Воскресенье , 4 мая 2025

АЙТЫСТАНМӘН, СӨЗДЕН ДӘМ КЕТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 

Айтыс қай­тыс болды…

 


 

Ала­та­удың ете­гіне елді жиған «Алтын дом­бы­ра» айты­сы аяқтал­ды. Арты айғай-шуға ұласқан айты­ста не айтыл­ды, нелер айтыл­май қал­ды? Халық қазы­лар­дың шеші­мі­мен не себеп­ті келіс­пе­ді? Арнайы «ДАТ» үшін шолу жасап көрелік.

 

Бұл айты­стың бірін­ші жаңа­лы­ғы – айты­сты бастан-аяқ «Еура­зия» арна­сы түсіріп, тара­та­тын бол­ды. Осы­ған дей­ін ұлт­тық өнер­ге «прайм-тайм­нан» уақыт бөліп, ақын­дар­дың айтқан­да­рын қиып тас­та­са да, экранға шыға­рып жүр­ген «Қаза­қстан», «Хабар» арна­ла­ры бұл жолы тыныш. Себебі тағы бел­гісіз. Сахнаға шыққан Жүр­сін Ерманға «Қаза­қстан» теле­ра­дио­кор­по­ра­ци­я­сы­ның бас­шы­сы Кемел­бек Ойшы­ба­ев xабар­ла­сып, бұл айты­сты көр­се­те­міз депті.

Содан кей­ін айты­стың әуел­гі жар­на­ма роли­гін­де Ринат Зай­тов қаты­са­ды деп көр­сетіл­ген еді. Сахнаға шыққан жиыр­ма ақын­ның сапын­да Ринат бол­май шықты. Сөйт­сек, жыл бойы рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық аймақта­рын­да өткен айты­стар­да бірін­ші жүл­де­лер­ді ием­ден­ген ақын­дар ғана қаты­са­тын көрі­неді. Ерма­нов солай деді.

Жә, солай-ақ бол­сын деген­де, Шым­кент­тен кел­ген шай­ыр Нұр­лан Есенқұл сахнаға шықты. Нұр­лан­ның да жары­тып бәй­ге алмаға­нын қар­сы­ла­ста­ры­ның өздері айт­ты. Сон­дағы Жүр­сін­нің сөзі қай­да қал­ды дестік.

Халық Ринат­ты сұра­ды. Жүр­сін оларға жау­ап беріп: «Мен тағы да айта­мын, сіз­дер де залға толық келіп оты­рған жоқ­сыздар ғой…» – деді.

Ауы­зда­ры­на тілі сый­май, тыпыр­шып тұрған жиыр­ма ақын: Айбек Қали­ев, Болат­бек Ораз­ба­ев, Аспан­бек Шұға­та­ев, Еркебұлан Қай­на­за­ров, Мей­ір­бек Сұл­тан­хан, Әсем Ере­же, Мақ­сат Аха­нов, Иранғай­ып Күзем­ба­ев, Мұх­тар Ния­зов, Жан­сая Муси­на, Қали­жан Біл­дә­шев, Ершат Қай­бол­дин, Рүстем Қай­ыр­тай, Өмір­жан Көп­бо­сы­нов, Шұғай­ып Сезім­хан, Ержан Әміров, Сырым Әділ­бек, Серік­зат Дүйсенғазин.

Енді қазы­лар алқа­сы­на тоқтал­сақ: Мұха­меджан Таза­бек, Аман­жол Әлта­ев, Дәу­лет­ке­рей Кәпұ­лы, Бауы­р­жан Халиол­ла, Әділ­бек Ыбы­рай­ы­мұ­лы, Қоны­с­бай Әбі­лов, Қой­лы­бай Аса­нов сияқты «зей­нет­те­гі ақын­дар» қазы­лық етті. Бұл қазы­лар­дың төраға­сы – Әділ­бек Ыбы­рай­ы­мұ­лы екен.

Алға­шқы күн­гі айты­ста ақын­дар барын сал­ды. Бір­сы­пы­ра әле­умет­тік, ұлт­тық мәсе­ле­лер айтыл­ды. Мыса­лы, осы айты­стың бірін­ші күнін­де жаңа­лық болған Өмір­жан Көпбосынов:

«Ән шыға­рып бүл­дір­сем ештеңе емес,

Заң шыға­рып бүл­діріп жатқа­ным жоқ»,

– деді. Неме­се айты­стың шымыл­ды­ғын ашқан Ершат Қай­бол­дин Талғат Аян мен Макс Боқа­ев­тар тура­лы терең көсілді.

 

Қызы­қтың көкесі айты­стың екін­ші күнін­де бол­ды. Ақын­дар алға­шқы күні көп шауып қой­ды ма, әлде дай­ын­ды­ғы жетіс­пе­ді ме, әйте­уір екпін басы­лып қалып­ты. Оның үстіне екін­ші күн­гі айты­сқа Бауы­р­жан Бай­бек мыр­за келеді деп жұрт көп күт­ті. Әкім мыр­за­ны сөге жаман­да­удан аулақ­пыз – шару­а­ның ада­мы: айты­стың соңғы жұбы айты­сып жатқан­да келді.

Екін­ші күні топ­тан суы­ры­лып 12 ақын, алты жұп айты­сты. Солар­дың ішін­де көре­рмен­нің көңілі­нен шыққан Болат­бек Ораз­ба­ев, Мұх­тар Ния­зов және Жан­сая Муси­на­лар­дың ұпайы тең түсті. Деген­мен, Жан­сая Мұх­тарға жолын бер­ді. Тар­тыс осы жер­ден басталды.

Финал­дық айты­стар аяқта­лып, қазы­лар жүл­де бөлу­ге кет­кен еді. Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­на жиы­лған жұрт іштей биы­лғы «Алтын дом­бы­ра­ны» Болат­бек­ке беріп қой­ға­ны аңға­рыл­ды. Рас, Болат­бек кеше­гі жыра­у­лар­ша төгіп айт­ты. Сүй­ін­бай, Кенен­дер­ден жет­кен үлгіні нақ көр­сет­ті. Оған ешкім­нің дауы болмас.

Жан­сая шымыр шумақта­ры­мен жұрт­ты қыран-топан әзілі­мен бау­рап алды. Шап­па-шап айтыс жасай біл­ді. Шоу жаса­ды. Сәй­кесін­ше жұрт­тың ерекше ықы­ла­сы­на бөлен­ді. «Алтын дом­бы­ра­ның» алға­шқы иегері атанған Мұх­тар Ния­зов та бұл еке­уі­нен кем түс­пе­ді. Дай­ын­дап кел­ген шумақта­рын да айт­ты. Тек жалғыз ақсаған тұсы – жиі сасқа­лақта­ды. Шумақта­ры шымыр болға­ны­мен, соны жет­кі­зу жағы­нан есе жібер­ді. Нағыз тар­тыс қазы­лар ара­сын­да болған екен.

 

Сахнаға шыққан Жүр­сін Ерман сөзін былай баста­ды: «Сіз­дер­ді қай­дам, әйте­уір мен осы айты­стан кей­ін біраз уақыт айты­сты көр­гім кел­мей­ді. Тіп­ті маңай­ы­на жолағым…».

Жүкеңнің осы сөзінің өзі біраз нәр­сені аңғар­тқан секіл­ді бол­ды. «Нағыз айтыс сахна­да емес, қазы­лар ара­сын­да бол­ды. Тіп­ті бір-бірі­мен жаға жыр­ты­са жаз­да­ды», – деді жүр­гі­зу­ші ағай.

Е, бәсе. Солай болуы керек еді ғой.

 

Екі күн бойы жұрт­тың айы­зын қан­ды­рып, жырға сусын­датқан 13 ақын шабыт­тан­ды­ру сый­лы­ғын алды (әрқай­сысы 250 мың тең­ге). Ал 3‑орын Серік­зат Дүй­сенға­зин, Мей­ір­бек Сұл­танға­зы, Иранғай­ып Күзем­ба­ев пен Өмір­жан Көп­бо­сы­но­вқа беріл­ді (әрқай­сысы­на 300 мың тең­ге­ден). 2‑орын Жан­сая Муси­наға (1 млн тең­ге) бұйырды.

2016 жыл­дың «Алтын дом­бы­рас­ын» я Болат­бек, я Мұх­тар ала­ды деп шешіп­ті қазы­лар. Шешім бой­ын­ша Болат­бек 1‑орын мен 2 млн тең­ге сый­лық, ал Мұх­тар Ния­зов екін­ші мәр­те «Алтын дом­бы­ра» иегері атанды.

Дәл осы жер­де бас жүл­дені қала бас­шы­сы Бауы­р­жан Бай­бек беруі тиіс еді. Әкім сахнаға шықты. Бірақ қазы­лар­дың шеші­мі­мен келіс­пе­ген халық әкім­нің сөзіне де құлақ аспады.

Біразға дей­ін дау­ры­ққан жұр­тқа басу айтқан Бауы­р­жан Қады­рға­лиұ­лы бюд­жет­тен қосым­ша ақша бөліп, «Болат­бек­тің жүл­десін көбей­те­мін» дегеніне бол­ма­ды. Себебі бұл жер­де мәсе­ле ақша­да емес, халы­қтың қала­у­ын­да еді.

Қазы­лар алқа­сы осын­дай шешім шыға­рып, жүл­де­гер­лер­ді мара­пат­тау рәсі­мі бары­сын­да бас жүл­денің Мұх­тарға берілуіне Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­на лықа толған халық нара­зы бол­ды. Ора­за­лы Досбо­сы­но­втың төл шәкір­ті Болат­бек Ораз­ба­ев шешу­ші айты­ста жыра­у­лар­дай жыр төк­ті. Деген­мен, әділ қазы­лар бер­ген баға­да «бір тоғыз» беріліп, «Алтын дом­бы­ра» қар­сы­ла­сы Мұх­тар Ния­зо­вқа беріл­ді. Бұл жер­де қазы­лар алқа­сы­ның мүше­сі Мұха­меджан Таза­бек­тің жан­шы­ғын­да тиесілі 1 дауы­сы бар еді. Алай­да Мұха­меджан ол дауы­сын Болат­бек­ке бермеді.

Қазы­лар қата­рын­да болған ақын Дәу­лет­ке­рей Кәпұ­лы былай деді: «Достар, қазы­лар­дың дауы­сы екі­ге жарыл­ды. Мұх­тарға – Мұха­меджан Таза­бек, Бауы­р­жан Халиол­ла, Әділ­бек Ыбы­рай­ы­мұ­лы дауыс бер­ді. Болат­бек­ке – Аман­жол Әлта­ев, Қоны­с­бай Әбі­лов, Қой­лы­бай Аса­нов және мен дауыс бер­дік. Төраға­ның екін­ші дауы­сы Мұх­тарға беріліп, шешім соның пай­да­сы­на кетті!».

Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­на кел­ген дүй­ім жұрт­тың көңілі су сеп­кен­дей болып қайт­ты. Қазы­лар бұра тарт­ты ма, әлде басқа фак­тор­лар ықпал етті ме, әйте­уір Жүр­сін ғана емес, жұрт та айты­стан күдер­лері үзіл­ген­дей әсер алды.

Арман Сқа­был ағам айт­пақ­шы, қазақ деген халық бар­да, айтыс өлмей­ді. Тек айты­стың кім­дікі екенін аны­қтап алу керек! Айтыс – Жүр­сін­дікі де, Бек­бо­лат­тікі де, тіп­ті «Нұр Отан­дікі» де емес! Айтыс – «сақал­ды­нікі» де, сақал­сыздікі де емес! Айтыс – қара халы­қтікі! Өкініш­ке орай, айтыс жоға­ры­дағы «ойын­шы­лар­дың» көк­па­рын­да ту-талақай болып тақым­да жүр­ген «өлі сер­кенің» күй­ін кешуде.

 

Дала демо­кра­ти­я­сы цен­зу­раға ұшы­рап­ты. Осы жолы бұған көзі­міз әбден жет­ті. Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы­на арналған айтыс еді бұл. Демек, ақын­дар жиыр­ма бес жыл­да жет­кен жетістік­тер­ді, тым бол­ма­са кем­шілік­тер­ді сөз етуі тиіс еді.

Сон­да айты­ста не айтыл­ды? Сақ пен Ғұн­нан тараға­ны­мыз айтыл­ды. Қона­ев­ты жыр етті. Қона­ев айты­лған жер­де әмі­се Назар­ба­ев та айтыл­ды. Сон­дағы айна­ла­сы екі-үш тақы­рып­тан өзгесі қам­тыл­ма­ды. Сон­да жиыр­ма бес жыл­да бар болға­ны Алма­ты­да 7 көше қаза­қ­ша­ла­нып, 4 ге- клуб­тың бары­нан басқа жаңа­лық жоқ па?

Макс пен Талғат­ты тіл­ге тиек еткен жалғыз ақын Ершат Қай­бол­дин бол­ды. Аста­наға қаты­сты ЭКСПО көпірінің құлаға­нын Еркебұлан Қай­на­зар айт­ты. Қалған­да­ры депу­тат­тар­дың деліқұ­лы баста­ма­сын сөз еткен­нен әрі аспа­ды. Жә, ол басты­сы емес.

 

Жұрт Еркебұлан­ның шабысы­нан көп дәмет­ті. Еркебұлан да шаба ала­ты­нын көр­сет­ті. Сөзі­міз құрғақ бол­мауы үшін, Еркебұлан­ның біра­уыз шумағын ұсынайық:

Шейх-Мұх­тар ибн Нияз әл-Ақмешіт,

Ақи­даң ахли сун­на сау­ап­ты есіп.

Жай­на­маз­да жолы­ққан жігіт­тер ек,

Бір тәулік­те бес рет қамат­ты есіп.

Кері қарай жүретін бол­дың қазір,

Асы­ғыс мәсе­леңді ағат шешіп.

Жаз бойы Аста­наға кел­меп едің,

Туған ер туған жер­де қалад десіп.

Арқар ауған аяз­да ауысыпсың –

Ақме­шіт­тен арқаға қарап көшіп.

Аяқ асты аязға ұры­нған соң,

Жүр­місің жыр­ты­қ­пе­нен жамап тесік,

Отқа жағып жылы­нған секілдісің –

Шал­ба­ры­ң­ның балағын шолақ кесіп.

Аузы­ң­ды үсік шалып кет­пе­сін деп,

Шығып­ты-ау сақа­лың да замат­та өсіп.

Хана­фи екеніңді білмейтіндер

Шата­са­тын бол­ды ғой сәләф десіп…

Бұл сақа­лың бол­ма­са жігіт­ке айып,

Талай­лар жүр ізі­нен шығып, тайып.

Қазір ел сақал­ды­дан шошып жүр ғой…

Десе де көңілі­мізді суытпайық.

Қар­сы­ла­стың кел­бетін көр­ген сайын,

Кеудем­де бара жатыр күдік байып.

Кеше ғана қала­ны қан қақсатқан

Қыл­мыс­кер­дің суретін сұрыптайық:

Әй бала, бері қара, қат­ты ұқсайсың –

Кол­лек­тивің емес пе Күлікбаев?!

Мына­ны бұл айты­сқа қалай қосқан,

Тізім­ді қарап жүр ед Қырықбаев?

Аты­стың маңай­ын­да жүргендерді –

Айты­стың маңай­ы­на жуытпайық!

Мұха­мет­жан аға бал берер кезде

Дәстүр­лі діні­мізді ұлықтайық!

Қаза­қия елінің ұстанымы

Хана­фи екен­ді­гін ұмытпайық…

 

Рас, «Ала қой­ды бөле қыры­ққан жүн­ге жары­май­ды» десек те, халы­қтың пікіріне пысқыр­маған­да­ры қын­жы­лт­ты. Ашы­ғын­да солай бол­ды. Мұх­тар­дың ақын­ды­ғы­на ешкім шек қоя алмай­ды. Десек те, бұл жолы халы­қтың көңілі­нен Болат­бек шыққан еді.

Жалқы сұрақ мына­дай: Айтыс қазы­лар үшін бе, әлде халық үшін бе? Егер қазы­лар қара қыл­ды қақ жарып, әділ­ді­гін айта алма­са, Құла­гер­ді өлтір­ген Барақ бай­ша ақын­дар­дың аяғы­нан шал­са, қоғам­нан тап­паған әділет­ті енді­гі айты­стан ізде­ме­гені жөн.

Айт­пақ­шы, Ринат­тың да осы айты­сқа не үшін қаты­спаға­ны осы­дан кей­ін бел­гілі болды…

Айтыс аяқта­лып, қазы­лар­дан нелік­тен бұлай болға­нын сұра­дық. Есім-сой­ын жасы­рып қалу­ды өтін­ген бір қазы: «Мұха­меджан­нан сұра!» – деп діңк етті. Солай болды.

«Азуы қышы­ған айты­сты сынай­ды­ның» кебі емес, кесі­мі күп­ті айты­стан көріп қай­тқа­ным осы бол­ды. Әйт­пе­се Мұх­тар – Сыр сүлей­лерінің сарқы­ты еді. Шама­сы­на қарай шап­ты. Айып Мұх­тар­да емес, Мұх­тар­ды сүй­ре­ген­дер­де еді…

Әкім­дер­дің бір­сы­пы­расы таласқан бұл айты­сқа Бау­кең Бай­бек өзі келіп қаты­сты. Бас жүл­дені тап­сы­рар­да ақжар­ма тіле­гін айтай­ын деп еді, «Болат­бек! Болат­бек!» (сурет­те) деп шулаған халық оған сөз бермеді.

 

Обал. Әкім­де не кінә? Қазы­лар ғой. Соңғы үміт Мұх­тар­да еді. Мұх­тар мәрт­тік жасап, сол алтын дом­бы­ра­ны көп тіле­уі­нен аса алмай, ел алдын­да Болат­бек­ке ұста­тар деп едік. Олай бол­ма­ды. Алтын қол­дан-қолға өтер. Алтын­нан қым­бат айтыс дей­тін асыл қазы­на­мыз қол­дан-қолға өтіп кет­пе­се игі еді.

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

жур­на­лист

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн