Воскресенье , 6 июля 2025

Дос КӨШІМ: Біз жастарға СЕНЕЙІК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

Басқа пәле – тілден

Бұдан бұрын бел­гілі болған­дай, өткен сен­бі­де «Жас Алаш» және «Три­бу­на» газет­терінің бас редак­тор­ла­ры Рыс­бек Сар­сен­бай мен Жан­бо­лат Мамай­дың ұйым­да­сты­руы­мен Алма­ты қала­сы тіл жана­шыр­ла­ры­ның қоғам­дық тың­да­уы өткені бел­гілі. Төмен­де сол жиын­да сөз алған екі аза­мат­тың сөз­дерін сәл-пәл ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

Сагадиев

Мынау Саға­ди­ев ерекше министр бол­ды. Оған «Еңбек Ерi» атағын беру керек деп ойлай­мын. Себебi ол қазақ халқын, оның тiлiн жою­дың төте жолын алға шығар­ды. Бұл не деген масқа­ра?! Бiр­де-бiр мем­ле­кет­тiң ойы­на кел­ме­ген нәр­сенi бiз жасап жатыр­мыз: бала­бақ­ша­да 2 жасар бала­ларға үш тiл үйретудеміз.

Жапо­ни­я­ның 9 қала­сын­да менi­мен кез­де­су өттi. Жапон­ның қызда­ры мен жiгiт­терi менiң жапон тiлiне ауда­ры­лған өлең­дерiм­дi жатқа айт­ты. Жапо­ни­яда бала 12-ге кел­ген­ше тек қана өзiнiң ана тiлiн­де тәр­би­е­ле­недi екен. Егер ана тiлiнiң қуа­ты бой­ы­на сiң­бе­се, ол жүз жер­ден бiлiм­дi бол­са да, кей­iн өз ұлты­на қар­сы жұмыс жасай­ды. Бiз, мiне, соған апа­ра жатыр­мыз. Бұл қыл­мысқа пара-пар iс! Осын­дай сатқын­ды­ққа баруға бола ма?!

Демо­кра­тия дегенi­мiз – жемо­кра­ти­яға айна­лып кет­тi. Бар­лық елдер­де өз пiкiрiңдi айтып, көше­ге шығуға бола­ды. Ал бiз­де 5–6 адам­ның басы бiрi­ге қал­са, апа­рып қамай­ды. Талай рет қамал­дық та. Кезiн­де бәрi­мiз бiрi­гiп, «Қаза­қстан­дық ұлт» деген­дi тоқтат­тық. Қазiр ендi сол «Қаза­қстан­дық ұлт» деген­нiң басқа бiр түрiн, онда да бiл­дiр­мей енгiз­гелi жатыр. Бірін­ші сынып­тан бастап үш тiл­дi енгi­зу, жоғарғы сынып­тың бала­ла­ры­на жара­ты­лы­ста­ну пән­дерiн ағы­л­шын­ша оқы­ту – «қаза­қстан­дық ұлтқа» алып бару деген сөз.

Жағ­дай өте қиын. Ұзын сөздiң қысқа­сы – шын­дық күресiн­де бәрi­мiз бiр­ге болуы­мыз керек. Ерте ме, кеш пе, уақыт бәрiн өз орны­на қояды.

Мен екі мәсе­ле­ге тоқталғым келеді. Бірін­ші, кез кел­ген сая­сат­та тер­ми­но­ло­ги­я­лық мәсе­ле­мен ойнай­ды. Жер жөнін­де­гі тер­ми­но­ло­ги­я­лық мәсе­ле – «жер­ді шетел­дік­тер­ге сат­пай­мыз, неғып айғай­лап жатыр­сы­ң­дар» деген ойын бол­ды. Барған жер­дің бәрін­де біз­ге осы мәсе­лені нұсқаған сияқты бол­ды. Ал шын­ды­ғын­да негіз­гі мәсе­ле басқа болатын.

Бұл жер­де де тер­ми­но­ло­ги­я­лық ойын бастал­ды, бұл да сая­си тәсіл. Жал­пы, тіл білі­мін­де «қостіл­ділік» деген ұғым бар, оны «билинг­визм» дей­ді. Ал «бес­тіл­ділік», «жетітіл­ділік», «үштіл­ділік» деген ұғым жоқ, оны «көп­тіл­ділік» дейді.

Біз­ге қазір енгі­зей­ін деп оты­рға­ны – көп­тіл­ділік. Олар мұны алдап-сулап «үш тұғыр­лы» деген сияқты қылып айтып отыр. «Сен­дер үш тіл­ге қар­сысы­ң­дар ма? Әль-Фара­би сек­сен тіл біл­ген, Шәкәрім сегіз тіл біл­ген» деген сөз­дер­мен көңіл­ді басқа жаққа ауда­руға тыры­са­ды. Сон­ды­қтан әңгі­ме­міз нақты болуы керек.

Бұл жер­де негіз­гі үш мәсе­ле бар. Бірін­ші мәсе­ле – бала­лар­ды 4–5 жасы­нан екі тіл­ді, үш тіл­ді қылу, бұл бала­лар­дың басын құр­ту, дүба­ра қылу деп біле­мін. Осы мәсе­ле­ге жол бер­меу керек.

Екін­ші мәсе­ле – бұл орта білім­нің өзінің ана тілін­де берілуі. Ғылым­ның негізі орта білім­де қалып­та­са­ды. Мек­теп­те химия, био­ло­гия, мате­ма­ти­ка пән­дері оқу­шы­ға ана тілін­де оқы­тыл­са, бала оны жақ­сы қабыл­дай­ды. Ал 9‑сыныптан бастап нақты ғылым­дар­дың бәрін ағы­л­шын тілін­де оқы­ту – Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы нәр­се. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша, бәрі­міздің ана тілін­де білім алу құқы­мыз бар.

Сон­ды­қтан ата-ана­лар «Үш тұғыр­лы тіл» бағ­дар­ла­ма­сын қабыл­дағы­сы кел­ме­се, бой­кот жари­я­ла­сын. Айт­сын: «Біздің Кон­сти­ту­ци­яда ана тілін­де білім алу құқы­ғы­мыз бар, ал ағы­л­шын тілін­де білім алу жөнін­де Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда ешнәр­се жазыл­маған», – деп. Сон­ды­қтан біздің екін­ші тала­бы­мыз – орта білім ана тілін­де оқы­тыл­сын: қаза­қтар – қазақ тілін­де, оры­стар – өзінің орыс тілінде.

Үшін­ші мәсе­ле – бұл дүни­е­жүзілік тарих­тың орыс тілін­де оқы­ты­луы. Бұл ешқан­дай ақы­лға сый­май­ды. Тарих­ты орыс тілін­де оқы­ту қажет­ті­гін ешкім дәлел­деп бере алмай­тын шығар. Сөзім­ді нақты­ла­сам, бала­бақ­ша­дан бастап үштіл­ділік­ті тық­па­ла­у­ға жол бер­ме­уі­міз керек. Қазақ мек­тебін­де ғылым­ның негізін ағы­л­шын тілін­де оқы­туға, дүни­е­жүзілік тарих­ты – орыс тілін­де оқы­туға жол бер­меу қажет. Негіз­гі нақты мәсе­ле – осы.

Ал жал­пы үш тұғыр­лы тіл­ділік­ке қар­сы емес­піз. Мей­лі он тіл білей­ік, мей­лі жиыр­ма тіл білей­ік. Бұл айтып оты­рға­ным – тер­ми­но­ло­ги­я­лық сая­си ойын­ның бір тәсілі.

Тағы айтай­ын дегенім, осы­дан екі жыл бұрын тіл­дер­ді оқы­ту орта­лы­қта­рын жеке­ше­лен­ді­ру науқа­ны бол­ды. Сол уақыт­та «Радио­точ­ка» сай­ты бір­не­ше адам­ды сұх­батқа шақыр­ды, олар­дың ара­сын­да мен де бол­дым. Сон­да мына­дай сұрақ қой­ды: «Сіз­дер тіл десе, тұра жөне­лесіз­дер, қазір неге үнде­мей қал­ды­ңы­здар? Сатып жатыр ғой тіл­дер­ді үйре­ту орталықтарын».

Менің бер­ген жау­а­бым мына­дай бол­ды: «Неге біз үнде­уі­міз керек, неге каза­че­ство шық­пай­ды? Неге «Лад», неге «Ассо­ци­а­ция рус­ско-казак­ских орга­ни­за­ций» шық­пай­ды? Ол орта­лы­қтар соларға керек емес пе?».

Сол кез­де олар үнде­ген жоқ. Неге қазір орыс тіл­ді қауым үнде­мей отыр? Себебі – оларға ең көп қиын­шы­лық келеді, егер шыны­мен үш тіл­ділік­ті енгі­зетін бол­са. Біз­дер екі тіл­ді біле­міз, үшін­ші тіл­ді бір­деңе қылып үйре­нетін шығар­мыз. Ал олар бір ғана тіл­ді біледі, екі тіл­ді үйрене ме? Олар үйрен­бей­тін­дерін біліп отыр. Оларға жаңағы үшін­ші тіл – қазақ тілін үйрен­бе­у­ге жақ­сы дәлел, жақ­сы құрал болай­ын деп отыр. Сон­ды­қтан орыс тіл­ді қауым үндемейді.

Орыс тіл­ді қауым­ның негіз­гі мақ­са­ты қиын­шы­лы­қта емес – қазақ тілін үйрен­бе­уде. Сон­ды­қтан осы мәсе­ле оларға өте ыңғай­лы. Менің ойым­ша, соңғы уақыт­та қазақ тілінің дами бастаға­нын, қазақ тілінің қажет­тілі­гі арта түс­кенін көр­ген­нен кей­ін, осы қазір­гі үш тіл­ділік бағ­дар­ла­ма­сын ойлап тапқан сияқты. Сон­ды­қтан бір орта­лық құрып, бүкіл облы­стар­да жина­лыс бол­са екен деп ойлай­мын. Әңгі­ме «дөң­ге­лек үстел­де» емес, 300–400 адам­ды жинап, халы­қтың пікірін біл­ді­ру қажет. Біздің айқай­ы­мыз жет­пе­ген шығар, сон­ды­қтан біз­дер күші­мізді көр­се­туі­міз керек. «Жаға­ласқан­ның жаны қала­ды» дей­ді ғой – біз әлі жаға­лас­пай отырмыз.

Тағы бір айтар сөзім, әсіре­се ақсақалдарға: егер жастар өздерінің пікірін айт­са, оларға рені­ш­теріңізді біл­дір­меңіздер. Ертең біз­дер кете­міз, біздің орны­мызға келетін жастар бола­ды. Біз қазір жаста­ры­мы­зды шама­мыз кел­ген­ше қолдайық, дем берей­ік, бірі­мізді-бірі­міз кекетіп‑мұқату­ды
қояйық. Осын­дай мәселе­де бір­лік болуы керек. Өзіміздің жастар­ды көтер­ме­сек, 70-тен, алты мүшел жастан асқан біз­дер ешнәрсені тын­дыр­май­мыз. Сон­дықтан арты­мы­зда келе жатқан жаста­ры­мы­зды демеп, қолда­ры­на су құйып, атта­ры­ның
үзеңгілерін
ұстап жүруі­міз керек. Осы ұрпақ
ұлттық мәселе­де біз­ден озып кетуі үшін, оларға жағдай жаса­уы­мыз қажет.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн