Суббота , 5 июля 2025

ОН МЫҢ ТЕҢГЕ – «ЖАҚСЫ ЫРЫМ»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Тура­би­лер тұғыры

 


 

 

Жағым­паз­дар зама­ны қашан аяқталады?

Назар­ба­ев­тың 10 000 тең­ге­де бей­не­ле­нуін жағым­паз­дар әр түр­лі сыл­та­у­лар айтып ақта­уда. Олар­дың айтуын­ша, Ататүрк те, Ман­де­ла да өз елінің валю­та­сын­да бар екен. Назар­ба­ев­ты ол еке­уі­мен салы­сты­руға келе ме? Түрік бас­шы­сы елін аза­мат соғы­сы­нан сақтап қал­ды. Оңтүстік Афри­ка елінің баты­ры әділет үшін күресіп, 25 жыл түр­ме­де оты­рып, соңын­да пре­зи­дент болды.

Менің ойым­ша, Нұр­сұл­тан бола­шақ ұрпаққа сен­бей­ді. Бұл жай­лы фило­соф А.Шопенгауэрдің мына­дай сөз­дері бар: «Көзі тірісін­де өзіне ескерт­кіш қой­ған ада­мға ұрпағы сенім­сіздік танытады».

• Жәби СЕРІК

 

Пре­зи­дент мыр­за, не бір қаза­қтың ұлы тұлға­ла­ры бей­не­лен­ген тең­ге­міз құн­сызда­нып, айна­лым­нан жоғал­ды. 10 000 тең­ге­ге басы­ңы­здың басы­лға­ны құт­ты бол­сын! Сіз де енді бұдан былай алды­ңғы тең­ге­лер сияқты күн­нен-күн­ге басы­ңыз құн­сызда­нып, өмір айна­лы­мы­нан тірі­дей жоға­ла­сыз. Себебі – сіз алды­ңғы ұлы тұлға­лар­дан әулие емессіз!

Негізі, кім ойлап тап­са да жақ­сы ырым екен.

• Ардақ ӘШІМОВА

 

Билік­тің өздері ойлаған­дай, жауы – оппо­зи­ция емес, Ақор­да­ның айна­ла­сы ма дей­мін. Өйт­кені қазір­гі­дей дағ­да­рыс кезін­де халы­қты ашын­ды­ру жағы­нан жағым­паз­дық алды­на жан салар емес.

Эко­но­ми­ка­лық жағ­дай жақ­сы кез­де (Аста­на күні, Бірін­ші Пре­зи­дент күні, «Ұлт көш­бас­шы­сы» т.б.) жағым­паз­дық онша білін­бей қала­тын. Ал қазір­гі­дей қиын­шы­лық тұсын­да 10 мың тең­гелік банк­но­тқа Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның суретін салып (1993 жылы Назар­ба­ев төл тең­ге­міз шыға­ры­ла­тын тұста, ақшаға өз суретін салуға мүл­де қар­сы болған), айна­лы­мға шыға­руға ұмты­лу – жағым­паз­ды­қтың тағы бір ерен үлгісі болға­лы тұр.

Мұн­дай қадам тұр­мыстан қажы­ған, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан шар­шаған жұрт­ты ашын­ды­ра түсетіні анық. Қаза­қтар мұн­дай­ды «артық қыла­мын деп тыр­тық қыл­ды» дей­ді. Деваль­ва­ция анау – табан тірей­тін түрі жоқ. Бүгін­нің өзін­де бір дол­лар 345 тең­ге­ге жетті.

Банк­нот номи­на­лы құн­сызданған сай­ын, Елба­сы суретінің де құны төмен­дей бер­мей ме?! Пре­зи­дент­ті абы­рой­сыздан­ды­ру­дың бұдан өткен жолы жоқ. Ұлт­тық банк­тің жағым­паз­ды­ғы, айна­лып кел­ген­де – сая­си қателік. Жағ­дай­ды пай­ым­да­май – өз пре­зи­ден­тін масқа­ра­лау. Сон­ды­қтан Мем­ле­кет бас­шы­сы мұн­дай қада­мға дереу тоқтау сала­ды деген үміттеміз.

• Марат ТОҚАШБАЕВ

 

Басын­да абы­рой­лы еді… Қазір баға­сы түсіп, қадірі қал­ма­ды… Қай­ран он мың тең­ге! Бағаң 28 дол­лар ғана! Осы­лай кете бер­сең, құның нөл бола­ды-ау, ә‑ә-ә…

• Дина ЕЛГЕЗЕК

 

Қожа­на­сыр жұмыстан шар­шап келіп, кемпіріне:

– Қате-ен, маған піс­кен айран бер­ші. Тәбет­ті ашып, ас қоры­туға жақ­сы деп еді.

– Кеше тау­сы­лып қалып еді, қожайын.

– Жоқ болға­ны да дұрыс болып­ты. Ішсем изжо­га беріп, жүре­гім­ді қыжыл­да­тар, – деп­ті Қожа. Сөйт­се, бәйбішесі:

– Қоже­ке, біре­се жақ­сы дей­сіз, біре­се жаман дей­сіз. Сіздің қай сөзіңіз­ге сене­міз? – деп­ті. Сон­да Қожа:

– Бар бол­са – бірін­шісіне, жоқ бол­са – екін­шісіне сеніңіз! – депті.

Жаңа 10 мың тең­гелік­ті ұна­маған­нан емес, жоқ болған­нан сөз қылып оты­рған Ұлы Дала Кемең­герінің жаз­ба­сы ғой. Шіли, неғы­маңы­здар енді…

• Ержан Тәліп

 

Ұлт­тық банк нұр­сәу­лелінің бей­несін өте төмен баға­лаған екен. Тиын-тебені­мен қосқан­да небәрі 28 доллар.Инфляцияны есеп­тей­тін бол­сақ, бір жыл­дан кей­ін бір «назар­буб­лик­ке» 10 бак­стан кем беретін болады.

• Мұрат ТҰҢҒЫШБАЕВ

 

Телек­тен (теле­ди­дар – Ред.) қарай­ды, газет­тен қарай­ды, енді «баба­ла­дан» (ақша) қарай­тын бола­ды. Бұдан қай­да барып тығыл­сақ екен…

• Асқар АЛАШ

 

Тірі ада­мға?! Құдай­дан қорқыңыздар!

Бұл енді жеке басқа табы­ну­шы­лық деп ата­ла­ды. Осы­ны ойлап тапқан­дар, пре­зи­ден­ті­мен қосып, өздерінің сырт көз­ге қалай көрі­нетін­дерін түсін­бей­ді. Мұн­дай­ға тіп­ті ком­му­ни­стер рұқ­сат бермеген.

Деген­мен, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты еске­рер бол­сақ, бұл купю­ра келесі пре­зи­дент­тік сай­ла­уда жақ­сы үгіт қаға­зы бол­мақ. Дүкен­ге кіресің, ақшаң­ды бересің, ал саған бір «елба­сы­ға» – бір келі шұжық береді. Бұдан кей­ін кім­ге дауыс бере­рің сенің 10 «елба­сы­лық» жалақы­ң­мен сөз­сіз түсінік­ті бола­ды. Сон­ды­қтан бұлар елі­ре бер­сін – мұн­дай қару­мен қар­сы­ла­стың да қажеті бол­май қала­ды. Шама­сы, бұл диа­гноз шығар!

• Сер­гей ДУВАНОВ

 

«Тең­ге­ге пре­зи­дент­тің порт­ретін салу біздің валю­та­ның құнын одан да арт­ты­ра­ды. Бұл біздің ақша­мы­здың тұрақты­лы­ғы­на тағы бір кепіл­дік бола­ды» – дей­ді ҚР Ғылым Ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті М. Жұрынов.

Басқа әдіс қал­маған ба? Егер бұл кепіл­дік­ке түкіріп қой­ып, тең­гені тағы бір «құла­тып» тас­та­са, пре­мьер-министр мен Ұлт­тық бан­кінің бас­шы­сын қайтеміз?

• Бақыт­жан КЕТЕБАЕВ

 

Алды­мен тең­ге­де Елба­сы­ның қолы пай­да бол­ды, одан соң – оның күн­сәу­лелі бей­несі шықты. Ал соңын­да оның к…ті не болады?

• Айнұр ҚҰРМАНОВ

 

Егер Назар­ба­ев­тың бей­несі салы­нған купюр­мен есеп айы­ры­сар бол­сақ, күл­кі­ге неме­се қор­лы­ққа (қай­сысы оңтай­лы – өздеріңіз таң­дап алы­ңы­здар) тап бола­мыз. Мәсе­лен, жезөк­ше­мен бір сағат­тық «ойы­ның» – 10 мың тең­ге. Екі қорап ана­ша – 10 мың тең­ге. Жол-көлік тәр­тібін бұзу дере­гін база­дан алып тастау үшін «гаиш­ник­ке» беретін параң – 10 мың тең­ге. Мұн­дай купюр­лер­мен алы­нған алға­шқы пара қалай бола­рын сезіп тұрмын.

Кім­де тағы қан­дай осы­ған ұқсас нұсқа­лар бар?

• Лұқ­пан АХМЕДЬЯРОВ

 

(Пікір­лер ФБ-желісі­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн