Суббота , 5 июля 2025

ЕЛДЕГІ ДӘРМЕНСІЗ ЖАҒДАЙҒАІШІҢ ҚАЗАНДАЙ ҚАЙНАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

 

ДАТ!

 


 

 

Кешелі бері Алма­ты қала­лық Ішкі істер депар­та­мен­ті шарық ұрып, бұған дей­ін әртүр­лі нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на қаты­сқан бір­не­ше бел­сен­діні ізде­сті­ру үстін­де. «Қолға түс­кен­дерін», мәсе­лен, Құрал Меде­уов пен Сүй­ін­дік Алдаб­ер­ге­но­вті поли­ция қыз­мет­кер­лері депар­та­мент­ке айдаған­дай етіп алып барған. Ал Марат Уатқан, Қуат Күн­бо­ла­тов және Асхат Бер­са­ли­мов­ке шақыр­ту тапсырған.

Ескер­те кетей­ік, аза­мат­тық бел­сен­ділер Құрал Меде­уов, Сүй­ін­дік Алдаб­ер­ге­нов пен Асхат Бер­са­ли­мов қазан­ның 23‑і күні Алма­ты­ның орта­лы­ғын­да Аты­ра­уда заң­сыз митинг ұйым­да­стыр­ды және араз­дық қоз­дыр­ды деген айып­тар бой­ын­ша сот ісі қара­лып жатқан кез­де Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды қол­дау акци­я­сын өткіз­бек болған­да поли­ци­яға ұсталған еді. Кей­ін олар­ды әкім­шілік сот заң­сыз митинг өткіз­ген деген айып­пен 10 тәулік­ке қамауға шешім шыға­рып, үше­уі абақты­да оты­рып шыққан.

Әле­умет­тік желілер­де­гі хабар­ла­ма­лар­да поли­ция «алдын ала әңгі­ме өткі­зу үшін бел­сен­ділер­ді шақы­рған болуы мүм­кін» деген болжам айтыл­ды. Осы ақпа­рат­тың мән жай­ын білу үшін Алма­ты­дағы бел­сен­ділер Құрал Меде­уов пен Сүй­ін­дік Алдаб­ер­ге­но­вті «ДАТ» айда­рын­да әңгі­ме­ге тарттық.

 

– Сіз­дер бел­гілі бір қоғам­дық ұйым неме­се қозға­лы­стың аты­нан бел­сен­ділік таны­тып жүр­сіз­дер ме, әлде бұл сіз­дер­дің жеке аза­мат­тық бел­сен­ділік­теріңіз бе?

Құрал Меде­уов: Біз ешқан­дай да ресми тір­кел­ген ұйы­мға мүше емес­піз. Бізді аты­шу­лы жер дауы бірік­тір­ді. Осы мәсе­ленің төңіре­гін­де көзқа­рас­та­ры­мыз сәй­кес келіп, бір-бірі­міз­бен таны­сқан­быз. Біра­зы­мыз Ермек Нарым­ба­ев пен Серік­жан Мам­бе­та­лин­нің соты­на келіп-кетіп жүріп таны­стық. Жер­ге қаты­сты мәсе­ле­де ниет-тіле­гі­міз ел тағ­ды­ры­мен ортақ бол­ды. Биыл көк­тем­де ауыл шару­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­ді жеке мен­шік­ке сату­ды және шетел­дік­тер­ге ұзақ мерзім­ге жалға беруді көз­дей­тін заң өзгерістеріне қар­сы шықты деген айып­пен сот­ты болып, Алма­ты­да мамыр­дың 21‑і күні бола­ды деп жос­пар­ланған қар­сы­лық жиын қар­саңын­да «рұқ­сат етіл­ме­ген митинг ұйым­да­стыр­мақ бол­ды» деген айып­пен 15 тәулік­ке қамалдық.

 

– Алма­ты қала­лық Ішкі істер депар­та­мен­ті сіз­дер­ді не үшін іздеп, шақыр­тып жатқан­да­рын түсін­дір­ді ме? Олар­ды қан­дай сұрақтар «маза­лап» жүр екен?

– Биы­лғы жылы үйден есік­тің алды­на шық­сам бол­ды – поли­ция ойла­маған жер­ден ұстап әке­тетін жағ­дай үйрен­шік­ті әдет­ке айнал­ды. Соңғы екі үш айдың ішін­де ұзын саны 4 мәр­те ұстап әкетті.

Соңғы рет мүл­де күт­пе­ген жағ­дай бол­ды. Сыр­тқа шық­сам, поли­ция қыз­мет­кер­лері мені күтіп тұр екен. Бір­ден ұстап алып, депар­та­мент­ке алып кел­ді. Поли­ци­я­ның әре­кет­теріне қарап оты­рып, бала кезім­де­гі соғыс тура­лы совет фильм­дері еске түседі. Онда фаши­стер пар­ти­зан­ды ұстап алып: «Неше­усің­дер? Қару­ды қай­да тықты­ң­дар?» деп тер­гей­тін. Біз­бен де дәл сон­дай жағ­дай бол­ды. Поли­ция әй-шәй жоқ: «Ермек Нарым­ба­ев сен­дер­ді қару­лы қақты­ғы­сқа шақы­рып жатыр, сен­дер­ге қару-жарақты кім жет­кі­зеді?» – деп, қай­дағы бір қақты­ғы­стар тура­лы сұрақ жаудыр­ды. «Біз бәрін біліп отыр­мыз», – деп сес көр­сет­кен поли­цей өзін «Нұр­лан­мын» деп таны­стыр­ды. Басын­да ол жігіт маған теле­фон соғып, өзін «әкім­шілік­те істей­мін» деп таны­сты­рған еді. Кей­ін мен оған «Сен әкім­шілік­тен­мін деп едің, өзің «ДВД»-да істей­ді екен­сің ғой. Неге маған өтірік айт­тың?» – десем: «При­шлось…» – деп жау­ап қай­ыр­ды. «Ермек­тің артын­да Аме­ри­ка тұр, ол Укра­и­на­да қан­дай ақшаға өмір сүріп жатқа­нын білесің бе?» – дейді.

 

– Сіз­дер­ге поли­ция қыз­мет­кер­лері қан­дай­да бір талап қой­ып, ескер­ту жаса­ды ма?

– Біз­бен тек қана әңгі­ме жүр­гіз­ген сияқты. Жеке өзім ешқан­дай қағазға қол қой­ған жоқ­пын. Ал Сүй­ін­дік пен басқа жігіт­тер­ге про­то­колға қол қой деген екен, олар қой­мап­ты. Негізі осы оқиға­лар аяқ асты болған­ды­қтан, басын­да өзім де түсін­бей қал­дым. Кей­ін ойлап қара­сам, бұның бар­лы­ғы бізді Макс Бока­ев пен Талғат Аян­ның соты­на жібер­ме­удің әре­кеті болған екен. Себебі біз Аты­ра­уға бар­мақ­шы едік. Нақты айтқан­да, Алма­ты қала­сы­ның өкілі ретін­де Аты­ра­удағы сотқа қаты­су үшін мен жол жүрей­ін деп оты­рғам. Бірақ поли­цей­лер қысым жасап, жолы­ма кесе-көл­де­нең тұр­ды. Өйт­кені менің жал­да­ма­лы пәтер­де тұра­ты­ным­ды пай­да­ла­нып: «Сен Аты­ра­уға бар­саң, пәтерің­нен қуып шыға­ды, ал егер бар­ма­саң, онда пәтер иесіне айта­мыз – шығар­ма дей­міз», – деп, мені алдам­сы­ратқан бол­ды. Сөйт­сем, поли­цей­лер мен тұрып жатқан пәтер­дің иесі­мен сөй­лесіп қой­ған екен.

«Сен биыл екі рет әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лған­сың. Бұған қоса жер дауы­на бай­ла­ны­сты қыл­мыстық іс әлі жабы­лған жоқ. Енді жау­а­пқа тар­ты­лып жат­саң, ол «реци­див» бола­ды. Сол кез­де 2–3 жылға бас бостан­ды­ғы­ң­нан айы­ры­ла­сың. Соны ойла!» – деп қысым жасаған соң, Аты­ра­уға бар­мауға мәж­бүр болдым.

Сон­ды­қтан Ермек Нарым­ба­ев тек сыл­тау ғана бол­ды. Негіз­гі мақ­сат – біз­дер­ді Аты­ра­уға жібер­меу болған деген ойға келдік.

Сүй­ін­дік Алдаб­ер­ге­нов: Құрал айтып өткен­дей, маған Алма­ты қала­сы­ның Ішкі істер депар­та­мен­тінің кори­до­ры­на кіре бері­стен сұрақ қою бастал­ды. Олар­дың айту­ла­ры бой­ын­ша, 16–17 жел­тоқ­сан­да Алма­ты қала­сын­да митинг өткі­зу жос­пар­ла­нып­ты-мыс. Соған бай­ла­ны­сты «митин­ге кім қаты­са­ды, ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры кім­дер?» деген сұрақтар­дың асты­на алды. Үш сағатқа созы­лған әңгі­ме осы мәсе­ленің төңіре­гін­де бол­ды. Бұған қоса Аты­ра­уда өтіп жатқан Макс пен Талғат­тың соты­на бар­мауым­ды талап етті.

Мен оларға: «Сотқа барып қатыс­сам, заңға қай­шы келетін тұсы бар ма?» – десем: «Сен ол жер­де митинг ұйым­да­сты­рас­ың, Аты­ра­уға бар­саң, жер­гілік­ті халы­қтың рухын көте­ресің, олар­ды митинг­ке шығуға шақы­рас­ың», – деп, ақы­лға сый­май­тын нәр­се­лер айтты.

«Ешқан­дай митинг ұйым­да­стыр­май­мын, оларға қаты­спай­мын» деп қол­хат жазып бер деп талап етті. Мен, әрине, ондай қол­хат жазу­дан бас тарт­тым. Әңгі­ме­міздің соңы айқай­ға ұла­сты. Мені тер­ге­ген капи­тан Олжас Қожа­ба­ев деген поли­ция қыз­мет­кері. Бірақ «қыз­мет­тік куәлі­гіңізді көр­сетіңіз» деген тала­бым­ды орындамады.

Мені сол күні ұста­удың өзі де заңға қай­шы әре­кет. Үйім­нің есі­гінің алды­на шыққан кезім­де поли­ция қыз­мет­кер­лері күтіп тұр екен. Ұстап алып, Бостан­дық ауда­ны­ның ішкі істер бөлі­міне бара­мыз деп алдап, кей­ін­нен Алма­ты қала­сы­ның ІІД-не алып кел­ді. Сол жер­ге келісім­мен, Олжас Қожа­ба­ев бір­ден: «Біз сенің митинг­ке дай­ын­да­лып жатқа­ны­ң­ды біле­міз» деп, дүр­се қоя бер­ді. Мен оған «Қан­дай дәлел­деріңіз бар?» деп едім: «Ермек Нарым­ба­ев­тың шығарған видео­сы, сен­дер­ге беріл­ген нұсқау, сен­дер енді қару сатып алай­ын деп жатыр­сы­ң­дар» деп, адам­ның ойы­на кел­мей­тін қия­ли жала­ны жабуға кірісті. Мен оған: «Нарым­ба­ев­тың видео­сын­да шатағым жоқ, ол менің қожай­ы­ным емес» десем де, айтқа­ным­ды тың­дай­май, өздерінің сөз­дерін таңып әлек болды.

 

– Иә, әле­умет­тік желі­де Ермек Нарым­ба­ев­тың 16–17 жел­тоқ­сан күн­дерін­де ере­уіл­ге шығуға нұсқа­улы­қтар жасап жатыр деген хабар таратқа­ны рас. Сіз­дер сырт­тан нұсқау беретін аза­мат­тар­дың сөзіне ден қоя­сыздар ма?

– Жоқ! Біз Ермек Нарым­ба­ев­тың көп­те­ген пікірі­мен келі­се­міз. Жер мен тіл­ге қаты­сты, қаза­ққа қарай­лас кез кел­ген мәсе­ле­лер­де қара­пай­ым халы­қтың ойы бір жер­ден шыға­ды. Біз – өзі­міздің жүре­гі­міз бен сана­мы­здың ықпа­лы­на бағы­на­тын аза­мат­тар­мыз. Әрине, біз Ермек­тің жазға­нын, айтқа­нын оқып, біліп оты­ра­мыз. Жақын­да ғана: «Абай мен Алтын­са­рин көше­лерінің қиы­лы­сын­да тұра­тын бір әйел­ді үйі­нен шыға­рай­ын деп жатыр. Сен­дер неге қол қуы­сы­рып отыр­сы­ң­дар» деп жазған бола­тын. Біз сол жер­ге бар­дық, әйел­ді тауып алып, қолы­мы­здан кел­ген­ше қол­дау біл­діріп, оны тұрып жатқан жалғыз үйі­нен шығар­мауға атса­лы­стық. Онда тұрған қан­дай жаман­дық бар? Біздің қолы­мы­зда билік жоқ, бірақ намыс пен қара­пай­ым халы­ққа деген жана­шыр­лық бар.

 

– Ермек Нарым­ба­ев қауіп­сіз жер­де, шет­те оты­рып, сен­дер­ді қару­лы қақты­ғы­сқа итер­ме­ле­уді дұрыс деп есеп­тей­сіз­дер ме?

Қ.М.: Әрине, Ермек кей жағ­дай­да қат­ты кете­ді. Біз де жас бала емес­піз ғой – дұрыс пен бұры­сты ажы­ра­та алмай­тын. Ермек жаңағы әйел­ді пәтері­нен қуып шық­пас үшін, «пышақ, таяқта­ры­ң­да дай­ын­дап бары­ң­дар» деп жазған. Біз оның айтқа­нын сөз­сіз орын­дай­тын ақы­мақ емес шығармыз…

Кеше ғана маған Рыс­бек Сар­сен­бай­ұ­лы аға­мыз теле­фон шал­ды: «Бұл жігіт­ке (Нарым­ба­евқа) ермең­дер, абай­лаң­дар, біз сен­дер­ді уай­ым­дап отыр­мыз. Себебі билік сен­дер­ге де Макс пен Талғатқа істе­ген­дерін жаса­у­ла­ры мүм­кін. Кез кел­ген уақыт­та «Құралға жары­лғыш заттар апа­рып бер­дім» деген бір «куә­гер­лер» пай­да болып жат­са, еш таң қал­май­мыз», деп ескерт­ті. Біз де дүр­мек­ке ере жөне­летін аза­мат­тар емес­піз, кез кел­ген әре­кеті­міз осы елдің заң шең­берін­де жаса­ла­ты­нын ескереміз.

С.А.: Әрине, Ермек­тің айтып оты­рған мәсе­лесі біздің елде­гі жағ­дай­ға еш жана­спай­ды. Видео­ның өзін көр­ген емес­пін, бірақ естуім бой­ын­ша, ол «қару сатып алы­ң­дар» деп айтқан екен. Біз Аты­ра­удағы сотқа бару үшін жол-пұлға ақша таба алмай жүр­сек, Ермек­тің қару-жарақ сатып алы­ң­дар дегені ешбір қисы­нға кел­мей­тін сөз.

Қ.М.: Не бол­са да, біз көре­рі­мізді халы­қ­пен бір­ге көре­міз. Алай­да қараңы­здар­шы, Макс пен Талғатқа жасалған әділет­сіздік­ке өз басым шыдай алмай кет­тім. Осы­ны көре тұра, үнде­мей қал­сам, өзім­ді қор болып кететін­дей сезін­дім. Мыса­лы, Макс пен Талғатқа қаты­сты қол­дау акци­я­сын өткі­зер алдын­да мен қоғам бел­сен­дісі Асхат Бер­са­ли­мов­ке айт­тым: «Өстіп ештеңе біл­ме­ген­дей оты­ра бере­міз бе?» – деп. Өзім орыс­шаға шорқақтау болған­ды­қтан, Асхат­тың теле­фо­нын алып, әле­умет­тік желі­де қаза­қ­ша­лап: «Макс пен Талғат боса­тыл­сын деген талап­пен митин­гі­ге шығуға кім дай­ын?» деп жаз­дым. Кей­ін оны әле­умет­тік желі­де өз атым­нан бөлі­су үшін тағы жари­я­ла­дым. Біраз адам­дар қол­дау біл­дір­ді. «Қашан, қай жер­ге шыға­мыз?» деген сұрақ туған­да, келесі күні Арбатқа шыға­мыз деп біра­уы­здан шештік. Ал осы шара­ны кім баста­ды десеңіз, ол – мен. Сот­та да, поли­ция қыз­мет­кер­леріне де «мен баста­дым» деп шыным­ды айттым.

 

– Митин­гілер­де, нара­зы­лық акци­я­ла­рын­да көп жағ­дай­да жасы жет­кен үлкен адам­дар жүреді. Қазір­гі жас буын­ның қоғам­дық өмір­де­гі бел­сен­ділі­гі неге төмен деп ойлай­сыздар? Әлде бәрін қорқы­ныш билеп алған ба?

Қ.М.: Осы жағ­дай бәрі­міздің жүре­гі­міз­ге бата­ды. Қазір жастар ара­сын­да қорқақтық, намыс­сыздық, надан­дық басым. «Сен тиме­сең, мен тимен бады­рақ көз» деген ұста­ным­мен жүр. Біз сияқты бел­сен­ді, жалау көтеріп жүр­ген­дер – «ақыл есі жоқ, бас­сыз» адам­дар болып көрі­не­міз. Ал намыс­сыз адам­да пат­ри­от­тық сезім қай­дан бол­сын?! Оның үстіне қоғам­ды үрей биле­ген. Көбі митин­гі­ге шық­саң, қамап тастай­ды деп ойлай­ды. Ал жеке жер­де халы­қтың көбі бүгін­гі билік­ке нара­зы екен­дік­терін айта­ды. Бірақ митин­гі­ге шыққы­сы келмейді.

Ата заңы­мыз бой­ын­ша, аза­мат­тар өз ойла­рын ашық айтуға құқы­лы. Біздің бар­лық әре­кет­тері­міз өзі­міздің Кон­сти­ту­ци­я­ның шең­берін­де жүреді, заң талап­та­рын атта­май­мыз. Сон­ды­қтан бізді ұстап, қамап жатқан билік­тің әре­кет­тері Ата заңға қай­шы. Заң­ды бел­ден басып, қорқы­ту деген осы! Мыса­лы, Макс пен Талғат та Кон­сти­ту­ция шең­берін­де жасаған әре­кет­тері үшін сот­тал­ды. Әрі бері­ден соң, осы жігіт­тер жер дауы мәсе­лесін көтер­ген соң ғана билік қателі­гін сезініп, мора­то­рий жари­я­лап, Жер кодексі қай­та қара­лып жатыр. Осы­ған мұрын­дық болған – Макс пен Талғат. Қаза­қтың бола­шағын ойлаға­ны үшін сот­та­лып отыр. Бұл ақы­лға да, заңға да сый­май­тын жағ­дай ғой!

С.А.: Жастар­дың қоғам­дық өмір­де­гі бел­сен­ділік­терінің төмен­ді­гі – тәу­ел­сіздік зама­нын­дағы 25 жыл­дық басып-жан­шу сая­са­ты­ның нәти­же­сі. Адам­дар­ды үне­мі қысып кел­ді, алға ұмты­лып шыққан сер­ке­лер­ді қамап, қуда­лап, атып асып, өлтір­ді. Заман­бек пен Алтын­бек­ті айт­сақ та жет­кілік­ті. Жастар да, олар­дың ата-ана­ла­ры да бәрін көріп-біліп отыр ғой. Әрине, олар өз бала­ла­ры­на «тыныш оты­ры­ң­дар, ешнәр­се­ге ара­лас­паң­дар» деп айта­ды. Менің таныс бір тәтем бар, ол кісінің маған айтқа­ны: «Мен сен­дер­дің бар­лық айтқан­да­ры­ң­ды қол­дай­мын, керек бол­са, митин­гілер­ге қаты­са­мын, бірақ бала­ла­рым­ды жолат­пай­мын, олар­дың аман­ды­ғы мен үшін елдің бола­шағы­нан да артық», – деген еді. Әрине, ол кісіні түсі­ну­ге бола­ды. Осы­ның бәрі сөз бостан­ды­ғы­ның жоқты­ғы, репрес­си­я­лар, қоға­мға қысым жаса­удың нәти­же­сі. Осы­ны көріп оты­рған ата-ана­лар өз бала­ла­ры­на «ешнәр­се­де жұмыста­рың бол­ма­сын, тыныш үйде оты­ры­ң­дар» деп айтқан­нан басқа не дейді.

 

– Билік пен поли­ци­я­ны 16–17 жел­тоқ­сан­да болып қалу қау­пі бар аза­мат­тық шара­лар алаң­да­та­тын сияқты. Сіз­дер­мен әңгі­ме бары­сын­да поли­ция қыз­мет­кер­лері бұл жай­лы сұраған жоқ па?

С.А.: Поли­ция тер­ге­ушілері көбі­не­се аран­да­та­тын сұрақтар қоюға әуес: «Күлік­ба­ев­тың жасаған қыл­мысы­на қалай қарай­сыз?» деп, ойы­ң­ды басқа жаққа бұрғы­сы келеді. Ал 16–17 жел­тоқ­сан­да қан­дай шара­лар болар-бол­ма­сы­нан ешқан­дай хаба­рым жоқ.

 

– Аты­ра­удағы екі аза­мат өздерінің кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­рын жария түр­де жүзе­ге асы­рған­да­ры үшін бес жыл­дық жаза­ға кесіл­ді. Билік­тің осын­дай жаза­лау әре­кеті­нен кей­ін жастар­ды қорқы­ныш сезі­мі билей­тіні рас қой?

С.А.: Макс пен Талғат тура­лы айтар бол­сам, алдағы апел­ля­ци­яға үлкен үміт артып отыр­мыз. Оның үстіне Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы­на рақым­шы­лық жари­я­лан­ды, одан да дәме­міз зор. Бұл екі аза­мат – бүгін­гі заман­ның батыр­ла­ры. Олар билік­тен заңға қай­шы неме­се шама­дан артық ешнәр­се талап еткен жоқ қой. Макс пен Талғат ата-баба­дан қалған жер­дің саты­луы мен шетел­дік­тер­ге жалға берілуіне қар­сы шықты. Олар тек халы­қтың пікірін жет­кізді. Билік аза­мат­тар­дың сөзіне құлақ асып, жер­дің ешкім­ге сатыл­мауы­на, жалға беріл­ме­уіне 5 жылға мора­то­рий жари­я­лап, Жер тура­лы заңға өзгерістер енгі­зетін бол­ды. Пре­зи­дент­тің өзі де айт­ты емес пе: «Осын­дай отан­шыл аза­мат­та­ры­мы­здың бар екен­ді­гі қуан­та­ды», – деп. Сон­да логи­ка қай­да? Бір жағы­нан, билік бұл әре­кет­тер­ді құп­тап отыр, ал екін­ші жағы­нан, жер­ге жана­шыр­лық біл­дір­ген аза­мат­тар­ды сот­тап жатыр.

Оның үстіне Аты­ра­уда өткен митин­гі­де бір­де-бір заң бұзу­шы­лық орын алған жоқ. Бір­де-бір аға­штың бұтағы сын­ба­ды, бір­де-бір арыз-шағым неме­се жәбір­ле­ну­ші болған жоқ. Сон­ды­қтан билік есін жинап, ақы­лға келеді деп үміттенеміз.

 

– Көк­тем­де бес мың адам болып жиналған аты­ра­улы­қтар осы жолы неге өз батыр­ла­рын қорғай алма­ды деп ойлайсыздар?

Қ.М.:

– Қазақ өзі момын халық ғой. Сон­ды­қтан қаза­ққа көш­бас­шы керек. Көш­бас­шы болған уақыт­та қаза­қтар кез кел­ген мәсе­лені шешіп ала­ды. Аты­ра­удағы митин­гі­ден кей­ін репрес­сия толқы­ны әлі жалға­сып жатыр. Адам­дар жұмыстан шыға­рыл­ды. Бір завод­тан 200 адам жұмыстан шыға­ры­лып­ты деген­ді есті­гем. Осы­ның бәрін көріп оты­рған қара­пай­ым қазақ еріксіз «тыныш оты­рып, отба­сым­ды асы­рай­ын» деген ойға келеді. Біре­удің басын­да кре­ди­ті бар, біреу бала­сын оқы­тып жатыр, енді бірінің бала­сы бюд­жет­тік меке­ме­де жұмыс істей­ді, олар­ды да түсі­ну­ге бола­ды. Бірақ елде­гі дәр­мен­сіз жағ­дай­ға ішің қазан­дай қайнайды…

 

– Амал нешік? Баста­рың аман бол­сын, жігіттер!

 

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн