Суббота , 5 июля 2025

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒАИНТЕРВЕНЦИЯ ЖАСАУЫ МҮМКІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

Жаңа жоралғы

 


 

 

Жуы­қта аме­ри­ка­лық «ValueWalk» жур­на­лы «Ресей­дің Қаза­қстан мен Бело­рус­си­яға жасай­тын жаңа шабуы­лы» (Russia’s New Threat to Belarus and Kazakhstan) атты мақа­ла жари­я­ла­ды. Онда АҚШ пре­зи­ден­тінің сай­ла­у­ы­нан кей­ін Ресей­дің Қаза­қстан мен Бело­рус­си­яға сая­си қысым жасай­ты­ны тура­лы баян­далған. Егер АҚШ бар­лау және сарап­тау орын­да­ры­ның болжа­мы негізін­де жур­нал жасап оты­рған жоралғы (вер­сия) нақты өмір­де жалға­сын табар бол­са, бұл әлем­дік гео­са­я­сат­тағы жаңа про­бле­ма ошағы­на айна­ла­тын үлкен қан­ды шие­леніс болуы әбден мүмкін.

Расын­да, АҚШ пре­зи­дент­ті­гіне бір­ден-бір үміт­кер Хил­ла­ри Клин­тон жеңіс­ке жетер бол­са (оның жеңісі бүгін­де күдік тудыр­май­ды), жаңа пре­зи­дент­тің Ресей­ге қаты­сты сая­са­ты бүгін­гі Барак Оба­ма­ның солқыл­дақ ұста­ны­мы­на қараған­да, әлдеқай­да қатаң бола­ты­нын сай­ла­у­ал­ды кам­па­ни­я­ның рито­ри­ка­сы дәлел­деп отыр. Бұл жағ­дай­да Ресей өзінің әлем­дік сая­сат аре­на­сын­дағы мүд­десін кикіл­жің мен сая­си қақты­ғы­стар арқы­лы қорғау үшін, Хил­ла­ри Клин­тонға және әлем қауым­да­сты­ғы­на қар­сы жаңа бір «сыбаға» ұсы­нуы әбден мүм­кін. Ал бұл «сыбаға» «ValueWalk» жур­на­лы ұсы­нып оты­рған жоралғы­ның төңіре­гі­нен өрбу мүм­кін­ді­гін сарап­шы­лар күнібұрын ескер­тіп келе жатқа­нын естен шығар­маған абзал.

Біз аме­ри­ка­лық жур­нал­дың жоралғы­сы­на қаты­сты шолу­ды қаза­қстан­дық қауы­мға жет­кі­зу мақ­са­тын­да төмен­де сол мақа­ла­ның ықшам­далған үлгі­де­гі маз­мұ­нын ұсы­нып отырмыз.

Әрине, ескер­те кету керек – «ValueWalk» жур­на­лы ақиқат­тың ақы­рғы аяны бола алмай­ды. Бірақ Қаза­қстан мен Орта Азия төңіре­гін­де жаңа­дан қалып­та­сып келе жатқан гео­са­я­си жағ­дай­ды агрес­си­я­лық ара­ны асқы­нып тұрған «жара­лы» Ресей өз пай­да­сы­на шешу­ге тала­са-тыр­мы­са бар мүм­кін­ді­гін салуы ықти­мал­ды­ғын жоққа шыға­руға болмайды.

 

Ресей эко­но­ми­ка­сы­ның әлсіре­уі себеп­ті бір­те-бір­те ең жақын серік­те­стері сана­ла­тын Қаза­қстан мен Бело­рус­сия Путин одағы­нан іргесін аулақ сала бастай­ды. Сон­ды­қтан да Кремль пост­кеңе­стік кеңістік­те­гі екі елге бір­дей этни­ка­лық оры­стар­дың құқы­ғын қорғау деген сыл­та­у­мен «ұлт­шыл-экс­тре­ми­стер­дің» көме­гіне жүгініп, «интер­вен­ция» жаса­уы әбден мүмкін.

«Ресей­дің Қаза­қстан мен Бело­рус­си­яға басқын­шы­лы­ғы АҚШ-тың жаңа сай­ла­на­тын пре­зи­ден­тінің алға­шқы мерзі­мін­де­гі басты про­бле­ма бол­мақ» (The threat of a Russian attack on Belarus and Kazakhstan may be among the greatest challenges of the new president’s first term), – деп жаза­ды басылым.

Әрине, әлем­де екі алпа­уыт сана­ла­тын Ресей мен АҚШ ара­сын­дағы жан­жал­дар­дың жаһан­дық сая­сатқа айтар­лы­қтай ықпал ететіні түсінік­ті. Десек те, басы­лым Укра­и­на сце­на­рий­ін мысалға кел­ті­ре оты­рып, Путин режи­мінің одақ­тас үштік­ке әлім­жет­тілік жасай­ты­нын ашық жазады.

«Ресей­дің Бело­рус­си­яға бақы­лау жүр­гі­зуі – РФ арми­я­сы­ның НАТО елдеріне қатер төн­діреді. Әсіре­се НАТО-ға мүше Поль­ша мен Лит­ва бірін­ші кезек­те Ресей шабуыл­да­ры­ның ныса­ны­на айна­луы мүм­кін», дей­ді басылым.

 

«Бір қараған­да, Қаза­қстан мен Бело­рус­сия бір-бірі­мен үйле­с­пей­тін екі бөлек мем­ле­кет. Сла­вян тек­тес және орыс пра­во­слав дінін­де­гі 9,5 мил­ли­он халқы бар Бело­рус­сия Ресей­мен сол­түстік-баты­ста шека­ра­ла­сып жат­са, 18 мил­ли­онға жуық жан саны бар Қаза­қстан Ресей­дің оңтүстік-шығы­сын­да орна­ласқан. Оның үстіне Қаза­қстан халқы­ның басым бөлі­гі түр­кі тек­тес клас­сқа жата­тын мұсыл­ман­дар. Деген­мен, алдағы екі жыл­да бұл екі мем­ле­кет те эко­но­ми­ка­лық әм сая­си қысы­мға ұшы­рай­ты­ны анық. Осы­лай­ша Путин әлем­дік сая­сат­тағы өз беделін сақтап қалуға әре­кет­те­неді» делін­ген мақалада.

Аны­ғын­да, қос бір­дей одаққа мүше болып оты­рған үштік­тің ара­сын­да тұта­нуы мүм­кін сенім­сіздік­тің себебі – РФ эко­но­ми­ка­сы­ның құл­ды­ра­уы, қар­жы­лық дағ­да­ры­стың РФ мұнай­ы­на әсері және инве­сти­ци­я­ның тоқта­ты­луы болуы әбден мүм­кін-ақ. Батыс елдері мен АҚШ-тың Ресей­ге салған санк­ци­я­ла­ры­ның салқы­ны қазір­дің өзін­де Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на айтар­лы­қтай соққы болып тигені белгілі.

«ValueWalk» жур­на­лы сарап­шы­ла­ры­ның пікірін­ше, либе­ра­ли­за­ция айтар­лы­қтай қиын­дық туғы­з­бай­ды-мыс. «Қаза­қстан­ның ішкі тұрақты­лы­ғы­ның бұзы­луы­ның негіз­гі себебі – діни экс­т­ри­миз­мнің өршуі бола­ды», – дей­ді баты­стық сарап­шы­лар. Соңғы жыл­дар­да қаза­қстан­ды­қтар­дың ИШИМ сапы­на көп­теп қосы­луы мен Ақтө­бе және Алма­ты­дағы шетін оқиға­лар­дың орын алуын мысал еткен басы­лым осын­дай тұжы­рым жасаған (Given the increasing participation of Kazakhstan’ s nationals in ISIS and the attacks on police stations and gun stores by Islamic militants, instability could be fraught with Islamic extremism).

Ресей агрес­си­я­сы­ның кезек­ті ныса­ны нелік­тен Қаза­қстан мен Бело­рус­сия бол­мақ деген сұраққа «ValueWalk» жур­на­лы: «Себебі пост­кеңе­стік кеңістік­те­гі Қаза­қстан мен Бело­рус­си­яда Совет Одағы­нан қалған этни­ка­лық орыс диас­по­расы көп. Сон­ды­қтан, Укра­и­на­да болған­дай, азды-кем орыс диас­по­рас­ын «бело­рус ұлт­шыл­да­ры» мен «қаза­қстан­дық экс­тре­ми­стер­ден» қорғау деген сыл­та­уды Путин қалт жібер­ме­уді көз­дей­ді» деген жау­ап кел­тіреді (Because Belarus and Kazakhstan previously existed as Soviet republics; each has large ethnic Russian minorities, «abandoned» after the Soviet Union collapse. Russia could also use the defense of Russians from Belorussian «nationalists» or Kazakh «religious extremists» as an excuse for aggression, as it has done with Ukraine).

Осы­лай­ша, Ресей мен АҚШ ара­сын­дағы айқа­ста Қаза­қстан мен Бело­рус­си­я­ның пози­ци­я­сы көп түй­ін­ге шешім бола­ты­нын айтқан басы­лым Қаза­қстан­ның тағы бір стра­те­ги­я­лық серік­тесі әм көр­шісі Қытай тура­лы «ләм-мим» демепті.

 

 

 

Бұл екі арада

 

Фран­ция Пут­ин­ді ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТҚА БЕРМЕК

 


Фран­ция Вла­ди­мир Путин мен Башар Асад­ты Сири­ядағы әске­ри опе­ра­ци­я­ларға (қыл­мысты оқиға­ларға) қаты­сты Халы­қа­ра­лық сотқа бер­мек. Бұл тура­лы Фран­ци­я­ның Сыр­тқы істер мини­стрі Жан-Марк Эйро мәлімдеді.

 

Фран­ция пре­зи­ден­ті Фран­цуа Олланд­тың пікірін­ше, Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин­нің Сирия аумағын­да жүр­гіз­ген әске­ри опе­ра­ци­я­ла­рын қай­та тек­се­ру керек.

«Біз Ресей­дің жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­мен келіс­пей­міз. Алеп­по қала­сын әуеден бом­ба­лау – қыл­мыс. Фран­ция Алеп­по тұрғын­да­рын сақтап қалу­ды ғана ойлай­ды. Бей­біт адам­дар­дың Ресей бом­ба­ла­ры­нан өлуіне жол бер­мей­ді. Пре­зи­дент Фран­цуа Олланд 19 қазан­да Пари­жде Вла­ди­мир Путин­мен кез­де­суі тиіс болған. Қазір бұл ойы­нан бас тар­тып отыр», – дей­ді Фран­ци­я­ның Сыр­тқы істер мини­стрі (France Inter Radio).

Ал 9 қазан күні Фран­ция пре­зи­ден­ті Пари­жде Вла­ди­мир Пут­ин­ді қабыл­дағы­сы кел­мей­тінін мәлім­де­ген бола­тын. Бұған қаты­сты сая­сат­тағы басым­ды­лық тіз­гінін қолы­нан шығар­мауға жан­та­ласқан Кремль­дің өз уәжі бар екен: «Фран­ция пре­зи­ден­ті кез­де­су­ден бас тар­ту жөнін­де ресми түр­де ескер­ту жасаған жоқ. Сон­ды­қтан бұл про­во­ка­ция болуы мүм­кін», – дей­ді РФ СІМ.

Айта кетей­ік, Ресей­дің Сирия аумағын­да жүр­гіз­ген әске­ри опе­ра­ци­я­ла­ры­на қаты­сты Еуро­одақ елдері Вла­ди­мир Путин мен Башар Асад­ты соғыс қыл­мысты­ла­ры ретін­де Халы­қа­ра­лық сотқа беруді қол­дап отыр. Бұл еке­уінің қан­ды қыл­мыста­рын дәлел­деу аса қиын­ды­лық тудыр­май­ды дей­ді халы­қа­ра­лық заң­гер-сарап­шы­лар. Оған Алеп­по­да Ресей ұшақта­ры­ның бом­ба­ла­у­ы­нан қыры­лып жатқан бала­лар­дың фото­су­рет­тері (сурет­тер­ді қараңыз) дәлел бол­са керек. Мұн­дай фото­ай­ғақтар­ды баты­стық басы­лым­дар күн сай­ын жария етіп, ресей­лік қыл­мыстың қанқұй­лы жай-жап­са­рын әлем қауым­да­сты­ғы­ның жетесіне жеткізуде.

АҚШ-тың мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Джон Кер­ри: «Сирия аумағын­да әске­ри опе­ра­ция жүр­гіз­ген Ресей­дің әре­кетін әске­ри қыл­мыс ретін­де қарас­ты­ру керек. Вла­ди­мир Путин мен Башар Асад құрған жүйе әлем халқы, Сири­я­ның бей­біт халқы алдын­да жау­ап беруі тиіс. Әске­ри опе­ра­ци­я­лар тоқта­ты­лға­ны­мен, РФ әске­ри­лері әлі күн­ге қала­ны бом­ба­ла­уды доғарған жоқ. Қан­ша­ма бей­күнә жан­дар: әйел­дер мен бала­лар қаза бол­ды?! Бұл – әске­ри қыл­мыс!» – деді. Бірақ ақиқат­ты өзінің қор­тық бой­ы­ның дең­гей­і­мен есеп­тей­тін РФ пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин Сири­я­ның Алеп­по қала­сын­да үкі­мет­тің әскеріне қол­дау біл­діріп, әске­ри қыл­мыс жасап жатыр деген айып­ты «сая­си рито­ри­ка» деп ата­ды. Ресей пре­зи­ден­тінің бұл дал­ба­са уәжі қаза­қи қағи­да­дағы «қырық адам – бір жақ, қыңыр қатын – бір жақ» деген мәтел сөздің әлпе­тін сездіреді.

Өткен сәр­сен­бі күні, 12 қазан­да TF1 фран­цуз теле­ка­на­лы­ның жур­на­лисіне бер­ген сұх­ба­тын­да: «Сири­ядағы жадай­ға ең бірін­ші Баты­стағы әріп­те­стері­міз, оның ішін­де бірін­ші Құра­ма Штат­тар жау­ап­ты екеніне сенім­ді­мін», – деп, өз беті­мен лақты.

Сол сияқты Бри­та­ни­я­ның Сыр­тқы істер мини­стрі Борис Жон­сон да Алеп­по­дағы опе­ра­ци­я­ларға жау­ап­ты – Путин мен Асад екенін айтып отыр.

 

«Ресей өзінің бұл басқын­шы­лы­ғын «тер­ро­ризммен күре­су» деп отыр. Бұл ақта­лу ғана. РФ ресми мәлім­де­ме­леріне қара­саңыз, «Әл-Каи­да­ның» Сири­ядағы фили­а­лы деген «Әл-Нус­ра» неме­се «Фатих әл-Шам» деген ұйым­дар­мен күресіп жатқан көрі­неді. Мүм­кін, олар тер­ро­ри­стер шығар. Бірақ онда 275 мың бей­біт тұрғын бар. Солар­дың қан­шаcы қаза бол­ды?! Бұл сыл­тау Ресей әскері мен Асад режи­мін ақта­май­ды. Сон­ды­қтан Сирия пре­зи­ден­ті Башар Асад пен Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин­ге қар­сы санк­ци­я­лар­ды күшей­туі­міз керек. 19 қыр­күй­ек күні Алеп­по маңын­да БҰҰ гума­ни­тар­лық көмек керу­ені бом­ба­лан­ды. Спут­ник­тік сурет­тер­ге қара­саңыз, керу­ен әуеден бом­ба­лан­ды және қас қарай­ған шақта. Ресей үкі­метінің өзі айтып оты­рған­дай, Сири­яда қараңғы уақыт­та соққы жасай­тын әске­ри тех­ни­ка жоқ. Сон­дай-ақ РФ Қару­лы күш­терінің өзі мәлім­де­ген­дей, олар­дың арнайы аппа­рат­та­ры сол маң­да болған. Демек, бар­лық дәлел­дер Ресей­ге қар­сы болып тұр. Сон­ды­қтан мен Халы­қа­ра­лық сотқа беруді қол­дай­мын», – деді Бри­та­ния СІМ мини­стрі (The Cuardian басы­лы­мы­на бер­ген сұхбатында).

 

Бұл екі ара­да Еуро­одақ елдері мен АҚШ Ресей­ге қар­сы эко­но­ми­ка­лық әм сая­си санк­ци­я­лар­ды күшей­туді қол­да­уда. Тіп­ті Бри­та­ния мен Фран­ция бас­шы­ла­ры басқын­шы­лық жаса­ды деген айып­пен Ресей­ді БҰҰ-ның Гаа­га соты­на сала­ты­нын да ашық мәлімдеді.

2014 жыл­дан бер­гі ЕО мен АҚШ-тың Ресей­ге салған эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­ла­ры­ның салқы­ны Қаза­қстанға да тигені бел­гілі. Гео­са­я­си жағ­дай­да Ресей­дің стра­те­ги­я­лық серік­тесі – Қаза­қстан. Ал осы жолы да Ресей­ге салы­на­тын санк­ци­я­ның соққы­сы оңай бол­май­ты­ны түсінік­ті. Осы тұста қос бір­дей одаққа (Кеден­дік одақ пен ЕАЭО) мүшелік етіп оты­рған Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бітім­гер­лік сая­са­ты қан­ша­лық рөл ойнайды?

Осы мәсе­ле­ге қаты­сты сая­сат­кер Әмір­жан Қоса­нов өз ойын былай біл­дір­ген болатын:

 

«Ресей секіл­ді шама­дан тыс гео­са­я­си амби­ци­я­сы бар, көп­те­ген пара­мет­рі жағы­нан он есе үлкен мем­ле­кет­пен бір одақта болу­дың кез кел­ген ел үшін халы­қа­ра­лық сая­сат­тағы сал­да­ры бола­ты­ны тура­лы біз о баста айтқан­быз. Біз тек қана бір ЕАЭО құра­мын­да емес­піз, біздің еке­уа­ра қол қой­ы­лған келісі­мі­міз бар. Онда тай­ға таң­ба басқан­дай етіп «келісіл­ген сыр­тқы сая­сат жүр­гі­зу» талап­та­ры тура­лы жазы­лған. Бұл тура­лы көп айты­ла бер­мей­ді, бірақ Батыс елдерінің Ресей­ге жари­я­лаған санк­ци­я­ла­ры ЕАЭО аясын­да эко­но­ми­ка­сы Ресей­мен бір­те-бір­те жақын­дай түс­кен Қаза­қстанға да, біздің отан­дық биз­нес құры­лым­да­ры­на әсер етуі әбден мүм­кін екенін тәу­ел­сіз сарап­шы­лар осы күн­нің өзін­де айтып жатыр. Мәсе­лен, ол бірік­кен кәсі­по­рын­дарға тіке­лей әсер етуі ықти­мал. Ал Сири­ядағы аса шие­леніс­кен жағ­дай бірік­кен халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың анти­ре­сей­лік коа­ли­ци­я­сы­ның одан сай­ын күше­юінің ката­ли­за­то­ры болып отыр.

Париж про­ку­ра­ту­ра­сы Алеп­по­ның шығыс бөлі­гін бом­ба­ла­уды тер­геп, зерт­те­уді қолға ала­ты­нын осы күн­нің өзін­де айтып жатыр. Бұл дегеніңіз – халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың Ресей мен Сири­яға қаты­сты баста­ма­ла­ры­ның басқа да фор­маға ұла­са­ты­ны­ның бір дәлелі. Өйт­кені бұдан сәл уақыт бұрын АҚШ та осы іспет­тес баста­ма көтер­ген бола­тын. Ұлы­бри­та­ния сыр­тқы істер мини­стрі Борис Жон­сон одан да қат­ты кет­ті: «Егер де Ресей өз беті­нен қайт­па­са, бұл ел өрке­ни­ет­ті қауым­да­сты­қтан ала­ста­ты­лған «ала­пес» елге айна­ла­ды», – деген­ді ол ашық айтты.

Ресей­дің сыр­тқы сая­са­ты­ның сал­да­ры тек қана Еуро­па қауым­да­сты­ғы­мен қаты­на­сқа салқы­нын тигізіп жатқан жоқ. Қараңыз, Нью-Йорк­те­гі БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесі секіл­ді әлем­дік дең­гей­де­гі ең бедел­ді әрі өкілет­ті орган­ның өзі Ресей вето­сы кесірі­нен бір жақты шешім­ге қол жет­кі­зе алмай жатыр. «Екі түйе сүй­кен­се, ара­сын­да шыбын өледі». Сон­ды­қтан да қазір әлем­де қалып­та­сып қалған екі полюс – Батыс елдері мен Ресей (және оның қасын­да көп жағ­дай­да амал­сыздан жүру­ге мәж­бүр елдер) ара­сын­дағы ғалам­дық теке-тіре­сте Қаза­қстан өзінің осы күн­ге дей­ін жет­кен көп­те­ген халы­қа­ра­лық жеңістері мен табыст­а­ры­нан бір күн­де айы­ры­лып қалуы әбден мүмкін!

Бұл тығы­ры­қтан әп-сәт­те шығу қиын, ол үшін біраз уақыт керек. Оның үстіне сыр­тқы сая­сат­тың да жеке бас­шы­ларға тәу­ел­ділі­гі тағы бар. Сөз жоқ, Ресей­дің Қаза­қстанға қаты­сты гео­са­я­си ықпа­лын ескер­меу – тари­хи қателік болар еді. Ортақ 7,5 мың шека­ра­мыз бар. Эко­но­ми­ка­лық мүд­де­лер тағы бар деген­дей. Этно­стық тұрғы­дан алған­да да екі елге ғана тән ерекшелік­тер бар, мәсе­лен, Ресей­де біздің мил­ли­онға тар­та қан­да­сы­мыз тұра­ды. Сон­ды­қтан негіз­гі фор­му­ла мынаған саю керек: Ресей­мен ұры­сып-кері­судің кере­гі жоқ, көр­шілік, әріп­те­стік қарым-қаты­на­сты дамы­та беру қажет. Бірақ ЕАЭО-ға қаты­сты алған мін­дет­те­ме­лер­ді қай­та қарау қажет: ортақ өгіз­ден оңа­ша бұзау артық! Екі ел ара­сын­дағы «келісіл­ген сыр­тқы сая­сат» секіл­ді фор­му­ла­дан бір­тін­деп бас тар­ту керек. Дамы­ған Батыс елдері­мен бай­ла­ны­сты күшей­те түсу­ге тиіспіз».

Әмір­жан Қоса­нов мыр­за­ның бұл ойы­на кереғар пікір айту оңай емес. Себебі қаза­қстан­дық сала­у­ат­ты аза­мат­тық қоғам өкіл­дері Ресей­мен ара­дағы одақ­та­стық сая­сат­та «шыбын мен шұжы­қты» бөліп алу қажет­ті­гін ЕАЭО құры­лған күн­нен бері айтып келеді. Бірақ Ресей­мен бауыр еті «жабысып қалған» қаза­қстан­дық билік­тің ойын­да оңды не бар екені беймағлұм.

Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, бұл орай­дағы тара­зы басын тар­тып тұрған басым­ды­лық – жеке дара билік­ті Ресей­дің көме­гі­мен мей­лін­ше ұзақ сақтап қалу. Әйт­пе­се Қаза­қстан сияқты, Ресей­мен көр­ші оты­рған Бал­тық жаға­ла­уы елдері «орыс аюы­нан» іргесін аулақ салға­лы – ширек ғасыр­дың жүзі болды.

 

Сарап­та­ма­лық айқар­ма­ны дайындаған –

жур­на­лист Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн