Воскресенье , 20 апреля 2025

«АЛТЫН ДОМБЫРАНЫ» НЕГЕ «ТАУЫҚТАР» АЛАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 

Айтыс қай­тыс болды…

 

 

 


 

 

Біз­де бар­лық жағ­дай­дың, қамқор­лы­қтың, сый-құр­мет­тің эст­ра­да фанер­щик­тері мен айтыс­кер­лер­ге ғана жаса­ла­ты­ны несі екен?! Әу бастан қаза­қтың киелі дом­бы­рас­ы­ның иесі әнші мен күй­ші емес пе еді?

 

Бүгін­ге айқын болған бір анық жайт бар: ол қаза­қтың әлем­де­гі ең бай музы­ка­лық мұраға ие халық екен­ді­гі. Зама­на тезі­нен өтіп, бүгін­ге жет­кен он мың­дай күй мен бес мың­дай әні­міз бар екен! Баба­лар­дан мирас болған бұл шығар­ма­лар­ды дүни­е­ге әкел­ген алтын сау­сақ әншілер мен күй­шілер еді ғой. Бұл күн­де сол мұра­ны көздің қара­шы­ғын­дай сақтап, елге наси­хат­тап жүр­ген­дер тағы да сол әншілер мен күй­шілері­міз емес пе?! Енде­ше «Алтын дом­бы­ра» күй­ші мен әншінің жолы ғой.

Неге «Алтын дом­бы­ра­дан» әнші, күй­ші өнер­паз­дар сырт қала­ды?! Бір­жан­ның қолын­дағы дом­бы­рас­ын тар­тып алған «Жан­бо­та пошта­бай­шы­лық» қашанға дей­ін жалғасады?!

Ақы­ры бастаған соң, айтай­ын, қазақ қоға­мын­да бір қызық (бәл­кім, шыжық) құбы­лыс орын алып отыр: өнер десе, қаза­қтың көз алды­на ауыз жыбыр­латқыш фанер­щик әншілер мен сақа­лы бар, мұр­ты жоқ, шапа­нын сүй­рет­кен айтыс­кер­лер ғана келетін болған күн­ге жет­тік. Бұл күн­де жұрт дүни­е­де бұдан асқан өнер бар деп ойла­май­тын болған. Әйт­пе­се өнер­дің төресі қашан да ән мен күй еді ғой! Бұры­нғы қазақ үшін солай болған. «Құлақтан кіріп бой­ды алған әсем ән мен тәт­ті күй» өнер­дің асы­лы, жауһа­ры саналған. Осы­лай деген Абай: «Мал үшін жанын жал­дап, қобыз бен дом­бы­ра алып, топ­та сар­наған» ақын­дар­ды жек көрген.

Ал қазір не бол­дық: әнші мен күй­шіні күресін­ге таста­дық. Олар­дың аузын­дағы несі­бесін фанер­щик­тер мен уаха­бит айтыс­кер­лер­ге жұлып алып бердік.

Салы­сты­ру үшін айтай­ын: Әмі­ре Қашау­ба­ев атын­дағы және Жүсі­п­бек Еле­бе­ков атын­дағы рес­пуб­ли­ка­лық әншілер кон­кур­сы­ның бас бәй­гесін алған әнші­ге берілетін жүл­де екі жүз мың тең­ге. Ал айтыс­кер­лер­ге беріліп жүр­ген «Алтын дом­бы­ра­ның» құны 120 мың дол­лар тұра­ды дей­ді, рас бол­са. Ас та төк өтетін астар­да тігілетін 50, 100 мың дол­лар­дың қым­бат көлік­терін былай қой­ы­ңыз. Ал сол астар­да қаза­қтың әні мен күй­іне орын жоқ.

Себебі үкілі дом­бы­ра­лы әнші мен күй­ші ас иесіне тиім­сіз. Өйт­кені әнші мен күй­ші оның бір заман­да кім болға­ны бел­гісіз (қазір батыр, яки би) ата-баба­сын мадақтап, мақтап, жыр­лап, «нұр­лап» бер­мей­ді ғой. Сон­ды­қтан қай аста, айт пен той­да бол­сын: «Ала­та­удан, Арқа­дан ақын­да­рым келіп­сің», ал «әнші мен күй­шіні қой­дай қу қам­шы­мен» дей­тін «тапқа бөлу­шілік» сал­та­нат құрып алған. Тіп­ті дос-жаран­ның той­ы­на бар­саң, дом­бы­ра орны­на диск сұрай­тын хал­ге жеттік.

Міне­ки, ағай­ын, өнер мен өнер­паз­ды осы­лай ала­лай­тын бол­дық. Себебі әнші мен күй­ші­ден «пай­да» жоқ. Тым бол­ма­са, «дұры­стап» уаха­бист та бола алмай­ды. Өйт­кені «құрғыр» ән мен күй тым биік, тым асқақ. Жер­де­гі жем­ге көзі қыза­рып түс­пей­ді. Кім­нің тары­сы піс­се, соның тауы­ғы бол­май­ды. Ал қазір билік­ке «тауық» керек. Өйт­кені тауы­қтан келер қауіп жоқ. Қитұрқы ағым­дарға да солай. «Дін тара­ту» үшін «тауы­қтар» тап­тыр­май­тын «құс». «Шір­кін, тауық, шыр айна­лар, жемің бол­са, қолыңда!..».

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ,

Abai.kz

 

 

 

Іште пікір өлгенше…

 

Болат­бек­тің қолын­дағы «Алтын дом­бы­ра­ны» Мұх­тарға жұлып берді…

 

Айты­стың бас жүл­десі Болат­бек Ораз­ба­евқа емес, Мұх­тар Ния­зо­вқа беріл­геніне нара­зы көре­рмен­дер­дің бірі – бло­гер Айгүл Орын­бек. Ол «бас жүл­де халы­қтың мұңын айтқан­дарға емес, бір кісінің жырын айтқан­дарға бұй­ыр­ды» деп біледі. «Алтын дом­бы­ра­ны» Мұх­тар­дың алып кет­кеніне риза бол­ма­дым. Өйт­кені Мұх­тар Ния­зов халы­қтың мұңын бұры­нғы­дай жыр­ла­май­ды. Сөз­дерін тың­да­саң, бір адам­ды ғана қоштап, біре­улер­дің ғана тіле­улерін тілеп оты­рған­дай көрі­неді. Ал Болат­бек елдің мұңын, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді айта біл­ді, соны­сы­мен қар­сы­ла­сы­нан озық тұр­ды», – дейді.

Айтыс­кер ақын Бақыт Жағы­парұ­лы да «Алтын дом­бы­раға» Болат­бек Ораз­ба­ев лай­ық еді деп біледі. «Расы­мен, шын мықты­ны аны­қтағы­сы кел­се, супер­фи­нал­да Болат­бек пен Мұх­тар­ды айты­сты­ру керек еді. Сол сәт­те Мұх­тар басым түс­се, сөзім жоқ. Шын­ды­ғын­да, Болат­бек­тің қолын­дағы «Алтын дом­бы­ра­ны» Мұх­тарға жұлып бер­ді», – дей­ді Бақыт Жағыпарұлы.

Дәу­лет­ке­рей Кәпұлы­ның айтуын­ша, жеңім­паз­ды айты­сты ұйым­да­сты­ру­шы Жүр­сін Ерман­ның пікірі аны­қтаған. «Қазір төраға­ның екі дауы­сын қосқан­да, төрт те төрт болып отыр­мыз. Сіз кім­ге бересіз?» деп едік, Жүр­сін Ерман «Мен Мұх­тар алса деп тұр­мын, ол шула­тып отыр» деді. Соны­мен «Алтын дом­бы­ра» Мұх­тарға бұй­ыр­ды. Шын­ды­ғын­да, Мұх­тар­дың бас жүл­де алуы­на Мұха­мет­жан Таза­бе­ков ерекше жұмыс істе­ді», – дей­ді ол.

Еске сала кет­сек, Мұх­тар Ния­зов бас жүл­десіне «Алтын дом­бы­ра» тігетін айтыс алғаш өткен 2012 жылы да жеңім­паз болған. Одан кей­ін бұл сый­лық Жан­дар­бек Бұлғақо­вқа (2013 жылы), Балғын­бек Има­шев (2014 жылы) пен Аспан­бек Шұға­та­евқа (2015 жылы) бұйырған.

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн