Вторник , 26 августа 2025

ЖАНАОЗЕН ЭЛЕГИЯСЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 

Алдас­пан

 


 

Жаз қылы­ғы табы­лар қай күзіңнен,

Аңға­ры­лып тұр мың сан жай жүзіңнен, –

О, Жаңаө­зен, жаны­ңа көрем түскен,

«Елім-ай» әнін­де­гі қай­ғы ізін мен.

Қара­май қырау шал­ды боз басыма,

Қой­май­тын көңіл шай­ып, қозбасыңа, –

Тұн­шы­ғып ояна­мын кей түндері,

Төгіл­ген қалың қазақ көз жасына.

Мұн­да бір гәп бар білем түс дегенмен,

Таста да дақ қала­ды тістегеннен.

Қыс та ұзақ жатып алды – жам­ба­сы мұз,

Кет­пей­тін адам­дай­ын күштегенмен.

Шар­пы­сқан от пен оқтың арасында,

Қара­лы қам – жай мең­деп бара­сың ба?

Оқа­лы ана адам­ның, қазақтарға,

Сұм­дық бір суы­қтық бар қарасында.

Иімей жастан төк­кен тұр-ау көнің,

Тағ­дыр­дың сезіне ме, қырау демін? –

Жаңаө­зен, шер­лі жаның сияқтанып,

Жүре­гім жиі қағып тұр-ау менің.

Құм мінез, қу тір­лік­ті, жай­лап оппа,

Тұрған­да, тұса­уға оны айла жоқ па?

Талқы емес, тағ­дыр­да емес, адам қолы,

Жібер­ді бозба­ла­ны бай­лап оққа.

Ұқсаған өксік қысты өр теңізге,

Жан жеген жоқтау күй­ін шер­те­міз бе?

Санам да салқын тарт­ты, сартаптанып,

Ұры­нған жапы­рақтай ерте күзге.

Сың­си­ды жел өтін­де қияқ талып,

Жай­ы­на кей бір жан­да ұят қалып.

Жаным­ды жеп бітетін шығар қайғы,

Қалы­ға түс­кен күйе сияқтанып.

Аман­хан ӘЛІМ

Fb-парақ­ша­сы­нан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн