Суббота , 5 июля 2025

Заттыбек КӨПБОСЫНҰЛЫ: Биылғы «Жыл таңдауы» атанбасам да, ЕЛ ТАҢДАУЫ БОЛЫП ЖҮРМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет


Өнер жолын қара­пай­ым ауыл ұста­зы­ның қыз­меті­нен бастаған, бүгін­гі елге ең таны­мал әншілер­дің бірі Затты­бек Көп­бо­сы­нұ­лы жуы­қта Алма­ты­ның Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да шығар­ма­шы­лық есебі тұрғы­сын­да кон­церт бер­ді. Сол кон­церт­тің қызуы қайт­пай тұрып, біз тың­дар­ман құр­метіне бөлен­ген Затты­бек мыр­за­ны сұх­батқа шақы­рған едік.

– Затты­бек мыр­за, бұған дей­ін сізді шәкірт тәр­би­е­ле­у­ге кет­ті деп жұрт шулаған еді. Сөйт­сек, күні кеше ғана Алма­ты­да дүр­кіретіп кон­цер­тіңізді өткіздіңіз: бұл кон­церт шоу-биз­не­стің жоба­сы бол­ды ма, жоқ әлде басқа­дай мақ­са­ты бар ма еді?

– Бұл сұраққа тарқа­та жау­ап берер бол­сам, өнер­ге кел­мей тұрып, 1995 жыл­дан бастап, Бәй­ді­бек ауда­ны «Шал­дар» бала­лар саз мек­тебін­де мұғалім­дік қыз­мет­те болған­мын. Осы­лай бір­не­ше жер­де 2007 жылға дей­ін ұстаз болып кел­дім. Шым­кент қала­сын­дағы №2 бала­лар музы­ка мек­тебін­де дом­бы­ра пәні­нен сабақ бер­дім. Бұдан кей­ін киелі сахнаға бет бұрға­лы бері шәкірт тәр­би­е­ле­ген емес­пін. Тіп­тен қазір­гі кез­де қай­та­дан ұстаз болуға деген құлқым да жоқ.

Деген­мен, алда не бола­рын уақыт көр­се­те жатар. Өнер­де артым­нан іле­су­ші інілерім бол­ды. Өз тәжіри­бем­мен бөлісіп, оларға біраз уақы­тқа дей­ін аға­лық қамқор­лы­ғым­ды көр­сетіп жүр­дім. Содан не тын­дыр­дым, не қой­дым деген оймен есеп беру мақ­са­тын­да жеке шығар­ма­шы­лық кон­церт беру­ге бел будым. Бұл – сон­ша жылғы еңбе­гі­міздің есебі. Сон­ды­қтан бұл кон­церт­ті биз­не­стің жоба­сы деу­ге бол­май­ды. Себебі үлкен дең­гей­де мұн­дай кон­церт­тер­ді жыл сай­ын беру оңай емес. Оның шығы­ны мен төгіл­ген тері қай­та­рым береді деу­ге келмейді.

– Жал­пы, білетін­дер­дің айтуы­на қараған­да, сіздің кез кел­ген кон­цер­тіңіз­ге жұм­салған шығын ақта­лып қана қой­май­ды, үсті­нен түсер пай­да­сы да мол көрі­неді. Ал кей­бір әншілер Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да кон­церт өткі­зу – қып-қызыл шығын дейді…

– Біз халы­ққа есеп беру кон­цер­тін пай­да көру үшін өткіз­бей­міз. Керісін­ше, шығар­ма­шы­лық кешін беру­ге үлкен қар­жы жұм­сай­мыз. Қал­таңа түсетін ақша­ны емес, ең басты­сы – елге әде­мі кеш сый­лау керек деген мақ­сат­ты ойлай­мыз. Керек десеңіз, кон­церт­ті сапа­лы өткізу­ге қосым­ша қар­жы жұм­са­уға тура келеді. Сон­ды­қтан өз басым есеп беру кон­цер­тін ешқа­шан пай­да табу үшін өткіз­ген емеспін.

– Бір кез­дері әншілік­пен бір­ге про­дю­сер­лік­ті де қолға алған едіңіз: ол кәсіп­тің бет алы­сы қалай болып жатыр?

– Про­дю­сер болу − үлкен жау­ап­кер­шілік­ті қажет ете­ді. Мен бұған дей­ін де про­дю­сер болған емес­пін. Тек өз шығар­ма­шы­лы­ғым­ды нығай­ту мақ­са­тын­да ғана өз-өзі­ме про­дю­сер бола ала­мын. Жос­па­рым­да шығар­ма­шы­лық кешім­ді кәдім­гі вокал­ды-аспап­тар ансамбль­дерінің сүй­е­мел­де­уі­мен өткі­зу ойым­да бола­тын. Соны жүзе­ге асы­ру үшін өзі­ме про­дю­сер бола білдім.

Эст­ра­даға кел­ген алға­шқы жыл­дар­дан бастап, өзім­нің әндерім­ді аспап­тар­да сүй­е­мел­дей­тін ұжым құру­ды арман­даған едім. Көр­ші Ресей­де үлкен музы­ка­лық ұжым­ның сүй­е­мелі­мен өтіп жата­тын кон­церт­тер­ді көр­ген­де, ерекше рахат сезім­ге бөленіп, руха­ни ләз­зат ала­сың. Осы нәр­се неге біздің қол­дан келмеске?

Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын жос­парға алған осын­дай ойым­ды жүзе­ге асы­ра алдым. Жеке жоба ашып, оған про­дю­сер болу үшін, бірін­ші кезек­те сол сала­да өзіңді сынап көруің керек. Себебі бұл кәсіп­ке дай­ын емес едім. Ал үлкен музы­ка­лық ұжым­ның басын бірік­ті­ру – үлкен шаруа. Оның үстіне қазір­гі дағ­да­ры­стың қысы­л­та­яң шағын­да ондай ұжым­ды алып жүру өте қиын.

Содан не керек, «Нұр-Дастан» тобын­дағы жігіт­тер­дің ауы­з­бір­шілі­гінің және өнер­ге деген үлкен махаб­бат­та­ры­ның арқа­сын­да ол ұжым­мен екі жыл­дай жұмыс істе­дім. Бірақ, әрине, ұжым болған соң, ауыс-түй­іс пен барыс-келіс болып тұра­ды. Бұл топ­тың уақыт­ша көрін­бей жүр­гені де сол. Алай­да түбе­гей­лі тарап кет­ті деп айтуға әлі ерте­рек. Ішін­де­гі кей­бір жігіт­тер басқа қалаға қоныс аудар­ды. Соған бай­ла­ны­сты құра­мын­да өзгерістер бол­ды. Алдағы уақыт­та сахнаға шығып та қала­тын шығар.

– Бір кез­дері сіз «Той королі» деген атқа ие болып едіңіз: Затты­бексіз той өтпей­тін. Енді ол атақты Қай­рат Нұр­тас пен Төреға­ли Төрәлі сияқты ізба­сар жастар ием­деніп кет­кен жоқ па?

– Өнер­ге қан­дай да бір жаңа тұлға келіп жат­са, оның өз ауди­то­ри­я­сы бір­тін­деп қалып­та­са­ды. Ал тың­дар­ман­дар ауди­то­ри­я­сы­ның қалып­та­суы талғам­нан туа­ды. Сон­ды­қтан маған дей­ін сахна­да жүр­ген бір­де-бір әншінің талғам­паз тың­дар­ма­ны ешу­ақыт­та жоғалған емес.

Сол сияқты өнер­ге енді ғана аяқ басқан жастар­дың да өз тың­дар­ман­да­ры табы­ла­ды. Эст­ра­да сахна­сы­на кел­ген жастар «менің орным­ды алып қой­ды» деген­дей көре­ал­мау­шы­лық, қызға­ныш деген секіл­ді сезім мен­де мүл­дем жоқ. Мұн­дай­ға бас ауыр­та­тын уақы­тым және жоқ. Сол себеп­ті қай өнер­паз бол­сын, бір орнын­да тұрып қал­май, ары қарай өзін шың­дай түсер бол­са, ол өз орнын ешкім­ге бермейді.

Талант­тың арқа­сын­да таны­мал­ды­лы­ққа жету – ол Алла­ның ада­мға бер­ген үлкен сыйы. Және оған тал­май еңбек­те­нудің арқа­сын­да ғана жете ала­сың. Тек халы­қтың өзіңе деген ықы­ла­сын абы­рой­мен ұстап тұра білу керек.

– Жақын­да бір топ әншілер­ге «Жыл таң­да­уы-2016» жүл­десі тап­сы­рыл­ды, бірақ мара­пат иелері ара­сын­да сіздің есі­міңіздің бол­маға­ны­на өкініш біл­дір­ген бір тың­дар­ман жан­күй­еріңіз инста-парақ­шаңы­зға бұл жүл­де­ге Затты­бек те лай­ық еді деп жазған екен. Өзіңіз қалай ойлайсыз?

– «Жыл таң­да­уы» атан­ба­сақ та, ел таң­да­уы болып жүрудің өзі мен үшін үлкен абы­рой. Жұрт­тың қоңыр үнім­ді іздеп, шығар­ма­шы­лы­ғы­ма көңіл бөлуі­нен асқан құр­мет жоқ деп ойлай­мын. Ал «Жыл таң­да­уы» – «Қаза­қстан» ұлт­тық арна­сы­ның жоба­сы. Оны жал­пы халы­қтың таң­да­уы деу­ге бол­май­ды. Оның үстіне елі­міз­де осын­дай жыл таң­да­уы атағы­на лай­ық өнер­паз­дар аз емес. Солар­дың көп­шілі­гін ол жоба­дан көре алма­дым. Бұл біре­у­ге кінә артқа­ным емес. Не бол­ма­са, «мен неге өтпей қал­дым» деген ой да жоқ мен­де. Ең басты­сы – халы­қтың сүй­ік­тісіне айналған және таң­да­уын­да жүр­ген өнер­паз ұлдар­дың бірі­мін. Бұдан асқан қан­дай таң­дау қажет?!

– Кезін­де біздің «ДАТ» газеті: «Шым­кент­тік той­лар­ды өзбек­тің мақа­мы­нан тазар­тқан Затты­бек пен Ержан Серік­ба­ев сияқты таза қаза­қи әншілер» деп жазған еді. Солай бола тұр­са да, біздің көп­те­ген әншілер мен ком­по­зи­тор­лар дутар­дың дауы­сы ара­ласқан өзбек сары­ны басым әндер­ге неге ынтық деп ойлай­сыз? Бұл той әндеріне деген сұра­ны­стың ғана бел­гісі ме, жоқ әлде қазақ эст­ра­да­сы жанр дағ­да­ры­сы­на тап бол­ды ма?

– Өнер – ұлтқа, тіл­ге бөлін­бей­ді деп жата­мыз. Кей­де өзге ұлт­тар­дың да әуенін, бел­гілі бір саз сары­нын, әлдебір аспап­тың үнін ұна­тып қала­ты­ны­мыз бар. Сол тұрғы­дан алып қараған­да, өзбек­тің ашық үні − шығы­стық стиль­дің сары­ны. Дутар­дың дауы­сы ара­ласқан өзбек сары­ны – шығы­стық стиль­ге тән үндесетін дыбыст­ар. Соны музы­ка­лық өңде­у­ге ара-тұра қол­да­нып жат­са, ол ешбір әбес­тік бол­мас деп ойлаймын.

Негізі қазақ әр тойы мен қуа­ны­шын­да өз ұлты­ның әнін салып, биіне билеп жат­са, құп­тар­лық және қуа­нар­лық жағ­дай деп түсі­ну керек. Ұлт мұра­сы­на адал­дық деген осы бол­са керек. Ал «ДАТ»-тың еңбе­гім­ді баға­лаға­ны­на ерекше ілти­пат білдіремін.

– Тек орын­да­у­шы­лық талан­ты­ңы­з­бен ғана емес, аза­мат­ты­ғы­ңы­з­бен де жұрт­ты өзіңіз­ге тән­ті қыл­ды­ңыз. Зәулім үйіңіздің қасын­дағы дүкеніңізді ауыл­даста­ры­ңы­зға намаз­ха­на ретін­де сый­ға беріп­сіз. Басқа­ла­ры секіл­ді өнер мек­тебі неме­се ән жазу сту­ди­я­сы емес, нелік­тен намаз­ха­наға айнал­ды­рғы­ңыз кел­ді екен?

– Жаратқанға деген сені­мім зор болған­ды­қтан, ол дүкен­ді намаз­ха­наға айнал­дыр­дым. Бұл иша­рам осы күні­ме, жет­кен жетісті­гім мен жағ­дай­ы­ма шүкір­шілік еткенім­нің бел­гісі. Алла бой­ы­ма өнер дарыт­ты. Сол арқы­лы жақ­сы жетістік­тер­ге жет­кізді. Басы­ма бақ, отба­сы­ма бере­ке бер­ді. Аллаға деген риза­шы­лы­ғым­ды осын­дай игі іс-әре­кетім арқы­лы жет­кіз­гім кел­ді. Жал­пы, әрбір мұсыл­ман Аллаға деген құл­шы­лы­ғын жасап, пай­ғам­ба­ры­мыз Мұхам­мед с.ғ.с. сүн­нет­терін орын­дап, мүм­кін­ді­гін­ше дұрыс бағыт­та жүруі керек деп ойлай­мын. Сол намаз­ха­наға кел­ген адам­дар сәж­де­ге басын тигізіп жат­са, жастар дін тура­лы дұрыс дәріс алса, өте кере­мет болар еді.

– Соны­мен, кезек­ті кон­церт қой­ыл­ды. Енді­гі мақ­сат, шығар­ма­шы­лық өріс, ізденіс қалай болмақ?

– Айт­пақ­шы, сол кон­цер­тім­ді «Екі ғасыр, бір ғұмыр» деп атаған едім. Неге бұлай қой­ды деп ойланған ада­мға түсінік­ті болар. Біз бар­лы­ғы­мыз екі ғасыр­дың тоғы­сын­да бір ғұмыр­ды кешіп жатқан адам­дар­мыз. Дүни­е­ге XX ғасыр­да кел­сем, XXI ғасыр­да өнерім елмен ұшта­сты. Шығар­ма­шы­лы­ғым­ның өсуіне осы жиыр­ма бірін­ші ғасыр­дың үлкен үлесі бар.

Шүкір­шілік, кон­цер­тім абы­рой­мен өтті. Оған бір­не­ше музы­ка­лық ұжым атса­лы­сты. Солар­дың бірі, арнайы мере­келік шара­лар­ды өткі­зу­мен айна­лы­са­тын «Jan alemi group» ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры Жан Мұқа­но­вқа алғы­сым­ды біл­дір­гім келеді. Өте үлкен жұмыстар­ды атқарды.

Енді алдағы көк­тем­де шығар­ма­шы­лық кешім­ді Аста­на қала­сын­да өткі­зуді жөн санап отыр­мын. Негізі, бұл кон­церт 17 жел­тоқ­санға бел­гі­лен­ген бола­тын. Бірақ бір­не­ше мәсе­ле­лер­ге және мере­келік шара­лар­дың көбе­юіне, әрі ауа рай­ы­ның да кей­бір қолай­сызды­қта­ры­на бай­ла­ны­сты ана­лар мере­кесіне қар­сы ұйым­да­сты­ру­ды жөн санадық.

– Енде­ше көп кешік­пей келетін көк­тем­де аста­на­лық жұрт­шы­лы­қ­пен жылы жүз­де­су­ге жаз­сын! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн