Суббота , 5 июля 2025

ШИРЕК ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

 


К 25-летию независимости

 


 

 

Осы дүй­сен­бі­де бас­па­дан жаңа кітап шықты: ауто­ры – бел­гілі мем­ле­кет қай­рат­кері Серік­бол­сын Әбділ­дин. Кітап­тың тақы­ры­бы – Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гінің 25 жылдығы.

Біз бай­ға­зы ретін­де сол кітап­тан қос бір­дей үзін­ді жари­я­лай оты­рып, газет­тің алды­ңғы сан­да­рын­да бұл жинақтың жеке­ле­ген бөлік­терін оқыр­ман­дарға таны­сты­ру­ды жалға­сты­ра­тын боламыз.

Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғы қар­саңын­да айту­лы датаға арнап, кітап шыға­ру­ды ойла­сты­рған едік. Ол кіта­пқа 18 жыл­дық тарихы бар «ДАТ» газет­тер жоба­сын­да жари­я­ланған ең таң­да­у­лы мақа­ла­лар­ды ірік­теп алмақ ойда болғанбыз.

Содан, 18 жыл бой­ғы айны­маған сері­гім, қай­сар қарын­да­сым Бақыт­гүл (Мәкім­бай) еке­уі­міз 18 жыл көле­мін­де шыққан «ДАТ», «Сол­ДАТ», «Жұма-таймс», «Айна-плюс», «Тасжарған» және «Обще­ствен­ная пози­ция» басы­лым­да­ры­ның том-том тігін­дісін ақтар­дық (Аталған газет­тер­дің «Обще­ствен­ная пози­ция» басы­лы­мы­нан басқа­сы сот­тың солақай шешім­дері­мен жабы­лып қалған кез­де, ара-тұра шыққан «Бота», «Апта-неде­ля», «ДАТ-Иртыш», «ДАТ-Коле­со», т.б. аз нөмірі басы­лым­дар болған – олар­ды есеп­ке алмадық).

Газет­тер тігін­дісін ақта­ру бары­сын­да мәні мен маз­мұ­нын күні бүгін­ге дей­ін жой­маған, бір емес, бір­не­ше кіта­пқа азық болар­лық жари­я­ла­ным­дар жинал­ды. Оның бәрін бір кіта­пқа сый­ды­ру мүм­кін емес еді. Ірік­тел­ген мақа­ла­лар мен сұх­бат­тар­ды түр­лі тақы­ры­пқа, уақыт кезең­деріне және автор­ларға бөл­ген кез­де, бір ғана Серік­бол­сын аға Әбділ­дин жазған дүни­е­лер­дің өзі екі-үш кіта­пқа жүк болар­лы­ғы­на көз жет­ті. Ақы­ры Бақыт­гүл еке­уі­міз ақыл­да­са оты­рып, Серік­бол­сын аға­ның жаз­ба­ла­рын жеке мақа­ла­лар жинағы етуді шештік.

Біз осын­дай ойы­мы­зды Секеңе айтқа­ны­мы­зда, қазақ еліне етене таны­мал аға­мыз біздің бұл баста­ма­мы­зға қуа­на келісі­мін бер­ген еді. Ол аз десеңіз, өзінің де осын­дай ойы барын, ел тәу­ел­сізді­гіне орай­ла­сты­рып бір кітап шыға­ру­ды жос­пар­лап жүр­генін айт­ты. Айтып қана қой­май, өзінің де жина­сты­рып жүр­ген жаз­ба­ла­рын ұсы­нып, осы кітап­ты құра­с­ты­ру­ды Бақыт­гүл еке­уі­міз­ге тап­сы­рған еді.

Айт­пақ­шы, бұған дей­ін аға­мы­здың тәу­ел­сіздік­тің 20 жыл­ды­ғы­на арнап жазған кіта­бын газет­тің тара­ту желісі арқы­лы бүкіл рес­пуб­ли­ка көле­мін­де сауда­ла­у­ға жәр­дем еткен тәжіри­бе­міз бар бола­тын. Серік­бол­сын аға біздің сол тәжіри­бе­мізді құп көріп, қолға алған баста­ма­мы­зға бата бер­гені де содан бол­са керек.

Содан біз Сер-ағаң­ның тіке­лей ара­ла­суы­мен бұрын-соң­ды жарық көр­ме­ген мақа­ла­ла­рын бөлек ірік­теп, газет бетін­де шыққан сая­си-эко­но­ми­ка­лық маз­мұн­дағы жари­я­ла­ным­да­рын бөлек топ­тап, оқыр­ман­ның қолы­на тиген осы кітап­ты ала жаз­дай дай­ын­даған едік. Секеңнің мақа­ла­ла­ры арқы­лы 25 жылғы тәу­ел­сіздік­тің тыны­сын жет­кі­зе алдық па – ол жағы оқыр­ман берер-бер­мес баға бола­ды деп топшылаймын.

Ал Серік­бол­сын Әбділ­дин­ді жал­пақ қаза­ққа таны­сты­ру қажет пе? Әрине, бұл ағай­ын-елге артық шаруа әрі әлдекім­дер­ге күл­кілі жағ­дай болар еді. Оның үстіне бұл кітап­ты бастан-аяқ оқып шыққан адам Сер-аға­мы­здың сар­саңы мол сая­сат­тағы өмір жолы­мен толық таны­сып шыға­ры айдан анық.

Ал тәу­ел­сіздік­тің ширек ғасыр­лық дата­сы­на арнап сөз айтуға Секең­нен артық адам тап­па­сы­мыз және аян. 1991 жыл­дың 16 жел­тоқ­сан күнін­де жари­я­ланған ұлы атау – «Тәу­ел­сіздік» деген киелі құдірет­ке Серік­бол­сын Әбділ­дин жетек­шілік еткен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы Кеңесінің тіке­лей қаты­сы бар. Секең сол пар­ла­мент­тің – шын мәнін­де­гі тәу­ел­сіз депу­тат­тар кор­пу­сы­ның төраға­сы бол­ды. Бәл­кім, әлдекім­ге тап­та­уы­рын көрін­се де, бұл кітап­тың ата­уын «Тұңғыш төраға» деп қоюы­мы­здың мәні де содан.

Менің жеке жур­на­ли­стік пай­ы­мы­ма сал­сақ, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен өзінің аза­мат­тық ұста­ны­мы­нан ешқа­шан қайт­паған қай­рат­кер, қазақ қоға­мы­ның үлкен сая­сат­кері Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің ара­сын­дағы сая­си көзқа­рас­тар қай­шы­лы­ғы дәл осы – «Тәу­ел­сіздік» деген киелі ата­уға қаты­сты екі түр­лі түсінік­тен бастал­са керек. Кей­ін­гі жаңа тарих көр­сет­кен­дей, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев – ел тәу­ел­сізді­гін өзінің жеке сая­си мүд­десі жолын­да емін-еркін пай­да­ла­нып кет­ті. Оған көп дәлел ізде­удің аса қажеті жоқ: түр­лі заң­ды-заң­сыз айла-шарғы­мен ширек ғасыр­да мем­ле­кет­ті жеке дара биле­уі – бұған бұл­тарт­пас айғақ бола­ды деп білем.

Ал Серік­бол­сын Әбділ­дин – сол тәу­ел­сіздік­тің мұра­ты қазақ қоға­мы­на қыз­мет етуіне бар­ша аза­мат­тық күш-қуа­тын ғана емес, соңғы ширек ғасыр­лық өмірін де, асыл ден­са­улы­ғын да сарп етті. Бұл арпа­лы­стың ақы­ры Сер-ағаң басқарған Қаза­қстан Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сын – алды­мен екі­ге жарып, соңы­нан жаңа хат­шы сай­ланған кез­де жауып тынға­ны – кей­ін­гі елдің көз алдын­да өткен жағ­дай. Елде­гі ең ірі екі сая­сат­кер­дің мақ­сат-мұрат­та­рын­дағы осы айыр­ма­шы­лы­қты аңға­ру қиын бол­ма­са керек. Оның мән-жай­ын осы кітап­тың маз­мұ­ны шүбәсіз шешіп бере­ріне кәмілмін.

Қалай болған­да да, оқыр­ман­ның қолы­на тиген бұл кіта­пқа жинақталған дүни­е­лер менің түсін­дір­мем мен уақыт алар уәжім­ді қажет етпей­ді деп ойлай­мын. Біз құра­с­ты­рып, жеке жинақ етіп шығар­сақ та, авто­ры айқын кітап­тың иесі – Серік­бол­сын ағаға мықты ден­са­улық тілей­мін! Бәрі­міз­ге жаңарған Қаза­қстан­ның жарқын күн­дерін бір­ге көру­ге жазсын!

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн