Суббота , 5 июля 2025

Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы: Судьялар өздерінің және президенттің АБЫРОЙЫН ОЙЛАУЛАРЫ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

Мәсе­ленің мәні

 


 

 

– Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы соты­ның Аза­мат­тық және әкім­шілік істер бой­ын­ша кас­са­ци­я­лық сот алқа­сын­да «Жас Ала­шқа» қаты­сты іс қаралға­нын газеті­міздің өткен санын­да оқыр­ман­дарға хабар­лаған едік. Енді соның жай­ын кеңі­нен тарқа­тып айтсаңыз.

– «Ака­де­мик» отба­сы­мен сот­та­сып жүр» деген мақа­ла «ар-намысы­ма, іскер­лік беделі­ме нұқ­сан кел­тір­ді» деген емші-дәрі­гер Жасан Зекей­ұ­лы газеті­мізді сотқа бер­гені мәлім. Алма­ты қала­сын­дағы Алма­лы ауда­ны­ның №2 соты мен қала­лық сот­тың апел­ля­ци­я­лық алқа­сы оның талап­та­рын іші­на­ра қанағат­тан­ды­рған бола­тын. «Жас Алаш» ЖШС, бас редак­тор, тіл­ші, талап­кер­дің әйелі және қай­ын ата­сы, оған қоса газет оқыр­ма­ны 40 мил­ли­он тең­ге мораль­дық зиян кел­тір­ді деп сот­тар шешім шығарды.

Бұған, әрине, біз келіс­пе­дік. Өйт­кені талап арыз негіз­сіз. Мақа­ла заң орын­да­ры­ның құжат­та­ры­на, аны­қталған айғақтарға, болған нақты­лы оқиға­ларға сүй­еніп жазы­лған. Ар-намысқа тиетін­дей сөз, сөй­лем жоқ. Оған қоса талап­кер­дің өзі ұсы­нған терісте­ме мақа­ла­сы да жари­я­ланған. Оның өзіне қаты­сты көр­сетіл­ген жайт­тарға түсінік­те­месін, пікірін, ой-көзқа­ра­сын біл­діруіне толық мүм­кін­дік бер­дік. Бұлай ету, бір­жақты кет­пеу – біз­де қалып­тасқан тәр­тіп. Алай­да баста­пқы екі сот саты­сын­да мұның ешқай­сысы ескерілмеді.

 

– Нелік­тен? Тәу­ел­сіз басы­лым­ды тұқыр­ту, үнін өші­ру үшін билік­те­гілер осын­дай сәт­тер­ді пай­да­ла­нып қала­ты­ны бар емес пе? Бәл­кім, сон­дай күш­тер сот­тар­дың істі әділет­ті қара­уы­на кедер­гі кел­тір­ген шығар?

– Қоғам­да сіз айтқан­дай пікір бар. Оны жоққа шыға­ра алмай­мыз. Қаза­қстан­дағы сот­тар­дың жай­ын бір кісі­дей біле­міз. Қан­ша­ма сот про­це­стеріне қаты­стық. Ақты – қара деп, міз­бақ­пай­тын, ар-ұятын ұмы­тқан судья­лар­ды да көр­дік. Әсіре­се олар жоға­ры­дан түс­кен сая­си тап­сыр­ма­ны орын­дау кезін­де мылқау, көр­соқыр бола қала­ды және ешбір қай­мы­қ­пас­тан заң­ды бел­ден басып, үсті­нен аттап өте­ді. Ондай­ларға таңқа­лу­ды қой­дық. Әрине, өте жиір­кені­шті! Басқа барар жерің жоқ, амал­сыздан сон­дай сот­тар­дың алдын­да түйе еме­сті­гіңді дәлел­де­умен шаршайсың.

Біздің ісі­міз­ге қан­дай күш­тер­дің ықпал еткені келе­шек­те нақты­лы айқын­да­ла жатар. Бұл заман­да құпия қала­тын нәр­се жоқ. Бүгін бол­ма­са, ертең-ақ пер­десі түріледі. Біз қазір­ше мұның бәрін сот­тар­дағы қателік­тер қата­ры­на қосайық.

Деген­мен, назар ауда­ра­тын тұстар бар­шы­лық. Талап­кер баста­пқы­да газет­ті 6 айға жап­ты­рып таста­уды талап етті. Бұлай ету заң­да қарал­маған, соған қара­ма­стан, сот ары­зды қабыл­дап, қара­уға кірісті. Талап ары­здың алға­шқы нұсқа­сын­да Ә.Әлиханның аты-жөні жазыл­маған еді. Әкесі деп қана көр­сетіл­ген. Мен Жоғарғы сот алқа­сын­да «Сон­да істі қара­уға алған судья­лар әкесінің кім екенін иіс­кеп біл­ген бе?» деген сұрақ таста­дым. Бұл кісінің дау туды­рған мақа­лаға қан­дай да бір қаты­сы жоқ. Аты-жөні атал­маған, сөзі кел­тіріл­ме­ген, бей­мәлім адам. Бар жазы­ғы – газет­тен көмек сұраған Гүли­я­ның әкесі болған­ды­ғы, Жасан Зекей­ұлы­на қызын төрт бала­сы­мен тастап, қара­уын­дағы қыз­мет­керіне үйлен­ген­де құп­та­маға­ны және бұрын­да­ры өзіне ұры­сқа­ны. Ал газет оқыр­ма­ны Қабен Мұқанұлын қол­дан жау­ап­кер жаса­ды. Оның да аты-жөні мақа­ла­да атал­маған. «Ака­де­мик» отба­сы­мен сот­та­сып жүр» атты мақа­ла­ны оқып, біре­улер­ге айтқа­ны үшін «кінәлі» екен. Соны­сы үшін 40 мил­ли­он­ды төлей­тін­дер­дің қата­рын­да жаза­ға тар­ты­лға­нын қалай түсі­не­міз? Мұн­дай қызы­қты қай әлем­нен таба­мыз, ондай­ды есті­геніңіз бар ма?

 

– Газет мате­ри­а­лын оқып, ол тура­лы пікірін бөліс­кен­дер­ді әкім­шілік жаза­ға тар­ту, Құдай бетін әрі қыл­сын, әдет­ке айнал­са, оқыр­ман ата­улы­ны жап­пай айып­кер сана­са, не бол­мақ?! Ойла­удың өзі қорқы­ны­шты ғой.

– Міне, Қаза­қстан соты осын­дай сорақы­лы­ққа қадам басып барып, тоқтап қалды.

 

– Осы­ны қалай тоқтатқан­да­ры­ңы­зды баяндасаңыз.

– Алды­мен Ә.Әбілбекті не үшін жау­ап­кер еткен­ді­гі тура­лы мәлім етейік.

Біз Алма­лы ауда­ны­ның №2 соты­ның судья­сы А.Бейсеуоваға талап­кер­дің қай­ын ата­сын не үшін жау­ап­кер жасаға­нын аны­қтау үшін, Ж.Зекейұлын сот про­цесіне шақыр­ту­ды талап еттік. Ол кел­ді, ертең­нен түс ауған­ша өзі тура­лы – пре­зи­дент қолы­нан алғыс хат алған­ды­ғын, меди­ци­на ғылы­мы­ның док­то­ры, про­фес­сор, ака­де­мик атақта­рын иелен­генін, «мәр­те­бесі жоға­ры, үлкен лау­а­зым­ды, «Елін сүй­ген, Елі сүй­ген», бел­гілі дәрі­гер, білік­ті ғалым… бар­лық жақ­сы атақ бір басы­нан табы­ла­тын аза­мат» екенін, т.б. тіз­бек­теп шықты. Бір айтқа­нын қан­ша рет қай­та­лап жат­са да, судья сөй­ле­те бер­ді. Біздің нақты­лы іс бой­ын­ша айтуын сұраға­ны­мы­зды құлаққа қыстырмады.

Ақы­рын­да сұрақтарға жау­ап беру кезін­де ол өз әре­кетін былай түсін­дір­ді: «…Өйт­кені менің биз­несі­ме, «Жас-Ай» орта­лы­ғы­ның ашы­луы­на көмек­тес­кен Май­е­ме­ро­ва Айша­мен құрған отба­сым­ды құп көр­ген жоқ. Сон­ды­қтан мен бұл кісіні ашық май­данға шақыр­дым. Кезін­де арақ ішіп алып, маған айт­паған нәр­сесі қал­маған. Оның бәрінің жаз­ба­сы бар. Сон­ды­қтан ол қан­дай адам, заты қан­дай адам, осы кісі­ден де құзыр­лы орган бір сұрап көр­сін­ші – маған не өшті­гі бар екен деп сотқа бер­генім, шақыр­тқа­ным шындық».

Бұл оның сот­тағы өз сөзі. Зекей­ұлы­ның бізді сотқа беруінің себебі газет­те шыққан мақа­ла емес екен, кеше­гі қай­ын ата­сы Май­е­ме­ро­ва­мен құрған отба­сын құп көр­ме­гені үшін, құзыр­лы орган­дар көр­сін­ші, не өшті­гі бар екенін білей­ін деп сотқа шақыр­тып­ты. Газет­те­гі мақа­лаға ешбір қаты­сы жоқ талап­ты судья­лар­дың қара­уға алға­нын, соны негіз етіп, жау­ап­кер емес адам­ды жау­ап­таға­нын не дей­міз? Заң­сыздық па, әлде ақы­мақтық па? Жоғарғы сот­та осын­дай сау­ал қой­дым, өздері аны­қ­та­сын деп. Міне, осын­дай дәлел­дер­ден соң алқа­дағы­лар шегі­нер­ге жер тап­па­са керек.

 

– Енді оқыр­ман­ның жай­ын түсін­дір­сеңіз. Ол нелік­тен жаза­лан­ды? Шыны­мен-ақ оқы­ға­нын басқа жұр­тқа айтқа­ны үшін бе?

– Дәл солай, «оқы­дым, оны басқа­ларға алай екен, былай екен» деп айтқа­ны үшін. Қ.Мұқанұлы Ж.Зекейұлының ықпа­лын­да кетіп, оның айтқан­да­ры­на сеніп қалған­ды­ғын редак­ци­яға жазған хатын­да ашық мәлім­деді. Ол былай дей­ді: «Жасан мені өз жағын­да болуға көн­дір­ді. Менің «Ака­де­мик» отба­сы­мен сот­та­сып жүр» деген мақа­ла­ны оқы­ға­ным­ды пай­да­ла­нып кет­ті. Жасан­ның өтіні­шін мен жер­ге тастай алма­дым… Мен Жасан айтқан­дай жаса­дым. Сот­та газет­те­гі мақа­ла­ны оқы­дым. Оны айна­лам­дағы кісілер­ге айт­тым дедім. Сот менен ол мақа­ла­дағы қан­дай сөз­дер­ді айт­ты­ңыз, Зекей­ұлы­ның ар-намысы­на тиетін қан­дай сөз­дер­ді газет­тен оқы­ды­ңыз деп сұраған жоқ. Мен кей­ін ойла­сам, мақа­ла­да Жасан­ды балағат­таған, оны қор­лай­тын­дай, дәлел­сіз, жалған сөз­дер жоқ екен. Мақа­лаға ашу­ланға­нын айтқан соң, түсін­бес­тік жасап алдым. Осым үлкен қателік бол­ды. Адво­кат кей­ін­гі сот­тың жиын­да­ры­на кел­мей-ақ қой деді. Сіздің бара­тын­дай қаты­сы­ңыз жоқ. Сіздің жұмысы­ңыз емес қалға­ны. Ешқан­дай талап қой­ыл­май­ды. Кешірім жасай сала­мыз деген соң сен­дім… Жасан­ның менің сен­гі­шті­гім­ді, көңіл жық­пас­ты­ғым­ды пай­да­ла­нып кет­кені қиын бол­ды. Ұятқа мен қалдым».

Бұл оқыр­ма­ны­мы­зға біздің рені­ші­міз жоқ. Ол өз қателі­гін түсін­ді. Өз абы­рой­ын қал­пы­на кел­тіру­ге қадам жаса­ды. Біз кезін­де судья А.Бейсеуованың тиісті емес жау­ап­кер­ді ауы­сты­ру жөнін­де­гі заң­ды, негізді өтіні­ші­мізді әдейі қол­да­май оты­рға­нын көзіне айтқан­быз. Оның себебі – жау­ап­кер саналған оқыр­ма­ны­мыз істі Алма­лы ауда­нын­да қара­ту үшін керек. Өйт­кені одан басқа бір­де-бір жау­ап­кер ол аудан­да тұр­май­ды. Сот­ты­лық тәр­тібі өрес­кел бұзыл­ды. Ал істі қара­уға дай­ын­дау және оны қарау бары­сын­да мұн­дай заң бұзу­шы­лы­қтың ұзын саны жиыр­ма бір­ге жет­ті. Сон­да да А. Бей­се­уова­ның заң­сыз шеші­мін Алма­ты қала­лық соты­ның апел­ля­ци­я­лық алқа­сы бекіт­ті. Судья Е.Нұралиев төраға­лық еткен бұл алқа­ның қызы­қта­ры тіп­ті көп. Кас­са­ци­я­лық сот алқа­сын­да мұның бәрін жай­ып салдық.

Қ.Мұқанұлының мүд­десін қорға­у­шы адво­кат Болат Қабыл­бек кас­са­ци­я­лық алқа­да өтініш-хат­ты қара­уға қаты­сты. Ол өзіне сенім­хат беру­шінің тіп­ті талап ары­з­бен таны­сты­рыл­маға­нын, сот шешім­дерін алмаға­нын, заң­нан хабар­сызды­ғын, қан­дай жағ­дай­да жау­ап­кер­лік­ке тар­ты­лға­нын, оның себеп­терін қысқа түр­де, бірақ нақты­лы баян­да­ды. Ақиқатқа алқа мүше­лерінің көзін жет­кізді. Жан-жақтан дәлел­деп берудің нәти­же­сін­де Қ.Мұқанұлын жау­ап­кер ету жөнін­де­гі Ж.Зекейұлының талап ары­зы қанағат­тан­ды­ру­сыз қал­ды­рыл­ды. Мұны жетістік сана­уға болады.

Ә.Әбілбек пен Г.Әлиханқызының адво­ка­ты Дар­хан Бай­о­ра­зов кас­са­ци­я­лық сот алқа­сын­да өтініш-хатын қысқа­ша баян­да­ды. Талап­та­рын негіз­деді, дәлел­дер кел­тір­ді. Орал­дан «Жас Ала­шты» қорғау үшін арнайы Аста­наға барған Қаза­қстанға кеңі­нен таны­мал заң­гер Абзал Құс­пан екі саты­дағы заң талап­та­ры орын­дал­маған тұстар­ды шеге­леп тұрып айтты.Оның қисын­ды уәж­дері шешім­дер­ді бұзуға толық негіз бола­ды. Құқық қорға­у­шы жур­на­ли­стер Ғалия Әже­но­ва мен Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва кел­тір­ген дәлел­дер бұл­тарт­пай таста­ды. «Түсінік­ті, бір-біріңізді қай­та­ла­маңы­здар, іспен таны­стық, біле­міз» деп қақ­пақыл­даған төраға­лық ету­ші А.Қасымов асы­ғы­стық таныт­са да, айты­луы тиіс мәсе­ле­лер­ді толық қам­туға ұмтылдық.

Кас­са­ци­я­лық сот алқа­сын­дағы біздің ісі­мізді қараған судья­лар Ж.Зекейұлының Алма­ты­дағы әдеті­мен өзін дәріп­теп, өтірік­терін үсте­ме­леп көсі­ле бер­геніне көн­беді. Бір­не­ше рет сөзін бөл­ді. Біздің оның талап ары­зы­ның негіз­сіз, қара­луға, ол бой­ын­ша талап­кер пай­да­сы­на шешім шыға­руға бол­май­тын­ды­ғы жөнін­де­гі негіз­де­ме­лері­міз­ге қар­сы уәж айта алма­ды. Ж. Зекей­ұлы­ның шынайы бей­несі өз әре­кет­тері­нен-ақ анық көрініп тұр­ды. Сол жақ кеудесіне тағып алған алақан­дай, сап-сары болып жал­ты­раған төс­бел­гісі де, қолы­на ұстаған ол тура­лы жазы­лған роман-кітап та, өзі мақта­на хабар­лаған, түсірілетін (әрине, Зекей­ұ­лы тура­лы) фильм де алқа мүше­леріне әсер етпе­ген секіл­ді. Мақтан­гөй­лер­дің талай­ын көр­се керек. Оның заң­гері де мар­дым­ды сөз айтпады.

 

– Соны­мен жал­пы нәти­же­сі не бол­ды? Алқа сот­тың шеші­міне көңіл­деріңіз тол­ды ма?

– Тол­ды деу­ге кел­мей­ді. Жоғарғы сот дау­лы істің нүк­тесін қой­ып, төмен­гі саты­лар­дағы заң бұзу­шы­лы­қтар­ды атап көр­сетіп, әділет­тілік­ті орны­қты­руы тиіс еді. Олай бол­ма­ды. Жар­ты­кеш шешім шығар­ды. Бұл ара­да біз сот (Жоғарғы сот та – Ред.) талап­кер­дің ғана ар-намысы мен абы­рой­ын емес, мем­ле­кет аты­нан шешім қабыл­дай­тын судья­лар­дың және олар­ды осы қыз­мет­ке тағай­ын­дай­тын пре­зи­дент­тің де абы­рой­ын ойла­уы керек дедік. Өйт­кені заң бұзу­шы­лы­ққа бара­тын, қан­дай да бір себеп­тер­мен – жемқор­лық пен сыбай­ла­стық, жеке мүд­делілік, ықпал­ды­лар­дың жете­гіне еру­шілік сал­да­ры­нан әділет­сіздік­ке жол беретін судья­лар өз абы­рой­ын төгеді. Өзіне сенім біл­дір­ген пре­зи­дент­тің абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­тіреді. Мем­ле­кет­ке, билік­ке сенім­сіздік, жек­көру­шілік осын­дай­дан шыға­ды. Міне, сон­ды­қтан төмен­гілер­дің заң­сызды­ғын тый­ып оты­ру, қателік­ті дер кезін­де түзе­ту аса маңы­зды. «Жас Ала­штағы» мақа­лаға бай­ла­ны­сты кас­са­ци­я­лық өтініш хат­ты қараған алқа құра­мын­дағы судья­лар – Е.Исмайылов, А.Қасымов, Т.Ибрашев, менің­ше, ол биік­тен көріне алма­ды. «Қарға – қарға­ның көзін шұқы­май­ды» деген осы.

«Мына­ла­ры­ңыз әділет­сіз шешім. Заң алдын­да жау­ап бер­мей­тін шығар­сыздар, бірақ ар мен халық алдын­да жау­ап­та­ла­тын сәт туар. Қоғам да қарап жат­пас, өз баға­сын айтар» деп, сот залы­нан шықтық.

Кас­са­ци­я­лық сот алқа­сы оқыр­ман Қ.Мұқанұлы мен Ә.Әбілбекті жау­ап­кер деп тану жөнін­де­гі Ж.Зекейұлының тала­бын негіз­сіз деп тап­ты, мораль­дық нұқ­сан үшін бел­гі­лен­ген 40 мил­ли­он тең­гені 5 мил­ли­онға түсір­ді. Сөй­тіп, біздің өтіні­ші­міз іші­на­ра қанағат­тан­ды­рыл­ды. Біз толық жеңіс­ке жет­кен­ше бар­лық заң шең­берін­де­гі мүм­кін­дік­тер­ді пай­да­ла­на­тын боламыз.

 

– 5 000 000 тең­гені не істей­сіз­дер, төлей­сіз­дер ме?

– Сот орын­да­у­шы­ла­ры 40 мил­ли­он­ның үстіне 25 пай­ы­здық пай­да­ла­рын қосып, қырып-жояр­дай екпін­мен кіріс­кен еді. Есеп­шо­ты­мы­зды жауып, менің үйім­ді бұғат­тап, шетел­ге шығуы­ма тый­ым сал­ды­рып тастаған. Солар­дан құты­лу үшін соңғы шешім­де­гі сома­ны төле­у­ге мін­дет­ті­міз. Қалай да газет­ті алаң­сыз шыға­ру­дың мүм­кін­дік­терін жасаймыз.

Қол ұшын созып, көмек көр­сет­кісі кел­ген оқыр­ман­да­ры­мыз, жана­шыр­ла­ры­мыз хабар­ла­сып жатыр. Халқы­мыз аман бол­сын, өзінің «Жас Ала­шын» «жауға таста­ма­сы­на» сенім­ді­міз. Сот қуда­ла­уы басталға­лы бері бізді қол­дап, қорғап келе жатқан Қаб­деш Жұмәді­лов, Серік­бол­сын Әбділ­дин, Мұх­тар Шаха­нов, Софы Сма­та­ев, Темір­хан Медет­бек, Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, Әмір­жан Қоса­нов, Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Талғат Айт­бай­ұ­лы, Рахым Айы­пұ­лы, Болат Шай­манұ­лы сын­ды көп­те­ген зия­лы­ла­ры­мы­зға, оқыр­ман­да­ры­мыз бен автор­ла­ры­мы­зға, «ДАТ» пен «Три­бу­наға», «Азатты­ққа», тәу­ел­сіз жур­на­лист әріп­те­стері­міз­ге риза­лы­қ­пен алғыс айтамыз!

 

Сұх­бат­тасқан –

Айсұ­лу ОСПАНОВА,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн