Суббота , 5 июля 2025

КӨК ТУДЫ ЖЕЛБІРЕТКЕН Ермұратқа Астанадан бір көше бұйыра ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Базы­на

 


 

Азатты­қтың ақ таңы атып, елі­міз еге­мен­ді­гін жария еткен күн – әлем қаза­қта­ры­ның жадын­да мәң­гі сақтал­ды. Шет­те­гі ағай­ын­дар бөрік­терін аспанға атып, тари­хи Ота­ны­на ора­лу­дың қамы­на кірісті. Қаза­қтар басы­мы­зды қоса қал­сақ, әңгі­ме­міздің өзе­гі – Қаза­қстан жай­лы бола­тын. Елім-ай деп елең­деп, елден жағым­ды жаңа­лық күтетінбіз.

 

Осы­лай жал­тақтап жүр­ген шақта, Тұңғыш Пре­зи­ден­ті­міз Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев шет­те тары­дай шашы­рап жүр­ген қан­дастар­ды Ата жұр­тқа шақы­рып, тари­хи үндеу жаса­ды. Әрі ағай­ын­дар­ды қабыл­дап, қоны­стан­ды­руға арналған көші-қон тура­лы жар­лы­ғын бір­ге бекіт­ті. Елба­сы­мы­здың осы бір батыл шеші­мінің арқа­сын­да тағ­дыр­дың тәл­ке­гі­мен төрт­күл дүни­е­ге тараған алты Ала­штың бала­сы Қазақ елі тәу­ел­сіздік алы­сы­мен елге ағыл­ды. Ұлы көш басталды…

Осы көштің басын­да Қытай қаза­қта­ры ара­сы­нан көз­дері ашық, көкірек­тері ояу, нағыз отан­шыл, намыс­шыл аза­мат­тар тари­хи Отанға бет бұр­ды. Олар­ды шетел­де­гі тұрақты­лық, абы­рой, атақ, ман­сап пен бай­лық еліт­пе­ді. Басты мақ­сат­та­ры – нағыз керек кез­де ел іргесін бір­ге қала­сып, Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы қиын­ды­қта­ры­нан бір­ге өту болды.

Осы жалын­ды аза­мат­тар­дың қата­рын­да Қытай елі оқы­сын деп жібер­ген­де, кері қайт­пай, бір­жо­ла­та елде қалып қоюға бекін­ген бел­гілі әнші, ком­по­зи­тор, актер, ақын-жазу­шы Ермұрат Зей­і­п­хан бауы­рым да бар еді. Өзі біздің ауыл­дың жігіті. Ермұрат­ты сонау бала кезі­нен біле­мін. Алға­шқы ұста­зда­ры­ның бірі болып, мек­теп­те дәріс бер­ген­мін. «Болар бала – жасы­нан» демек­ші, көзін­де оттың ұшқы­ны бар, өте талап­ты қара дома­лақ бала еді. Таң­жа­рық Жол­ды­ұлын­дай алып­тар туған Күнес деген қаси­ет­ті мекен­нен түлеп ұшып, тала­бы мен талан­тын Ата­ме­кен­де әйгілеп, еңбе­гін еліне бер­ді. Елге келіп тағ­дыр­лас, ағай­ын-бауыр бол­дық. Жаны жай­саң, тек­ті, тәлім-тағы­лы­мы мол жігіт еді.

Ермұрат Қытай­дан кел­мес бұрын, орта мек­теп­ті, Өнер инсти­ту­тын сон­да тәмам­дап, 1991 жылы орал­ды. Оның қазақ өнерін­де­гі жұл­ды­зды сәті елге табан тіре­ген кез­ден бастал­ды десек те бола­ды. 1991 жылы күз­де Алма­ты­ға келіп, Т. Жүр­ге­нов атын­дағы Өнер ака­де­ми­я­сы­нан білім ала­ды. 1993 жылы өткен Рес­пуб­ли­ка­лық «Үкілі үміт» бай­қа­уын­да ІІ орын иеле­неді. Алға­шқы еңбек жолын М. Әуе­зов атын­дағы ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­рын­да бастап, одан кей­ін Абай атын­дағы Опе­ра және балет теат­рын­да, Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің ансам­блін­де қыз­мет етті. «Сыбы­зғы сары­ны» атты про­за­лық жинағы, «Өзіңе арна­дым», «Бұл дүние», «Үшбу­рыл» секіл­ді поэ­зи­я­лық жинақта­ры бірі­нен соң бірі жарық көре бастаған еді. Әртүр­лі өнер бай­қа­у­ла­ры­ның жеңім­па­зы да бол­ды. «ҚР Мәде­ни­ет қай­рат­кері» атағын алды.

Ермұрат бауы­рым­ның ең шоқты­ғы биік туындысы – «Көк тудың желбіре­гені» әні. Бұдан бөлек ол 100-ден астам әннің авто­ры. Оның «Күнес-ай», «Жай­ла­у­ым – әнім», «Дүние-ғапыл», «Адуын­гер», «Екі дүни­е­де жалғы­зым», «Айтүрік-ару», «Жанар қыз» секіл­ді әндері де танымал.

Өзінің өнері­мен, дарын-бол­мысы­мен де жұрт­шы­лы­қты тән­ті етіп, елге таны­лған Ермұрат­тың 2011 жылы аяқа­сты өмір­ден озға­ны қабы­рға­мы­зды қай­ы­сты­рып кет­ті. Жеті қыр­лы, бір сыр­лы інім көзі тірісін­де елдің өнері мен мәде­ни­етіне барын салып, адал қыз­мет етті.

Ермұрат­тың бер­гені­нен, бере­рі мол еді. «Жақ­сы­ның аты, ғалым­ның хаты өлмей­ді» деген­дей, Ермұрат­тың өзі бол­ма­са да, өнері өмір­шең. Ермұрат дүни­е­ден озған­нан кей­ін, ағай­ын-жер­ле­стері мен өнер­де­гі доста­ры болып, бір­не­ше мәр­те еске алу кешін ұйым­да­стыр­ды. Арнайы теле­ра­дио бағ­дар­ла­ма­лар мен доку­мен­таль­ды фильм­дер жасал­ды. Жақын­да осы бір келелі баста­ма тағы да жалға­сын таппақ.

Оның туын­ды­ла­ры­ның басты тақы­ры­бы – пат­ри­о­тизм бол­ды. Әндері жастар­ды отан­сүй­гі­штік­ке баулып, рух­ты көтеріп, елдің жігерін тасы­туы­мен құн­ды. Ермұрат – бүгін­де күл­лі қазақ жатқа айта­тын «Көк тудың желбіре­гені» әнінің авто­ры. Осы бір әнінің өзі оның дарын­ды ком­по­зи­тор екен­ді­гіне көр­сет­кіш бола ала­ды. Ел біледі – үлкен спорт­тық дода­лар­да «Көк тудың желбіре­гені» әні эфир­ден қай­та-кай­та беріліп, дара­бо­здар­дан жеңіс күт­кен қаза­қстан­ды­қтар­дың рухын асқақта­тып, жігерін тасы­тып отырады.

Бұл ән – жаны­ң­ды тебірен­тіп, рух­ты оята­тын нағыз пат­ри­от­тық ән. Ата жұр­тқа деген сағы­ныш пен асқақ рух­тан туған ән.

Тағ­ды­рын ата­ме­кен­ге бай­лап, жүре­гін қолы­на алып, Ота­ны­на асы­ғып-апты­ғып жет­кен арын­ды ұл осын­да өткен жиыр­ма жылға толар-тол­мас уақыт­та талан­ты арқы­лы туған халқы­ның өнер аспа­нын­да жарқы­рап көрін­ді. Жарқ етті де, ғай­ып бол­ды. Өнері­мен жалын­дап келіп, аққан жұл­ды­здай жанып кетті.

Отанға, туған жер­ге деген сағы­ныш, махаб­батқа толы Ермұрат­тың әндерін наси­хат­тап, оның өнерінің, яғни екін­ші өмірінің жалға­сын орын­дал­маған арман­да­ры­мен толы­қты­ра түсу – артын­да қалған ағай­ы­нға, өзі шексіз сүй­ген еліне парыз болып тұр. Ермұрат бауы­ры­мыз тірі бол­са, 50-ге енді ғана тола­ды екен. Қасқай­ып орта­мы­зда жүр­се, әлі де талай жетістік пен биік­тер­ден көрі­нері дау­сыз еді.

Жақын­да Алма­ты қала­сын­да Ермұрат Зей­і­п­ханұлын еске алу кешін ұйым­да­сты­рға­лы жатыр­мыз. Осы орай­да билік­те­гі өнер­ге жана­шыр аза­мат­тарға ой тастап, мына­дай ұсы­ныс көте­руді жөн көріп отыр­мыз: Ермұрат Зей­і­п­ханұ­лы аты­на көше, яки өнер мек­теп­терінің есі­мі неме­се аза­мат­тың рухы­на лай­ық бел­гілі бір атақ, дәре­же беріл­се дей­міз. Мәде­ни­ет сала­сын­дағы атқа­мі­нер­лер­ге алы­стағы алты Ала­штың аты­нан осын­дай өтіні­ші­міз бар.

Өнерін сүй­ген, өнер­па­зын мәпе­ле­ген елдің мәр­те­бесі қашан­да биік. Енде­ше Ермұрат та осын­дай құр­мет­ке лай­ық аза­мат еді. Жасын­дай жарық еткен бауы­ры­мы­здың әндері қаза­қтың өнер көк­жи­егін­де мәң­гі қалы­қтай беретініне сенемін!

Мұқан МАМЫТХАН,

Аlauinform.com

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн