы­қ­шы, сырға тағып жүр­ген аға­лар, мини-юбка­мен жүр­ген тәте­лер бар ма? Жоқ қой, жо-о-оқ…

Жастар там­санған түр­лі топ­тар келіп жатыр, дәуірі біт­кен соң, кетіп жатыр… Жаста­ры­мыз бұзыл­ма­сын деген жана­шыр­лық тілек­пен пікір біл­діріп жатқан бар­ша жұрт­тың жан айқай­ы­на құр­мет­пен қарай оты­рып, ешкім­нің таң­да­уын шек­те­мей­ік дегім келеді… Ертең жаста­ры­мыз сәл есейе түс­сін­ші, көңілі дом­бы­раға ауып, айғай-шудан өзі-ақ жеріп шыға келеді. Әкем мен шешем де, ағам мен жең­гем, мен де жастық атты беле­стен өттік, кей­ін жастық дағ­ды елес боп арт­та қал­ды… Бәрі өткінші…

Жоға­ры­да аталған әншілер­дің фана­ты бол­дым кезін­де, көңілім хош көр­се, қазір де тың­дай­мын… Бірақ өзім­нің тер­ме-күй­лерім­нен жері­ген кезім жоқ… Сосын, әлгі әншілер­ді тың­даған­нан қаза­қы­лы­ғым кеміп қал­ды деп айта алмай­мын… Мен­дік көзқа­рас осы…

Күн­де қала­да сту­дент қыз-жігіт­тер­ді көре­мін, мини-пини­сыз әп-әде­мі киініп алған, ел үде­ре шоши­тын­дай пәлен­дей ерсі қылы­қта­ры жоқ… Тым қою­ла­та бер­мей­ік… Мен үшін ең қауіп­тісі – тер­ро­ри­стік ұйым­дар­дың жете­гін­де зом­би­ланған жастар…

 

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн