Суббота , 5 июля 2025

ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ ұлы державаның болашағына ТРАМПЛИН БОЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы


  • АҚШ пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ын­да жеңіс­ке жет­кен Дональд Трамп және елінің бола­шақ сая­са­ты­на алаң­да­у­лы американдықтар.


Кеше алға­шқы қоры­тындысы шыққан АҚШ пре­зи­ден­ті сай­ла­у­ы­на қаты­сты жари­я­ланған соңғы мәлі­мет­тер бой­ын­ша, рес­пуб­ли­ка­шыл кан­ди­дат Дональд Трамп жеңіс­ке жет­ті. Енді ол АҚШ-тың 45-пре­зи­ден­ті атан­бақ. «Associated Press агент­ті­гінің хабар­ла­у­ын­ша, Трамп сай­ла­у­шы­лар алқа­сын­да 276 дауыс жина­ды. Пре­зи­дент болып сай­ла­ну кан­ди­дат үшін сай­ла­у­шы­лар алқа­сын­дағы 540 дауы­стың кем деген­де 270-ін жина­уы тиіс. Оның қар­сы­ла­сы, демо­крат Хил­ла­ри Клин­тон 218 дауыс жина­ды», деп хабар­ла­ды кеше Azattyq.org порталы.

Дональд Трамп АҚШ-тың орта­лық және оңтүстік штат­та­рын­да, сол­түстік­те­гі штат­тар­дың біра­зын­да жеңіс­ке жет­ті. Ол Фло­ри­да, Техас, Огайо, Вис­кон­син, Пен­силь­ва­ния, Сол­түстік Каро­ли­на сияқты сай­ла­у­шы­лар алқа­сын­да дау­сы көп штат­тар­да жеңді. АҚШ-тың орта баты­сын­дағы Мин­не­со­та, Мичи­ган штат­та­рын­да, сол­түстік-шығыс Нью-Гэмп­шир шта­тын­да және баты­сын­дағы Ари­зо­на шта­тын­да дауыс әлі сана­лып жатыр.

Нью-Йорк­тен шыққан биз­нес­мен, әрі реа­ли­ти-шоу жүр­гі­зу­шісі Дональд Трамп биыл жаз­да Рес­пуб­ли­ка­шыл пар­тия прай­ме­ризін­де күт­пе­ген жер­ден жеңіп шығып, пар­тия аты­нан пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на түс­кен еді. Ожар­лау мил­ли­ар­дер сая­сат­та­ну­шы­лар мен пар­тия бас­шы­лы­ғын тегіс таңғал­ды­рып, басқа 16 үміт­кер­ді шаң қап­ты­рып, шіл­де айын­да Клив­ленд­те­гі пар­тия съезін­де кан­ди­дат ретін­де ресми түр­де ұсынылды.

Трамп­тың сай­лау кам­па­ни­я­сы жұмыс орын­да­рын көбей­тіп, салы­қтар­ды азай­ту арқы­лы «Аме­ри­ка­ны қай­та­дан ұлы елге айнал­ды­ра­мыз» деген ұран­мен өтті. Деген­мен, ол бұл жос­па­ры­ның жай-жап­са­рын толық айтқан жоқ, әрі көзқа­ра­сын жиі өзгер­тіп отыр­ды. «Заң мен тәр­тіп­ті күшей­те­мін» деген ол заң­сыз имми­гра­ци­яға тосқа­уыл қою үшін АҚШ пен Мек­си­ка ара­сы­на биік дуал тұрғы­за­ты­нын, әрі оның шығын­да­рын Мек­си­каға өтет­кі­зетінін мәлім­деді. Бұған қоса, ол тер­ро­ри­стер­ді табу үшін мұсыл­ман имми­грант­тар­ды «қатаң түр­де» тек­серт­кі­зетінін, тіп­ті мұсыл­ман­дар­дың АҚШ-қа кіруіне толық тый­ым сала­ты­нын да айт­ты, бірақ кей­ін­нен бұл иде­я­сы­нан бас тартты.

Дональд Трамп­тың шека­ра­да дуал тұрғы­за­мын деп уәде бер­гені, Вла­ди­мир Пут­ин­ді мақтаға­ны және басқа да оспа­дар пікір­лері – бұл жолғы сай­ла­удың ең үлкен ерекшелі­гі бол­ды. 8 қара­ша­дағы сай­ла­уда Трамп жең­ген соң, бүкіл әлем «Трамп­тан не күту­ге бола­ды? Ол уәде­лерін орын­дай ала ма?» деп бас қаты­рып отыр.

Әйт­се де, сарап­шы­лар­дың пікіріне қарағанда,
АҚШ Кон­сти­ту­ци­я­сын­дағы тежеу және тең­ге­ру жүй­есінің арқа­сын­да Трамп­тың ойға алған сая­са­ты көбіне тек Кон­гресс қол­даған­да ғана жүзе­ге аса­ды. Егер Трамп бер­ген уәдесін­де тұрып, меке­ме­лер­дің салы­ғын азай­тып, жала тура­лы заң­ды өзгер­тіп, Барак Оба­ма бастаған ден­са­улық сала­сын рефор­ма­лау бағ­дар­ла­ма­сын тоқтатқы­сы кел­се, оған атқа­ру­шы және заң шыға­ру­шы билік тар­мақта­ры­ның қол­да­уы қажет болады.

Деген­мен, сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, Трамп­тың жос­пар­ла­ры­ның көбін пре­зи­дент жар­лы­ғы арқы­лы жүзе­ге асы­руға бола­ды. Бұған қоса, Трамп­тың қол астын­да бір­не­ше айдан бері жұмыс істеп жатқан өтпе­лі кезең коман­да­сы 25 жар­лы­қтың жоба­сын жасап қой­ған. Трамп пре­зи­дент қыз­метіне кіріс­кен 20 қаңтар күні-ақ сол жар­лы­қтарға бір­ден қол қоймақ.

«Тео­ри­я­лық тұрғы­да пре­зи­дент­тің сыр­тқы сая­сат­тағы өкілет ауқы­мы анағұр­лым кең. Кон­гре­стің оған қалай шек қоя­ты­ны бел­гісіз. Пре­зи­дент бұл сала­да әскер жібе­ру, соғыс бастау сияқты түр­лі шешім­дер қабыл­дай ала­ды. Бұл сала­да оған бақы­лау жасай­тын ешкім жоқ», – дей­ді Лон­дон­дағы Стра­те­ги­я­лық зерт­те­улер инсти­ту­ты­ның АҚШ-тың сыр­тқы сая­са­ты жөнін­де­гі сарап­шы­сы Дана Эллин.

Енді Дональд Трамп­тың сай­лау науқа­ны кезін­де­гі кей­бір көзқа­рас­та­рын тал­дап көрей­ік. Трамп «қазір болып жатқан жағ­дай­ды» сынап, «Ресей­мен доста­суға» бей­іл екенін айт­ты. Оның сөзін­ше, екі ел жақын­дас­са, өза­ра күш бірік­ті­ру арқы­лы «Ислам мем­ле­кеті» экс­тре­ми­стік тобы содыр­ла­рын талқан­да­уға бола­ды. Трамп АҚШ пен Ресей ара­сын­дағы аху­ал­ды түзе­тетінін сенім­мен айтады.

Қыр­күй­ек­те ол пре­зи­дент Путин­мен арақа­ты­на­сы­мыз «өте жақын бола­ды» дей келе, Оба­ма­мен салы­сты­рған­да оны­мен жақ­сы тіл табы­са ала­ты­нын мәлім­де­ген. Ал Трамп­ты сына­у­шы­лар Пут­ин­ді көн­ді­ру оңай еме­сті­гін айта­ды. Оба­ма әу баста-ақ Ресей­мен бай­ла­ны­сты жақ­сар­туға ұмты­лып, алға­шқы пре­зи­дент­тік кезеңін­де қарым-қаты­на­сты «қай­та бастаған». Трамп­тың қар­сы­ла­ста­ры «ол Мәс­ке­удің АҚШ-қа және оның одақ­та­ста­ры­на қаты­сты агрес­сив­ті сыр­тқы сая­са­ты­на қар­сы тұра қой­мас» деп болжайды.

Путин­ге тән­ті болған Трамп оны «Оба­ма­дан жақ­сы көш­бас­шы» деп атаған. Наурыз айын­да ол НАТО-ны «қау­саған» одақ деп атап, егер оған мүше мем­ле­кет­тер әске­ри шығын­да­рын көбей­тіп, АҚШ-тың алдын­дағы «мін­дет­те­ме­лерін» орын­да­ма­са, онда оларға әске­ри көмек­ті тоқта­та­мын деп уәде берген.

Гер­ма­ния сыр­тқы сая­сат кеңесінің жанын­дағы «АҚШ – транс­ат­лан­ти­ка­лық қарым-қаты­нас» бағ­дар­ла­ма­сы­ның бас­шы­сы Хен­нинг Рик­кенің айтуын­ша, Трамп пре­зи­дент болған тұста АҚШ «Ресей­ге қарай бет бұра түседі», ал мұның «Еуро­па­дағы қауіп­сіздік­ке тіке­лей әрі өте қауіп­ті сал­да­ры болуы мүм­кін». Оның айтуын­ша, егер Трамп НАТО-дағы ауырт­па­лы­қты басқа­ша бөлі­су жөнін­де келіс­сөз бас­та­са, онда ол «шынайы өмір­ді» сон­да көреді.

«Одақ­та­стар­ды қорғау жөнін­де­гі мін­дет­те­ме­лер­дің арқа­сын­да АҚШ өзін ұлы дер­жа­ва деп атап отыр», – дей­ді Рик­ке. Ал Ресей Баты­стың қауіп­сіздік жүй­есін­де­гі кез кел­ген саңы­ла­уды өз мүд­десіне пай­да­ла­нып қалуға тыры­са­ды. Мәс­кеу «ең алды­мен Орта­лық Азия мен Шығыс Еуро­па­дағы ықпа­лын арт­ты­ру үшін» қолы­нан кел­ген­ше НАТО мен Еуро­одақты әлсіре­ту­ге тыры­сып жатыр. Егер АҚШ Ресей үшін бұл шару­а­ны атқа­рып беретін бол­са, онда Пут­ин­ді құдай­дың жарылқағаны».

Ал АҚШ-та пре­зи­дент сай­ла­у­ы­мен қатар өткен Кон­гресс сай­ла­у­ын­да Демо­кра­ти­я­лық пар­тия сенат­та босаған 34 орын­ның біре­уін ғана иелен­ді. Демо­крат­тар­дың 100 орын­дық сенатқа бақы­лау үміті төмен­деп бара­ды. Сай­ла­у­шы­лар­дың көп­шілі­гі рес­пуб­ли­ка­шыл­дарға дауыс беріп жатыр.

Рес­пуб­ли­ка­шыл сена­тор Марк Крик­тің Илли­нойс шта­тын­да жеңіл­геніне қара­ма­стан, Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­яға сенат­та көп­шілік орын­ды иеле­ну үшін төрт орын жет­пей­ді. Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның басқа да кан­ди­дат­та­ры Инди­а­на, Вис­кон­син, Сол­түстік Каро­ли­на және Фло­ри­да штат­та­рын­да жеңіс­ке жете алмады.

Associated Press пен басты теле­ар­на­лар­дың хабар­ла­у­ын­ша, Рес­пуб­ли­ка­лық пар­тия соны­мен қатар өкіл­дер пала­та­сын­дағы басым­ды­ғын да сақтап қалған. Қазір рес­пуб­ли­ка­шыл­дар кон­гре­стің қос пала­та­сын­да да басым­ды­ққа ие.

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн