Четверг , 1 мая 2025

Жұлдызай ДҮЙСЕНБИЕВА: Мені «шатақ мінезді» деуге ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

 

«Шан­шар» әзіл-оспақ теат­ры арқы­лы елге таны­лған актри­са Жұл­ды­зай Дүй­сен­би­е­ва «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры аясын­дағы сұх­ба­тын­да өзінің бала­лар теат­рын қан­дай мақ­сат­та ашып оты­рға­нын айтып бер­ді. Оның айтуын­ша, өмір бойы біре­удің қара­мағын­да жұмыс істе­ген­ді қала­маған екен.

 

− Жұл­ды­зай ханым, сізді сахна­дан неге көрін­бей кет­ті десек, өз теат­ры­ңы­зды ашып жатыр екен­сіз. Құт­ты болсын!

− «Жұл­ды­зай­дың жұл­ды­зда­ры» теат­рын өзім­нің жеке теат­рым мақ­са­тын­да қабыл­дай алмай­мын. Өйт­кені бұл дүй­ім қазақ бала­ла­ры­на жаса­лы­нған дүние. Деген­мен, оқуға кел­ген бала­лар­дың ешқай­сысын «кере­мет жұл­дыз қыла­мын» деп, жар салып шақы­ру­дан аулақ­пын. Бұл оқу сту­ди­я­сын өнер­ге бау­лу және руха­ни бай, тәр­би­елі де өне­гелі ұрпақ тәр­би­е­леу мақ­са­тын­да ашып отыр­мын. Ашы­лу сал­та­на­ты­на қонақ болып кел­ген үлкен­дер­дің: «Бала­лар­дың бар­лы­ғы өнер ада­мы болып кет­пес. Бірақ ең басты­сы ертең­гі күні «Жұл­ды­зай­дың тәр­би­есі­нен шыққан» деген­де үлкен еңбек жасаға­ны­ң­ды сезі­несің» деп айтқан асыл тілек­тері­нен жігер алған­дай бол­дым. Оқып жатқан қырық бала­ның қай-қай­сысы­ның өмір­леріне осы тәлім-тәр­би­ем­нің пай­да­сы тиіп жат­са, кере­мет емес пе? Бұдан басқа маған ешнәр­сенің қажеті жоқ.

– Сон­да сати­ра сахна­сы қай­да қалады?

– Мені әзіл-сықақ театр­ла­ры­нан енді көр­мей­сіз­дер. Бұл сахна­мен мәң­гілік­ке қошта­са­мын дегенім емес, әрине. «Алда­рас­пан» теат­ры­ның дирек­то­ры Нұр­жан Төлен­ди­ев алдағы қой­ы­лым­да­ры­на қонақ ретін­де қаты­суы­ма ұсы­ныс біл­діріп отыр. Сол жер­ден көріп қалу­ла­ры­ңыз мүмкін.

– Сати­ра алаңы­нан нелік­тен кетіп барасыз?

– «Екі кеменің басын ұстаған суға кетер» демек­ші, бір шару­а­ның ғана ете­гі­нен ұста­уды жөн көре­мін. Енді­гі­де тек бала­лар­мен жұмыс істей­мін. Оларға көбірек көңіл бөл­ген жөн. Сахна­да шошаң­дап жүре беру­ге де бол­май­ды, бұры­нғы­дай бой­дақ емес­пін. Одан бөлек бір әулет­тің келіні­мін, біре­у­ге жұбай­мын. Бір жарым жаста қызым бар. Ары-бері гастроль­ге шығып жүре алмай­мын. Менің жасым­да сал­мақты дүни­е­мен айна­лы­сқан дұрыс. Сати­ра сахна­сын­да жүр­гені­ме он бес жыл болған екен. Бұл біре­у­ге аз уақыт шығар, ал маған көп көрі­неді. Бұдан кей­ін­гі уақы­тым­ды бала­ларға арнап, артым­нан із қал­ды­рғым келеді. Тек сахна жаға­лап жүр­сең, кей­ін бола­шақ ұрпақ сені есіне қан­ша­лы­қты алып оты­ра­ды? Ары кет­се бір жыл айтар, одан кей­ін ұмыт бола­сың. Сол үшін де көлем­ді нәр­се­мен айна­лы­сқан­ды жөн деп таптым.

 

– Құра­мы бала­лар­дан ғана тұра­тын театр ашқан сіз ғана екен­сіз. Мұны өнер әле­міне алып кел­ген жаңа­лық деп қабыл­да­сақ болар ма екен?

– Иә, бала­лар теат­ры Қаза­қстан­да тұңғыш рет ашы­лып отыр. Көр­ші Өзбек, Ресей елдерін­де мұн­дай театр бар. Бала­лар­дың да қолы­нан іс келеді. Әрине, мил­ли­он­дап ақша тап­пай­ды. Бірақ өнер жағы­нан білі­мі жетік бола­ды. Оларға кезін­де өзі­ме ұстаз болған кісілер сабақ береді. Оқу сту­ди­я­мы­зға осы­дан алты-жеті ай бұрын кел­ген бала­лар­дың мінезі­нен кәдім­гі­дей өзгеріс бай­қа­ла­ды. Оны ата-ана­ла­ры да айтып жата­ды. Сон­ды­қтан біздің елі­міз­де де бала­лар теат­ры­ның болға­ны дұрыс.

– Бала­лар әле­мін таң­даға­ны­ңы­зға қарап, үлкен сықақ­шы­лар орта­сы­нан жалы­ққан ба деген де ой келеді екен…

– Әзіл-сықақ әле­мі­нен жалы­қтым дегенім дұрыс бол­мас. Өйт­кені ол да − өнер. Жал­пы «Адам­ды жыла­ту оңай, күл­ді­ру қиын» ғой. Тіп­тен қазір өзі адам жыла­у­ға дай­ын тұрған заман. Негізі басқы кез­де менің де әзіл-сықақ театр ашпақ ойым болған. Бірақ ерекше дүние жасай ала­мын ба, жоқ па? Өзге театр­ларға ұқсап кет­пей ме? Артым­нан ерген қыз­мет­кер­лер­дің жағ­дай­ла­рын жасай ала­мын ба деген ойлар маза­ла­ды. Өзім бір театр­да емес, үше­уін­де жұмыс істе­дім. Қал­таң­да ақшаң жоқ, үйсіздің күні не екенін біле­мін. Әзіл-сықақ теат­ры­ның тіке­лей мақ­са­ты табыс көзі деп ойлай­мын. Бұл айтқа­ны­ма әріп­те­стерім рен­жи­тін шығар…

Ал бала­лар теат­ры мүл­дем олай емес. Кіріп оты­рған кіш­кене табысы­ма қанағат ете­мін. Кей­де оқу­шы­ла­рым «Апай, кей­ін есей­ген­де, сіз­ге бір мәшине алып бере­міз» деп әзіл­деп жата­ды. Қазір өнер­ге елік­теп жатқан жастар көп. Бір ән жаз­ды­ра салып, «Неге мен Төреға­ли, Қай­рат бол­май­мын?» дей­тін­дері бар. Кіш­кен­тай бала­лар­дың бар­лы­ғы тек солар­дың әнін тың­да­у­мен өсіп жатыр. Елік­те­ген мүм­кін дұрыс шығар. Бірақ әркім­нің өз жолы болуы керек. Сон­ды­қтан бала­лар­ды өнер­ге ерте жастан тәр­би­е­ле­ген дұрыс.

Алға­шын­да біз­де оқу сту­ди­я­сы ғана болған. Кей­ін­нен оқып шыққан бала­лар бітір­ген соң қай­да бара­ды деп ойла­дым. Сахнаға шыққы­сы келетін бала­лар­дың ата-ана­сы бала­сын бір кон­кур­сқа қаты­сты­ру үшін қал­та­сы­нан қағы­лып жата­ды. Қазір­гі фести­валь­дар­дың бар­лы­ғы ақы­лы. Әшей­ін ән жаз­ды­руы­на кем деген­де елу-алпыс мың тең­ге кете­ді. Одан өткен бала­лар­дың ешқай­сысы кере­мет болып жатқан жоқ. Пай­да­сын тек ұйым­да­сты­ру­шы­лар ғана көреді. Сол үшін сту­ди­ям­дағы бала­лар­ды жөні жоқ фести­валь­дарға қаты­суға жібермеймін.

– Ал сіздің мек­теп­ті биз­не­стің көзі деу­ге бола ма?

– Көзін тапқан адам бәрін биз­неске айнал­ды­ра ала­ды. Бірақ бұл мек­теп ақша­сын айна­лы­мға сала­тын биз­нес көзі деп айта алмай­мын. Бала­лар­дан түс­кен ақша­ны қыз­мет­кер­лер­дің айлы­ғы ретін­де бере­міз. Біздікі негізі биз­нес емес, нағыз өнер­ге бау­лу орта­лы­ғы болып кетті.

Бәл­кім, биз­нес деп, осы­ны да айта­тын шығар. Ең басты­сы жұмысы­ң­нан ләз­зат алсаң болға­ны. Және бола­шаққа деген үлесім­ді қосып жатыр­мын. Асып бара жатқан­дай табыс көр­мей­мін. Өйт­кені мем­ле­кет­тік меке­ме емес, деме­уші­міз бол­маған соң, мил­ли­ард­тап таба­мыз деп айта алмай­мын. Әйте­уір азын-аулақ еңбе­гі­міздің жемісін жейміз.

– Жаңа­дан ашы­лған кез кел­ген театр­дан жұрт­шы­лық ерекше бір жаңа­лық күтетіні бел­гілі. Бірақ екі жыл­дан кей­ін олар­дың жұмысы бәсеңсіп, ізі жоға­лып кете­ді. Бірі қар­жы­лық дағ­да­ры­стан, екін­шісі көре­рменін тап­пай жабы­лып қала­ды. Сіздің бала­лар теат­ры­ңы­здың бола­шағы қан­дай деп ойлайсыз?

– Бәрін уақыт көр­се­те­ді. Мем­ле­кет­тік меке­ме бол­маған соң, бола­шақта бар­лы­ғы кере­мет бола­ды деп айта алмай­мын. Егер ұсы­ныс түсіп жат­са, кон­церт бере­міз. Бірақ өзі­міз жылы­на екі рет қой­ы­лым көр­се­туді мақ­сат етіп отыр­мыз. Қазір­гі жағ­дай­да аяғы­мы­здан тұрып кету­ге бір-екі жыл керек болады.

– «Әуел баста «Шан­шар» арқы­лы таны­лған Жұл­ды­зай ол жер­ден кет­ті, одан соң «Алда­рас­пан», кей­ін­нен «Мафия мен Тақия» теат­рын жаға­ла­ды. Бұдан да ештеңе шық­паған соң амал­сыздан өз теат­рын ашып­ты» дей­тін­дер­ге не айтасыз?

– Күні кеше ғана бір теле­бағ­дар­ла­ма­да мені «шатақ мінезді» деп көр­сетіп­ті. Сол кісілер­ге рен­жулі­мін. Мені бұлай жазғы­ру­дың реті жоқ. Ұста­зым­ның «Итпен ит боп ырыл­дас­саң, аузы­ң­да не қадір-қаси­ет қала­ды» деген сөзін ұста­на­тын болған соң ғана үнде­мей қоя сал­дым. Маған мұн­дай «қара пиар» жаса­удың қажеті жоқ еді. Шатақ мінезді бола­тын­дай біре­удің бетін тыр­нап, шашын жұлған жоқпын.

Өнер ада­мын халы­ққа жек­көріні­шті етіп көр­сетін­дер­ді түсін­бей­мін. Енді­гі­де сұх­бат­ты таң­дап беретін бола­мын. Мораль­дық тұрғы­дан көңілі­ме тигенін сотқа бере­мін деп шештім. Өйт­кені көп­шілік­тің алдын­да мені «шатақ мінезді» деп айтуға ешкім­нің қақы­сы жоқ. Егер расы­мен мінезім жаман бол­са, ашы­лу сал­та­на­ты­на Роза Қуа­ны­шқы­зы, Амал­бек Тша­нов аға­мыз келіп, театр­дың тұса­уын кесіп бер­мес еді.

Әр адам­ның алды­на қой­ған мақ­са­ты бола­ды емес пе? «Шан­шар» мен «Алда­рас­панға» сый­маған­ды­қтан кет­пе­дім. Бұл жер­де әркім­нің өз пай­ым­да­уы бар. Біре­удің қол астын­да өмір бойы жұмыс істе­гім кел­меді. «Талай мықты­лар­ды мой­ын­даған­мын, өзім­ді де мой­ын­да­та­мын» демек­ші, қолым­нан кел­ген­ше бір­нәр­се­мен айна­лы­сқым келеді. Өмір бақи Уәли­бек аға мен Нұр­жанға қыз­мет жасап жүретін баяғы жас қыз емес­пін ғой. «Шан­шар» теат­рын­да жұмыс істеп, қашанғы үй-күй­сіз жүре бере­мін? Жас келіп, сати­ра­дан кету керек бол­ды. Сон­ша жыл жүріп, арты­ма із қал­ды­ра алма­сам, онда несіне Жұл­ды­зай болып жүр­мін. «Шан­шар», «Алда­рас­пан» театр­ла­рын­да дүр­кіре­генім өнер­ге үлесім­ді қосқан­ның жанын­да көк тиын деп ойлай­мын. «Мафия мен тақия» теат­ры­нан кетер кез­де Жанат­бек ағай­дың келісі­мін алдым. Себебі гастроль­ге бала­мен шығып жүріп, ауыр­тып та алған кез­дерім болды.

– Қазір­гі кез­де бұры­нғы­дай әзіл-сықақ театр­ла­рын іздеп жүріп көретін халы­қты көр­мей­міз. Күн­делік­ті күй­бең тір­лік­ті сахна­ла­удың соңын­да театр­лар көре­рменін жалы­қты­рып алған жоқ па? Қалай ойлайсыз?

– Кезін­де әзіл­дің ішін­де жүріп, актри­са ретін­де біздің ізденісі­міз аз болған еді. Сол үшін де кетуді ойла­дым. Халы­қтың қызы­қ­пай кетуіне саны бар, сапа­сы жоқ театр­лар себеп­кер болуы да мүм­кін. Бұл пікірім­ді сати­ра­дағы әріп­те­стерім дұрыс қабыл­да­май қала­тын шығар: бірақ әділеті солай ғой. Бәрінің айта­ты­ны бір тақы­рып. Бір жағы­нан әзіл-сықақ теат­ры­на ауыр тақы­рып­ты қосуға болмайды.

Деген­мен, осы сала­да жүр­ген аға-әпке­лері­міз мәсе­ленің шеші­мін табар деп ойлай­мын. Бала­лар теат­ры­ның ашы­лу сал­та­на­ты­на зия­лы қауым өкіл­дерін шақы­рған­да, көп­шілі­гі «Жұл­ды­зай сай­қы­ма­зақ театр ашып жатыр» деп ойлаған екен. Әшір­бек Көпіш аға­мыз: «Енді бала­лар­ды әзіл­ге қосты ма десем, сенің басқа арнаға бет бұрға­ны­ңа қуа­нып отыр­мын», – деп айтқан еді.

– Жұл­ды­зай күй­е­у­ге шыққан соң, қан­ша­лы­қты өзгеріп кет­ті деп ойлайсыз?

– Жер мен көк­тей өзгеріс бар. Жас кезім­де бір өзім­ді ғана ойлай­ты­н­мын: қай­да жүр­гім кел­се, сон­да бола­ты­н­мын. Ол кез­де мен үшін сахнаға шыққа­ным маңы­зды бол­ды. Театр­дың соңы­нан қуып, әйте­уір Жұл­ды­зай болып жүре берей­ін деуші едім. Қазір мінезім­де сал­мақты­лық, төзім­ділік, сабыр­лы­лық басым. Дүни­е­ге бала әкел­ген соң, тек сол үшін ғана өмір сүреді екен­сің. Тіп­тен өнер­ден балам үшін де бас тар­туға дай­ы­н­мын. Өмір­ге деген көзқа­ра­сым өзгеріп, бұры­нғы­дай жеңіл қара­май­тын болдым.

– Ұзы­нқұлақ сізді жұбай­ы­ңы­з­бен ажы­рас­ты­рып қой­ып­ты: бұған не дер едіңіз?

– Жоқ, мүл­дем олай емес. Күй­е­уім еке­уміз бір­ге тұрып жатыр­мыз. Құдай сақтасын!

– Қан­дай келін­сіз? Сәлем салып, ора­мал тар­та­тын оңтүстік­тің сал­тын берік ұстай­сыз ба?

– Ата-енем Сары­ағаш ауы­лын­да біз­ден бөлек тұра­ды. Ол кісілер­ге барған сай­ын, табал­ды­ры­қтан аттаған­нан бастап ора­мал таға­мын. Сәлем салып, келін­ге тән халат та кие­мін. Қаза­қы­лы­ғы­мы­зға тән салт-дәстүр­дің бар­лы­ғын ұстай­мын. Жал­пы үне­мі ора­мал тар­тып жүру ойым­да бар. Бірақ біздің қоғам әзір­ге ондай­ды дұрыс қабыл­да­май­ды. Бір жағы­нан өнер ада­мы­м­ыз, елдің алды­на шыға­мыз. Сол себеп­тен де үне­мі ора­мал тағып жүру­ге өнер орта­сы дай­ын емес сияқты.…

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн