Суббота , 5 июля 2025

Серікболсын ӘБДІЛДИНАУЫЛДЫ КҮЙРЕТУҚАЗАҚТЫ КҮЙЗЕЛТУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

Ел тәу­ел­сізді­гінің 25 жылдығына


1. Аграр­лық сая­сат­тағы соқырлық

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бас­шы­сы өзінің аграр­лық сая­сат­тағы «батыл­ды­ғын», «дана­лы­ғын», «көре­ген­ді­гін» жар­на­ма­лап келеді. Алай­да, өкініш­ке орай, оның сол сая­са­ты­нан мем­ле­кет­ке де, қоға­мға да, шару­а­ларға да келіп-кетіп жатқан пай­да жоқ. Мақта­нып жүр­ген «аграр­лық рефор­ма­ла­ры» да күт­кен нәти­же­лер бер­меді, кей­бір жағ­дай­да, керісін­ше, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы асты­қтан эта­нол ала­мыз деп салған өңдеу зауы­ты сияқты сер­пін­ді жоба­лар қазы­наға көп­те­ген мил­ли­ард­тық зиян әкелуде.

Ондай сәт­сіздік­тер­дің себеп­терін алы­стан ізде­удің қажеті жоқ, ол себеп­тер – билік­тің біліксізді­гі­нен туын­дап жатыр. Бірін­ші болып, режим сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды өз қолы­мен құр­тып, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да фер­мер­лік сая­сат­ты күш­теп жүр­гізді. Содан кей­ін шару­а­лар­дың мой­ны­на қар­жы құры­ғын сал­ды, мәсе­лен, ұлт­тық валю­та енгізіл­ген­нен кей­ін, бір­не­ше жыл бойы тең­гені қолы­на ұстап көр­ме­ген шару­а­лар аз болмады.

Ал Пре­зи­дент жомарт­тық таны­тып, банк­тер­ге аграр­лық сек­тор­да жұмыс істей­тін тау­ар шыға­ру­шы­ларға 400 дол­лар­дан несие бөлің­дер деп кеңес бер­ген­де, ауыл шару­а­шы­лы­ғы бас көте­ре алмай­тын хәл­ге жет­кен бола­тын. Сол жыл­да­ры ауыл тұрғын­да­ры 4 кесек сабын үшін бір қой, ал әйел­дер­дің бір пар еті­гі үшін бір тай беру­ге мәж­бүр болған. Жарық, отын, көлік және басқа да қыз­мет түр­лері үшін мал­мен есеп айы­ры­сып жүр­ді. Мұн­дай бар­тер шару­а­лар­ды азып-тозды­рып жіберді.

Н. Назар­ба­ев­тың құрған шағын және орта кәсіп­кер-сымақта­ры – аграр­лық эко­но­ми­каға шығын­нан басқа ешқан­дай оң нәти­же де, табыс әкел­ген жоқ. Ол өзінің шетел­дік көмек­шілеріне «мен шару­а­ларға бостан­дық бер­дім, олар енді соның арқа­сын­да шағын және орта биз­нес негізін­де жүз­де­ген мың тау­ар өндіру­шілер нары­қтық эко­но­ми­ка жолы­на түсті» деп мақтанға­ны­на мен өзім куә­мін. Жал­да­ма­лы кеңес­шілер оны сол үшін қол­дап, қол­паштап жүр­ді, ал Алекс атты кеңес­шісі «мұн­дай батыл қада­мға кезін­де Де Голь де барған!» деп мақтады.

Мұнай­дан түс­кен дол­лар­лар көбей­ген кез­де, мем­ле­кет бас­шы­сы «Ауыл жыл­да­рын» жари­я­лап, үш жыл­да ауыл шару­а­шы­лы­ғын көте­ру­ге мил­ли­ард­таған қар­жы бөл­ді. Алай­да тал­да­у­шы­лар­дың мәлі­меті бой­ын­ша, бұл қара­жат нақты тау­ар өндіру­шілер­ге жет­пей, орта жол­да әр түр­лі билік құры­лым­да­ры­ның шоты­на, ал қомақты бөлі­гі шене­унік­тер­дің қал­та­сы­на түскен.

Қазір одан да «сал­мақты» – «Агро­биз­нес-2020» деген «код­тық» ата­уы бар «2013−2020 жыл­дарға арналған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аграр­лық кешенін дамы­ту Бағ­дар­ла­ма­сы» жос­пар­лан­ды. Бағ­дар­ла­ма­ны мұқи­ят оқып шығып, «мұны қалай баға­ла­у­ға бола­ды?» деп ұзақ ойлан­дым. Ескерт­пе, ұсы­ны­стар жазай­ын ба дедім, бірақ билік оны қарай ма, қара­май ма, оның үстіне бұл құжат бекітіліп қой­ған. Алай­да үнсіз қалуға кәсі­би маман ретін­де ар-ұятым жібер­меді. Соңын­да, ең бол­маған­да, «Бұл – Қаза­қстан тарихын­дағы бірін­ші аграр­лы бағ­дар­ла­ма» деп жүр­ген режим­нің жар­шы­ла­ры­на және Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі де: «маған дей­ін ештеңе бол­ма­ды, кас­са­да ақша жоқ бол­ды, бәрін нөл­ден баста­уы­ма тура кел­ді» деген­дей мәлім­де­ме­леріне жау­ап берей­ін деп шештім.

«Сая­си пиарға» жау­ап бер­мес бұрын, алды­мен «аграр­лық сая­сат­тағы соқыр­лы­қты» соңы­на жет­кізіп алай­ын. Өзін сый­лай­тын кез кел­ген мем­ле­кет ауыл шару­а­шы­лық мәсе­лесін шеш­кен кез­де, аграр­лық қарым қаты­на­сты аны­қтап ала­ды, ал оның мән-маз­мұ­ны келесі басты шар­ттарға келіп тіреледі:

–    жер мәсе­лесі – адам өмірінің басты қай­нар көз­дерінің бірі;

–    жер­де жұмыс істей­тін шару­а­лар­дың мәселесі;

–    егін­шілік мәсе­лесі – жер­ді өңдеу тех­ни­ка­сы мен әдістері;

–    әле­умет­тік мәсе­ле – қала мен ауыл­дың, өнер­кәсіп пен ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның қарым қаты­на­сы және ауыл тұрмасы.

ҚР Жоғарғы Кеңесі ауыл шару­а­шы­лы­ғын нары­қтық қаты­на­старға көшірер кез­де елі­міздің аграр­лық про­бле­ма­ла­рын дәл осы жиын­ты­қта қарас­ты­рған бола­тын. «Жер тура­лы» заң қабыл­да­нып, осы мәсе­ле­ге қаты­сты басқа да жоба­лар қара­лып жатқан еді. Себебі кеңе­стік қатаң эко­но­ми­ка­лық жүй­ені еуро­па­лық иіл­мелі (гиб­кий) нары­қтық эко­но­ми­каға көші­ру – тек жеке­ше­лен­діру­мен шешіл­мей­тіні түсінік­ті еді.

Өкініш­ке орай, XII шақы­ры­лым­дағы Жоғарғы Кеңес аван­тю­ра­лық жол­мен тарқа­ты­лып, Н. Назар­ба­ев ауыл­ды фер­мер­лік­ке айнал­ды­ру ісін қарқын­ды жүр­гізді. Және ол «бәрі осы жол­дан өткен, біз де соны істе­уі­міз керек» деп жар сал­ды. 1994 жылы қаңтар айы­ның басын­да Ақмо­ла­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы маман­да­ры­мен сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды жою мәсе­лесіне қаты­сты жина­лыс өткізді.

Дихандар мен шару­а­шы­лық меке­ме­лерінің бас­шы­ла­ры фер­мер­лік­ке қар­сы шығып, оның орны­на нары­қтық қаты­на­старға көшудің зия­ны аз жол­да­рын ұсы­нып жат­ты. Пре­зи­дент, сол кез­де кәсі­по­рын бас­шы­ла­ры сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды неғұр­лым тез жой­са, оларға шару­а­шы­лық мүл­кінің 20%-ын тегін беру тура­лы Жар­лы­ққа қол қойды.

Ол аз болған­дай, «Рефор­ма­лар­ды терең­де­ту және қоғам­дық келісім арқы­лы жаңарған Қаза­қстанға» деп ата­ла­тын Жол­да­уын­да «Қаза­қстан­да ет өнді­ру шек­тен тыс артып кет­ті… мем­ле­кет­тің қажет­тілі­гі­нен артық астық өсіріп жатыр­мыз» деп, одан әрі қарай «егер біз бірқа­тар тиім­сіз өндірістер­ді жаба­тын бол­сақ, эко­но­ми­ка мен халық одан еш ұтыл­май­ды» деді («Казах­стан­ская прав­да», 9 мау­сым 1994 ж.). Шын­ды­ғын­да, Қаза­қстан тарихын­да «ет пен асты­қты қай­да өткі­зе­міз» деген мәсе­ле ешқа­шан туын­дап көр­ген емес, бүгін де көр­ші мем­ле­кет­тер­дің нары­ғы азық-түлік өнім­дерінің бұл түр­лерін қабыл­да­уға дайын.

Осы­дан кей­ін өздеріңіз ойлап көріңіз­дер­ші, бұл – «соқыр­лық» емей немене?

Ұмыт­шақтар­дың есіне неме­се пре­зи­дент­тің соңғы рефор­ма­ла­ры тура­лы. Қаза­қстан тарихы аграр­лы сек­тор­ды дамы­ту сала­сын­да көп­те­ген рефор­ма­лар­ды, жос­пар­лар мен бағ­дар­ла­ма­лар­ды біледі. Олар­дың ара­сын­да ерекше маңы­зды­ла­ры: XX ғасыр­дың 50–60-шы жыл­да­ры тың және тыңай­ған жер­лер­ді иге­ру, сон­дай-ақ 1980–1990-шы жыл­дар­дағы «Қазақ ССР-інің Азық-түлік бағ­дар­ла­ма­сын» қабыл­дау. Осы жол­дар­дың авто­ры тың иге­ру­ші ретін­де жаңа жер­лер­ді иге­рудің куә­гері бол­ды және Азық-түлік бағ­дар­ла­ма­сы­ның жоба­сын әзір­леу жөнін­де­гі үкі­мет­тік жұмыс комис­си­я­сы­на жетек­шілік етті.

Осы бағ­дар­ла­ма­лар­ды және басқа да шара­лар­ды жүзе­ге асы­ру­дың нәти­же­сін­де Қаза­қстан Кеңес Одағы­ның астық қой­ма­сы және ірі мал база­сы санал­ды. Басқа жетістік­тер тура­лы айт­пай-ақ қой­ған­да, рес­пуб­ли­ка­да өндіріл­ген тау­ар­лы асты­қ­пен 100 млн. халы­қты нан­мен қам­та­ма­сыз ету­ге және одақтық қорға 360 мың тон­на жоға­ры сапа­лы ет өткізіп тұруға мүм­кін­ді­гі бол­ды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы халы­қты азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз етіп қана қой­май, өндеу өнер­кәсібін шикі­затпен қам­тып тұр­ды. Сол жыл­да­ры тамақ пен жеңіл өнер­кәсіп­тері – тау­ар айна­лы­мы­ның 70–75% беретін, және бұл сала­лар бюд­жет­ті құра­тын негіз­гі тірек болатын.

Қаза­қстан­ның өз өзіне толық жететін күшті қар­жы­лық база­сы бар еді. Тәу­ел­сіздік жари­я­ла­нар алдын­да Қаза­қстан­нан басқа рес­пуб­ли­ка­ларға «баға қай­шы­лы­ғы­ның» есебі­нен 4,6 млрд. сом­ның неме­се сол кез­де­гі бағам бой­ын­ша 7,6 млрд. дол­лар­дың шикі­за­ты кетіп жата­тын. Біздің кас­са да ешқа­шан бос болып көр­ген жоқ. Егер аяғы­на дей­ін әділет­ті бол­сақ, Мем­ле­кет бас­шы­сы жиі айтып жүр­ген «бос кас­са­сы» Н.  Назар­ба­ев­тың «Жеке тұлға­лар үшін шетел­дік валю­та­да ано­ним­ді шот­тар­ды енгі­зу тура­лы» Жар­лы­ғы шыққан 1994 жыл­дың 1 ақпа­ны­нан бастап пай­да болған шығар, содан кей­ін 1995 жылы 21 сәуір­де ол оны заң күші бар №2230 Жар­лы­қ­пен толықтырды.

Бұл актілер бой­ын­ша жеке тұлға­лар банк­тер­де аты-жөн­дерін ата­май-ақ және қан­дай да бір құжат­тар көр­сет­пей, ано­ним­ді шот­тар (рези­дент­тер және рези­дент еме­стер) ашу құқы­на ие бол­ды. Бұл аз болған­дай, И. Тасмағам­бе­тов пре­мьер-министр болып тұрған­да пар­ла­мент­те менің сау­а­лым бой­ын­ша сөз сөй­леп: «Қаза­қстан 1996 жылы шетел­де құпия валю­та­лық шот ашып, онда 1 млрд. дол­лар жатқа­нын» хабар­ла­ды. Сон­дай-ақ ол: «Мем­ле­кет бас­шы­сы құпия қор құруға қаты­сты бар жау­ап­кер­шілік­ті өзіне алу­дан басқа ама­лы қал­ма­ды» деген­ді қосты. Егер ақша­ның бәрін шетел­ге тығып жат­са, Қаза­қстан­ның кас­са­сы қалай бос бол­ма­сын?! Мем­ле­кет қазы­на­сын бос қылу – соны айтқан адам­ның қолы­мен істел­гені, оқыр­ман­дар үшін түсінік­ті бол­са керек…

Рес­пуб­ли­ка Пре­зи­ден­тінің аграр­лық рефор­ма­ла­ры­ның зардап­та­ры 1‑ші кесте­ден анық көрі­неді (қараңыз).

Қаза­қстан­да 1992 жыл­дың 1 қаңта­рын­да 2 523 сов­хоз бен кол­хоз­дар бар еді, ал 2012 жыл­дың 1 қаңта­ры­на олар­дың орны­на 214008 ауыл шару­а­шы­лық құры­лым­да­ры жұмыс істе­ді. Бел­сен­ді жұмыс істеп тұрған 188 616 ауыл шару­а­шы­лық құры­лым­да­ры­ның ішін­де 185241 фер­мер­лік және дихандық шару­а­шы­лы­ққа жатады.

Бұл кесте­ден: тәу­ел­сіздік қар­саңын­да жұмыс істеп тұрған 2,5 мың шару­а­шы­лық екі есе­ге жуық жер­ді артық өңде­гені және қазір­гі 200 мың фер­мер­лер­ге қараған­да екі есе­ден астам мал ұстаға­ны анық көрініп тұр. Бұған сыни көз­бен қарап баға беру керек. Және ол Пре­зи­дент­тің аграр­лық сек­то­рын­дағы сая­са­ты зардап­ты екенін рас­тап тұрған жоқ па? («Х‑пен» бел­гі­лен­ген жер – ста­ти­сти­ка­лық дерек жоқ деген­ді білдіреді).

1‑ші кесте

Қаза­қстан­ның агроөнеркәсіп
кешенінің ең маңы­зды көрсеткіштері.
Көр­сет­кі­ш­тер Өлшем бір­лі­гі Жыл­дар 1990 жылға %-бен
1990 2000 2011 2000 2011
I. Ауыл шаруашылығы

ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жерлері

оның ішін­де: өңде­летін (жыр­ты­ла­тын) жер

егін алқап­та­ры

млн. га

млн. га

млн. га

197,5

35,5

35,1

86,3

19,3

16,1

215,4

24,6

21,0

43,6

54,3

45,8

109,0

69,2

59,8

II. Мал басы

ірі қара мал

қой

жылқы

шошқа

құс

млн. бас

млн. бас

млн. бас

млн. бас

млн. бас

9,8

36,2

1,6

3,2

59,3

4,0

9,6

0,9

0,9

18,0

5,7

18,0

1,6

1,2

32,9

40,8

26,5

28,1

28,1

30,3

58,1

49,7

100,0

37,5

55,4

III. Өндіріс

астық

ет (сой­ы­лған салмақтағы)

сүт

жұмыр­тқа

жүн

млн.тонн

млн.тонн

млн.тонн

млрд дана

мың. тонн

28,5

1,3

5,6

4,2

107,5

11,5

0,6

3,7

1,7

22,3

26,9

0,9

5,2

3,7

38,4

40,3

46,1

66,0

40,4

20,7

94,3

69,2

92,8

88,0

35,7

IV. Өңдеу

ет, суб­про­дук­ты­лар­ды қосқанда

сүт, қай­мағы алынбаған

қант

мака­рон өнімдері

мың. тонн

мың. тонн

мың. тонн

мың. тонн

899

1470

433

133

85

90

271

32

х

х

х

х

9,4

6,1

62,5

24,0

-

-

-

-

Азық-түлік өнім­дерін адам басы­на шаққан­дағы жылы­на тұтыну

ет және ет өнімдері

сүт және сүт өнімдері

жұмыр­тқа

кар­топ

көкөніс

нан және нан өнімдері

кг

кг

дана

кг

кг

кг

71

307

222

87

75

146

44

235

109

66

80

105

66

228

150

47

88

124

61,9

76,5

49,0

75,8

106,6

71,9

92,9

74,2

67,5

54,0

117,3

84,9

VI. Ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің бар­лық сала бой­ын­ша сал­мақ көле­мінің көрсеткіші

пай­ыз

100

51,9

х

51,9

-

Ауыл шару­а­шы­лық өндірісін­де ең төмен­гі құл­ды­рау – 1999 жылға кел­ді. Осы жылы ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің нақты көр­сет­кі­ш­тері – 1990 жыл­мен салы­стыр­ма­лы баға­да есеп­те­ген­де, 42,3%-ға төмен­деп кет­кені тір­кел­ді. (Ста­ти­сти­ка­лық жыл­дық жинақ. 2003 ж. 278-бет).

Азық-түлік­тің маңы­зды түр­лерін тұты­ну­ды, адам басы­на шаққан­да шыға­тын көр­сет­кі­ш­тері­мен таны­сқан­да, оқыр­ман мына жай­ға назар ауда­руы керек: 1990 жылы тұты­ну­ды рес­пуб­ли­ка өз өндірісінің есебі­нен жүзе­ге асыр­ды, ал 2000-шы және 2011 жыл­да­ры ресми орган­дар­дың мәлі­мет­тері бой­ын­ша, азық-түлік тау­а­ры­ның жар­ты­сы­на жуы­ғы сырт­тан әкелін­ген. Алай­да ста­ти­сти­ка импорт көле­мін адам басы­на шағып көр­сет­пей­ді. Осы­ған қаты­сты қызық деректер «Агро­биз­нес-2020» бағ­дар­ла­ма­сы­ның өзін­де бар.

«Ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін өңдеу про­бле­ма­ла­ры­на тал­дау» деп ата­ла­тын бөлім­ше­де мынан­дай жол­дар жазы­лған: «маңы­зды деген өңдеу өнім­дерінің экс­порт­тық-импорт­тық балан­сы Қаза­қстан­ның бірқа­тар өнім­дері бой­ын­ша импор­тқа тәу­ел­ді екенін көр­се­те­ді. Ел ішін­де тұты­на­тын негіз­гі азық-түлік тау­ар­ла­рын­да импорт­тың үлесі: сүт пен қою­ланған қай­мақ бой­ын­ша 74,2%, жеміс-көкөніс кон­сервілері – 70,5%, кон­ди­тер өнім­дері – 67,4%, ірім­шік пен сүз­бе – 58,3%, пече­нье – 48,7%, шұжық өнім­дері – 44,8%, ақ қант – 40,2%, шоко­лад – 34,2%, сары май – 32,8%» (Агро­биз­нес-2020, 19-бет).

Кеңе­стік Қаза­қстан сырт жақтан қант­тың бір бөлі­гі мен какао-бобы­лар­ды ғана сатып ала­тын, қалған азық-түлік­тің бәрін рес­пуб­ли­ка­ның өз тамақ өнер­кәсібі сауда жүй­есіне жет­кізіп тұра­тын. Өкініш­ке орай, сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды құр­тқан­нан кей­ін, 1994–1996 жыл­да­ры тамақ және жеңіл өнер­кәсіп те бар қуа­ты­нан айы­рыл­ды. Бүгін­де тәу­ел­сіз Қаза­қстан азық-түлік­тің орас­ан зор бөлі­гін – басқа мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­сы­на мил­ли­ард­таған дол­лар құй­ып, сатып әкеліп жатыр.

Тағы бір мәсе­ле тура­лы. Жоға­ры­да айты­лған­дай, 1994 жылы Мем­ле­кет бас­шы­сы «астық пен етті артық өндіріп отыр­мыз» деп көр­сет­кен­нен кей­ін, 2000 жыл­дан бері «астық экс­пор­тын арт­ты­ру­ды қам­та­ма­сыз ету керек» дей баста­ды. Ал 2011 жылы астық өні­мі жақ­сы болған кез­де, рес­пуб­ли­ка осы құн­ды өнім­ді сақта­уға да, экс­порт­та­уға да дай­ын бол­май шықты, содан кей­ін 2012 жылы асты­қтың жал­пы өндірісі екі есе­ге азай­ған кез­де, үкі­мет кәдім­гі­дей жел­пініп қал­ды. Сон­да оның «көре­ген­ді­гі» қай­да?.. Қаза­қстан 2011 жылы 245,5 мың тон­на ет пен ет өнім­дерін импорт­тап, тек 1,6 мың тон­на етті экс­порт­таға­ны­на қара­ма­стан, Пре­зи­дент аграр­лы сек­тор­дың алды­на 2016 жылы 60 мың тон­на етті Ресей­ге импорт­та­уға тап­сыр­ма бер­ді. Сон­да оның «дана­лы­ғы» қай­да?!. Өздеріңіз салы­сты­рып көріңіз, XX ғасыр­дың 80–90-шы жыл­да­ры Қаза­қстан жыл сай­ын сыр­тқа 350–360 мың тон­на ет шыға­ра­тын, ал тәу­ел­сіздік жыл­да­ры импор­тқа тәу­ел­ді болып келеді.

Импорт идео­ло­ги­я­сы да билік­тен туын­дап отыр. 1994 жылы С. Тере­щен­ко пре­мьер-министр болып тұрған­да «асты­қтың және басқа да ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің өзін­дік құны биік, сон­ды­қтан олар­ды шете­лер­ден сатып алған біз­ге арза­нға түседі» деп мәлім­де­ген. Міне, бұл үкі­мет бас­шы­сы­ның шару­а­лар­дың тағ­ды­ры­на, ауыл тұрғын­да­ры­на, жал­пы алған­да, ел эко­но­ми­ка­сы­на «басы» ауыр­май­ты­нын көр­се­те­ді! Бұған нара­зы болған аза­мат­тар сол кез­де «ФЗУш­ник пен заоч­ник» Қаза­қстан­ды тақы­рға оты­рғы­зды» деп жүрді.

Және олар­дың айтқан­да­ры айдай кел­ді. Бір ғана 1994 жылы ішкі жал­пы өнім 24,6%-ға қысқа­рып, 1995 жылы тамақ және жеңіл өнер­кәсіп жой­ыл­ды десе де бола­ды. Назар­ба­ев пен Тере­щен­ко «одағы» ел эко­но­ми­ка­сы­ның 60%-ға жуы­ғын жоғал­туға әкеп соқты. Тал­да­у­шы­лар­дың пікірін­ше, Сер­гей Тере­щен­ко тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да үкі­мет­ті басқарған адам­дар­дың ара­сын­да ең әлсіз пре­мьер сана­ла­ды және, осы­ған орай, Пре­зи­дент оған қан­дай жетістік­тері үшін «Еңбек ері» атағын бер­генін халық әлі күн­ге дей­ін түсіне алмай жүр?

Пре­зи­дент­тің фер­мер­лік сая­са­ты тек аграр­лық эко­но­ми­ка­ны ғана емес, бар­лық дер­лік сала­ны қам­ты­ды. Назар­ба­ев­тың өзі де, оның айна­ла­сын­да жүр­ген жағым­паз­дар да сол жыл­дар­дағы «ойран­ның» зардап­та­рын азай­тып көр­се­ту үшін «бар­лық мем­ле­кет­тер­де солай болған» деп жүр­ді. Шын­ды­ғын­да, Одақтың ойран болуы – бар­лық тәу­ел­сіз рес­пуб­ли­ка­ларға үлкен про­бле­ма­лар тудыр­ды. Алай­да олар­дың бәрі соци­а­лизм кезін­де қол жет­кіз­ген табыст­а­ры мен бай­лы­қта­рын Қаза­қстан сияқты оңды-сол­ды шашып, құр­тқан жоқ.

Мыса­лы, Өзбек­стан егіс алқап­та­ры­ның бір гек­та­рын, мал­дың бір басын да жоғал­тқан жоқ, қай­та керісін­ше, тәу­ел­сіздік жыл­да­ры халық санын 1,5 есе­ге өсір­ді. Бела­русь те сов­хоз­да­ры мен кол­хоз­да­рын сақтап қал­ды, және Жер тура­лы заңға сәй­кес қазір, негізі­нен, жер пай­да­ла­ну­шы осы­лар болып сана­ла­ды. Бұл елдің аграр­лық эко­но­ми­ка­сы тәу­ел­сіздік жыл­да­ры үне­мі дамып, Ресей мен Укра­и­на­ның шека­ра­лас аймақта­ры­на өзінің ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін, әсіре­се мал шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін тұрақты түр­де жет­кізіп тұра­ды. Осы екі мем­ле­кет 1994 жылы өнер­кәсіп­тік өндірістің бұры­нғы дең­гей­ін қай­та қал­пы­на келтірді.

Ал Қаза­қстан­да ауыл­ды соқыр сая­сат­пен күй­ре­ту – қаза­қты күй­зел­ту­ге әкеп соқты.

2. Өз тарихы­мы­здан сабақ

Біздер, қаза­қтар өзі­міз тура­лы дана сөз­дер­ді ойлап табу­дың шебері­міз және солар­ды айтқан кез­де рахат­та­на­мыз. Сон­дай қанат­ты сөз­дер­дің бірі: «Біз мың өліп, мың тіріл­ген қаза­қ­пыз». Ұлты­мы­здың көп ғасыр­лық тарихы­мен дәлел­ден­ген бұл фило­со­фия шын­ды­ққа жақын. Соны­мен бір­ге, шапқын-шылы­ққа бірін­ші кезек­те қазақ дала­сы, қаза­қтар тұрып жатқан ауыл­дар мен елді мекен­дер ұшы­рап жатқа­ны да шын­дық. Тарих біз­ге сақ болу­ды талай рет үйрет­ті, бірақ біз ұлт ретін­де олар­дан сабақ алмай, сан рет қақ­панға түсіп, үне­мі қиын­шы­лы­қтар­ды бастан кешіп келе­міз. Мысал­ды алы­стан алмай-ақ, адам­ның орта жасы­на сай келетін 20-шы ғасыр­дың 30-шы және 90-шы жыл­да­рын тіл­ге тиек етейік.

Оты­зын­шы жыл­да­ры РКП (Б)-ның Қазақ аймақтық коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы Ф.И. Голо­ще­кин: қазақ ауыл­да­рын­да «кол­лек­тив­тен­ді­ру» мен «кулак­тар­ды тәр­кілеу» науқа­нын жүр­гі­зеді, ал тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры ҚР бірін­ші Пре­зи­ден­ті Н.Ә. Назар­ба­ев (1990 жыл­дан бері мәң­гілік) ауыл­дар­ды фер­мер­лік­ке айнал­ды­рам деп, сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды құрт­ты, яғни ұжым­дық шару­а­шы­лы­қты жой­ды (рекол­лек­ти­ви­за­ция). Осы тра­ге­ди­я­лық оқиға­лар жай­лы мен көп айт­тым және аз жазғам жоқ. Бүгін мен бұдан бұрын айтып кел­ген ойлар­ды қай­та­ла­мас үшін, кеңе­стік және тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның алға­шқы жыл­да­рын­да жүр­гізіл­ген сая­сат­тың халы­ққа тигіз­ген зия­ны тура­лы және сол тари­хи дра­ма­ны өз көзі­мен көр­ген адам­ның сөзі­мен оқыр­ман­дар­ды таныстырайын…

Тәу­ел­сіздік­ке дей­ін мен қыз­мет бабы­мен ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен көп айна­лы­стым, сон­ды­қтан елі­міздің бар­лық дер­лік аудан­да­рын­да бол­дым. Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры Мәжіліс депу­та­ты ретін­де және режим­ге оппо­зи­ци­яда болған­ды­қтан, бүкіл рес­пуб­ли­ка­ны қай­та­дан ара­ла­дым. Ауыл­дың ауыр халі тура­лы билік құры­лым­да­рын да, сай­ла­у­шы­ла­рым­ды да хабар­дар етіп тұрдым.

Ауыл қазір – эко­но­ми­ка­лық дең­гей­ін ғана емес, әле­умет­тік кел­бетін де жоғал­тып алды. Ал ол жақта 7 мил­ли­он­нан астам халық тұра­ды, бірақ олар соци­а­лизм зама­нын­да өз қол­да­ры­мен құрған игілік­тен айы­ры­лып қал­ды. Жастар жап­пай қала­ларға кетіп жатыр, ауыл тез қар­тай­ып бара­ды, онда қалған қарт­тар өмірінің соңғы күн­дерін жоқ­шы­лы­қта, тіп­ті таза ауыз сусыз өткізіп жатыр. Алай­да, алы­сқа бар­май-ақ, кеше­гі жібер­ген қателік­тер­ден сабақ алып жатқан билік жоқ.

Тарих­тан сабақ алу керек деген­де мен – Голо­ще­кин­нің «кол­лек­тив­тен­діруі» мен Назар­ба­ев­тың «декол­лек­тив­тен­ді­ру» сая­сат­та­ры­ның тамы­ры бір жер­де жатыр дегім келеді.

Бірін­ші­ден, еке­уі де Қаза­қстан­да бірін­ші бас­шы­ның қыз­метін атқарды.

Екін­ші­ден, еке­уі де өздерінің аграр­лық сая­сат­та­рын әкім­шіл-әмір­шіл әдіспен, қысым мен қорқы­ту­дың күші­мен жүзе­ге асырды.

Үшін­ші­ден, олар­дың еке­уі де шару­а­лар­дың, дихандар­дың пікірі­мен де, тіле­гі­мен де санаспады.

Төр­тін­ші­ден, олар­дың сая­сат­та­ры халы­қты ашты­ққа, кедей­шілік­ке душар етті, шару­а­лар­дың көбі, ең алды­мен, қаза­қтар кере­мет шығы­нға ұры­нып, жоқ­шы­лы­қты бастан кешті.

Ауы­лға деген көзқа­рас­ты түбе­гей­лі өзгер­ту керек. Аграр­лық эко­но­ми­ка­дағы құл­ды­ра­уды «Агро­биз­нес-2020» сияқты бағ­дар­ла­ма­лар­мен түзеу мүм­кін емес, себебі онда агроө­нер­кәсіп кешенін (АӨК), ауыл­дың кел­бетін қал­пы­на кел­тіретін не сан­дық, не сапа­лық бір­де бір көр­сет­кі­ш­тер жоқ.

Өкініш­ке орай, әде­мі бағ­дар­ла­ма­ның маз­мұ­ны сенім ұялат­пай­ды. Мәсе­лен, тал­дау бөлі­гін­де (8‑бет): «Ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің жыл­дық орта­ша өсім қарқы­ны соңғы 5 жыл­да 19%-ды құра­ды» деп жазы­лған. Бұл дегеніңіз, ауыл шару­а­шы­лық өндірісі бес жыл­да екі есе­ге өсті деген сөз, бірақ сол өнім­дер қай­да? Мүм­кін, осы бағ­дар­ла­ма­ны дай­ын­даған адам­дар сан­дар­ды шата­сты­рып, кор­ре­ля­ция әдісін пай­да­лан­баған шығар?

Бағ­дар­ла­ма­ны кезең-кезең­мен жүзе­ге асы­ру­дың нәти­же­лері ұран­дар күй­ін­де беріл­ген. Ал 2013–2020 жыл­да­ры АӨК дамы­туға арналған бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­руға қажет ресур­стар­дың өзі:

–    көле­мі жағы­нан бөлін­ген қар­жы тең емес, мыса­лы, 2014 ж. – 471,6 млрд. тең­ге бөлін­се, 2015 ж. – 281,6 млрд. тең­ге ғана;

–    атқа­ры­ла­тын іс-шара­лар­ды қар­жы­лан­ды­руға бөлін­ген жал­пы 2,9 трил­ли­он тең­генің ‑2,0 трил­ли­он тең­гесі рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен беріледі де, қалған сома­ны өз қар­жы­ң­нан, обли­га­ци­я­лық заем­нен, жер­гілік­ті бюд­жет­тің есебі­нен тап дей­ді (Агро­биз­нес-2020, 7‑бет).

Бұл жер­де ең басты­сы – сан­дар­да емес, аграр­лық сек­торға басым­дық бері­лу керекті­гін­де. Осы тұрғы­дан қарай­тын бол­сақ, ауыл бұрын да, қазір де билік­тің қара­уын­сыз, бас-көз­сіз, наза­рдан тыс қалып келеді. Ауыл тұрғын­да­ры­ның тауқы­мет­терін түсініп жатқан­дар да аз, оны – ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру дең­гей­і­нен-ақ көру­ге бола­ды. 2012–2014 жыл­дарға арналған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бекітіл­ген бюд­жетін­де бүкіл ауыл – су, орман және балық шару­а­шы­лык­та­ры­на – жал­пы қар­жы көле­мінің 4,2% ғана қарас­ты­ры­лған. Соңғы бес жыл­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның негіз­гі капи­та­лы­на салы­нған инве­сти­ци­я­лар­дың үлесі – рес­пуб­ли­ка эко­но­ми­ка­сы­на салы­нған жал­пы инве­сти­ци­я­лар көле­мінің 2%-ға жуы­ғын ғана құрайды.

Бұл маңы­зды көр­сет­кі­шті – үш жыл­дық бюд­жет те, «Агро­биз­нес-2020» да түзей алмай­ды. Оқыр­ман­дар­дың наза­ры­на бір мысал ұсы­нам: бұл сан­дар­ды салы­сты­ру қисын­сыздау болға­ны­мен, ол – кеңе­стік Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы калай дамы­ға­нын айқын көр­се­те­ді. Мәсе­лен, тәу­ел­сіздік қар­саңын­да рес­пуб­ли­ка­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның дамуы­на негіз­гі қар­жы­лар­дың 13 бөлініп, пай­да­ла­ны­лған. Ал Қаза­қстан­ның ұлт­тық табысы­ның құры­лым­да 1990 жылы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның үлесі 41,8%-ға жет­кен (ҚР Ста­та­гент­ті­гі. Жыл­дық жинақ, Алма­ты, 1991. 131–6). 2011 жылы жал­пы ішкі өнім көле­мің­де бұл сала­ның үлесі 5,1% ғана болды.

Егер ауыл шару­а­шы­лы­ғы кешенін шын­дап қолға алғы­сы кел­се, оған «Агро­биз­нес-2020» Бағ­дар­ла­ма­сын­да қарас­ты­ры­лған қар­жы­дан бір­не­ше есе артық қара­жат бөлу қажет және ірі кәсі­по­рын­дар мен тау­ар өндіру­шілер­ге инве­сти­ци­я­лар салу керек. Олар жет­кіліксіз бол­са, ұсақта­рын ірі­лен­діріп, жаңа агроқұры­лым­дар құрған жөн. Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да, ірі ауыл шару­а­шы­лық тау­ар өндіру­шілер­дің арты­қ­шы­лы­ғы – дау тудырмайды.

Мыса­лы, Аста­на­ның жанын­да «Роди­на» ЖШС, «Ижевск» АҚ жақ­сы жұмыс істеп тұр, ал олар­ды басқа­ра­тын адам­дар – бұры­нғы «қызыл дирек­тор­лар», бірақ олар өз ұжым­да­рын, өндірісін, инфра құры­лым­дар­ды жұмыс істеп тұрған сов­хоз­дар­дың шең­берін­де сақтап қал­ды. Пре­зи­дент бүгін Иван Сауәр мен Ибра­гим Жан­гу­ра­зо­втың еңбек­терін оң баға­лап жүр, Назар­ба­ев бірақ осын­дай сов­хоз­дар­ды құр­тқан өзінің теріс сая­са­тын мой­ын­да­уға бат­пай­ды. Жүз­ден аса сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­дың жетек­шілері тәу­е­кел­ге барып, өз шару­а­шы­лык­та­ры­ның аты мен мөрін өзгер­тіп, олар­ды сақтап қал­ды, арты­нан олар нары­ққа жақ­сы бей­ім­деліп, қарқын­ды дамып кетті.

Тағы бір маңы­зды мәсе­ле тура­лы. Егер бір жер­де АӨК-нің жаңа кәсі­пор­ны ашы­лып жат­са, Мем­ле­кет бас­шы­сы «бұрын мұн­дай болған жоқ. Бұл бірін­ші рет…» деп жата­ды. Мәсе­лен, ол «Зен­чен­ко және К» деп ата­ла­тын сүт кешеніне барған кез­де тура солай деді. Алай­да Н. Назар­ба­ев Мини­стр­лер Кеңесінің төраға­сы болып тұрған­да, 147 осын­дай сүт кешені, 500-дей бор­дақы­лау кешені, 47 құс фаб­ри­ка­сы т.б. болған. Ал ол Пре­зи­дент болған кез­де, олар­дың бәрі қай­да жоға­лып кет­кені – басқа сұрақ?

Менің ойым­ша, Бағ­дар­ла­ма, әдет­те­гі­дей, іс үшін емес, көз­бо­яу үшін, ауыл тұрғын­да­рын және елі­міздің бүкіл халқын алдау үшін бекіті­ле салған дүние сияқты. Жау­ап­кер­шілік, мінез, әдет-ғұрып қайда?!

Ауыл шару­а­шы­лық кешенінің про­бле­ма­сын Аста­на­ның сұлулы­ғы­мен сылап-сипа­уға бол­май­ды. Өйт­кені ауыл­да үлес­сіз қалған кедей адам­дар­дың саны Аста­на тұрғын­да­ры­на қараған­да он есе артық. АӨК жүй­есіне сау­ат­ты шешім­дер, құры­лым­дық-ұйым­дық өзгерістер қажет. Бірақ мұның бәрі сая­си билік жүй­есі ‑құқы­қты жол­мен ауы­сып тұрған кез­де ғана бола­ды. Мақа­ла жас буын­ның наза­ры­на, біздің қателік­тері­мізді қай­та­ла­ма­сын деген үміт­пен, ұсынылады.

Оқыр­ман назарына

Бұл жари­я­ла­ным Серік­бол­сын аға Әбділ­дин­нің мақа­ла­ла­ры мен ой-пікір­лері негізін­де құра­с­ты­ры­лған «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» кіта­бы­нан алын­ды. Бұл кітап­ты мына теле­фон номеріне хабар­ла­сып, 382−72−30, 8701−299−90−28, сатып алуға болады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн