Воскресенье , 6 июля 2025

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ:Тіл төңірегіндегі бұрынғы драма БҮГІН КОМЕДИЯҒА АЙНАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

 

ДАТ!

 


 

– Әбдіра­шит мыр­за, өткен сен­бі күні «Үш тұғыр­лы тіл» сая­са­ты­на қар­сы­лық біл­діру­ші қоғам бел­сен­ділерінің Алма­ты­дағы басқо­суы­нан кей­ін қан­дай ой түй­діңіз: ең басты­сы – қаза­қстан­дық билік халық тара­пы­нан бұл сая­сатқа қар­сы­лы­қты құлағы­на қысты­ра­ды деп ойлай­сыз ба?

– Ең алды­мен айта кетей­ін – осы басқо­су­да сөй­ле­ген зия­лы­лар­дың бар­лы­ғы дер­лік «Үш тұғыр­лы тіл» сая­са­ты­на қар­сы бол­ды. Егер ада­ми тұрғы­дан қара­сақ, әркім өз ұрпағы­ның бір­не­ше тіл біл­геніне қар­сы емес. Кей­де өз ара­да: «Менің неме­рем бәлен­ше тіл біледі» деп мақта­на­ты­ны­мыз жасы­рын емес. Бірақ жастар­дың үш тіл білуін мақ­сат еткен «Үш тұғыр­лы тіл» бағ­дар­ла­ма­сы­на жиы­лған жұрт неге нара­зы болып жатыр?

Жиын өтіп жатқан­да эмо­ция көп бол­ды. Өмір­де адам жай­дан-жай эмо­ци­яға беріл­мей­ді, ол үшін айту­лы бір себеп керек. Мыса­лы, адам қым­бат дүни­есі­нен ажы­рап жатқа­нын сезін­се – эмо­ци­яда болуы мүм­кін… Мұн­да да солай бол­ды, яғни кезін­де Алаш қай­рат­кер­лерінің «ұлт­тың тілі – ұлт­тың жаны» деген аны­қта­ма­сы дұрыс екен. Бүгін­де «Үш тұғыр­лы тіл» бағ­дар­ла­ма­сы мем­ле­кет­тік тіл бола тұра, еңсесін көте­ре алмай жатқан қазақ тіліне шыны­мен-ақ қауіп төн­дір­ген сыңай­лы… Жан­нан ажы­рау оңай дей­сің бе?!

Жиын­да «Қазақ ұлты тілі­нен қашан, қалай ажы­рай баста­ды?» деген сұрақ көкей­ге орал­ды. Әрине, КСРО кезін­де Қаза­қстан «халы­қтар досты­ғы лабо­ра­то­ри­я­сы­на» айнал­ды. Қазақ мек­теп­тері жап­пай жабы­лып, ұлт интен­сив­ті тіл­дік асси­ми­ля­ци­яға ұшы­ра­ды. Білім беру жүй­есі мен қазақ ғылы­мы орыс тіліне көшті… Бай­қап қара­саңыз, қазір­гі жағ­дай қай­та­дан соған келе жатқан сыңай­лы. Енді тек «орыс тілінің» орны­на «ағы­л­шын тілін» ендір­мек­ші. Ал қазақ жұр­ты баяғы сол – «экс­пе­ри­мент­тер лабо­ра­то­ри­я­сы» күй­ін­де қалған­дай. Осы­ның бәрі де «күшті Қаза­қстан мем­ле­кетін құру үшін» деген құрғақ уәде­мен тұз­ды­қта­лу­да. Күшті мем­ле­кет құруға кім қар­сы? Бірақ ол неге мем­ле­кет­тік тіл негізін­де жасал­май­ды? Бұл сұраққа шене­унік­тер әзір­ге жау­ап тап­пай отыр.

 

– Әбе­ке, шене­унік­тер «жау­ап тап­пай» оты­рған жоқ болар: оларға тап­тыр­ма­сы – тап­тыр­май отыр. Қаза­қта «Жар­лық қат­ты – жан тәт­ті» деген сөз бар ғой… Ол бей­ша­ра­лар­дың жар­лы­қты орын­да­удан басқа ама­лы бар ма?

– Иә, кей­де сана түк­пірін­де «тіл­ден, діл­ден ажы­рау баста­уын­да ұлы тұлға­ла­ры­мыз тұр­ма­ды ма екен?» деген жымысқы ой пай­да бола­ды… Біздің табиға­ты­мыз солай ма, әлде бұл бар­лық халы­қтарға тән қаси­ет пе – біл­медім, әйте­уір қазақ өз тарихын үне­мі жақ­сы жағы­нан көр­гісі келіп тұра­ды. Мыса­лы, «100 жыл соғы­сып, жоңғар­ды жеңдік» дей­міз, алай­да «не себеп­тен оның құр­са­уы­на түстік» демейміз…

Сол сияқты, осы­дан жүз жыл бұрын Алаш тұлға­ла­ры ел мен жер үшін ары­стан­дай арпа­лы­сты. Алай­да ол орта­да оры­стан не татар­дан әйел алу да сән­ге айнал­ды. Сөй­тіп, елге таны­мал тұлға­лар­дың «сәнқой­лы­ғы» бола­шақта ұлт­ты­ғы­нан ажы­раған ұрпақ өсуінің негізін қала­ды. Өздері − тіл үшін күре­сті, ұрпағын – тіл­ден ажы­рат­ты! Парадокс?

 

– Иә, пара­докс! Мына­уы­ңыз айтыл­май жүр­ген ақиқат екен: Алаш ары­ста­ры­ның өмір­ба­ян­да­ры мұн­дай деректен ада емес екені анық…

– Рас, бұл қаза­ққа ғана тән пара­докс! Бүгін­де «шала қазақ» ата­нып, өз халқы­ның ділі мен тіліне жаны ашы­май­тын ұрпақ осы­лай өмір­ге кел­ген еді. Оны «тәр­би­есі басқа» деп қан­ша бүр­ке­ме­ле­сек те, ол «тәр­бие» − басқа іс түс­кен­де халқы­мен бір­ге бола алмай­тын «тәр­бие» екенін көр­сет­ті. Сон­ды­қтан біз­ге ұсы­ны­лып оты­рған «Үш тұғыр­лы тіл» бағ­дар­ла­ма­сы мәң­гілік ел болуға ұмты­лған елдің мем­ле­кет­тік тілі − қазақ тілінің мүд­десін қорғап емес, «шетел­мен қарым-қаты­нас», «ғылы­ми ақпа­рат­тар», «әлем­дік тіл» бренд­терін негіз­ге ала оты­рып жасалған.

Жал­пы, ғылым дегені­міз – стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар руха­ни бай­лық, қол­дан­саң – құрал. Ғылым­ды «қоғам болып» жаса­май­ды, ол «Қаза­қстан маг­нит­ка­сы» емес. Оны алға сүй­рей­тін­дер бел­гілі бір дары­нға ие ғалым­дар шоғы­ры. Олар ғылым­ды қалай дамы­та­мыз десе – өз еркі. Ағы­л­шын, қытай, орыс және т.б. тіл­дер­дің бәрін қол­да­нуы­на рұқ­сат (Бол­ма­са несіне дарын?).

Ал бірақ ғылым­ның «өмір сүру не қол­да­ну аясы» − өндіріс пен жаңа тех­но­ло­ги­я­лар (прак­ти­ка), яғни қоғам мен мем­ле­кет. Ғылым тек осы жол­мен ғана қоғам­мен бай­ла­ны­сқа түседі, қоғам­дық қарым-қаты­на­стар жүй­есіне енеді. Ал ол қаты­на­сқа енуді ғылым тек қана «қоғам тілі» арқы­лы ғана жүзе­ге асы­ра ала­ды. Бол­ма­са, ешкім­ге пай­да­сы жоқ «бай­лық» күй­ін­де қала береді…

 

– Аргу­мент, Әбе­ке, аргу­мент керек…

– Мәсе­лен, орыс ғылы­мы­ның ата­сы Миха­ил Ломо­но­сов не үшін күрес­кен еді? Ол орыс мем­ле­кет­ті­гі дамуы үшін «орыс ғылы­мы» болуы керекті­гін біл­ді. Сол үшін күре­сті. Бүгін­де оның «стра­те­ги­я­сы» бір­ден-бір дұрыс стра­те­гия болға­нын дәлел­деп қажеті жоқ. Енде­ше біздің қоға­мға да «ағы­л­шын тілін мең­гер­ген ғалым­дар» емес, «ана тілі­міз­де­гі дамы­ған ғылым­ның» болуы аса маңы­зды! Өкініш­ке орай, бағ­дар­ла­ма­ны ұсы­ну­шы­лар бірін­ші себеп­ті маңы­зды санай­тын сияқты…

Енді Алаш тақы­ры­бы­на қай­та ора­лай­ық: асыл да ардақты аза­мат­та­ры­мыз небір мәсе­ле­лер­ді біле оты­рып − «ұрпақтан ажы­рау» мәсе­лесін қалай­ша болжай алма­ды? Ол мүм­кін емес қой! Бірақ шын­дық − қашан­да шын­дық! Әрине, олар, мүм­кін, ұлт негізі­нен қол үзер ұрпақ келуіне «мұрын­дық» болған­да­рын біл­мей де кет­кен болар?!. Енде­ше олар­дың «ол тағы­лы­мы» әлі де бол­са біз­ге сабақ бол­са дейміз.

Мем­ле­кет пен халық мүд­десіне қаты­сты кез кел­ген бағ­дар­ла­ма­лар ұлт­тық даму иде­я­сы­мен ұшта­сып жатуы керек. Сон­ды­қтан оны жаса­уды ұлт­ты­ғын жете сезін­бей­тін­дер­дің қолы­на беру­ден сақ болған жөн. Бола­шақта ол өзі­міз­ге буме­ранг болып, қай­та айна­лып тиетін бола­ды. Осы­ны «көр­сетіп» кет­кен Алаш ардақты­ла­ры­на тағы да бір тағзым!

 

– Бұл «тағ­зы­мы­ңы­зда» иро­ния бары сезіледі. Деген­мен, ары­стар өмірінің мұн­дай тәжіри­бесі де бүгін­гі елге сабақ болуы керек қой…

– Әлбет­те! Бүгін­де «маған бола, ана тілі мен ұлт­тық дәстүр-салт­тың мұр­ты қисая қой­мас» деп ойлай­тын­дар қат­ты қате­ле­седі. Мәсе­лен, ала­ш­шы­лар­дың «тіл мәсе­лесін» көтер­ген кезі­нен бері жүз жыл өтті. Енді бүгін Гегель­дің «Тарих алға­шын­да дра­ма, соңын­да паро­дия (коме­дия) ретін­де көрініс таба­ды» дегені кел­ді: ХХ ғасыр басын­дағы орыс-кеңес импе­ри­я­сы құр­са­уын­да талқы­ланған «тіл», «жер», «мәде­ни­ет», «білім», «эко­но­ми­ка» және т.б. мәсе­ле­лер ХХІ ғасыр басын­да да тәу­ел­сіз Қаза­қстан зия­лы­ла­ры­ның «бас ауруы­на» айна­лу­да. Неге десеңіз, бүгін­гі билік жүй­есін­де «оры­станған» ұрпақ бел­сен­ді. Өйт­кені тәу­ел­сіздік алған кез­де мем­ле­кет құруға қажет білім мен білік­тілік орыс тілі арқы­лы баға­лан­ды. Сөй­тіп, орыс­ша тәр­би­е­лен­ген «білім­ділер» пысы­қтық таны­тып, тіз­гін­ді қолға алған еді. Содан, міне, олар 25 жыл бойы оны ешкім­ге ұстатқан емес.

 

– Тағы да айтай­ын: ұстат­па­сы – ұстат­пай отырғанын…

– Бұны да сіздің тара­пы­ңы­здан айты­лған коме­ди­яға балай­ық… Осы қысқа тарихы­мы­зда «тіл мәсе­лесі» шешіл­ме­гені былай тұр­сын, ұлт ата­уы­на шабуыл жасалға­нын қай­тер­сің − «қазақ» деген қанға сің­ген аттың өзін «қаза­қстан­дық» деп өзгер­тіп жібе­ре жаз­да­ды ғой! Оны ести сала ұлт зия­лы­ла­ры атой салып, әупірім­мен әзер тоқтат­ты емес пе?! Міне, сөй­тіп, ғасыр бұрын өз ата­ла­ры бастап бер­ген, сол үшін құр­бан болған «дра­ма­ны» олар­дың бүгін­гі ұрпақта­ры оп-оңай «коме­ди­яға» айнал­ды­руға әре­кет­те­ну­де. Соның бірі − «үш тұғыр­лы тіл» мәселесі!

Биыл­дан бастап мек­теп­тер­де жара­ты­лыс тану, мате­ма­ти­ка пән­дері бой­ын­ша ағы­л­шын тілін­де сабақ өткі­зетін «ағы­л­шын-химик», «ағы­л­шын-физик», «ағы­л­шын-мате­ма­тик» пән­дері мұғалім­дерін даяр­лау баста­лып кет­ті. Әрине, оған кетер шығын – мем­ле­кет қазы­на­сы­нан. Бұрын да «ауыз су» деген бір­не­ше бағ­дар­ла­ма­ларға мил­ли­ард­тап қар­жы құй­ы­лып, соңы айтар­лы­қтай дау-дамай­ға ұла­сып еді… Бұл да солай болып шық­пас па екен деген күдік қою­ла­на түсті. «Үш тіл­дің» «ауыз судан» несі кем?

 

– «Несі кем» екенін жазып түсін­дір­ме­сеңіз бол­мас. Әрине, ақша­ның құмға сің­ген судай зым-зия жоға­луы біздің қоғам үшін үйрен­шік­ті жемқор­лық бол­са да, сіздің ойы­ңы­здағы «тіл» мен «судың» жай-жап­са­рын білейік?

– Жарай­ды. Енде­ше аталған пән­дер­ді ағы­л­шын­ша оқи баста­дық делік. Ал қазақ бәрібір өз тілін­де­гі ғылы­мын мой­ын­дай­ды. Оны не істей­міз? Қай­да жібе­ре­міз? Мем­ле­кет болған соң, ғылы­мы, тех­но­ло­ги­я­сы, өндірісі өз тілін­де сөй­ле­уі керек. Соны біле тұра, өндіріс­ке тар­ты­ла­тын бұқа­ра халы­қты «ағы­л­шын­дан­ды­ру» арқы­лы ғылы­ми негіз­ден ажы­ра­ту кім­ге пай­да әке­леді? Мем­ле­кет одан ұтыл­ма­са – пай­да­сы шама­лы. Себебі ғылым­ды алға сүй­рей­тін тетік арнайы топ­тың құзы­рын­да. Енде­ше өндіріс қалай дамы­м­ақ: ағы­л­шын­ша ма, орыс­ша ма, әлде қаза­қ­ша ма? «Үш тіл­де» дей­ін десек − «көздің қара­шы­ғын­дай қорғай­тын» тәу­ел­сізді­гі­міз қай­да қала­ды? Жыры шешіл­ме­ген «ауыз су» мен мұңы мың қабат «тіл» тра­ге­ди­я­сы осы бол­са керек!

Мұн­да «мем­ле­кет­тің ірге­та­сы» сана­ла­тын «адам капи­та­лы» тура­лы айту­дың өзі артық. Мыса­лы, қоғам инду­стри­я­лық-инно­ва­ци­я­лық дамуға бет алды делік. (Одан басқа жол жоқ). Ал мек­теп­те «инно­ва­ци­яға қаты­сы бар пән­дер» шет тіл­де оқы­ты­ла бастай­ды. Алай­да біз­де «ағы­л­шын тілі» мұғалі­мінің өзі ағы­л­шын­ша дұрыс біле ме? Осы­ны дұры­стай алмай оты­рған­да − басқа­сы күмән туғы­за­ды. Біз­ге «салық төле­ушілер­дің қар­жы­сы­на «Нью-Васю­ки» қала­сын сала­мыз, олар­ды бақыт­ты ете­міз» деген кезек­ті уәденің қажеті бар ма?

Сірә, бұл әуел бастан іске аспай­тын жоба сыңай­лы. Ал зия­ны шаш етек­тен болға­лы тұр. Өйт­кені шала ағы­л­шы­ны бар мұғалім мен шала ағы­л­шы­ны бар оқу­шы еке­уінің «қосындысы» қан­дай бола­ды? Шала­дан шала туа­ды, сон­ды­қтан ешқан­дай нәти­же шық­пай­ды! Әрине, осын­ша­ма қар­жы жұм­салған соң, атте­статқа «өте жақ­сы» деген баға жазуға болар. Ал нәти­же­сін­де – ағы­л­шын­ша кез кел­ген ғылым­ды «төң­керіп» тастай­тын ғалым­ның өзін тап­пай қал­ма­сақ игі?! Нақты­сын­да − тек қана қағаз жүзін­де­гі «маманға» ие боламыз.

Мұн­дай жағ­дай қазір­дің өзін­де белең алып отыр. Елі­міз­де­гі ЖОО-дарын­дағы жай­лаған кор­руп­ция оған айғақ. Ал «үш тіл­ді» оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­на көш­кен соң, кор­руп­ция одан әрі өрші­ме­се – кемі­мей­ді. Әрине, оған дей­ін қазір­гі министр бола ма, жоқ па − бел­гісіз. Бол­ма­са – сұрау тағы да судан болмақшы!

 

– Сөз басын­да «билік құлағы­на қысты­ра ма?» деуім­нің басты себебі – «Үш тұғыр­лы тіл» сая­са­ты министр Саға­ди­ев­тің ойлап тапқан ерме­гі бол­ма­са керек. Бұл – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Бес инсти­ту­ци­о­нал­дық рефор­ма­ны жүзе­ге асы­ру жөнін­де­гі 100 нақты қадам» деп ата­ла­тын ұлт жос­па­ры­нан шыққан бәле­кет екенін білесіз ғой…

– Әрине, бұл қадам­дар «тезірек аза­мат­тық қоғам орнат­сақ» деген мақ­сат­тан туын­дап жатқа­нын тері­стей алмай­мын. Бірақ біз­де­гі «аза­мат­тық қоғам» аме­ри­кан­дық емес, Еуро­па өткен жол­мен ғана іске асуы мүм­кін: яғни, Қаза­қстан алды­мен күшті ұлт­тық мем­ле­кет­ке айна­луы тиіс. Ал ұлт­тық мем­ле­кет өз кезе­гін­де − мығым «аза­мат­тық қоғам» туды­ра­ды. Ал «100 нақты қадам­да» бұл мәсе­ле ескеріл­ме­ген. Сол себеп­ті де «үш тіл­ділік» бағ­дар­ла­ма­сы қоғам тара­пы­нан қат­ты нара­зы­лы­ққа ұшы­рап жатыр. Тіл­ді тек «қаты­нас құра­лы» деп есеп­тей­тін шене­унік-мини­стр­лер тіл­дің өзге функ­ци­я­ла­ры­на көңіл аудар­май отыр. «Тіл – ұлт­тың жаны» дедік жаңа. Енде­ше қаза­қтың көк­па­рын «ағы­л­шын­ша» тар­ту мүм­кін еме­сті­гі қан­дай анық бол­са, қазақ ұлты­ның да «өз мем­ле­кет­ті­гін» ешқа­шан өзге тіл­мен құра алмай­ты­ны − сон­ша­лы­қты анық. Біз­ге қан­дай кере­мет жоба­ны ұсын­ба­сын, егер ол халы­қтың көкей­і­нен шық­па­са, руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­на залал кел­тіретіні білін­се − халық оны қабыл­да­май­ды. Халық өз тілі­нен, мәде­ни­еті­нен, ділі­нен ешқа­шан өз еркі­мен бас тарт­пай­ды. Оның үстіне қазір­гі демо­гра­фи­я­лық аху­ал да мем­ле­кет­тік тіл мен ұлт­тық құн­ды­лы­қтар үшін жұмыс жаса­уда. Енде­ше министр жұрт тала­бын «құлағы­на қысты­ра ма, қыстыр­май ма» − бұл аса маңы­зды емес. Қазақ тілі мен мәде­ни­еті қоғам­ның объ­ек­тив­ті даму заң­ды­лы­қта­ры­на сәй­кес әрі қарай да дами береді. Мүм­кін, тіл­дің функ­ци­о­нал­дық негізін жетіл­ді­ру даму қарқы­нын бір­ша­ма бая­у­ла­тар. Бірақ бая­у­ла­сақ та − одан өзге жол жоқ. Сон­ды­қтан БҒМ-гі қазір­ден бастап күш-жігер­ді «қазақ тілінің ғылы­ми әле­уетін арт­ты­руға» қарай бұр­са, ол – мем­ле­кет дамуы үшін әлдеқай­да пай­да­лы іс болар еді.

Біз тіл­дік тұрғы­да жаңа сапаға неғұр­лым жыл­дам көтеріл­сек қана ел тұта­сты­ғы­на, қоғам­ның шынайы біре­гей­ле­нуіне тез қол жет­кі­зе ала­мыз. Яғни, ол жағ­дай­да қоғам­ның моно­лит­те­нуі, кез кел­ген істе жұды­ры­қтай жұмы­ла әре­кет ету қабілеті іске қосы­ла­ды. Аза­мат­тық қоғам дегені­міз де осы бас­пал­дақтан баста­ла­ды. Ол қоғам үшін ағы­л­шын тілі «алын­бас қамал» емес. Себебі өзін­дік «мені» орны­ққан қоғам­да ғана өзге тіл­дер­ді үйре­ну табиғи қажет­тілік­ке айна­ла бастай­ды. Біз қазір асы­ғы­стық жасап отырмыз.

 

– Енде­ше сол «ұлт жос­па­рын­дағы» 77–79-қадамдарды жүзе­ге асы­руға мін­дет­тел­ген мини­стр­мен айқа­су – «жел диір­мені­мен алы­сқан» Дон Кихот­тың әуре­шілі­гі болып шық­пай ма? Мен министр Саға­ди­ев­ты қорға­шта­удан аулақ­пын. Бірақ мәсе­ле – мини­стр­де емес, халы­қтың қала­у­ы­нан тыс, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ырқы­мен қабыл­данған рефор­ма­да екенін неге ашық айт­пай­мыз? Қоғам про­бле­ма­ның себебі­мен емес, сал­да­ры­мен алы­сып жатқан жоқ па?

– Осы сау­а­лы­ңы­зға сай бір мысал кел­тірей­ін. Өткен жылы Ұлт­тық кіта­п­ха­на­да «Дегдар» қоры мен «Тіл-аудит» сай­ты қазақ тілінің жағ­дайы тура­лы пікірал­ма­су өткіз­ген бола­тын. Сол келелі кеңе­сте Алма­ты ҰПУ-нің про­рек­то­ры А. Құл­са­ри­е­ва: «Біз­ге таза қаза­қ­ша тіл­мен кел­ген сту­дент­тер­дің өздері бір-екі жыл­да оры­стіл­ді бола бастай­ды», – деп мой­ын­даған бола­тын. Себебі ақпа­рат­тық қам­ту жағы­нан орыс және ағы­л­шын тіл­дері қазақ тілі­нен көш ілгері тұр. Енді ондай­да не істеу керек? Біздің мини­стр­лік «ағы­л­шын тілінің соңы­нан іле­сей­ік» дей­ді. Ал қоғам: «Жоқ, біз өз тілі­міз­де өз мем­ле­кеті­мізді құра­мыз», – дей­ді. Енде­ше мини­стр­де халы­қтың тала­бын орын­да­удан басқа жол бар ма? Түп­тің-түбін­де «терең – баты­ра­ды» прин­ци­пі жеңеді. Енде­ше біз сіз айтқан­дай «жел диір­мен­мен соғы­спай», «жел диір­мен­нің желі­мен ұшқа­лы тұрған» мини­стр­ді қате қадам­нан қорға­уы­мыз қажет. «Әрбір қазақ – жалғы­зым» деген…

 

– Сол «Үш тұғыр­лы тіл» сая­са­ты­на қар­сы­лық бел­гісі ретін­де өткен жиы­нға қай­та ора­лар бол­сақ, оған қаты­сқан жұрт­шы­лы­қтың басым көп­шілі­гі аға буын өкіл­дері екен. Ал мек­теп­те­гі бала-шаға­сын «үш тіл­де оқы­ту» машақа­тын көріп жатқан­дар – 30 бен 45 жас ара­лы­ғын­дағы ата-ана­лар бол­са, олар­дың бұл сая­сатқа қар­сы­лық реак­ци­я­сы – «нөл». Бұдан қан­дай қоры­тын­ды шыға­руға бола­ды деп ойлай­сыз: «Бет­пақ – жеңді, бей­бақ – көн­дінің» көрінісі ме?

– Клас­си­ка­лық әде­би­ет­ті көп оқы­ған аға буын тіл­ге қаты­сты кез кел­ген жағым­сыз оқиға­ны күй­зеліспен қабыл­дай­ды. Олар «қазақ – қашан­да қазақ болып қал­сын­шы» деп тілей­ді. Өйт­кені аға буын жастар­дың шама­дан тыс өзге­ге елік­те­уі­нен, ұлт­тық дәстүр­ден қол үзе баста­уы­нан қорқа­ды. Ертең емес, қазір­дің өзін­де бір-бірін ұқпай­тын екі ұрпақ өкіл­дері өмір­ге кел­ді. Бұры­нғы қоғам­шыл, ұжым­дық мен­та­ли­тет­ті праг­ма­ти­ка, тиім­ділік, пай­да-есеп басты. Соны­мен бір­ге жеке мүд­денің жолын­да ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды бел­ден басу көріністері белең алып бара­ды. Уақыт сығым­далған сай­ын, оған назар ауда­ру қиын бола түсуде.

Сол себеп­ті бүгін­де біз «ұлт­тық мінез» төңіре­гін­де көбірек ойла­на баста­уы­мыз керек сияқты. Себебі бүгін­де әсіре­се адам­дар ара­сын­дағы қаты­на­стар та суып бара жатқан сыңай­лы. Оның басты себебінің бірі − қазір­гі жастар­дың ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға атүсті қара­уы. Оны аға буын біліп отыр. Соның бір себебі тіл­де жатыр. «Кітап оқы­май­тын» ұрпақтың тілі жұтаң­дай­ды. Интер­нет пен сленг сөз­дер­ге бей­ім­дел­ген жаста­ры­мы­зды біздің табиға­ты­мы­зға жат өзге­лер­дің елік­тіріп әке­туі де оңай­лай түсу­де. Мыса­лы, ағы­л­шын тілін жетік мең­гер­ген – ағы­л­шын­ды жаты­рқай қой­май­ды. Сол сияқты қытай­ды мең­гер­ген – қытай­ды да жатырқамайды.

Мүм­кін, қазір көтері­ле бастаған мәсе­ленің бірі − қазақ қызда­ры­ның жат­жұрт­ты­ққа тұр­мысқа шығуы­ның себебі осын­дай − «тіл­дік кос­мо­по­ли­тиз­мнен» туын­дап жатқан жоқ па екен?.. Бұн­дай ерекше құбы­лы­сты тек мате­ри­ал­дық жағ­дай­лар­мен бай­ла­ны­сты­ру дұрыс емес.

 

– Иә, Әбдіра­шит мыр­за, осы­ның бәрі қоғам­да сіл­кініс бол­маудың, сая­си түлеу үрдісінің іркіліп, тіп­ті тоқтап қалуы­нан деп білу керек сияқты. Әдет­те тоқтау суға шыбын-шір­кей, бақа-шаян қан­ша­лы­қты үйір бола­ты­ны сияқты, тоқы­рап қалған қоға­мға да түр­лі-түсті мерез­дер, кеса­пат­тар мен дауа­сыз дерт­тер жабысқақ келеді. Сон­ды­қтан сіз қозғаған «ұлт­тық мінез» мәсе­лесін алдағы уақыт­та жеке әңгі­ме етіп, бөлек бір тақы­рып­та қозғай­ық. Сіз бен біз біл­сек, бұл билік­ті өзгеріс­ке ұшы­ра­туға «ұлт­тық мінездің» ғана шама­сы келеді: не Ақор­да сол мінездің дегеніне көнеді, не кел­мес­ке кете­ді – басқа жол болуы мүм­кін емес. Сын­дар­лы сұх­ба­ты­ңы­зға көп рахмет!

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн