Суббота , 5 июля 2025

Гүлнәр ЖУАСПАЕВА адвокат: Мен әйел және ана ретінде ЕҢЛІКТІ ҚОРҒАЙМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

ДАТ!

 


 

 

 

 

Бүгін­де бел­гілі болған­дай, қазан­ның 9‑ында ғалам­тор­да Т. Жүр­ге­нов атын­дағы Өнер ака­де­ми­я­сын­да 2011–2015 жыл­да­ры оқы­дым деген актри­са Еңлік Сыды­қо­ва­ның (төмен­гі сурет­те) «видео­сы» жари­я­ланған еді. Еңлік осы «видео­да» 2011 жылы сол кез­де­гі ака­де­мия рек­то­ры болып тұрған Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлын оқуға түсу­ге «әуелі ақша сұрап, кей­ін жыны­стық бопса­ла­ды» деп айып­та­ды. Қазан­ның 10‑ы күні Мұха­ме­диұ­лы өзіне тағы­лған айып­тар­ды терістеп, Е.Сыдықованың мәлім­де­месіне бай­ла­ны­сты «жала жап­ты» деді.

Ел ішіне тарап кет­кен ақпарға қараған­да, мини­стр­ден зәбір көр­дік деген қыз-келін­шек­тер қата­ры бір­ша­ма артып отыр. Олар мини­стр­дің отстав­ка­сын талап ету­де. «Sputniknews.kz» сай­ты кор­руп­ци­я­мен күрес ұлт­тық бюро­сы­ның бас­пасөз қыз­меті Мұха­ме­диұлы­ның аты­на айты­лған айы­пқа қаты­сты жағ­дай­лар аны­қта­лып жатқа­нын хабарлапты.

Айт­пақ­шы, қаза­қстан­дық режис­сер Талғат Жәні­бе­ков Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі мен А. Мұха­ме­диұ­лы «Феникс» филь­мінің түсірілі­мін қар­жы­лан­ды­руға «пара» талап етті деп айып­таған бола­тын. Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің бас­шы­сы айып­та­у­лар­дан бас тар­тып, режис­сер­ді сотқа бер­ген еді. Бұл мәсе­ле бой­ын­ша мини­стр­ге қаты­сты іс қыл­мыс құра­мы­ның бол­мауы­на бай­ла­ны­сты тоқта­тыл­ды. Енді, міне, Еңлік Сыды­қо­ва­ны қорға­мақ болған адво­кат­тар­дың бірі Гүл­нәр Жуас­па­е­ва ханым әле­умет­тік желілер арқы­лы өзіне әлдекім­дер қысым жасап жатыр деп мәлім­деді. Осы және Еңлік­ті қорға­уға қаты­сты мәсе­ленің мән-жай­ын біл­мек болып, адво­кат­ты «ДАТ!» айда­ры­ның алаңын­дағы әңгі­ме­ге тарттық.

 

– Гүл­нәр ханым, өткен апта­ның соңын­да әле­умет­тік желі­де өзіңіз­ге жаса­лып жатқан қысым тура­лы жаз­баңыз шықты. Осы қысым­ның мән-жай­ын өз ауы­зы­ңы­здан естісек…

– Маған қысым жасал­ды деген­нен гөрі, әріп­те­стерім кеңес беріп, ескер­ту айтып жатыр дегенім жөн шығар. Адво­кат­тар әле­умет­тік желі­де қоғам­да дау туғы­зып жатқан мәсе­ле төңіре­гін­де жиі-жиі пікір алы­сып, өза­ра талқы­лай­мыз. Еңлік­тің видео­сы шығып, мен оған қорға­у­шы болға­ным­ды есті­ген әріп­те­стерім: «Сен тағы да бір дау­лы тар­ты­сқа кірісіп кет­тің, оның артын­да бір күш тұрға­ны (мини­стр­дің) бел­гілі емес пе? Абай бол­саң­шы! Әле­умет­тік желі­де­гі осы мәсе­ле­ге қаты­сты жаз­ба­ла­ры­ң­ды өшіріп тастаға­ның дұрыс», – деп жатыр. Желі­де жазға­ным жал­пақ елге жария бол­сын деген ниет­пен, «КТК» теле­ар­на­сы арқы­лы «кез кел­ген өрке­ни­ет­ті мем­ле­кет­те осын­дай жағ­дай­ға тап болған лау­а­зым­ды шене­унік пен оған бағы­ны­шты қыз­мет­кер­лер қыз­меті­нен кетуі тиіс» деп, ашық түр­де мәлім­дедім. Іле-шала әле­умет­тік желі­де­гі доста­рым да, досты­қта жоқтар да «бай­қа» деп ескер­тіп жат­ты. Ал ресми түр­де ешкім қысым жасаған жоқ.

– Айт­пақ­шы, сіз Еңлік­ті қорға­уға өз баста­маңы­з­бен қосыл­ды­ңыз ба, жоқ әлде Еңлік­тің өзі сіз­ге қолқа сал­ды ма?

– Әле­умет­тік желіні бел­сен­ді түр­де тұты­ну­шы­ның бірі­мін. Өзім­нің ауди­то­ри­ям, бес мыңға жет­кен доста­рым бар, мың жарым адам менің желі­де­гі парағы­ма тір­кел­ген. Қолым босаған кез­де желі­де көтеріліп жатқан мәсе­ле­лер­ді талқы­ла­у­ға ара­ла­са­мын. Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­на қар­сы дау басталған күн­нен бері өзім­нің пікірім­ді көп­шілік­пен бөлі­су­де­мін. Елі­міздің Кон­сти­ту­ци­я­сы­на сәй­кес, Қаза­қстан құқы­қтық, зай­ыр­лы, демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет. Сон­ды­қтан мұн­дай даудың соңы­на мини­стр­дің қыз­меті­нен кетуі, солай­ша дау-дамай­ға нүк­те қоюы тиіс екенін әле­умет­тік желі­де жаз­дым. Осы жаз­ба­дан кей­ін пікір тала­сты­ру­шы­лар­дың бел­сен­ділі­гі артып, екі жары­лып жатыр.

Еңлік Сыды­қо­ва­ның бей­не­жа­з­ба арқы­лы айтқан сөз­дері қоға­мға жария болған соң, оның жақ­та­ста­ры: «Еңлік­ке қорға­у­шы тауып бере ала­сыз ба, өзіңіздің мүм­кін­ді­гіңіз бол­ма­са, басқа бір адво­кат­тарға жол сіл­те­сеңіз», – деп, маған өтініш жаса­ды. Жүк көлі­гін жүр­гі­зу­шілер­дің ісі­мен айна­ла­сып жатқа­ным­ды, уақы­тым­ның тығыз екен­ді­гін айтып, елге таны­мал, батыл адво­кат Айман Ома­ро­ваға хабар­ла­сып көріңіз­дер дедім. Бірақ осы істі жүр­гізу­ге Айман­ның келісім бер­ме­гені жөнін­де әле­умет­тік желі­ден хабар­дар бол­дым. Кей­бір әріп­те­стерім мұн­дай істі алуға дәт­тері бар­май­ты­нын жасы­рып қай­тей­ін: уақы­тым­ның да, мүм­кін­ді­гім­нің де шек­те­улі болға­ны­на қара­ма­стан, Еңлік­ті қорға­уға тәу­е­кел еттім. Өзге адво­кат­тар­ды, тіп­ті тепе-теңдік­ті сақтау үшін, адво­кат еркек­тер­ді де осы іске ара­ла­суға шақыр­дым. Қата­ры­мыз көбей­ді, ара­мы­зда заң­гер­лер де бар.

– Еңлік­тен кей­ін де бір­не­ше қыз Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлын «жыны­стық бопса­лау» бой­ын­ша айып­тап, мәлім­де­ме жаса­ды. Сіз Еңлік­ті қорғау стра­те­ги­я­сы мақ­са­тын­да бұл қыздар­мен жолы­ға алды­ңыз ба?

– Мини­стр­ден жәбір көр­ген басқа қыздар­дың да ар-ожда­нын қорғау жөнін­де ресми келісім жаса­дық. Енді министр қашан сотқа беретінін күтіп оты­рған жай­ы­мыз бар. Ол қыздар­дың Алма­ты­да тұра­тын­да­ры­мен кез­де­стім, ал басты айып­та­у­шы Еңлік­пен теле­фон арқы­лы хабар­ла­сып отыр­мыз. Еңлік­тің айтқан­да­рын рас­тап, куә болуға құлық таны­тқан қыздар­мен өзім кез­де­стім, егер іс сот­та қара­ла­тын бол­са, олар Еңлік­ке қол­дау көр­се­ту­ге дай­ын. Бүгін­де Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­нан зәбір көр­дік деген қыз-келін­шек­тер қата­ры бір­ша­ма артып отыр: бәрі мини­стр­дің отстав­ка­сын талап ету­де. Ал Мұха­ме­диұлы­ның өзі бол­са, мұның бәрін жала деп тауып, өзінің ар-намысын сот­та қорға­уды жос­пар­лап отыр.

– Жос­па­ры қан­ша­лы­қты іске аса­рын кім біл­ген, деген­мен «қызқұ­мар» министр мұн­дай айы­пқа, өзі тура­лы жасалған мәлім­де­ме­лер­ге қаты­сты «ар-намысым мен абы­рой­ым­ды тек сот­та қорғап, тек заң жүзін­де жау­ап берем» деген екен. Әдет­те уақы­ты біраз өтіп кет­кен мұн­дай жеке басқа қаты­сты кикіл­жің істер­ді дәлел­деу неме­се жоққа шыға­ру тәжіри­бесі бар ма?

– Мини­стр­дің мәлім­де­месі жөнін­де әзір­ге ештеңе айта алмай­мын, өйт­кені қожай­ын­да­ры үшін бас­пасөз хат­шы­ла­ры ғана жау­ап беріп жатыр. Егер министр Еңлік­ті сотқа беретін бол­са, біз бар­лық дәй­ек­тері­мізді нақты деректер арқы­лы дәлел­дей ала­мыз. Әрине, бір­не­ше жыл бұры­нғы оқиға­ны жаңғыр­тып, сот­та дәлел­деу оңай бол­ма­сы анық. Алай­да мини­стр­дің әре­кеті қоғам­нан да, БАҚ тара­пы­нан да, ел тұрғын­да­ры­нан да қол­дау тап­пай­ты­ны­на сенімдімін.

Біздің түп­кі мақ­са­ты­мыз – әйел құқы­ның аяққа тап­тал­мауын, үлкен өмір­дің есі­гін енді ғана аттаған бой­жет­кен қыздар­дың арын ласта­мақ болған­дар жаза­дан құтыл­май­ты­нын, өзге­лер сабақ алу керекті­гін пар­ла­мент­те оты­рған көке­лері­міз де сезі­нуі тиіс деп ойлай­мын. Нәзік жан­ды­лар­ды қорғай­тын адво­кат­тар­дың бар екенін, заң бар­лық шене­унік­тер­ге, мини­стр­лер мен әкім-қара­ларға бір­дей екенін ескерт­кім келеді. Әріп­те­стерім­нің ара­сын­да да мені «біт­пей­тін дауды қуып, жеңіліс таба­тын істі қолы­на алды» деп, сан-саққа жүгір­тіп жатқан­дар бар. Мен ең алды­мен әйел ретін­де, ана ретін­де, содан кей­ін ғана адво­кат ретін­де Еңлік қызы­мы­зды қорғап, осы істі аяғы­на дей­ін жет­кізу­ге белім­ді бекем буып отырмын!

– Ара­да біраз уақыт өтіп кет­кен соң, Еңлік­тің «болған жәйт­ті» жұрт­шы­лы­ққа жария ету жағ­дайы заң нор­ма­ла­рын­да қарас­ты­ры­лған ба?

– Жоқ, мұн­дай бап бой­ын­ша қарас­ты­ры­лған іс тәжіри­бе­міз­де бол­мап­ты. Бұл ең алға­шқы рет көтеріліп жатқан мәсе­ле. Егер лау­а­зым­ды қыз­мет­те оты­рған министр қара­пай­ым ғана қаза­қтың қызы­мен сот­та­са­тын бол­са, онда алдын ала сот­тың қай жаққа қарай бұры­ла­ты­ны бесе­не­ден бел­гілі. Сот ешу­ақыт­та мини­стр­ді айып­ты деп таны­май­ды, өйт­кені жемқор­лы­ққа бел­ше­сі­нен батқан біздің сот жүй­есін­де әділет­тілік­ке қол жет­кі­зе­міз деудің өзі артық. Сон­ды­қтан біз министр Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­ның қыз­меті­нен кетуін талап ету­де­міз. Егер ол бар­лық шені­нен айы­ры­лып, қара­пай­ым адам бол­са ғана, сот әділ шешім шыға­ра­ды деп үміттенеміз.

– Шек­пе­нін шешу­ге ыңғай таны­тып жатқан мини­стр­дің сық­пы­ты әзір­ге бай­қал­май­ды. Ал сіздің қорға­уы­ңы­здағы Еңлік­тің өзі мини­стр­ді сотқа беру­ге құлы­қты емес пе?

– Неге құлы­қты бол­ма­сын, ең басты­сы өзінің арын қорғау үшін осын­дай тәу­е­кел­ге барып отыр ғой. Әрине, алға­шын­да, бей­не­жа­з­ба ел ішіне тарап кет­кенін біл­ген кез­де, не істерін біл­мей, абды­рап қал­ды. Бірақ оны ең алды­мен ата-ана­сы қол­да­ды, әкесі – отстав­ка­дағы пол­ков­ник, қызын дауға оңай­лы­қ­пен бере қой­мас. Олар бұл істі аяғы­на дей­ін жет­кізу­ге бар күш­терін салуға әзір, өйт­кені Жүр­ге­нов ака­де­ми­я­сын­да бұры­нғы рек­торға қар­сы куә болуға ниет біл­дір­ген­дер қата­ры көбей­ді. Тіп­ті қыздар­дың жәбір көр­гені былай тұр­сын, еңбек шар­ты­ның бұзы­лға­ны, жемқор­лы­ққа жол беріл­гені жөнін­де де куәлік ететін­дер жетерлік.

– Мәсе­лен, ел ара­сын­да Еңлік бұл жағ­дай­ды жария еткен­де, нені көк­сеп отыр деген сұрақ бар. Мораль­дық шығын талап еткісі келе ме деген сыңайда…

– Осы мәсе­ле төңіре­гін­де нешетүр­лі алып-қашпа әңгі­ме­лер жетіп-арты­ла­ды. Мен ондай өсек­тер­ге бас қаты­рғым кел­мей­ді, еркек­тер­дің қыз­мет бабын пай­да­ла­нып, қыздарға, әйел­дер­ге күш көр­се­ту әре­кет­тері бой­ын­ша іс-әре­кет­тер­дің бетін ашуға бар күшім­ді сала­мын. Ал мораль­дық шығын­нан да құн­ды ар-намыс мәсе­лесі үшін күрес алды­ңғы орын­да екені басты мақ­сат деп біле­мін. Дәл осы істен мені шыға­рып тас­та­са да, шын­ды­қтың бетін ашуға жанын салып, жалға­сты­ра­тын адво­кат­тар бар екеніне сеніңіз. Ондай жағ­дай­да қол­дау көр­се­тетінім хақ!

– Деген­мен, ел ішін­де және әле­умет­тік желі­де «бұл скан­дал «жүр­гіш» мини­стр­ді қыз­меті­нен алып тастау үшін әдейі ұйым­да­сты­ры­лған» деген пікір бар. Ол жөнін­де не айтар едіңіз?

– «Жел соқ­па­са, шөп­тің басы қимыл­да­май­ды» деген­дей, «меш­кей» деген жаман атқа себеп­кер болған мини­стр­дің өзі­нен бар кінәні іздеу керек шығар. Егер мораль­дық ұста­ны­мы қоға­мға зала­лын тигіз­ген адам­ды қыз­меті­нен алу керекті­гі жөнін­де баста­ма көтеріл­се, кім ұйым­да­стыр­са да, қол­дау көр­се­туі­міз керек.

Ал мұн­дай даудың ұйым­да­сты­ры­луы­на өзім­нің ешқан­дай қаты­сым жоқ. Әле­умет­тік желі­де бір­ді-екілі жақ­та­ста­ры мен жалған атты жамы­лған қол­да­у­шы­ла­ры ғана бар мини­стр­ге ара түсу­шілер аса көп емес. Әлдекім­дер­дің қасақа­на ұйым­да­сты­рған әре­кеті деп айтай­ын десем, мини­стр­дің күді­гіне ілін­ген­дер­дің бірі режис­сер Талғат Жәні­бе­ков: «Мен Еңлік­ті таны­май­мын. Яғни, бұрын-соң­ды ара­ласқан емес­піз. Соған қара­ма­стан, оның ашық мәлім­де­ме жаса­уын батыл­ды­ққа балай­мын. Себебі мәде­ни­ет мини­стрінің қызқұ­мар екенін бұған дей­ін де мың мәр­те есті­гем», – дегенін БАҚ-тан естідік.

Мен де қыз өсіріп оты­рған ана­мын, жиен­дерім бар, сон­ды­қтан осы іске ара­ла­стым. Бұл адам тура­лы бұрын да нешетүр­лі қау­е­сет­тер­ді естіп жүр­ген едім. Еңлік басын көтер­ген­де, мен де қарап тұра алма­дым. Бұл істе жеңіл­сем де, халы­қтың есебі­нен күн көріп оты­рған шен­ділер­ге бұл істің «көлең­кесі» түсетініне сенемін!

– Рах­мет, Гүл­нәр ханым, бастаған ісіңіз жеңіспен аяқта­луы­на тілектеспіз!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

Жаңа айып­тау

 

Қаза­қстан Мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлын «азғын» деп айып­та­у­шы­лар­дың қата­ры тағы бір қыз­бен толы­ғып отыр. Өзін Т. Жүр­ге­нов атын­дағы Қазақ өнер ака­де­ми­я­сы­ның түле­гі­мін деп таны­сты­рған жас қыз «Азаттық» радио­сы­ның «Насто­я­щее вре­мя» жоба­сы­на сұх­бат бер­ген. Ол өзінің сту­дент кезін­де рек­то­ры А.Мұхамедиұлының қыздарға қалай қырын­даға­нын айтып бер­ді. (Орыс тілі­нен жол­ма-жол аударылды).

«Ол алды­мен менің оқу­дан шығып қалға­ным­ды, қай­та қал­пы­на кел­тіру­ге бол­май­ты­нын айт­ты. «Құжат­тар Білім мини­стр­лі­гіне кетіп қал­ды», – деді. Мен «ұяты­ңыз біл­сін» деп жау­ап қай­тар­дым да, каби­неті­нен шығып кет­пек­ші бол­дым. Сол кез­де ол орны­нан тұрып: «Жарай­ды, оқуы­ң­ды рет­теп бере­мін, бірақ қошта­сар алдын­да бір құшақтай­ын», – деп, маған қарай жақын­да­ды. Мен одан қорға­ну үшін күш қол­дан­дым: бұты­нан тебуі­ме тура кел­ді. Ол бол­са, жүре алмай қал­ды. Кей­ін болған жайт­ты ешкім­ге айт­па­уым­ды жалы­нып сұрады.

…Күй­е­у­ге шыққан бір қыз бар еді. Бұры­нғы рек­тор оған да қырын­дап­ты. Өмірін жұмаққа айнал­ды­ра­мын деп уәде бер­се керек. Бірақ күй­е­уі бар екенін айтып, кез­де­су­ден бас тар­тқан соң, оған өзге ұсы­ныс айтқан. «Сұлу құр­бы­ла­рың көп, эскорт қыз­мет көр­се­тей­ік» деп ұсы­нған екен… Кей­інірек тағы бір қыздың төсек арқы­лы гран­тқа ауы­сқа­нын да естідік».

SN-SkifNews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн