Пятница , 2 мая 2025

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: ЖАРАТУШЫ МАҒАН ТІЛ МЕН ДАРЫНДЫПАТША МЕН ӘКІМДІ МАҚТАУ ҮШІН ЕМЕС, ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢЫН АЙТСЫН ДЕП БЕРГЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

ДАТ!

 


 

Ұлт жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­дi­лов 80 жыл­дық мерей­той­ы­на орай өзiнiң туған өңiрiне барып, неге ел-жұр­ты­мен қауы­ша алмай отыр? Жазу­шы­ның Алма­ты­да өткен сал­та­нат­ты жиы­нын­да билік­тен бiр адам неге төбе көр­сет­пе­ді? Халық жазу­шы­сы­ның кіта­бы орта ғасыр­лық инкви­зи­ци­яға ұшы­рап, неге өртелді?

Осы және басқа да сау­ал­дар­мен «ДАТ!» төріне Қаб­деш аға ЖҰМАДІЛОВТЫ шақы­рып, жазу­шы­ны маза­лаған мәсе­ленің мән-жай­ын сұрадық.

 

– Қаб­деш аға, сіздің 80 жасқа толған мерей­той­ы­ңыз өзіңіз туған елім деп санай­тын Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да ата­лып өтпе­генін естіп жатыр­мыз. Жазу­шы­лар одағы облыс әкi­мi Дани­ал Ахме­тов­ке, өзіңізді «Құр­мет­тi аза­мат» етiп қабыл­даған аудан бас­шы­ла­ры­на арнайы хат жол­даған екен. Алай­да ол жақтың әлі күн­ге дей­ін тым-тырыс жатқа­ны қалай?

– Мәсе­ленің мәнісін жуы­қта «Жас Алаш» газетіне жаз­дым. Шығыс Қаза­қстан­дағы жер­ле­стері­міз әр ауыл­дан теле­фон соғып: «Алма­ты­да той­ы­ңыз өтіп­ті, ал біз жаққа неге кел­мей­сіз, біз неге той­ла­май­мыз?» деп, сұрақ жаудыр­ды. Бас-басы­на жау­ап беру қиын, менің неге жете алмай жүр­генім­ді мақа­ла жазып, халы­ққа түсін­діруім керек болды.

Шынын­да да солай болып отыр. Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағын­да жыл басын­да 80 жыл­дық мерей­той­ды екі жер­де атап өту жөнін­де келіс­кен­біз. Біре­уі өзім ұзақ жыл тұрған – Алма­ты қала­сы, екін­шісі – туған өлкем, Шығы­ста «Құр­мет­ті аза­мат» атанған – Аягөз, Тар­баға­тай мен Үржар-Мақан­шы ауда­нын­да атап өтсек бола­ды деген ұсы­ныс айты­лған соң, қуа­на-қуа­на келіс­кен едім. Алма­ты­дағы той Әуе­зов атын­дағы театр­да дүр­кіреп өтті…

 

– Иә, аға, біз ол той­дың бас-аяғы­на дей­ін қаты­стық: жиы­лған жұрт сый­май қал­ды, көп адам зал­да оты­ра­тын орын бол­маған­ды­қтан, түре­геліп тұр­ды. Талай мерей­той­лар­ды көріп жүр­міз ғой, дәл осын­дай нөпір жиналған той­ды көрмеппіз…

– Енді, міне, сол той­дың жалға­сы Шығыс Қаза­қстан­да өтетін болған соң, күз­ге таман облы­спен хабар­ла­стық. Өйт­кенi Алма­ты – менiң кей­iн­гi 60 жыл өмiрiм өткен, бала-шағам дүни­е­ге кел­ген, бар­лық шығар­ма­ла­ры­ма шабыт бер­ген құт-мекенiм. Ал Шығыс Қаза­қстан – менiң шығар­ма­шы­лық өрiсiм, қол­ба­сы Қабан­бай, есiл ер Деме­жан, ұлы би Ақтай­лақ сияқты тари­хи кей­iп­кер­лерiм­нiң өркен жай­ған өлкесi. Шека­ра асып, көш бастап, ата-жұр­тқа оралған­да, алғаш рет таба­ным тиген топырақ.

Менiң бұдан бұры­нғы 60 жас, 70 жасқа толған той­ла­рым да Үржар­да өтiп, басқа аудан­дар сон­да келiп құт­ты­қтаған. Биыл да сол үрдiс сақта­ла­тын шығар деп ойлағам.

Жазу­шы­лар одағы Алма­ты­дағы той қар­саңын­да облыс әкi­мi Дани­ал Ахме­тов­ке, жоға­ры­да аталған, менi «Құр­мет­тi аза­мат» етiп қабыл­даған аудан бас­шы­ла­ры­на арнайы хат жазып, шақы­ру билет­терiн жiбер­ген-дi. Алай­да облыс тым-тырыс күй­iн­де қал­ды. Облы­стан арнайы аза­мат­тар келіп, құт­ты­қтап, қашан, қалай қар­сы ала­тын­да­рын алдын ала жос­пар­лап, ниет-тілек­терін елдің алдын­да айта­тын шығар деп ойлаған едік. Ол үміті­міз ақталмады.

Бұл тұста Жазу­шы­лар одағы төраға­сы­ның бiрiн­шi орын­ба­са­ры, талант­ты ақын Ғалым Жай­лы­бай­дың еңбе­гiн ерекше атап өту­ге бола­ды. Ол Шығыс Қаза­қстан облы­сы бас­шы­ла­ры­на қай­та­лап хат жаз­ды. Жау­ап жоқ. Облыс әкi­мi Дани­ал Ахме­то­втың, оның орын­ба­са­ры Жақ­сы­лық Ома­ро­втың, Үржар ауда­ны­ның әкi­мi Серiк Зей­нул­лин­нiң теле­фон­да­рын қан­ша рет қоңы­ра­у­лат­ты. Амал не, хат­шы қыздар уәде­лесiп қой­ған­дай басты­қта­ры­на теле­фон­ды қос­пай­ды. Бұл қалай бол­ды дедік те, қой­дық? Тым құры­са, жедел­хат жол­дап, құт­ты­қта­уға да жарамады!

 

– Осы рет­те мына бір мәсе­лені қозға­уға тура келіп тұр: Алма­ты бас­па­ла­ры­ның бiрi­нен 2013 жылы шыққан «Әрiп пен Сара» атты кiта­бы­ңы­зды Үржар ауда­ны­ның Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетін­де­гілер тізім­деп тұрып, қай­та­дан жина­тып алуы­на кітап­тың маз­мұ­ны себеп бол­ды ма, аға? Осы жәйт­ке де тоқта­ла кетсеңіз.

– Осы жағ­дай­ды айт­пай-ақ қояй­ын деп, ішім­де сақтап жүр­ген едім. Қыса­сты­қта­ры өтіп кет­кен­нен кей­ін, бар шын­ды­қты айтуы­ма тура кел­ді. Осы­дан екi-үш жыл бұрын Үржар ауда­ны­ның ақкөз бел­сен­дiлерi маған қар­сы тағы бiр өрес­кел қия­нат жасаған. Жай ғана қия­нат емес, қыл­мыс десем болады.

Алма­ты бас­па­ла­ры­ның бiрi­нен 2013 жылы менiң «Әрiп пен Сара» атты кiта­бым жарық көр­дi. Кiтап­та: «Абы­лай­дың ақы­рғы күн­дерi», «Әрiп пен Сара» және Кене­са­ры хан­ның сатқын­дар қолы­нан қалай қаза тапқа­нын баян­дай­тын «Хан­ның басы қан­ша тұра­ды» атты тари­хи хика­ят­тар мен бүгiн­гi заман­нан жазы­лған он шақты әңгi­ме, бас­пасөз­де жари­я­ла­нып кет­кен бiраз сұх­бат­тар бар бола­тын. Бұры­нғы айты­лып, жазы­лып жүр­ген қате көзқа­рас­тар мен жалған деректер­ді түзетіп, кіта­пқа енгіз­ген едім. Бұл шығар­ма­лар­ды оқыр­ман қауым жылы қабыл­дап, «Алма­ты­кiтап» пен «Ата­мұра­ның» әр қала­дағы дүкен­дерi­нен жұрт талап алып жатты.

Шека­ра бой­ын­дағы Үржар-Мақан­шы аудан­да­ры қашан да менiң бүй­iрiм­де тұра­ды ғой. «Апы­рай, мына «Әрiп пен Сара» сол аудан­дарға жет­пе­дi-ау» деп, алаң­дап жүр­гем. Сөй­тiп жүр­ген­де, Алма­ты­дағы бiр жиы­нға Үржар ауда­ны­ның әкi­мi Серiк Зей­нул­лин мен мәс­ли­хат төраға­сы, тағы бір бес-алты адам келе қал­ды. Өздері­мен сөй­лесіп, елге қай­тар­да келiсiп, «Әрiп пен Сара­ның» 150 дана­сын (15 бума) көлік­теріне салып жiбер­дiм. «Аудан­дағы мек­теп­тер мен ауыл аға­ла­ры­на жет­кенiн­ше бөлiп берiң­дер» деп тапсырдым.

Кітап­ты ел-жұрт оқы­ды деп, алаң­сыз жүр­сем, ара­да бiр ай өттi ме, өтпе­дi ме, Үржар­дан сұм­дық хабар жет­тi. Аудан бас­шы­ла­ры апарған кiтап­та­рын мен айтқан­дай әр ауы­лға бөлiп таратқан көрi­недi. Кiта­пқа сусаған халық жапыр­лап оқи бастаған… Дәл осы кез­де ашық күн­де төбе­лерi­нен жай түс­кен­дей аудан­нан тағы бiр бұй­рық шыға­ды. Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бел­сен­дiлерi бiр апта бұрын тара­ты­лған кiтап­ты тiзiм бой­ын­ша түген­деп, қай­та­дан жина­тып алып, өрте­ген. Аудан жұрт­шы­лы­ғын сұм­дық үрей билеген.

Шошы­нған жұрт, баяғы 1937 жыл қай­та айна­лып кел­дi ме деп, зәре­лерi ұшқан: «Аға, бар­сыз ба? Аман­сыз ба? – дей­дi. – Жiбер­ген кiтап­та­ры­ңы­зды ҰҚК бiз­ге оқыт­пай, зор­лы­қ­пен жина­тып алды. Өзiңiздi ұстап әкет­кен жоқ па?» – дей­дi. «Бар­мын, үйде­мін. Сен­дер өйтiп шошы­маң­дар! Аудан­дағы шолақ бел­сен­дiлер­дiң iсi ғой – халы­қты үркiтiп жүр­ген. Қазiр менiң кiтап­та­рым Аста­на мен Алма­ты­да, тағы басқа облыс орта­лы­қта­рын­да емiн-еркiн саты­лып жатыр», – дей­мiн жер­ле­стерiм­дi жұбатып.

Содан бері екі жыл уақыт өтіп кет­ті: айту­дың өзі ұят, елім­ді, өзім­ді аядым. Алда 80 жыл­дық келе жатыр, сол кез­де барып сөй­ле­сер­міз деп, жылы жауып қой­ғам. Енді осы жағ­дай­ды жария түр­де айт­пасқа болмады.

– Осы сорақы­лы­қтың түбі қай­дан шығып жатқа­ны өзіңіз­ге бел­гілі шығар…

– Шека­ра аудан­да­рын­да кеңес зама­нын­да «ГПУ», «НКВД», «КГБ» билі­гі өктем бол­ды. Ары-бері көш­кен жұрт­тың ақ-қара­сын айыр­май, «бан­да» деп атып тастай­тын. Сол заман­да Тар­баға­тай тауы­ның қуыс-қуы­сын­да «ГПУ» мен қызыл әскер­лер­дің қолы­нан қыры­лған адам сүй­е­гінің қаңқа­сы шашы­лып жатқа­нын көзі­міз көр­ді. Сол өктем­дік әлі күн­ге жалға­су­да. 1992 жылы «Үш әріп – үрей орда­сы» деген мақа­ла жаз­дым, «КГБ», «НКВД», «ГПУ»-ды қазақ бас­пасөзін­де алғаш рет әшке­ре­ле­ген де мен шығар­мын. Олар­дың Қаза­қстанға, Шың­жаңға салған лаңы, осы жақтан Шың­жаңға бой­та­са­лап барған Алаш аза­мат­та­рын қалай тұтқын­дап, көзін жой­ға­нын ашық жазған едім. Сол «КГБ»-ның қатал заңы әлі күшін жой­май тұр.

Білетін аза­мат­тар­дың айтуын­ша, күштік құры­лым­дар­дың Жарғы­сы жаңар­ты­лып, қай­та­дан жазыл­мап­ты, кеңе­стік үстем­дік қал­пын сақтап қалған екен. Тәу­ел­сіздік алған елде демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға лай­ы­қта­лып қазақ халқы­ның мүд­десін қорғай­тын жаңа Жарғы жазы­луы керек қой. Бұры­нғы сарын­ды сақтап қалған Жарғы сол өктем пиғыл­дағы ұрда-жық кеу­де­мен жүр. Менің осы кіта­бым­ды аудан әкі­мі, мәс­ли­хат төраға­сы өздері алып кетіп таратқа­нын қай­тей­ін, ара­ша түсе алмаған. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша тағай­ын­далған әкім мен сай­ланған мәс­ли­хат төраға­сы жер­гілік­ті жер­де­гі билік­тің өкілі ретін­де елді басқа­руы керек қой, алай­да «үш әріп» бел­сен­ділерінің заң­сыз әре­кет­теріне тосқа­уыл қоюға дәр­мені жет­пе­ген, тіп­ті кіта­пқа ара түсе алмаға­ны­на не дер­сіз? Ауыл­дағы ақсақа­лы мен «қара­сақа­лы» да ауы­зда­рын аша алмаған.

Мен – Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері­мін. Еке­уін де сатып алған жоқ­пын, пре­зи­дент­тің үкі­мі­мен алып, төс­бел­гісін пре­зи­дент­тің өзі кеу­де­ме таққан. Демек, мен пре­зи­дент­тің наза­рын­дағы адам­мын, менің кітап­та­рым­ды ешқан­дай сот­тың шеші­мін­сіз, заң­сыз өртеп жібе­ру­ге кім­нің қақы­сы бар? «Нұр Отан» деген пар­тия билік­тің идео­ло­ги­я­сын ұстап оты­рған ұйым десек, жер­гілік­ті жер­де­гі бөлім­ше­лері қай­да қарап отыр? Осы бас­сызды­қты неге тек­сер­мей­ді, асы­ра сіл­те­ушілер­ді неге жау­а­пқа тартпайды?

 

– Біздің газет­ке жет­кен дерек бой­ын­ша, сіздің сол кіта­бы­ңы­зды жинап алып, жағып жібе­ру­ге ҰҚК-нің ақпа­ры бой­ын­ша облыс әкім­шілі­гі нұсқау бер­ген екен. Ал қолын­да билі­гі жоқ жер­гілік­ті шолақ бел­сен­ділер қайт­сін – қатаң нұсқа­уды орын­даған екен…

– Жоға­ры­да айтып кет­тім, «үш әріп­тің» үстем­ді­гі баяғы сол қуғын-сүр­гін зама­нын­дағы­дай деп. Кей­iн бар­лап қара­сам, кiта­пқа тый­ым салу науқа­ны Семей өңiрiн­де бұрын­нан етек алған көрi­недi. Олай дей­тiнiм, биыл ақпан айын­да Семей қала­сы­на жолым түстi. Менi ешкiм шақы­рған жоқ, туған наға­шым Шәрiп Ақы­шұлы­ның қаза­сы­на барған­мын. Сол қара­лы күн­дер­дiң бiрiн­де қала зия­лы­ла­ры менi Абай кiта­п­ха­на­сын­да кез­де­су­ге шақыр­ды. Алда келе жатқан 80 жыл­ды­қты желеу етіп шақы­рған соң, амал­сыз бар­дым. Сен­сеңiз, бұл менiң Семей қала­сын­да өткен алға­шқы кездесуiм.

Айтай­ын дегенiм, залға жұрт жиналған­ша, мен кiта­п­ха­на­ны ара­лап шықтым. Кiта­п­ха­на қоры бай, ескiлi-жаңа­лы мың­даған кiтап тұр. Кей­ін­гі буын – жастар­дың да кітап­та­ры бар екен. Жазу­шы­ның әдеті емес пе, ең алды­мен өзінің кіта­бын іздей­ді. Бұл кiта­п­ха­на­да менің де, Мұх­тар Маға­у­ин­нің де бiр­де-бiр кiта­бы жоқ. Менi ертiп жүр­ген кiта­п­ха­на­шы келiн­шек­тің айтуын­ша, мұн­да бiздiң кiтап­та­ры­мыз болған екен. Соңғы жыл­да­ры жоға­ры­ның нұсқа­уы­мен әлдебiр бел­сен­дiлер сөре­ден алды­рып тастаға­нын, сыбыр­лап айтты…

Әңгi­ме осы кiта­п­ха­на­дан бастал­ды. Залға екi жүз­дей адам жина­лып­ты: мұғалiм­дер, жур­на­ли­стер, бұры­нғы «атқа­мi­нер­лер». «Менің кітап­та­рым мұн­да жоқ екен, сіз­дер кім­нің кіта­бын оқып жүр­сіз­дер? – деп сұра­дым. – Шығыс Қаза­қстан­нан шыққан екі Халық жазу­шы­сы бар, бірі – Мұх­тар Маға­у­ин бол­са, екін­шісі – мен! Еке­умізді де ел-жұрт клас­сик деп тани­ды..» – десем, бәрі үнсіз отыр. Сол жиын­да Шығыс Қаза­қстан­дағы жағ­дай­дан секем алдым. Бірақ дәл осы жолы 80 жасым­ды еле­мей қояды, халы­қтың сұра­ны­сы­на құлақ аспай­ды, мені халы­қ­пен кез­де­стір­мей қояды деп ойла­маған едім. Абай кiта­п­ха­на­сын­дағы бiздiң кiтап­та­ры­мы­зға салы­нған тый­ым мен Үржар­дағы кiтап өртеу бiр тамыр­дан тараға­нын­да күмән жоқ.

 

– Шығыс Қаза­қстан облы­сы десеңіз, оның ар жағын­да Семей облы­сы­ның құлағы қыл­ти­яды. Осы өңір­ден шыққан аза­мат­тар, кезін­де­гі Алаш ары­ста­ры­нан бастап, бер­гісі Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да қуғын көр­ген­дер солақай сая­сат­тың сой­ы­лы­на тап бол­ды емес пе?..

– Әншей­iн­де Шығыс Қаза­қстан­да «Бiз Абай елiнiң, Мұх­тар елiнiң аза­ма­ты­мыз» деп мақтанған­да, бөрiк­терi қазан­дай бола­ды. Шығы­стан шоқты­ғы биік аза­мат­тар шық­па­ды деп кім айта ала­ды? Мем­ле­кет басқа­ра­тын жігіт­тер шықты, Серік­бол­сын Әбділ­дин, Әке­жан Қажы­гел­дин, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Төлен Тоқ­та­сы­нов сын­ды аза­мат­тарға облы­стың тіз­гінін тигіз­беді. Шығы­сқа жаны аши­тын аза­мат­тар­ды билік­ке жолат­пай­ды. Ұлт­тық потен­ци­ал­дың қуа­тын толық пай­да­ла­на алмай отырмыз.

Бұл өңір­ді кім биле­меді, жеті жыл Мет­те деген неміс ұлты­ның өкілі, жақ­сы-жаман демей­мін, бірақ қаза­қтың мүд­десін ойла­ды деп айта алмай­мын. Одан кей­ін Хра­пу­нов бес жыл әкім бол­ды, ол да қаза­қтың көсе­гесін көгерт­пе­гені бел­гілі. Сон­дай тағы да бір өткін­ші жауын­дай қысқа уақыт облыс басқарған­дар бол­ды. Ал Бер­ді­бек Сапар­ба­ев пен Өске­мен қала­сы­на әкім болған Ислам Әбі­шев еке­уі төрт-бес жыл­да облы­стың бет-жүзіне иман кел­тір­ген­дей болып еді. Абай­ға ескерт­кіш орна­ты­лған­да: «Бұл қалаға Абай кел­ді, соңы­нан шұбы­рып біз кел­дік», – деген едім. Кере­мет мешіт салын­ды, облы­ста жақ­сы жаңа­лық бол­са, мені шақы­ра­тын. Облы­стың түр­ле­нуі оны басқа­ра­тын аза­матқа бай­ла­ны­сты екен. Әкім қалай кет­ті, Өске­мен шалақа­за­қта­нып, саз­бет­теніп, таз қал­пы­на түсті. Бұрын Сапар­ба­ев­пен ақыл­да­сып, Қабан­бай­дың ат үстін­де­гі бей­несі осы жер­ге лай­ық деп, Қабан­бай көше­сінің бас жағын­дағы гүл­за­рды бел­гіле­ген едік. Әкім ауы­сқан соң, ескерт­кі­шті тіп­ті қалаға кір­гіз­бе­ген, Өске­мен­нен он шақы­рым, Семей­ге бара­тын жол­дың үстіне қой­ып­ты. Ескерт­кіш – най­за­сы төмен сал­бы­рап, әбден торы­ғып, мал қарап, әбден шар­шаған жола­у­шы­ның кей­пін еле­с­те­те­ді. Бір қызы­ғы, ескерт­кі­штің ашы­лу рәсі­міне мені шақыр­ма­ды. Айда­лаға орна­ты­лған ескерт­кі­шті көр­ген­де, менің басқа­ша сөй­лей­тінім анық. Содан қоры­ққан болуы керек.

 

– Қаб­деш аға, Жазу­шы­лар одағы­ның 80 жыл­ды­ғы­на қаты­сты «ДАТ» қа мынан­дай бір пікір айтқан едіңіз: «…Жазу­шы­лар­ды топ­та­сты­рған үлкен ұжым­ның осын­дай ата­у­лы мере­кесін­де осы ұжым­ның еңбе­гі ерен өкіл­деріне, арда­гер аға­ла­ры­на үкі­мет тара­пы­нан мара­пат­тар берілуі тиіс қой. Неге олар елеп-ескеріл­мес­ке? Демек, Жазу­шы­лар одағы­мен ешкім сана­спай­тын болға­ны ғой», – деген едіңіз. Енде­ше Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның хатын місе тұт­пау – облыс бас­шы­сы Дани­ал Ахме­то­втің кінәсі­нен гөрі, Ақор­да­дан түсетін арнайы нұсқа­уға тіреліп тұрған тір­лік емес пе?

– Көңіл­ге дөп тиетін сұрақ екен. Өзім де осы­лай ма екен деп ойлап жүру­ші едім. Аудан әкі­мі – облы­сқа, облы­стың әкі­мі – Ақор­даға, ондағы шене­унік­тер­дің қас-қабағы­на қарай­ды. Менің 60 және 70 жасқа толға­ным­да, Назар­ба­ев маған құт­ты­қтау хат жібе­ретін. Осы жолы ондай құр­мет жасал­ма­ды. Сенат төраға­сы – Қ.Тоқаев, Жоғарғы сот төраға­сы – Қ.Мәми, Мем­ле­кет­тік хат­шы –Г.Әбдіхалықова құт­ты­қтаған пап­ка­лар бір құшақ бол­ды. Деген­мен, жұрт­тың көбі пре­зи­дент­тің құт­ты­қта­уын күте­ді екен.

Осы жолғы әңгі­мені жасыр­май­ын, бір дел­дал­дар кел­ді: Назар­ба­ев­тың құт­ты­қта­уын алу үшін, Алма­ты қала­сы­ның әкім­ді­гі жасап бер­ген шақы­ру қағазы­мен бір­ге пре­зи­дент­тің аты­на өтініш хат жазып, жібе­руім керек екен. Өлер­де­гі сөзім­ді айтып, бас ұруым керек екен. Бүгін­гі хал­ге жетуім сол кісінің арқа­сы екенін айтып, хат жазып, шақы­руым­ды жібер­сем, бүгін жазған хатым ертең-ақ пре­зи­дент­тің алды­на жетіп, одан арғы күні құт­ты­қтау хат қолы­ма тиеді екен. Бұрын­да­ры құт­ты­қтау алып жүр­ген­дер осын­дай жол­дан өте­ді екен. Содан әлгі дел­дал­дарға айт­тым: «Рах­мет ақыл­да­ры­ңа, құт­ты­қта­уды сұрап алу, табиға­ты­ма жат. Маған пре­зи­дент­тің аты­нан бұрын да хат кел­ген. Мем­ле­кет­тік дәре­же­де­гі мара­пат­тың бәрін сол кісінің қолы­нан алғам, мені ұмыт­паған шығар. Сек­сен­ге кел­ді деп құт­ты­қтап жат­са, маған мәр­те­бе ғой. Бірақ ондай құт­ты­қта­уды сұрап алмай­мын», – деп, дел­дал­дарға той­та­рыс бердім.

Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің маған деген салқын­ды­ғы көп­тен бері бай­қа­лу­да. Жазу­шы­ларға 1995 жылы тағай­ын­далған мем­ле­кет­тік сти­пен­дия деген бар: себебі әде­би­ет пен өнер бюд­жет­тен сырт қалған соң, шығар­ма­шы­лық қауым­ның нара­зы­лы­ғын басу үшін, жазу­шы, сурет­ші, ком­по­зи­тор­лар­дың жүз шақты­сы­на мем­ле­кет­тік сти­пен­дия тағай­ын­да­ла­ды. Бұрын­да­ры сол сти­пен­ди­я­ны мен де ала­тын едім, жеті-сегіз жыл бұрын сол тізім­нен мені және Мұх­тар Маға­у­ин­ды сызып тастап­ты. Елі­міз­де бес-алты Халық жазу­шы­сы бар, алды тоқ­сан­нан асты, арты­нан ілес­кені 75 жаста, солар­ды ала­ла­май, сол сти­пен­ди­я­ны беру­ге бола­ды ғой. Бұн­дай шөмі­ш­тен қысу – эко­но­ми­ка­лық жақтан қысым көр­се­ту емес пе?

 

– Мұн­дай қысым көру­ге не себеп бол­ды деп ойлайсыз?

– Оған себеп – менің бүгін­гі билік­ті, оның басын­да оты­рған­дар­ды қол­паштап ештеңе жаз­ба­уым. Қоғам­да өзім көр­ген қай­шы­лы­қтар­ды, үкі­мет тара­пы­нан жүр­гізіліп жатқан рефор­ма­лар­дың қателік­терін жаз­дым. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын қалай құр­тып алға­ны­мы­зды ізіне түсіп тұрып жаз­дым. «Әде­би­ет – өмір­дің айна­сы» дей­міз, енде­ше бетің қисық бол­са, айнаға несіне өкпе­лей­сің? Келе­шек ұрпақ бүгін­гі назар­ба­ев­тық дәуір­дің шын­ды­ғын қай жазу­шы­ның шығар­ма­сы­нан оқып, біледі? Билік­ті мадақтап, өлең, мақа­ла, арнайы повесть, роман жаза­тын сарай жазу­шы­ла­ры­нан ба, әлде қоғам­ның қай­шы­лы­қта­ры мен қиын­ды­ғын ашық сурет­те­ген менің шығар­ма­ла­рым­нан шын­ды­қты таба ма?

Иә, жасы­ра­тын несі бар, жазу­шы­лар екі топқа бөлін­ді, бірін­шісі сарай жазу­шы­ла­ры десек, біз алмаған сти­пен­ди­я­ны солар ала­ды. Жақ­сы үйде солар тұра­ды, жақ­сы қыз­мет те соларға бұй­ы­ра­ды. Келесі топ – халық жағын­да жүретін­дер. Мені ешкім де «оппо­зи­ция» демей­ді, өйт­кені ешқан­дай сая­си пар­ти­яда жоқ­пын, халы­қтың басы­нан кешіп оты­рған тауқы­мет­ті айту­дан жалы­ққан емес­пін. Жара­ту­шы иеміз маған тіл мен дарын­ды пат­ша мен әкім­ді мақтау үшін емес, халы­қтың мұңын мұқтап, жоғын жоқта деп бер­ді. Мен сол мис­си­я­ны атқа­рып жүр­мін, оған еш өкін­бей­мін! Сти­пен­ди­я­сыз да, зей­не­тақым­мен күнім­ді көріп жатырмын.

 

– «Ақ қағаз – арым, қара сия – қаным» деп ағы­нан ақта­ры­ла­тын Қаб­деш аға­ны өмір бойы кәсі­би жазу­шы болған десек, қазір­гі кітап оқы­май­тын жас ұрпақты сен­ді­ре ала­мыз ба? Егер сен­ді­ре алма­сақ, бұл да қоғам­ның рух­сызда­нып бара жатқа­нын дәлел­дей­тін бір жәйт болға­ны ма?

– Кәсі­би жазу­шы деп кім­ді айту керекті­гін кім біл­сін, өзім өмірім­ді әде­би­ет­ке арнаған адам­мын. Қыз­мет­ті тастап, бір­жо­ла твор­че­ство­мен айна­лы­сқа­ны­ма – 40 жыл болып­ты. Үлкен қыз­мет беріп, оны алма­дым десем, өтірік болар. Өйт­кені маған ешкім­де қыз­мет ұсын­ба­ды. Сөйт­сем, «КГБ»-ның шет­тен кел­ген­дер­ді жау­ап­ты қыз­мет­ке қой­мау керек деген тағы бір заңы бар екен. Мем­ле­кет­тік бас­па коми­тетін­де (Гос­ком­из­дат) аға редак­тор деген бол­ма­шы бір қыз­мет­тен өтініш жазып, кетіп бара жатқа­ным­да, министр Шери­аз­дан Еле­уке­нов өтіні­ші­ме бір­ден қол қоя сал­май, былай деп сұра­ды: «Жасың енді ғана қыры­ққа кел­ді, алдағы уақыт­та жаза­тын кітап­та­рың бар, осы жер ыңғай­лы бола­ды…» – деді. «Маған біре­гей қыз­мет бер­медіңіз­дер, енді пле­бей болып жүр­гім кел­мей­ді» деп қал­жы­ң­да­дым. Сон­да Шери­аз­дан шынын айт­ты: «Бас редак­тор­лы­ққа, оның орын­ба­сар­лы­ғы­на қой­ғым кел­ген, бірақ осын­дай бір заң бар, сені ұстап тұрған мен емес, шека­ра­ның ар жағы­нан кел­ген­дер­ді жау­ап­ты қыз­мет­ке қой­дыр­май­ды», – деген еді.

ҰҚК-ның Жарғы­сы қай­та­дан түзілуі керек деп бекер айтып оты­рған жоқ­пын, ұлт­тың қауіп­сізді­гін менен артық ойлай­тын, ұлт­тың мүд­десін менен артық қорғай­тын кім бар екен? Мен – ұлт жазу­шы­сы­мын, ес-дер­тім ұлтым­ның мүд­десі. ҰҚК-нің шолақ бел­сен­ділері кім­нің кіта­бын тәр­кілеп, өртеп жүр­генін өздері біле ме екен? Тым бол­ма­са, идео­лог­та­рын шыға­рып, кіта­бым­ды сынап, «мынау – өтірік, мынау – жала» деп әшке­ре­лесін. Үнде­мей қаба­тын ит сияқты, үн-түн­сіз кіта­бы­ң­ды жинап алып, отқа тастай­ды. Оларға ондай құқы­қты кім бер­ген? Сол сұрақты мен әлі билік­тің алды­на қоямын.

 

– Өзіңіз айт­пақ­шы, «Ғұмы­рым­ды кәдім­гі фанат­тар секіл­ді тек осы ала қағазға, жазу-сызуға арнап­пын» деген­де, бүгін, міне, сек­сен­нің де сең­гірі­нен асты­ңыз. Жал­пы, елдің өнері мен мәде­ни­етіне еңбек сіңір­ген, руха­ни­ятқа үлес қосқан тұлға­ны ұлы­қтау – жас ұрпақты тәр­би­е­ле­удің бір теті­гі бол­мас па?

– Өрке­ни­ет­ті елдер­де талант­ты адам­дар­ды ұлт­тың бай­лы­ғы, алтын қазы­на­сы деп танып, олар­ды қорғау – мем­ле­кет­тің мін­деті деп сана­ла­ды екен. Одақта жеті жүз жазу­шы бар дей­ді, соның іші­нен әде­би­ет­ті жасап жүр­гені – 20–30 адам. Тың тақы­рып­тар­ды ашып, әде­би­ет­ті жаңа қыры­нан сурет­тей­тін сол дарын­дар­ды билік көздің қара­шы­ғын­дай қорға­уы керек. Ал біздің елде бәрі керісін­ше, қорғаған түрі анау – кіта­бы­ң­ды өртейді.

 

– Бүгін­гі билік руха­ни­ят өкіл­дерін қақ жарып, жар­ты­сын бауы­ры­на басып, қалға­нын кеуде­ден ите­ретін сая­сат­тың салқы­нын сіз­ден артық татқан жазу­шы жоқ шығар. Осы ала­ла­удың аста­ры­на үңіліп көрейікші!

– Ала­ла­удың аста­рын­да – ұлт­тың бола­шағы­на деген немқұрай­ды­лық жатыр. Өздерінің тақта, билік­те ұзақ оты­ру мақ­сат­та­ры үшін жан­да­рын сала­тын­дар сын айтқан адам­нан қорқа­ды. Өзің тақта нық оты­рған бол­саң, елдің алдын­да қыз­метің ашық бол­са, неден қорқа­сың? Көше­ге бір 20–30 адам шық­са, шеру жаса­ды деп дүр­лі­геді. Демек, билік­тің арты таза емес – былға­ныш: біреу бол­ма­са, біреу қоя­мы­зды ашып қояды деп сес­ке­неді. Қазақ ауыл­дан қолын үзіп, қалаға келіп, арбаға жегіл­ді, мен соны жаз­дым. Қыл­мыс жасау көбей­ді. Билік халы­қа­ра­лық тер­мин­ді ұна­та­ты­ны сон­ша­лық – «діни экс­тре­мист», «тер­ро­рист» деп дау­ры­ға­ды. Біз­де тер­ро­рист те, экс­тре­мист те жоқ, олар­дың аты біреу – ашы­нған адам­дар. Жүр­гізіліп оты­рған сая­сатқа, билік­ке нара­зы­лы­ғын біл­дір­ген­дер­ге халы­қа­ра­лық таң­ба басу­дың кере­гі не?!

Біз – руха­ни кедей­шілік­ке тап бол­дық. Құл­ды­рап кет­кен эко­но­ми­ка­ны бес-он жыл­да қалай көте­ру­ге бола­ты­нын Қытай­дағы Ден Сяо Пин дәлел­деп бер­ді. Ал құл­ды­раған мәде­ни­ет­ті, руха­ни­ят­ты көте­ру үшін кемін­де елу жыл керек!

 

– «Елу жыл­да ел жаңа» демек­ші, бұл кезең­нен де өтер­міз, Қаб­деш аға! Ашық айтқан әңгі­меңіз­ге рах­мет, орта­мы­зда аман жүріңіз!

Сұх­бат­тасқан –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн