Суббота , 5 июля 2025

Алтынай ЖОРАБАЕВА: Өзім қалаған өмірді СҮРГІМ КЕЛЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

 

Соңғы уақыт­та жан­күй­ер­лерінің тара­пы­нан сыни пікір­лер­ді жиі ести­тін таны­мал әнші Алты­най Жора­ба­е­ва шоу-биз­не­стің орда­сы сана­ла­тын Алма­ты­дан неге көшіп кет­ті? Осы және тың­дар­ма­нын алаң­да­тып жүр­ген «Алты­най мен Сәбит­тің ара­сы жарас­пай жүр­гені рас па?» деген сұрақтарға жау­ап іздеп, әнші­мен сұх­бат­тасқан едік.

 

– Алты­най ханым, Аста­наға қоныс аударға­ны­ңы­зға да бір­не­ше ай болып­ты. Өзіңіз оңтүстік­тің қызыс­ыз: Аста­на­ның аңы­раған суы­ғы­на үйрене алды­ңыз ба?

– Аста­наға осы жыл­дың қаңтар айын­да көшіп кел­ген едім. Биыл қат­ты суық бол­ды деп айта алмай­мын. Маған Аста­на­ның суы­қты­ғы бәлен­дей бай­қа­ла қой­ма­ды. Өйт­кені Аста­наға кон­церт­ке, түр­лі жиын-той­ларға мені жиі шақы­ра­тын. Ешқан­дай қиын­дық болған жоқ. «Адам үш күн­нен соң көр­ге де үйре­неді» демек­ші, басқа сал­са, бәріне де көн­ді­геді екен.

 

– Алма­ты­дан қоныс ауда­руға не себеп бол­ды? Өнер орда­сы Алма­ты­дан неге жерідіңіз?

– Мен Аста­на­дағы филар­мо­ни­яда жұмыс істей­мін. Бұрын мұн­да жылы­на екі-үш рет ғана келетін едік. Соңғы уақыт­та бас қала­мы­зда кон­церт­тер жиі қой­ы­ла­тын бол­ды. Оның үстіне біраз телетүсірілім­дер осы жаққа ауы­сты­ры­лған. Сол себеп­тен Аста­наға көштім. Одан шығар­ма­шы­лы­ғым тоқтап, не бол­ма­са ақсап қала­ды деп ойла­май­мын. Керісін­ше, түр­лі теле­бағ­дар­ла­ма­ларға қаты­суға, радиоға сұх­батқа жиі шақы­ры­ла­тын бол­дым. Иә, бұрын өнер орда­сы − Алма­ты болған. Қазір ол Аста­наға ауысты.

 

– Әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­лар сіздің Аста­наға ауып кет­кеніңізді Сәбит мыр­за еке­уіңіздің араңы­здағы салқын­ды­ққа балай­ды… Бұған қаты­сты не айтар едіңіз?

– Жеке басы­ма және отба­сы­ма бай­ла­ны­сты сұрақтар мен әңгі­ме­лер­ге жау­ап бер­мей­тін әдетім бар еді…

Өйт­кені халы­ққа менің шығар­ма­шы­лы­ғым маңы­зды­рақ деп ойлай­мын. Сол себеп­тен ешкім­ге жеке тұр­мысым­ның бүге-шігесін тарқа­туға құлы­қты емес­пін… Кешірерсіз…

 

– Әдет­те жур­на­ли­стер сіз­бен болған әр сұх­бат­тар­да Сәбит мыр­за­ның бұры­нғы отба­сын ара­ла­сты­рып жата­ды. Осын­дай езбе сұрақтар­дан кей­де шар­шай­тын кез­деріңіз бол­май ма? Ондай­да өзіңізді қалай жұбатасыз?

– Жоқ, сол үшін өзім­ді жұба­тып, сар­саңға түсіп, шар­шаған емес­пін. Менің қан­дай екенім­ді бір Алла, одан соң өзім біле­мін. Айтқан­дар – айта бер­сін! Иә, оның бұры­нғы отба­сы тура­лы жиі сөз болып жата­ды. Шыным­ды айт­сам, ондай сөз­дер­дің ешбіре­уіне мән бер­мей­мін. Айгүл еке­уміз кон­церт­тер­де жиі кез­де­се­міз. Өнер­де біз бір­ге жүре­міз. Біздің бөлі­се алмай жатқан ештеңе­міз жоқ. Бұл жағ­дай­ға мен өте терең­нен қарай­мын: Сәбит еке­уінің ара­сын­да бала бар. Менің де Сәбит­тен бала­ла­рым бар. Олар бауыр болып, бір-бірі­мен неге араласпасқа?

 

– Қазір әншілері­міз тек ән айтып қана қой­май, актри­са да, теле­жүр­гі­зу­ші де болып жүр. Осы­ған бай­ла­ны­сты әле­умет­тік желі­де бір­не­ше күн бұрын бір әріп­тесі­міз «Ботокс бет­ті әншілер теле­ар­на­дан кет­сін» деп жазған пікір қызу талқы­ға түсу­де. Сіз бұған не айтар едіңіз?

– Біре­удің мінін көріп, соны сөз ету – қаза­қтың қаны­на сіңіп кет­кен қаси­ет қой. «Қолы­ң­нан кел­се, қоны­шы­нан бас» деген сөз бар. Ел алдын­да жүр­ген өнер адам­да­ры­ның өз дене сым­ба­ты­на күтім жасап, бетіне ботокс жаса­туын­да тұрған ешқан­дай ағат­тық жоқ деп айтар едім.

Ал жур­на­ли­стер­дің өздері экранға шығуы­на кім қар­сы келу­де? Өздері тал­пын­сын, еңбек­тен­сін. Әрине, сахна­ның сыр­тын­да оты­рып алып, әркім­нен мін іздеп отыр­са, олар экранға дей­ін қашан өседі? Қай уақыт­та білі­мін жетілдіреді?

Адам бірін­ші кінәні өзге­ден емес, өзі­нен ізде­уі керек. «Мені теле­жүр­гі­зу­шілік­ке қой­ы­ң­дар, бағ­дар­ла­ма­ны мен жүр­гі­зей­ін» деп, ешқан­дай әнші өзді­гі­нен айт­пай­ды деп ойлай­мын. Керісін­ше, ұсы­ныс теле­ар­на­лар­дың өзі­нен түседі. Содан әркім­де «неге шық­пасқа?» деген сұрақ туады.

Ал теле­эфир­ге шығу үшін, адам өз-өзіне, бет-әлпе­тіне күтім жаса­уы керек. Тележо­ба иелері де эфир­ге әде­мі жүр­гі­зу­шінің шыққа­нын қалай­ды. Өнер адам­да­ры сон­дай тала­пқа сай болған­нан кей­ін де теле­жүр­гі­зу­шілік­ке көп шақы­ра­тын шығар? Бұл ойы­ма жур­на­ли­стер рен­жі­месін, әрине. Қара терін төгіп, еңбек­теніп жүріп, экранға шыға алмай қал­са, әңгі­ме басқа­ша болар еді.

 

– Егер сізді де киноға түсу­ге шақы­рып жат­са, қай­тер едіңіз?

– Оған еш қар­сы емес­пін. Фильм­ге түсу­ге ұсы­ныс түсіп жат­са, бағым­ды сынап көретін едім. Шамам кел­ген­ше, әртүр­лі рөл­дер­ден көрін­гім келеді. Актер­лік шебер­лі­гім қан­ша­лы­қты жете­ді, соны тек­серіп көр­ген де дұрыс сияқты. Бірақ бір фильм­ге түс­кен­нен ешкім актри­са болып кет­пей­ді. Бұл бар болға­ны өзіңді басқа сала­да сынап көру деп біле­мін. Кез кел­ген нәр­се еңбек­ті талап етеді.

– Өнер жұл­ды­зда­ры инста-парақ­ша­ла­ры­на жар­на­ма жасап жата­ды. Олар­дың қата­рын­да өзіңіз де бар­сыз. Деген­мен, Бей­біт Сей­ду­а­ли­е­ва «Инста-парақ­ша­ма жар­на­ма салу­дан ұяла­мын. Олай істе­сем, сату­шы секіл­ді бола­мын» дегені бар. Сіз біл­дей ҚР-ның еңбек сіңір­ген әншісі бола тұрып, өзіңіз­ге қосым­ша жар­на­ма жаса­уға тән­ті болар ма едіңіз?

– Оның несі айып? Қолым­нан келетін дүниені жария ету­ге еш намыстан­бай­мын. Ал енді біреу жар­на­ма жасап беруім­ді өтініп тұр­са, неге олай істе­мес­ке? Ол үшін ақшам кетіп жатқан жоқ.

Кей­де өз таны­ста­рым бір заты­на бай­ла­ны­сты жар­на­ма жаса­уым­ды сұрай­ды. Оның да сауда­сы жүр­сін. Біл­ген, көр­генің­мен бөліс­кен­де тұрған ештеңе жоқ. Таны­мал­ды­лық болған соң да парақ­ша­мы­зда оқыр­ман көп. Мыса­лы, кей­бір кісілер біздің салған жар­на­ма­мыз арқы­лы іздеп жүр­ген нәр­сесін тауып ала­ды. Жар­на­ма жаса­удан еш зиян көр­мей­міз, керісін­ше, ада­мға жақ­сы­лық сый­лай­мыз. Жар­на­ма­дан абы­рой­ым түсіп қал­ды деп айт­пас едім. Жал­пы, мін іздей­мін деген адам қай жағы­нан бол­са да тауып ала­ды. Ешқай­сы­мыз пері­ш­те емес­піз ғой.

 

– Парақ­шаңы­зға «Бет күті­мі», «Артық сал­мақтан қалай құты­луға бола­ды» деген секіл­ді кеңе­стер жазып оты­рас­ыз. Бір жыл­да­ры қат­ты толып кет­кен сіздің қай­та­дан өз фор­маңы­зға келуіңіздің сырын біл­гісі келетін­дер көп. Артық сал­мақтан қалай құты­лған едіңіз?

– Өнер ада­мы болға­ным үшін ғана күті­не­мін дей алмай­мын. Алла саған ама­нат етіп бер­ген соң, дене­ге жақ­сы күтім керек. Мен аяғым ауыр кез­дер­де, бала емізіп жүр­ген уақыт­тар­да сал­мақты көп қоса­мын. Өйт­кені ағзам толы­суға бей­ім. Бала­ны омы­ра­удан шығарған­нан кей­ін, өзім­ді қал­пы­ма кел­тіруім керек бола­ды. Артық сал­мақ адам­ның ден­са­улы­ғы­на зиян. Оны неге көтеріп жүруім керек? Одан мүм­кін­ді­гін­ше ары­лған дұрыс. Дене сым­ба­ты­на күтім­мен қарап, әрдай­ым жат­ты­ғу жасаған әр әйел әде­мі. Тек ол әде­мілік пен сым­бат­ты­лық үшін ғана емес, артық сал­мақтан ары­лу­дан бой­ы­ң­дағы бар ауруың да кете­ді. Инста-парақ­шам­да осы жай­ын­да кей­де бөлісіп оты­ра­мын. Бірақ ойла­ры­ң­ды ашық жазу­дан да қорқа­сың. Өйт­кені адам­дар әр сөзің­нен мін іздеп оты­руға бей­ім. Біре­у­ге ұнай­ды, кей­біре­уіне ұна­май­ды. Бәрібір отыр­саң опақ, тұр­саң сопақ қыла­ды. Сол үшін көп жағ­дай­да кеңес айту­дан қаша­мын. Бірақ жеке өзі­ме шығып, көмек сұрап жат­са, мүм­кін­ді­гім­ше біл­генім­мен бөлі­се­мін, кеңе­стерім­ді айтамын.

 

– Кей­де тың­дар­ман­да­ры­ңыз сізді айтыс­кер ақын Айнұр Тұр­сын­ба­е­ва ханы­мға ұқса­та­ды екен. Бетіңіз­де­гі боя­уы­ңы­зға дей­ін Айнұр ханым­ның үлгісіне сая­ды. Тіп­тен кей­бір оқыр­ман шаш қою үлгіңізді көріп, Айнұрға елік­те­ушілік бар деп жазып­ты. Расы­мен солай ма?

– Еке­уміз де тип­ті қаза­қы кел­бет болған соң, бір-бірі­міз­ге ұқсап та кететін шығар­мыз. Шаш үлгі­міз де ұқсас келер, бәл­кім. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлай­мын. Алай­да біз­де қат­ты ұқса­стық бар деп айта алмай­мын. Өйт­кені Айнұр еке­уміздің айыр­ма­шы­лы­ғы­мыз жер мен көк­тей. Ол − ақ құба, мен – қара торы. Ол арық бол­са, мен том­пақтау болып келе­мін. Иә, көп жағ­дай­да бет бояған үлгілері­міз ұқсап кетіп жата­ды. Себебі біздің виза­жи­стері­міз бір. Деген­мен, мен көбі­не­се өзім боянамын.

 

– Тән­ті жұр­ты­ңыз сізді «өзім­шіл» деп, енді бір­де араб тілін үйрен­геніңіз үшін де сынап жатқа­нын ести­міз. Жал­пы осын­дай сыни пікір­лер­ге рен­жисіз бе?

– Өзім­ді «өзім­шіл адам­мын» деп айта алмай­мын. Маған қалай өмір сүр­ген ыңғай­лы – солай жүре­мін. Солай өмір сүре­мін. Әрине, халы­қтың мәде­ни­еті мен мен­та­ли­теті­нен шығып кет­пе­у­ге тыры­са­мын. Ал араб тілін үйрен­ген­де тұрған не бар? Тіл үйрен­ген­нің ешқан­дай зия­ны жоқ. Керісін­ше, пай­да­сы мол. Бар болға­ны жаңа­лы­ғым­мен бөліс­кен едім: «сын­шы­ла­рым» өре тұрыпты…

Негізі, «сын түзел­мей, мін түзел­мей­ді» дей­ді. Сол үшін де әр айты­лған сынға жақ­сы қарай­мын. Жал­пы парақ­шаң­да бөліс­кен әрбір жаз­баң жұрт­тың бәріне ұна­уы мүм­кін емес. Әр адам сені қалай қабыл­дай­ды – ол өз еркін­де. Айты­лған сынға рен­жі­ген­нен пай­да жоқ.

– Әншілік кәсіп­тен бөлек, жеке сұлулық сало­ны­ңыз бар екен. Қазір елі­міз­де дағ­да­рыс орын алып жатыр ғой. Осы­ның кесірі­нен әріп­те­стеріңіз Бүр­кіт пен Аиша өз дүкен­дерін жабу­да. Дағ­да­рыс сіздің биз­несіңіз­ге қан­ша­лы­қты әсер етуде?

– Әрине, елі­міз қат­ты дағ­да­ры­сты бастан кешіп отыр. Бірақ сұлулық сало­ным, шүкір, жұмысын істеп тұр. Бір жағы­нан, басқа сұлулық салон­да­ры­мен салы­сты­рып қараған­да, біз­де баға қым­бат емес, қыз­меті­міз қол­жетім­ді баға­да. Қазір салон­ның бар­лық жұмысы­мен құр­бым айна­лы­сып жатыр. Бәрін соған тап­сы­рып қойғанмын.

 

– Орын­даған қай әніңіз бол­ма­сын, кез кел­ген адам­ның жүре­гі­нен орын алып жата­ды. Осы­дан үш жыл бұрын бір сұх­ба­ты­ңы­зда: «Менің де дау­сым­да кемістік бар, баты­стық стиль­де­гі әндер­ге кел­ген­де ақсап қала­мын…» – деген едіңіз. Дау­сы­ңы­здағы сол кем­шілік­тің орнын тол­ты­ра алды­ңыз ба?

– Өз дау­сым­да кемістік бар деп айтқан сәтім есім­де жоқ… Менің де бір бой­ы­ма жетер­лік өнер бар­шы­лық. Әр әнші үне­мі іздені­сте жүруі қажет. Тек Батыс сти­лін­де ән айту­ды ғана емес, кез кел­ген бағыт­ты алып жүру үшін, өзім­ді шың­дап жатыр­мын. Иә, дау­сы­ма бір­ша­ма өзгерістер енгіздім. Содан нәти­же шыға­рып жатыр­мын деп айта ала­мын. Бірақ біздің мен­та­ли­теті­міз басқа болған­ды­қтан, баты­стық стиль­де­гі әндер­ді айтуға әлі кірі­се қой­ған жоқ­пын. Қазір дуэт жазу үстін­де­мін. Оның ішін­де інім Талғат Жора­ба­ев­пен де айтамын.

 

– Тағы бір жер­де «Мен үшін тың­дар­ман­ның талға­мы маңы­зды» деп айтқа­ны­ңыз бар. Бірақ кей­бір әншілер халы­қ­пен сана­су­дың қажеті жоқ деп санай­ды. Сіздің­ше, осы­ған келі­су­ге бола ма?

– Мен үшін тың­дар­ман­ның талға­мы өте маңы­зды. Халы­қ­пен сана­са оты­рып, өзіңнің талға­мы­ң­ды да жоға­ры қоя біл­ген дұрыс. Ал «анау мына­ны істе» десе, соған жүгіріп, мынау «ана­ны былай жаса» десе, соны орын­дау дұрыс емес. Менің де өз талға­мым бар. Құдай­ға шүкір, оң-солы­мы­зды танып қалған әнші­міз. Жасы­мыз да қыры­ққа кел­ген. Ән таң­да­уда ада­сып кет­кен еш жерім жоқ деп ойлай­мын. Менің талға­мым осы екен деп, шашым­ды қызы­лға бояп тастай­тын­дай жағ­дай­ға түс­кен емес­піз. Өз пікірің жоқ әнші болу­ды дұрыс сана­май­мын. Өз басым халы­қтың талға­мы­м­ен сана­са оты­рып, ара­сы­на талға­мым­ды да қосып содан шешім шығарамын.

 

– Осы­лай халы­қтың әншісі болып жүре беруіңіз­ге тілектеспіз!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн