Суббота , 5 июля 2025

ЕЛДІҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ: жағдай қатерлі ме, әлде қалыпты ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Дұры­сы қайсы?

 


 

 

Қаза­қстан­да сыр­тқы қары­зды өтеу шығы­ны соңғы төрт жыл­да сегіз есе­ге көбей­ген. Кей­бір сарап­шы­лар ква­зи­мем­ле­кет­тік сала қары­зы бюд­жет­ке сал­мақ түсіреді деген пікір білдіреді.

 

Қаза­қстан ұлт­тық бан­кінің дере­гін­ше, елдің сыр­тқы қары­зы­ның жал­пы көле­мі 154 мил­ли­ард дол­лар болған. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Қуан­дық Бишім­ба­ев өткен айда пар­ла­мент­те кел­тір­ген шіл­де айын­дағы мәлі­мет­ке сай, мем­ле­кет­тік қары­здың жинақ мөл­шері 10,9 трил­ли­он тең­ге­ге (32,2 мил­ли­ард дол­лар), яғни мау­сым­ның 1‑і күн­гі жағ­дай бой­ын­ша 2016 жылғы жал­пы ішкі өнім­нің (ЖІӨ) 24,6 пай­ы­зы­на тең. Аталған сома­дағы үкі­мет­тің қары­зы 9 трил­ли­он тең­гені, соның ішін­де ішкі қарыз 4,39 трил­ли­он, сыр­тқы қарыз – 4,68 трил­ли­он тең­ге болған. Ұлт­тық банк­тің ішкі қары­зы 1,55 трил­ли­он тең­ге деп көрсетілген.

Бишім­ба­ев «Әлем­нің өзге елдері­мен салы­сты­рған­да Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы төмен дең­гей­де» деген. Бірақ жеке­ле­ген сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, Қаза­қстан­ның жал­пы сыр­тқы қары­зын­дағы ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дың үлесін есеп­ке алмау – эко­но­ми­ка үшін қауіп­ті. Эко­но­мист Мағ­бат Спа­нов сыр­тқы қарыз мөл­шері қазір­дің өзін­де өте үлкен болып отыр деп санай­ды. Маман­ның сөзін­ше, көле­мі 170 мил­ли­ард дол­лар шама­сын­дағы жиын­тық қары­здың ара­сын­да ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың бере­ше­гі өте күр­делі про­бле­маға айна­лып отыр.

«Біз­де клас­си­ка­лық нары­қтық эко­но­ми­ка жүй­есі емес, моно­по­ли­я­ланған эко­но­ми­ка қалып­тасқан­ды­қтан, шару­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­тілер­дің қары­зын мем­ле­кет өтеп жата­ды. «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры құрған ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар қары­зы­ның сал­мағы мем­ле­кет­ке түседі. Қар­жы қарыз қай­та­руға жұм­са­лып, әле­умет­тік төлем­дер аза­яды. Тіп­ті қары­зды өте­ген күн­нің өзін­де өндірістің жұмысы тоқы­рап, банк­ро­тқа ұшы­ра­ма­сы­на кепіл­дік жоқ», – дей­ді Мағ­бат Спанов.

Оның айтуын­ша, эко­но­ми­ка­да сыр­тқы қарыз шама­сы ЖІӨ-нің 60 пай­ы­зы дең­гей­і­нен аспа­уы тиіс. «Ал біз­де мем­ле­кет­тік кепіл­ден­діріл­ген қарыз, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор мен фир­ма­ара­лық қары­здар­дың жиын­тық сома­сы қазір ЖІӨ көле­міне жетіп қал­ды. Тұта­стай алған­да, бұл жақ­сы нышан емес» дей­ді ол.

Эко­но­мист Рах­ман Алша­но­втың пікірін­ше, Қаза­қстан­ның жал­пы сыр­тқы қары­зы­ның өсуі – заң­ды про­цесс. Оның сөзін­ше, қары­здың көле­міне емес, құра­мы­на қарау керек.

«Бұл негізі­нен ком­па­ни­я­лар­дың өза­ра қары­зы, ал үкі­мет­тің қары­зы одан төмен. Қарыз бір­ден өтел­мей­ді ғой, мыса­лы, оған зауыт салып жатыр делік, ол біт­кен соң ғана пай­да әке­леді. Дай­ын өнім шығарған­ша, ол қарыз болып тұра­ды. Сон­ды­қтан егер қарыз кәсі­по­ры­нға салы­нып, кей­ін өнім беретін бол­са, одан күмән тумауы керек», – дей­ді Рах­ман Алшанов.

Эко­но­мист Ора­за­лы Сәб­де­нов Қаза­қстан өткен ширек ғасыр ішін­де дай­ын өнім шыға­ра­тын кәсі­по­рын­дар құруға емес, негізі­нен шикі­зат өнді­ру көле­мін ұлғай­туға назар ауда­рып кел­генін айта­ды. «Кел­ген инве­сти­ци­я­ның қай­та­ры­мы бола­тын­дай тиім­ді жүйе қажет. Қай­та өңдеу, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тәрізді сала­ларға басым­дық беріп, инве­сти­ци­я­ны соған салу керек және қары­зды асыр­май бақы­лап ұстай­тын меха­низм керек. Мыса­лы, көр­шілес Ресей мен Өзбек­стан­ның қарыз дең­гейі біз­де­гі­дей жоға­ры емес», – дей­ді ол.

Соны­мен бір­ге Сәб­де­нов мем­ле­кет­тік қарыз тура­лы дерек ашық болуы қажет деп санай­ды. «Мәсе­лен, биыл кім, қай­дан, қан­ша қарыз алды? Бұған дей­ін алған қары­здың қай­та­ры­мы бар ма? Әлде құмға сіңіп кет­ті ме? Осы­ның бәріне жау­ап жоқ», – дей­ді Ора­за­лы Сәбденов.

Мәжілістің қар­жы және бюд­жет коми­тетінің дере­гі бой­ын­ша, соңғы сегіз жыл­да Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік және мем­ле­кет кепіл­дік бер­ген қары­зы­ның мөл­шері 2,2 мил­ли­ард дол­лар­дан 32,2 мил­ли­ард дол­ларға дей­ін өскен.

«Соңғы төрт жыл­да осы қары­здарға кететін шығын сегіз есе­дей көбей­іп, көле­мі жағы­нан ден­са­улық сақтау және білім беру сала­ла­ры­ның шығын­да­ры­нан асып отыр», – дей­ді мәжіліс депу­та­ты Аман­жан Жамалов.

Қар­жы мини­стр­лі­гінің деректері бой­ын­ша, Қаза­қстан мем­ле­кет­тік қары­зы бар 134 елдің ара­сын­да қарыз көле­мі жөні­нен 12-орын­да тұр. Үкі­мет мем­ле­кет­тік қарыз дең­гей­ін шек­тен асыр­мау үшін алдағы жыл­да­ры рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тап­шы­лы­ғын ЖІӨ-ге шаққан­да 1,2 пай­ы­здан (2017 жыл) бір­тін­деп 1 пай­ы­зға (2019 жыл) дей­ін төмен­де­туді жос­пар­лап отыр. Бұл орай­да Ұлт­тық қор­дан бөлі­нетін транс­ферт­тің көле­мі келесі жылы түсім­нен 1,4 трил­ли­он тең­ге­ге, ал 2018–2019 жыл­да­ры 1 трил­ли­он тең­ге­ге көп бола­ды деген болжам жасалған.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн