Суббота , 5 июля 2025

Ұзынағаш мал базарын «ОПГ» БАҚЫЛАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

Жазы­лған жай­дың жаңғырығы

 


 

Ұзы­нағаш мал база­рын­да тір­лі­гін жасап, бала-шаға­сын асы­рап жүр­ген ағай­ын­ды жігіт­тер­дің өлі­мі мен базар маңын­да орын алып оты­рған келеңсіз жағ­дай­лар тура­лы газеті­міздің алды­ңғы сан­да­рын­да жазған бола­тын­быз. Осы жари­я­ла­ным­дарға орай, аты­шу­лы база­рда мал сату­мен айна­лы­сып жүр­ген Айбек есім­ді оқыр­ма­ны­мыз редак­ци­я­мы­зға теле­фон шалып, өз мұңы­мен бөлісті.

 

Менің мал сату­мен айна­лы­сқа­ны­ма біраз жыл бол­ды. Әдет­те малым­ды Алма­ты облы­сын­дағы Мало­вод­ное ауы­лы­ның база­ры­на барып сата­ты­н­мын. Бірақ осы жыл­дың 21 тамы­зын­да Мало­вод­но­е­ның база­ры­на кеші­гіп жатқан соң, аттың басын Ұзы­наға­шқа бұрдым.

Мұн­да әкел­ген малым­ның негіз­гі бөлі­гін 1,5 мил­ли­он тең­ге­ге сатқа­ны­ма қат­ты қуан­дым, бірақ қуа­ны­шым жар­ты сағатқа да созыл­ма­ды. Мал­дың ақша­сын санап алған соң, оны мәши­ненің кабин­ка­сы­на салып, өтпей қалған төрт бұза­уды көлік­ке қай­та тиедік. Мәши­ненің есі­гіне қарай­лап, есік­тің ашы­лған-жабы­лған дауы­сы­на да құлақ асып, сақтық шара­ла­рын жасап жүр­дім. Соған қара­ма­стан, кабин­ка­дағы ақша­мы­зды ұрла­тып алдық. Басын­да шофер­дан көріп едім, сөйт­сек, маған дей­ін де осы база­рда ақша ұрлау оқиға­ла­ры болған екен. Біреу 2 мил­ли­он тең­гесін ұрлат­са, екін­ші біре­уі 4 мил­ли­он тең­гесі­нен айырылған.

Ақша­мыз жоғалған кез­де көлі­гі­мізді орны­нан қозға­май, дереу поли­ци­яға теле­фон шал­дық. Жедел-тер­геу тобы келісі­мен, біздің және мәши­не­де­гі бар­лық сау­сақ іздерін алды да, әрі қарай­ғы жұмыста­ры осы­мен тоқтап қал­ды. Шофер жігіт­ті де, бізді де тер­геу ісі шең­берін­де поли­ци­яға бір­де-бір рет шақыр­тқан жоқ.

Бас кезін­де тер­ге­уші: «Істі жап­пай­мыз, біз­бен үне­мі хабар­ла­сып тұры­ңы­здар», – деген бола­тын. Содан бері үш ай өтті. Поли­ци­ядан бір хабар бол­ма­ды. Өзі­міз бір-екі рет хабар­ла­сып едік, қай­та-қай­та айта­тын­да­ры бір сөз: «Табыл­май жатыр».

Енді күні кеше ғана сөй­лес­сек, тер­геу нәти­же­леріне қаты­сты жаңа­лық айту­дың орны­на, Ұзы­нағаш поли­ци­я­сы­ның аудан­дық бөлі­мінің тер­ге­ушісі Нұр­лан Сыр­ба­ев біз­ге: «Ақша деген табыл­май­ды ғой…» – дей­ді. Біз поли­ци­я­ның осы істі ашуға қауқар­сыз екенін БАҚ өкіл­деріне хабар­лай­мыз деп айтқа­ны­мы­зда, тер­ге­уші: «Бере беріңіз­дер, табыл­маған нәр­се үшін бір сөгіс алар­мын», – деп жау­ап қайырды.

Сон­да аудан­дық поли­ция бөлі­мі не үшін қажет деген сұрақ туа­ды. Негізі, осы база­рда поли­ция қыз­мет­кер­лері түн­де жүріп, таң ата кетіп қала­ды екен. Кәсіп­кер­лер­дің әңгі­месіне қара­саң, Ұзы­нағаш база­рын­да арт­та­рын­да азу­лы тіре­улері бар бір топ ұрлы­қ­шы­лар арам пиғыл­да­рын жасап жүр­ген көрінеді.

Бұған қоса, Ұзы­нағаш база­рын­да жанға да, қал­таға да бата­тын жағ­дай­лар бар. Мыса­лы, біз­дер мал­ды ауыл­дан алып шығар алдын­да жер­гілік­ті әкім­нен ала­тын тиісті құжат­тар­мен қатар, мал дәрі­гер­лік аны­қта­ма ала­мыз. Ал Ұзы­нағаш база­ры­на кел­сең, сол мал дәрі­гер­лік құжат­тар­ды қай­та жаса­уға мәж­бүр­лей­ді. Қолы­мы­здағы құжат­тар­ды көр­сет­сек, сөзі­міз­ге құлақ аспай­ды. Сөй­тіп, база­рға мал­ды кір­гіз­ген төлем­нің үсті­нен дәрі­гер­лік құжат­тар үшін тағы да шығынданамыз.

Сіз­дер­дің газет­теріңіз­де осы жөнін­де шыққан мақа­ла­лар­ды оқып, сол базар төңіре­гін­де қалып­та­сып оты­рған жағ­дай­мен бөлі­сей­ік, ел-жұрт біл­сін деген ой ғой біздікі. Поли­ци­яға да сенім жоқ заман бол­ды. База­рда бір жағ­дай болып жат­са, поли­ция келіп, мін­дет­ті түр­де­гі шар­тты шара­ла­рын жасап қой­ып, содан соң өз бет­тері­мен кете­ді екен.

«Ұзы­нағаш ауы­лы­ның мал база­рын­дағы адам­дар марқұм болған ағай­ын­ды жігіт­тер­дің өлі­міне қаты­сты қан­дай ойда отыр?» – деген сұрағы­мы­зға Айбек былай деп жау­ап берді:

«Ағай­ын­ды жігіт­тер­дің өлі­міне қаты­сты ұсталған күдік­тілер тура­лы айтар бол­сам, ол екі адам­ның қолы­нан келетін іс емес. Екі адам осын­дай қыл­мысты жасай алмай­ды. Бұл базар осы жер­де­гі «ОПГ»-ның бақы­ла­у­ын­дағы базар деп ойлай­мын. База­рдың кас­са­лық және салық мәсе­лесін, сани­тар­лық жағ­дай­ын, өрт қауіп­сізді­гін, қоғам­дық тәр­тіп­тің сақта­луын бақы­ла­у­шы орган­дар мұн­да бас сұға алмай­тын сияқты. Деген­мен, мұн­дағы ел-жұрт­тың айтуын­ша, «бар кінәні осы еке­уі алып кете­ді ғой» деген тұрақты пікір бар.

Бұрын Ұзы­нағаш ауы­лы­ның поли­ци­я­сын­да қыз­мет істеп кет­кен бір адам­мен бір­ге так­си­де келе жатқан­да, ол өз ойы­мен бөліс­кен. Оның айтуын­ша, ұсталған екі күдік­ті бір-бірін жақ­сы таны­май­ды екен. Бір-бірін жақ­сы біл­мей­тін адам­дар, ондай іске бар­май­ды ғой. Елдің аузын­да жүр­ген әңгі­ме­лер осын­дай. Қыл­мысқа екі ғана адам қаты­сты деген жора­мға ешкім сеніп оты­рған жоқ».

Ұзы­наға­штағы қан­ды қыл­мыс жөнін­де­гі пікір­лер­ді сара­лай келе, мынан­дай қоры­тын­ды­ларға кел­дік: осы қыл­мысқа жер­гілік­ті поли­ция қыз­мет­кер­лерінің қан­дай да бір қаты­ста­ры болған­ды­қтан, тер­геу толы­ққан­ды жау­ап беру мен қыл­мыстың бет-пер­десінің ашы­луы­на мүд­делі емес. Я бол­ма­са, қыл­мысқа қаты­сты тер­геу амал­да­ры­ның бей­бе­ре­кет­сізді­гі поли­ция қыз­мет­кер­лерінің кәсі­би дең­гей­лерінің төмен­ділі­гі­мен түсін­діріледі. Сон­ды­қтан да осы қан­ды қыл­мыстың ашы­луы жер­гілік­ті поли­ци­я­ның ғана емес, Қаза­қстан ІІМ шен-шек­пен­ділерінің де абы­рой­ын сақтап қалу­дың бір­ден-бір ама­лы екені даусыз.

 

Дай­ын­даған –

Димаш АЗАМАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн