Пятница , 9 мая 2025

Тұйыққа ТІРЕГЕН трендтер

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

Уақыт тақы­ры­бы


 

 

Қоғам­дық өмір­де шетел­ден ат ары­тып кел­се де, қаза­қи құлаққа сіңіп кет­кен «тренд» деген тер­мин бар. Түп негізі қар­жы­лық болға­ны­мен, бүгін­де ол ақпа­рат­тық мән-маз­мұнға ие боп алды, ол дегеніңіз – дәл қазір, осы сәт­те қоғам­да қызу талқы­ла­нып жатқан тақы­рып­тар мен проблемалар.

Бұл күн­дері ел ішін­де мей­лін­ше жиі қозға­лып жатқан бес тақы­рып бар.

Бірін­шісі, сөз­сіз, Аты­ра­уда өтіп жатқан Макс Боқа­ев пен Талғат Аянға қаты­сты сот. Бұл про­цесс – адам құқы мен аза­мат­тық бел­сен­ділік­ке, керек десеңіз, түбе­гей­лі ұлт­тық мүд­де­ге Кон­сти­ту­ция емес, Қыл­мыстық кодекс тұрғы­сы­нан қара­удың «ең тама­ша» үлгісі! Берия мен Вышин­ский­дің ізба­сар­ла­ры твор­че­ст­во­сы­ның шары­қтау биі­гі! Жүген­сіз кет­кен жүй­енің «жемісі»!

Көр­мес – түй­ені де көр­мес! Сот бары­сын­дағы сәй­кес­сіздік­тер мен фак­тілер­ді бұр­ма­ла­у­шы­лы­қты билік көр­ме­ген болып, істі өз сце­на­рийі бой­ын­ша жүр­гізіп жатыр.

Бірақ «таң атпай­ын десе де, күн шыққа­нын қой­май­ды». Ерте ме, кеш пе – Аты­ра­удағы сот­тың ақиқа­ты ашылады!

Осы тренд­ке билік екін­ші бір тренд­ті қаты­сты еткісі келетінін аты­шу­лы Төле­шов ісі бой­ын­ша кеше ғана жари­я­ланған сот үкі­мі көр­сетіп отыр. Яғни, ел ішіне ылаң сап, мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ бол­ды деген шым­кент­тік оли­гарх­тың арам ойы­на осы екі адал аза­мат­ты да теліп қою!

Төле­шо­втың соты мен үкі­мі – өз алды­на бөлек бір әңгі­ме. О бастан ел ішін­де сенім­сіздік туғы­зған осы про­це­сті билік неге ашық түр­де емес, жабық өткізді? Нелік­тен қол­да бар дәлел­дер­мен елді өз уәжіне сен­дір­гісі кел­меді? Қаза­қстан секіл­ді тұтас бір мем­ле­кет­ті облы­стық дең­гей­де­гі бай­шы­кеш төң­ке­ре сала­ды деген ұста­ным­ды нелік­тен мей­лін­ше жария түр­де рас­та­ма­ды? Әлде өз сөз­деріне өздері сен­бей отыр ма?

 

Үкім­нің өзі күл­кілі жайт­тарға толы. Мәсе­лен, оның тәр­кі­лен­ген дүни­есінің ішін­де «30 бас жылқы, оның ішін­де 11 бас асыл тұқым­ды, екі ұрға­шы және бір атан түйе» ата­лып­ты. Не күлеріңді, не жыла­ры­ң­ды біл­мей­сің! Жал­пы айтқан­да, бір­не­ше үйі мен авто­көлі­гін қосқан­ның өзін­де оли­гарх­тың қар­жы мүм­кін­ді­гі мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға қауқар­лы деп айту­дың өзі ұят! Әлде ол қар­жы тер­геу мен сот бары­сын­да қол­ды боп кет­ті ме?! Айт­пақ­шы, кіші Төле­шов бостан­ды­ққа шықты, сөзіне қара­саң, жүні жығы­лып тұрған ол жоқ.

Жә, Төле­шо­вты ұзақ уақы­тқа түр­ме­ге жабар. Бірақ елба­сы Ақор­даға күле кіріп, күңірене шығып жүр­ген өз маңай­ын­дағы бар мәсе­лені осы­мен шештім деп ойла­са, қат­ты қателеседі!

Үшін­шісі – дүниені дүр сіл­кін­діріп, жан­күй­ер жұрт­тың жүре­гіне ине­дей қадалған допинг скан­да­лы. Осы күн­ге дей­ін төбе­міз­ге көтеріп, халық қаһар­ма­ны етіп қалап алған спорт­шы­лар масқа­ра боп, Олим­пи­а­да медаль­да­ры­нан айы­ры­лып қал­ды. Масқа­ра болға­ны, масқара!

Сөз жоқ, ота­ны­мы­здың гим­нін әлем­дік дода төрін­де шырқатқан, жастар­ды спор­тқа бау­лу­да тең­дес­сіз үлес қосқан олар кез кел­ген сый-құр­мет­ке лайық.

Бірақ! Халы­қа­ра­лық ұйым «допинг қол­дан­ды» деп айып тапқан­да, олар неге өз жеңістеріне адал маң­дай тер­дің арқа­сын­да жет­кенін бар дау­сын шыға­ра әлем­ге жар сал­ма­ды? Неге қар­сы­лық таныт­па­ды? Ең басты­сы – неге олар өздері келіс­пе­уі тиіс шешім­ге қаты­сты халы­қа­ра­лық сотқа жүгін­беді?! «Иесі кел­се, биесін бер!» – демей ме атам қазақ!

Тіп­ті сотқа барып, жеңіліп қалған­да да, олар­дың ел алдын­да беті ашық болар еді ғой?! Жүгіне қой­ма­ды. Көңіл­де қаяу қал­ды. Зай­ы­ғы болған медаль­дар мен мара­пат­тар! Кез құй­ры­қты лашын деп алда­нып қалған қай­ран қауым!

Төр­тін­ші тренд – «Q» әрпі тура­лы әңгі­ме. Көкіре­гі ояу, көзі ашық ағай­ын бұл мәсе­ленің линг­вист­ки­ка­лық емес, терең астар­лы гео­са­я­си мағы­на­сы бар екенін түсі­неді: өйт­кені қазақ әлі­п­биінің осы қаріп­ті қай­та жан­дан­ды­рып, төр­ге шыға­руы латын­шаға көшудің басы екені айт­па­са да түсінік­ті. Кей­бір ресей­шіл басы­лым­дар мен тұлға­лар­дың осы баста­маға ашы­қтан-ашық қар­сы шығуы­ның бір себебі осы.

Өз басым көз­ге де жылы ұшы­рап, тіл­ге де татым­ды «Q» әрпін қол­дай­мын. Бірақ кей­ін­гі кез­де кен­дірі кесіліп, кеже­гесі кей­ін тар­тқыш, халық десе, кес­кен жері­нен қан шық­пай­тын билік­тің былы­ғы мен шылы­ғы­ның арқа­сын­да әбден шар­шап, титы­қтап қалған Qazaq елінің қазір­гі таң­да бір әріп­тен басқа да маңы­зды про­бле­ма­ла­ры бар деп санаймын!

 

Әмір­жан ҚОСАНОВ,

арнайы «D» жоба­сы үшін

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн