Суббота , 5 июля 2025

Ұрпағымыз бен ұлтымыздың тағдырын ОЙЫНШЫҚ ЕТКІЗЕ АЛМАЙМЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (357) от 03 нояб­ря 2016 г.

«Алтын сырға»

«Үш тұғыр­лы тіл» бағ­дар­ла­ма­сын талқы­лаған қоғам­дық тың­да­уға қаты­су­шы­лар­дың қоға­мға, ҚР пре­зи­ден­тіне, үкі­меті мен пар­ла­мен­тіне ҮНДЕУІ

Мек­теп­тер­де­гі білім беруді жетіл­ді­ру, өзгерістер жасау – зама­на тала­бы. Бұл қажет­тілік­ті іске асы­руға кіріс­кен Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің бағ­дар­ла­ма­сын­да алаң­да­у­шы­лық пен нара­зы­лық туғы­зған мәсе­ле­лер жеткілікті.

Сала мини­стрі Е.Сағадиевтің түсін­діруін­ше, «Бағ­дар­ла­ма­ның басты мақ­са­ты – ҚР пре­зи­ден­тінің «Мәң­гілік ел» иде­я­сын жүзе­ге асы­ру­дың негізі және баста­ма­сы болып табы­ла­тын тұғыр­ды жасау». «Мәң­гілік ел» дегені – «әлем­дік өрке­ни­ет­тің, ғылым мен тех­ни­ка­ның жаңа­лы­қта­рын еркін танып білетін, мең­ге­ретін және пай­да­ла­на­тын қаза­қстан­дық қоғам­ды қалып­та­сты­ру». Е.Сағадиевтің мұн­дай өзіне ұнаған оңды ойын қаза­қстан­дық қоғам­ның дұрыс қабыл­да­май жатуы­ның себеп­тері тура­лы аз айты­лған жоқ. Бірақ олар­ды ұғып, тың­да­уға мини­стр­дің құлқы жоқ. Шене­унік­тік бір­бет­кей­лі­гі, өзі қыз­мет ету­ге тиісті халы­қты сый­ла­мау­шы­лы­ғы, қалың қауым­ның пікірін жет­кіз­ген ұрпақ пен ұлт жана­шыр­ла­ры­мен сана­спа­у­шы­лы­ғы бай­қа­ла­ды. Аса маңы­зды мәсе­лені мини­стр­мен бір­ле­се оты­рып талқы­ла­у­ға арналған, бір жарым ай бұрын өзін шақы­рған жұрт­шы­лы­қтың бұл жиы­ны­на қаты­спа­уы соны көр­се­те­ді. Мұн­дай жоға­ры лау­а­зым­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің астам­шы­лы­ғы білім беру жүй­есін­де­гі асы­ра сіл­те­ушілік­ке жол аша­ры сөзсіз.

Е.Сағадиевтің күш­те­уі­мен биы­лғы оқу жылы­нан бастап мек­теп­тер­ге енгізіл­ген және алдағы кезең­дер­ге жос­пар­ланған бағ­дар­ла­ма­ның қауіп­тілі­гі мына­да: «Үш тұғыр­лы тіл» – қазақ ата­уын­дағы ұлт­тық мек­теп­тер­ді түбе­гей­лі жой­ып тына­ды – ата­уы ғана емес, заты да өзгеріс­ке ұшы­рай­ды; қоғам қабыл­да­май тастаған «қаза­қстан­дық ұлт­ты» қай­та жаңғыр­туға негіз қалай­ды; екі тіл­дік жағ­дай­ын­да хәлі мүш­кіл болған қазақ тілі одан әрі сор­лай­ды; ана тілінің құна­рын бой­ы­на дарыт­паған соң, жас жет­кін­шек ұлт­тық бол­мысын жоғал­та­ды; үш тіл­ді қатар мең­ге­ру балғын­дар­дың сана­сы­на артық сал­мақ түсіреді, шата­сты­ра­ды, ойлау-түй­сі­ну қабілетін кемі­те­ді; білім алу сапа­сын төмендетеді.

Осы және бұдан бұры­нғы қоғам­дық жиын­дар­да айты­лған ғылы­ми, таным­дық, тәжіри­белік, сарап­та­ма­лық негіз­де­гі төмен­де­гі пікір­лер мен талап­тар­ды Білім және ғылым мини­стр­лі­гі, қазақ үкі­меті наза­рға алуы тиіс деп есептейміз.

Қаза­қтың тілі ғылым­ның тілі, биз­не­стің тілі, тех­но­ло­ги­я­ның, сая­сат­тың тілі болуы керек. Мек­теп­тер­де оқы­ты­ла­тын ғылым­дар­дың бар­лы­ғы, оның ішін­де мини­стр­лік шет­тет­кен физи­ка, химия, био­ло­гия, инфор­ма­ти­ка, тарих пән­дері қазақ тілін­де оқы­ты­лған­да ғана, Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лған: «Әрбір бала орта білім­ді ана тілін­де алуға құқы­лы» деген бабы орын­далған­да ғана соған қол жеткіземіз.

Тәу­ел­сіздік­ті иелен­гелі бер­гі ширек ғасыр­да қазақ тілін орыс және ара­лас тіл­де­гі мек­теп­тер­де, тіп­ті қала­лар­дағы көп­те­ген қазақ мек­теп­терінің өзін­де дұры­стап оқы­та алмаған­ды­ғы­мы­зды мой­ын­дап, ең алды­мен осы сорақы қателік­тер­ді түзе­ту­ге мін­дет­ті­міз. Онсыз «Саға­ди­ев­тің рефор­ма­сы» ата­лып, тарихқа жағым­сыз сипатта енетін бағ­дар­ла­ма­лар сәт­сіздік­ке ұшы­рай­ды, кәде­ге жара­уы неғайбыл.

Жаңа­дан қалып­та­сып жатқан бала­ның миын­да әлем­нің ұлт­тық бей­несін ана тілі арқы­лы қалып­та­сты­ру дәстүрі бұзыл­ма­сын. «Балаға 12 жасқа дей­ін басқа тіл­де тәр­бие беру­ге бол­май­ды» деген қағи­да­ны сақтай­ық. Білім беру­де­гі қателік­тер­дің сал­да­ры­нан бір ұлт­тың «қазақ тіл­ді» және «орыс тіл­ді» болып бөлініп қалға­ны – ащы сабақ, соны ескерейік.

Орыс­ша сөй­леу мен орыс­ша ойла­удың ара­сын­дағы ара­жік өте қысқа. Олар бір-бірін айқын­дап тұра­ды және оры­стық дағ­ды­ны қалып­та­сты­ра­ды. Сон­ды­қтан оры­ста­нып кетуді бол­дыр­мас үшін, бірін­ші басым­дық қазақ тіліне беріліп, қазақ мек­теп­терін сақтап қалу керек. Екін­ші басым­дық ағы­л­шын тіліне беріл­се, ол әлем­дік мәде­ни­ет пен өрке­ни­ет тілі болу­дан қалған орыс тілінің орнын басады.

Үштіл­ділік жоба­сын ұсы­нған­дар – қазақ тілінің еңсе көтеріп келе жатқа­ны­нан үрей­лен­ген, дәу­рен­дері өтерін сезін­ген орыс тіл­ді билік. Ондағы көкей­те­сті мұрат­та­ры – Қазақ ұлт­тық мем­ле­кетін бол­дыр­мау, қазақ тілін қосақ ара­сын­да қалдыру. 

Мини­стр­лік тіл­дік орта­ны қалып­та­сты­ру­ды көз­де­се, орыс мек­теп­терінің жоғарғы сынып­та­рын­да жара­ты­лы­ста­ну пән­дерін түгел қазақ тілін­де оқы­тып, тәжіри­бе жинақ­та­сын, бола­шақта қажет бол­са, кадр­лар толық дай­ын­далған соң, сол тәжіри­бені ағы­л­шын тіліне қол­дан­сын. Ең алды­мен қазақ тілін оңдап, нық орны­қты­рып алсын. Қазір­гі әре­кет­тері – ана тілі­міз­ге жасалған қастандық.

Бір­не­ше ұрпақ қолға ұстап, хат таны­ған «Әліп­пе­ні» жоқ еткен, оның орны­на сау­ат­ты­лы­ғы шама­лы «Сау­ат ашу­ды» ұсы­нған Білім мини­стр­лі­гі қателік­ке ұрын­ды. Өзін-өзі ақта­маған, оқу жос­па­ры­на кезін­де қисын­сыз қосы­лған «Өзін тану» пәні әлі күн­ге дей­ін қал­май келеді. Қыру­ар қар­жы­ны қажет­сіз пән­ге жұм­са­уды доға­рып, оқу сағат­та­рын тиім­ді пай­да­ланған абзал.

Пән мұғалім­деріне қысқа мерзім­де ағы­л­шын тілін оқы­тып, кадр­лар­ды қай­та даяр­лау – сасқа­лақтаған­ның ісі екені дау­сыз. Тіл үйре­ну адам­ның жас ерекшелі­гіне бай­ла­ны­сты, қырық пен елу­ден асқан жара­ты­лы­ста­ну пән­дерінің мұғалім­дерін ағы­л­шын­шаға бей­ім­деу – барып тұрған зор­лық. Олар­дан сапа­лы білім беретін ұстаз шық­пай­ды. Ағы­л­шын тілінің өзін жете үйрен­бе­ген бала мен сон­дай дең­гей­де­гі, мәсе­лен, био­ло­гия мұғалі­мі сабақта бір-бірін түсін­бей, мақау мен кереңнің кебін құша­ды. Оны мұғалім­дер­дің өзі де мой­ын­дай­ды, ашып айту­дан, бас тар­ту­дан қорқа­ды. Қыз­мет­сіз қалу қау­пі «дүм­білез» оқы­ту­шы болуға мәж­бүр­лей­ді. Ондай­лар­дың алды­нан өткен шәкірт­тер­дің білі­мін көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен көтер­ме­леу жары­сы баста­ла­ды. Мұның бәрі мек­теп жүй­есінің, киелі орын­ның қирап тынуы­на соқты­ра­ды. Шәкірт­тер­дің оқуға ынта­сын жояды.

Үштіл­ділік­ті енгіз­ген­де, Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­тебінің, қазақ-түрік лицей­лерінің тәжіри­бесіне сүй­ен­ді. Ауыл­дар­дағы қара­пай­ым мек­теп­тер­дің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сы, дең­гей-дәре­же­сі олар­мен салы­сты­руға кел­мей­ді. Соған қара­ма­стан, бар­лық жер­де бір­дей, көңіл қия­лын­дағы­дай білім беру бағ­дар­ла­ма­сын кір­гіз­бек. Аспан­нан жер­ге түсіңіз, министр мыр­за! Алды­мен апат­ты жағ­дай­дағы мек­теп­тер­ді, үш ауы­сым­мен оқы­та­тын мек­теп­тер­ді оңдаңыз, интер­нет жүй­есін толы­ққан­ды жұмыс істетіңіз, айлы­ғы аз жұмысқа қызы­ғып бар­май­тын жер-жер­де­гі білі­мі шама­лы мұғалім­дер­ді жаңа, басқа пән мұғалім­дері­мен алма­сты­ры­ңыз, олар­дың айлы­ғын өмір сүру­ге лай­ы­қты дең­гей­ге көтеріңіз. Шетел­дік үлгі­де­гі оқулы­қтар­ды «жер­сін­діріп», жетіл­діріп, жет­кілік­ті түр­де басты­рған соң, жоға­ры­да көр­сетіл­ген талап­тар­дың күл­лісін мұқи­ят атқа­рып барып, билік­тің биі­гі­нен түс­кен тап­сыр­ма­ны орын­да­уға тал­пы­ны­ңыз. Ал қазір­гі әре­кетіңіз қолын­да биші­гі бар шолақ бел­сен­дінің өңмең­де­ген, бірақ өнбес тір­лі­гі секіл­ді. Көп­тің сөзіне көніңіз.

Біз өз ұрпағы­мы­здың, ұлты­мы­здың тағ­ды­рын ойын­шық еткі­зе алмай­мыз! Өзгерістер мен жаңар­ту­лар, рефор­ма­лар ғылы­ми негіз­де жасал­сын, шын мәнін­де­гі сынақтан өткізіл­сін, қоғам­ның баға­сын алсын, ондаған жыл­дар бойы тәжіри­бе жинақ­та­сын, кем­шілік­тері түзетіл­сін. Лай­ы­қты кадр­лар даяр­лан­сын. Міне, содан кей­ін ғана жап­пай іске асы­руға мүм­кін­дік беріл­сін. Мұн­дай сабыр­лы, сали­ха­лы шаруа қолы­ңы­здан кел­ме­се, өз еркіңіз­бен босаңыз, кесіріңізді тигіз­беңіз! Келіп-кет­кен он төрт мини­стр­дің қата­рын­да­сыз. Баян­сыз бағ­дар­ла­маңы­зды өзіңіз­бен бір­ге әкетіңіз! Келесі­ге тағы­лым болсын!

Алма­ты қаласы,

2016 жыл 22 қазан


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн