Суббота , 5 июля 2025

НАЗАРБАЕВ АШЫП, ҚАЙТА ЖАБЫЛҒАН жобаларды білесіз бе?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 

Көз­бо­я­у­шы­лық

 


 

 

«6 жел­тоқ­сан­да Аста­на қала­сын­да «Қаза­қстан­дағы жаңа инду­стри­я­лан­ды­ру» жал­пы­ұлт­тық телекө­пір аясын­да елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев онлайн-режім­де бірқа­тар жаңа өндіріс орнын ашып, Қаза­қстан бой­ын­ша инфрақұры­лым­дық жоба­лар­ды іске қосуға пәр­мен бер­ді. Инду­стри­я­лан­ды­ру күні аясын­да бар­лы­ғы 23 ауқым­ды өндіріс іске қосыл­ды», деп хабар­ла­ды ҚР Инве­сти­ци­я­лар және даму мини­стр­лі­гі. Іске қосы­лған бар­лық өндіріс орын­да­рын атап шығу артық болар: олар жөнін­де бүкіл елдің теле­ра­дио арна­ла­ры жары­са сар­на­ды. Тек өндіріс орын­да­ры­ның сал­та­нат­ты ашы­луы мен ол кәсі­по­рын­дар­дың қай­та­ры­мы­на қаты­сты мына­дай ресми көр­сет­кі­ш­тер­ді атап өту керек сияқты: Инду­стри­я­лан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру жыл­да­рын­да 4 трлн тең­генің 961 жоба­сы іске қосы­лып, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашы­лған екен.

 

Жөн делік. Бірақ 2011 жыл­дан бер­гі бесжыл­ды­қта елде­гі жұмыс­сызды­қтың ресми мөл­шері неге 5 пай­ы­здан кемі­мей тұр? Ал бей­ре­сми деректер бой­ын­ша жұмыс­сыздық дең­гейі қан­ша? Инду­стри­я­лан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­сын­дағы бір мыңға жуық жоба елде­гі жұмыс­сызды­қты неге ауыздықтамады?

«Мен 23 жоба­ны қарап шықтым. Бұл ком­па­ни­я­лар­дың бар­лы­ғы­ның жетек­шілерін біле­мін. Осы жол­да үкі­мет, мини­стр­лік ауқым­ды жұмыстар атқар­ды. Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы үшін осын­дай сый жасаған­да­ры­ңы­зға иіліп алғы­сым­ды айтам. Бұдан асқан сый жоқ… Біз дағ­да­ры­сқа қара­май өсіп, өркен­деп жатқа­ны­мы­зды, кәсі­по­рын­дар салып жатқа­ны­мы­зды бар­лық елге айта­мыз. Оны қай ел атқа­рып жатыр? Ешбір елде мұн­дай жұмыс жаса­лып жатқан жоқ. Яғни, біз ұлы ел болуы­мы­зға лай­ы­қ­пыз. Тек ауқым­ды жұмыстар ғана бізді дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кір­гі­зеді…» – деді Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев тіке­лей телекө­пір барысында.

Ал бұған дей­ін­гі дәл осын­дай телекө­пір­лер бары­сын­да ашы­лған өндіріс орын­да­ры­ның қазір­гі аху­а­лы нешік? Оны біл­гіңіз кел­се, Azattyq.org пор­та­лы жари­я­лаған зерт­те­у­ге зер салыңыз.

«Азаттық» тіл­шісі кезін­де Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ашқан, «сер­пін­ді жоба» ретін­де таны­сты­ры­лған бірқа­тар зауыт пен кәсі­по­рын­ның қазір­гі жай­ын зерт­теп көр­ді. Қаза­қстан­да үде­мелі-инду­стри­ал­дық жоба­лар ретін­де ашы­лған ондаған зауыт пен кәсі­по­рын бір­не­ше жыл өткесін дағ­да­ры­сқа ұшы­рап, я өнім шығар­маған күйі жабы­лып қал­ды. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев аймақтар­ды ара­лау кезін­де мұн­дай «өндіріс орын­да­рын» ашу сал­та­нат­та­ры­на қаты­сып, олар­ды ел эко­но­ми­ка­сы­ның өсу көр­сет­кі­ш­тері ретін­де мысал ете­ді. «Азаттық» тіл­шісі сон­дай 10 жоба­ның тағ­ды­рын зерт­теп көр­ген еді.

 

1. «Тұл­пар» авто­мо­би­лі зауыты

1996 жылы қаза­қстан­дық «Достық-Инте­рав­то» мен оңтүстік коре­я­лық LG International Kia Sportage моделінің қаза­қстан­дық үлгісі – «Тұл­пар» авто­көлі­гін жасау және жылы­на 40 мың дана­сын шыға­ру жөнін­де уағдаласқан.

Жобаға салы­нуы тиіс 1 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры­ның 60 пай­ы­зын Қаза­қстан қар­жы­лан­дыр­мақ болған. 1997 жылы наурыз айын­да зауы­тқа пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев кел­ді, келесі айда шыққан алға­шқы «Тұл­пар» Қаза­қстан пре­зи­ден­тіне сый­ға тар­тыл­ды. 1998 жылы зауыт жабы­лып қалды.

 

2. Балқаш мырыш зауыты

2003 жылы жылы­на 100 мың тон­на мырыш өндіреді деп жос­пар­ланған зауыт­тың ашы­луы­на Қаза­қстан пре­зи­ден­ті қаты­сқан. Балқаш мырыш зауы­ты «Қаза­қ­мыс» кор­по­ра­ци­я­сы­ның басты жоба­ла­ры­ның бірі бола­тын. Зауыт құры­лы­сы­на 120 мил­ли­он дол­лар­дан астам қар­жы жұм­салған. 2009 жылы мау­сым айын­да Балқаш мырыш зауы­ты­ның бас дирек­то­ры зауыт жұмысы­ның тоқтаға­нын хабарлады.

 

3. «Ютекс» мақта өңдеу кешені

2004 жылы пре­зи­дент Назар­ба­ев Оңтүстік Қаза­қстан облы­сын­дағы «Ютекс» мақта өңдеу кешенінің ресми ашы­лу сал­та­на­ты­на қаты­сты. «Қаза­қстан­да бұрын-соң­ды мұн­дай фаб­ри­ка болған жоқ» деп мәлім­де­ген еді ол.

Өндірістік кешен жоба­сы­ның жал­пы құны 19,3 мил­ли­он дол­ларға тең, оның 13 мил­ли­о­нын «Қаза­қстан даму бан­кі» несие түрін­де, ал 6,3 мил­ли­о­нын Ұлы­бри­та­ни­я­ның Intrex Worldwide ком­па­ни­я­сы инве­сти­ция түрін­де бөл­ген. Жоба бой­ын­ша Қаза­қстан­да алғаш рет мақта өсіру­ден бастап, одан жіп иіру­ге дей­ін­гі толық өндірістік цик­л­ді жүзе­ге асы­ру қарас­ты­ры­лған еді.

Кәсі­по­рын­ның жоба­лық қуа­ты жылы­на 6 мың тон­на жіп иіру­ге жете­ді деп есептелген.

«Ютекс» ком­па­ни­я­сы мене­джерінің «Азаттық» тіл­шісіне айтуын­ша, бұл зауыт 2011 жыл­дан соң жұмыс істемейді.

 

4. «Қаз­Сат» спутнигі

2006 жылы мау­сым айын­да Қаза­қстан­ның Ресей­ге 65 мил­ли­он дол­лар төлеп жасатқан «Қаз­Сат» спут­ни­гі ұшы­рыл­ды. Сал­та­нат­ты рәсім­ге Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин қаты­сты. 2008 жылы мау­сым айын­да спут­ник істен шықты.

 

5. «Био­хим» зауыты

2006 жылы күз­де пре­зи­дент Назар­ба­ев Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы «Био­хим» зауы­тын сал­та­нат­ты түр­де ашты. Жоба­ның құны – 88,6 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры. «ТМД көле­мін­де тең­десі жоқ» деп сипатталған бұл кәсі­по­рын жылы­на 57 мың тон­на био­эта­нол, 19 200 тон­на бала­у­ыз, 24 мың жем-азық ашы­тқы­сы, 25 600 тон­на көмірқы­шқыл газы, 58 мың тон­на ұн, 50 мың тон­на кебек өндіреді деп жос­пар­ланған еді. Өнім­нің 30 пай­ы­зы Қаза­қстан­да, 70 пай­ы­зы сыр­тқы рын­ок­та сатыл­мақ болған. 300-ден астам адам тұрақты жұмыс істе­уі тиіс болған.

2012 жылы бұл кәсі­по­рын­ды банк­рот деп тану үшін сот про­цесі жүрді.

 

6. Тасқа­ла цемент зауыты

2007 жылы Батыс Қаза­қстан облы­сы Тасқа­ла ауда­нын­да салын­бақ болған бұл зауыт үде­мелі-инду­стри­ал­дық жоба­лар­дың бірі ретін­де пре­зи­дент Назар­ба­евқа таны­сты­ры­лған. Жоба құны 210 мил­ли­он дол­ларға баға­ланған. 2009 жылы құры­лы­сын аяқтау көз­дел­ген зауыт жылы­на 2 мил­ли­он тон­наға дей­ін цемент өндіреді деп жоспарланған.

2010 жыл­дың бас кезін­де Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі Бақты­қо­жа Ізмұ­хам­бе­тов «цемент зауы­ты құры­лы­сын жоба­ла­у­шы­лар ең басты мәсе­лені, яғни үлкен жоба­ны энер­ге­ти­ка­лық қуат көз­дері­мен қам­ту жай­ын, оған кететін шығын­дар мен ресур­стар­ды қоса есеп­теу қажет­ті­гін түп­кілік­ті түр­де қарас­тыр­маға­нын, соның сал­да­ры­нан жоба­ның тұй­ы­ққа тіреліп тұрға­нын» айтты.

 

7. «Ақтау-сити» қаласы

2007 жылы қыр­күй­ек айын­да пре­зи­дент Назар­ба­ев Ақтау қала­сы­ның жаны­нан салы­на­тын «Ақтау-Сити» қала құры­лы­сы жоба­сын баста­удың сал­та­нат­ты рәсі­міне қаты­сты. Ол «Ақтау-Сити» халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сай қазір­гі заманғы үлгі­де­гі қала бола­ты­нын» мәлімдеді.

Жос­пар бой­ын­ша, жаңа тұрғын үй құры­лы­сы­ның көле­мі 4 мил­ли­он шар­шы метр­ге тең болуы тиіс еді. «Ақтау-Сити­де» тәу­ел­сіздік алле­я­сы, мәде­ни­ет, білім, меди­ци­на, сауда және спорт нысан­да­ры, биз­нес-орта­лы­қтар мен саябақтар салы­нып, қала­ны электр энер­ги­я­сы­мен және сапа­лы ауыз сумен қам­та­ма­сыз ететін қазір­гі заманғы кәсі­по­рын­дар іске қосыл­мақ болған.

2013 жылы мау­сым­да өткен бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сын­да Маңғы­стау облы­сы­ның әкі­мі Алик Айдар­ба­ев «Ақтау-Сити» баста­пқы жос­пар­лаған­дай бол­май­ты­нын айтты.

 

8. SiliciumKazakhstan крем­ний зауыты

2008 жылы жел­тоқ­сан айын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қараған­ды облы­сы­ның Темір­тау қала­сын­да ашы­лған крем­ний зауы­ты­на кел­ді. Метал­лург­тер алдын­да сөй­ле­ген ол жаңа зауыт­тың халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сай келетінін, тәу­ел­сіздік­тің 17 жыл­ды­ғы­на жасалған тама­ша сый екенін айтты.

Қазір зауыт жұмыс істе­мей­ді. Биыл «БТА банк» SiliciumKazakhstan ком­па­ни­я­сы­на бер­ген 420 мил­ли­он дол­ларға жуық кре­ди­тін қай­та­ру жөнін­де сотқа бер­ді. Ком­па­ни­я­ның бас дирек­то­ры Алек­сандр Сутя­гин­ский биыл наурыз айын­да 12 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған. Сутя­гин­ский 2006 жылы пре­зи­дент Назар­ба­ев ашып, кей­ін тоқтап қалған «Био­хим» кәсі­пор­ны­ның да жетек­шісі болған.

 

9. «Азия Кера­мик» кера­мо­гра­нит зауыты

2010 жылы наурыз айын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Шым­кент­те «Азия Кера­мик» кера­мо­гра­нит зауы­тын ашты. «Зауыт­тың жыл­дық өндірістік қуа­ты – 2,5 мил­ли­он шар­шы метр кера­мо­гра­нит тақта­ла­ры. Бар­лы­ғы 250 адам жұмыс істей­тін бола­ды» деп хабарланды.

«Үде­мелі инду­стри­ал­дық-инно­ва­ци­я­лық даму бағ­дар­ла­ма­сы­ның жоба­ла­ры­ның бірі» деп аталған нысан­ның құны – 35 мил­ли­он дол­лар­дан астам деп көр­сетіл­ді. Қар­жы­ның басым бөлі­гін – 31,8 мил­ли­он дол­лар­ды «Қаза­қстан­ның даму бан­кі» несие түрін­де бер­ді, 4 мил­ли­он дол­лар­ды түрік инве­стор­ла­ры сал­ды. Зауыт пре­зи­дент­тің келуіне орай алға­шқы өні­мін шыға­рып, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев оған қол­таң­ба­сын қалдырды.

Пре­зи­дент ашқан кәсі­по­рын қазір тоқтап тұр.

 

10. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған «Фер­мер» ұшағы

2011 жылы пре­зи­дент Назар­ба­ев Қараған­ды облы­сы­на барған сапа­рын­да «ҚазА­виа­Спектр» серік­те­сті­гінің ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған ұшақ шыға­ра­тын зауы­ты­ның ашы­лу рәсі­міне қаты­сты. «Авиа­ци­я­лық құры­лыс тап осы жер­ден баста­ла­ды. Бұл – мүл­де жаңа инно­ва­ци­я­лық өндіріс» деді президент.

Қараған­ды облы­сы әкім­ді­гінің бас­пасөз қыз­меті таратқан ақпа­ратқа қараған­да, үде­мелі-инду­стри­ал­дық даму бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша салы­нған бұл жоба­ның құны – 1,648 мил­ли­ард тең­ге. Мем­ле­кет бұл жобаға «Жол кар­та­сы-2020» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша 750 мил­ли­он тең­ге, «ҚазА­гро» ұлт­тық хол­дин­гі 846 мил­ли­он тең­ге жеңіл­детіл­ген кре­дит берген.

Ашы­лған кез­де жылы­на 36 «Фермер‑2» және «Фер­мер-500» ұшағын шыға­ра­тын болған бұл зауыт бір жыл­дан кей­ін де ешбір ұшақ шығар­маған. Сол кез­де­гі зауыт бас­шы­лы­ғы­ның сөзіне қараған­да, 2014 жылға қарай зауыт жұмыс істей баста­уы мүм­кін болатын.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн