Суббота , 5 июля 2025

«КҮШІГІНЕН ТАЛАНҒАН» ИТ ТУРАЛЫ «ХИКАЯ»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


 

 

Қаза­қта «күші­гі­нен тала­нып қалған» деген сөз бар. Бұл жастай­ы­нан өзі­нен үстем, күші басым біре­улер­ге бағы­ны­шты болып, күн­көріс тір­шілі­гі сол күштінің қас-қабағын қарап өтіп келе жатқан бей­ша­ра ада­мға қаты­сты айты­ла­тын сөз. Ал өмір бойы осы­лай біре­у­ге жал­тақтап күн кешіп келе жатқан адам қолы­на аздаған билік тисе, өзінің қол астын­дағы­лар­ды отыр­са – опақ, тұр­са – сопақ күй­ге түсіреді.

Бүгін­гі қазақ билі­гі Мәс­ке­удің алдын­да сол «тала­нып қалған» иттің күй­ін еле­с­те­те­ді. Ең қасірет­тісі сол – орыс пат­ша­сы зама­нын­да да, Кеңес кезін­де де Ресей бас­шы­лы­ғы түш­кір­се де, «жәрәкім­ал­ла» деп қалып­тасқан қазақ бас­шы­лы­ғы өзінің сол «тала­нып қалған» сана­сы­нан ары­ла алмаға­ны аздай, енді қалың қаза­қты ашы­қтан-ашық басы­нуға шықты.

Әйт­пе­се әне­угүні Дариға хан­шай­ым Нұр­сұл­танқы­зы­ның қаси­ет­ті Түр­кістан шаһа­ры­на барып, жазу­дың бәрін қаза­қ­ша жазып қой­ып­сы­ң­дар, орыс­ша­сы қай­да мұның деп зір­кіл­де­уін қалай түсі­не­міз? Бұрын­да­ры Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Иманға­ли Тасмағам­бе­тов Алма­ты­да бүкіл іс қағаз­да­ры қаза­қ­шаға көшіріледі деген­де, «бұл не масқа­ра» деп, Олжас (оры­стар оны Алжас дей­ді) Сүлей­ме­нов­ке қосы­лып, ту-талақай болған да осы хан­шай­ым еді.

Әне­угүні қолы­на қылыш тұр­мақ, қарыс сүй­ем таяқ ұста­май, қаза­қтың жерін Ресей­ге де, Қытай­ға да сатқы­з­бай­мыз деп, бей­біт митин­гі­ге шыққан қаза­қтарға қар­сы билік қарақұ­рым поли­ци­я­ны қап­та­тып жібер­ді. Талай қыз-жігіт­тері­мізді, тіп­ті қалт-құлт еткен кей­бір қари­я­лар­ды сүй­ре­леп, авто­бу­сқа тиеп алып кет­ті. Қаза­қстан жерін саудаға салуға қар­сы шыққан қалың елдің іші­нен бір орыс көр­ме­ген сол жер­де тұрған біраз зия­лы аза­мат­тар: «Апыр-ай, әшей­ін­де тіле­гі бір, жүре­гі бір, тату-тәт­ті тұрып жатыр­мыз» дей­тін­дер­дің мұн­да біре­уі де жоқ қой, қазақ жеріне қаза­қтан басқа­ның жаны ашы­май­тын болға­ны ма?!» – десті.

Сол митин­гі­ге шыққан қолын­да қу таяғы да жоқ момын қаза­қты қой­ша қуа­лаған поли­ция күні кеше Семей­де, Өске­мен­де, Шемо­наи­ха­да каза­че­ство өкіл­дері баяғы қаза­қтар­ды жыл­дар бойы қанға бөк­тір­ген кез­де киген киім­дерін киіп, қаза­қты шапқа­нын шауып, шап­паға­нын қой­ша бауы­здаған қылы­шта­рын жалақта­тып, сол заман­дағы тула­рын қай­та көтеріп, тай­раң­даған­да, қазақ бас­шы­ла­ры көзін тарс жұмып, құлағын тас қылып бітеп, Үкі­мет үйін­де­гі, Ақор­да­дағы каби­нет­терін­де ауы­зда­ры­на құм құй­ы­лған­дай бұғып отыр­ды. Өйт­кені кеңе­стік кез­де билік­те қыз­мет істе­ген ата­ла­ры мен «папа­ла­рын» кеңе­стік Ресей­дің аюла­ры кіш­кен­тай кезін­де талап тастаған бол­са, бұлар­дың өздерінің сана­сы жастай­ы­нан орыс­ша тәр­би­енің тала­пай­ы­на түс­кен. Яғни, «күші­гі­нен таланған».

Ал бүгін­гі үкі­мет бас­шы­сы Бақыт­жан Сағын­та­ев­тың келе сала қара­мағын­дағы мини­стр­лер­мен жиын­да­рын орыс­ша өткі­зуі қазақ халқын, қазақ елін Ресей­ге тәу­ел­ді етудің ашы­қтан-ашық көрінісі десек, Құдай­дан басқа ешкім­нен кешірім сұрай қой­май­тын шығар­мыз. Әлде елба­сы­ның «оры­сқа – қаза­қ­ша жау­ап бер­сең­дер, оңдыр­май­мын» деген­ге сая­тын сөзі­нен Сағын­та­ев­тың да сана­сы тала­нып қал­ды ма екен?

Бірақ ада­мға бекзаттық, намысқой­лық, аза­мат­тық, зия­лы­лық сияқты асыл қаси­ет­тер оның ата-тегі­нен, яғни қан­мен келеді дей­тін еді ғой қазе­кем. Оның рас­ты­ғы гене­ти­ка ғылы­мын­да да дәлел­ден­ген еді-ау, ә?! Енде­ше қан­мен келетін сол тек­тілік, сол бекзаттық Б. Сағын­та­ев­тың жина­лы­сын­да ат шап­ты­рым үстел­дің қос қап­та­лы­на жай­ғасқан қаза­қтың қысы­қкөз қара дома­лақ мини­стр­лерінің ешқай­сысын­да… Сон­да оларға орыс тілі де қаны­мен кел­гені ме? Әлде бұл 25 жыл ішін­де қаза­қтың ұлт­тық сана­сын оят­пау сая­са­ты жалға­сты­ры­луы­ның улы жемісі ме екен?

Жақын­да «31 арна­дан» (2.10.2016) бір қызық көр­дік. Сон­да бір жігіт онша асыл тұқым­ды да емес, жәй ғана бір итке қаза­қ­ша сөй­леп, қаза­қ­ша пәр­мен беріп, ал әлгі ит оның қаза­қ­ша сөз­деріне кәдім­гі­дей түсініп, айтқа­ны­ның бәрін істеп тұр­ды. Қай­ран қал­дық. Сон­да «менің миым­ды алып тастап, басқа ми сал­ма­са, мен қаза­қ­ша сөй­лей алмай­мын» дей­тін мини­стр­ден бастап, Сағын­та­ев­тың айна­ла­сын­дағы мини­стр­лер­дің миы әлгі «31 арна» көр­сет­кен жағ­дай­дан кем болға­ны ма?

Әне­угүні көк база­рға (оны қаза­қтар «зеле­ный базар» деп сөй­лей­ді) барып, ет алып тұрып, қасым­дағы бұты­на балағы шорт кесіл­ген шор­ты киіп, көй­ле­гінің омы­ра­уы­нан бір кез­де­гі қос ана­рын бүгін­де әжім басқа­ны көрініп тұрған, басы­на тай қазан­дай қал­пақ киген кем­пір­ге қарап:

– Мына жылқы, сиыр етін сата­тын жер­де шошқа­ның етін де сатып тұрға­ны несі? Тіп­ті Қытай­да да бүйт­пей­ді ғой! – дедім.

Сөйт­сем, әлгі қазақ әйелі: «Какая вам раз­ни­ца? Вы в каком веке живе­те? Надо же, так отста­вать от циви­ли­за­ции. Тем более, у нас 130 с лиш­ним наци­о­наль­но­стей», – деп, шұбыр­та жөнел­ген­де, аузы­ма не орыс­ша, не қаза­қ­ша сөз түс­пей, тілім бай­лан­ды да қал­ды. Бір жағы­нан қаты­н­мен бажыл­да­су­ды ар көріп, ет сатып тұрған жігіт­ке қарап: «Қазақ жер­ден айы­ры­лып жатыр, тіліңнің жағ­дайы қан­дай екенін жаңағы оры­стіл­ді қазақ кем­пір де көр­сетіп бер­ді, ал енді дәл мына төрт түлік мал­дың етінің жаны­на әкеліп шошқа­ның етін үйіп қою – Қаза­қстан­да ислам дінін қор­ла­удың бір түрі ғой», – деп мұңым­ды шақтым.

Кей­бір сөз­дерін қан­ша жер­ден кінәла­сақ та, Мон­те­с­кье: «Бір елдің заң­да­ры, Кон­сти­ту­ци­я­сы сол елдің тілін, кли­ма­тын, топы­рағын еске­ре оты­рып жазы­луы керек», – деген екен. Әшей­ін­де батыс­шыл, өрке­ни­ет­шіл қазақ бас­шы­ла­ры қаза­ққа жаны ашы­са, осы сөзді бас­шы­лы­ққа алуы­на болар еді ғой.

Иә, баж еткі­ш­тер баж ете бер­сін. Бірақ жоға­ры­да біз кел­тір­ген мысал­дың бәрі қаза­ққа қар­сы жос­пар­лы түр­де жаса­лып жатқан бір жымысқы сая­сат­тың бар екенін айқын көр­сетіп-ақ тұр.

Жақын­да орыс пат­ша­сы зама­нын­дағы «Санкт-Петер­бург­ский вест­ник» газеті­нен үзін­ді оқы­дым. Онда «Егер Ресей мем­ле­кетінің мүд­десі үшін қырғы­здар­ды (қаза­қтар­ды – М.К.) құр­бан ету керек бол­са, олар­ды құр­бан ету керек» деген­ді оқы­дым. Ол сая­сат­ты Кеңес үкі­меті одан әрі жалға­сты­рға­нын әлгі қазақ мини­стр­лер біл­ме­уі мүм­кін емес. «Қаза­қстан Ресей­ге бодан болған­нан бастап, қаза­қтың өмір сүруінің өзі про­бле­маға айнал­ды» деп Ахаң – Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы да айтып кет­кен. Енде­ше тәу­ел­сіздік алдық дегелі 25 жыл өтсе де, жиын­да­рын өз тілін­де өткізу­ге баты­лы бар­май оты­рған адам­дар­ды «күші­гі­нен тала­нып қалған ғой» демес­ке лаж бар ма?

Сырт көз сын­шы ғой. Осы­ның бәрін, яғни билік қит етсе, қаза­қтың еңсесін басып оты­рға­нын, соның бәрі аз болған­дай «тер­ро­рист», «экс­тре­мист» деген қап-қара бәле-жала ата­улы­ның бәрі қаза­ққа жабы­лып жатқа­нын көріп оты­рған және «шови­низм», «вели­ко­росс» ауру­ла­ры­нан айы­қ­пақ түгілі баяғы­да қаза­қты қырып-жой­ған қан­ды қылы­шын қай­та жалаң­да­тып, тай­раң­дап жүр­ген каз­ак­тар құтыр­маған­да – кім құтырсын?!

Әрине, бүгін біз айтқан бұл жағ­да­ят­тар айты­лып та, жазы­лып та келе жатқа­ны­на 25 жыл бол­ды. Бірақ соның бір­де-бірі­нен нәти­же жоқты­ғы­на қараған­да, Қаза­қстан­да қаза­қтың айтқан сөзі жел­ге ұшқан заман орнаған ба деп қаласыз.

Әйт­се де, әлгі «31 арна­дағы» қазақ сөзіне түсі­нетін ит еске түс­кен­де, апыр-ау біздің билік­те­гілер қазақ сөзіне сол … құр­лы түсін­бей­тін болға­ны ма деген жаман ойға түсіп кет­кеніңді де бай­қа­май қала­ды екен­сің. Сон­да да Құдай­ым қаза­қты «Бас­шы­сы намыс­сыз – ел жетім, қорға­у­шы­сы жоқ – жер жетім» күй­ден сақ­та­сын деп, тілек тіле­уден жаңылмаймыз.

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын, ҚР Мәде­ни­ет қайраткері

 

 

 

 

Айт­пақ­шы

 

ҚАЗАҚТЫҢ

ЕКІ ДЕРТІ

Қаза­қтың ой-сана­сы­на әбден мең­деп кіріп алып, алға да бастыр­май, аяғы­на оралғы болып оты­рған екі үлкен дерт бар:

Бірін­шісі – әсіре­шүкір­шіл­дік. «Тірі жүр­гені­міз­ге шүкір…», «Ел іргесі тыныш бол­сын», «Оры­стың қаһа­ры­нан сақта…», т.с… (Қорқақтық, ездік, намыс­сыздық, тексіздік­ке апа­рар жол…)

Екін­шісі – қараңғы­лық. Соқыр сенім. «Билік­те­гілер­дің жаза­сын Алла береді. Олар о дүни­е­де қызық көр­мей­ді, тоза­қтың отын­да өрте­неді…». (Қара басын күйт­те­ген екі­жүзділік, арам­та­мақтық, құл­ды­ққа барар жол…). Дог­ма­тизм мен фана­тизм­ге бір­дей ұшта­сып жата­тын осы бір тәу­ба­шыл­ды­ғы халы­қтың өзінің түбіне жетіп, билік­те­гілер­ді одан ары дән­детіп, ара­нын аша түсуде…

Қазір­гі қазақ елі-жері, тілі, ұрпағы­ның бола­шағы үшін басын ауыр­тқы­сы кел­мей­ді. Тіп­ті өзінің қар­ны­ның аш-тоқты­ғы­на да, басын­да бас­па­на­сы­ның бар-жоқты­ғы­на да мән бер­мей­ді. Бар ойлай­ты­ны – «нұро­тан­ды­қтар­дың» мән­са­бы­нан айы­рыл­мауы мен елінің «басы»-ның аман­ды­ғы. Осы еке­уі орнын­да бол­са, «патша»-сының мұң-мұқтаж­сыз билік құруы үшін «оры­сқа орыс­ша ғана жау­ап беру­ге» де, өз елін­де отыр­са да, өз тілін ұмы­туға, қаза­қ­ша сөй­ле­ген­ді­гі үшін кешірім сұра­уға да дай­ын. «Кемең­гер» жалғыз пар­ти­я­сы «жеріңді босат, еліңді сат» десе де көнеді. Қай­та­дан отар болу­дан да бас тарт­пай­ды. Оры­сқа ғана емес, қытай­ға да қабат құл болу­дан «қоры­қ­пай­ды». Ұрпақ керек жоқ. Кере­гі – өз құлқы­ны ғана.

Бұл – фата­лизм. Құр­ды­мға құла­та­тын ғана жол. Қазақ мәң­гүр­ті­гі аздай, енді мутант мақұлы­ққа айна­лып бара жатқандай…

Сырт көз­ге солай көрінеді…

Camat Nasiruly – «Фейс­бук»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн