Воскресенье , 6 июля 2025

ҚАЙДА КЕТІП БАРАМЫЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

Қаза­қстан­ның бағы­ты туралы

 


 

 

Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дың мәлімдемесі

 

Мем­ле­кет­тік Тәу­ел­сіздік – халқы­мы­здың ұзақ ғасыр­лар бойы аңсаған арма­ны мен күресінің баға жет­пес жемісі. Бұл – ғасыр­лар бойы қан­ша­ма рет көтеріл­ген ұлт-азаттық қозға­лы­стың нәтижесі.

 

Халқы­мыз 1991 жылы өзін туған жерінің иесі ретін­де сезініп, еге­мен­ді мем­ле­кет­тің аза­ма­ты ретін­де жаңа ұлт­тық намыспен өзін-өзі тану­дың тари­хи жолын баста­ды. Осы уақыт ішін­де мем­ле­кеті­міз бен халқы­мыз бүкіл әлем­ге әйгілі болып, халқа­ра­лық қауым­да­сты­қтың тең дәре­желі мүше­сі болып таныл­ды. Халқы­мы­здың төзім­ділі­гі мен қай­ы­ры­лым­ды­лы­ғы көпұлт­тық мем­ле­кет­тің тәу­ел­сізді­гінің татулық жағ­дай­да қалып­та­суы­на және ныға­юы­на мүм­кін­дік берді.

Алай­да Жаңа Қаза­қстан­ның жүзе­ге асы­ра­тын мүм­кін­дік­тері әлдеқай­да көп еді. Неге оның бар­лы­ғы пай­да­лан­бай қалды?

Сөз­сіз, басты себеп Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «жаңа ескі» билі­гінің, бұры­нғы, кеңе­стік пар­ти­я­лық эли­та бөлі­гі, өзінің пси­хо­ло­ги­я­сын­да және әре­кетін­де мем­ле­кет­тің жеке ада­мға деген, оның мүд­десіне және мұқта­жы­на деген өктем­ділі­гі­нен бас тар­ту­дың орны­на, қай­та нығай­ту­мен бол­ды. Кеңес идео­ло­ги­я­сы қираған шақта – елдің биле­уші тобы мем­ле­кет­тілік­ті бостан­дық пен әділ­дік, ада­ми құн­ды­лы­қтар­мен тол­ты­ру­дың орны­на оны өзінің тұрақты және бақы­лау­сыз баюы­ның құра­лы­на айналдырды.

Мем­ле­кет­тің осын­дай билі­гі Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры­нан бастап аза­мат­тық қоғам­ның және аза­мат­тық бостан­ды­қтар­дың, пар­ла­мен­та­риз­мнің, пікір алу­ан­ды­қтың және демо­кра­ти­я­ның дамуы­на жол бер­меді. Мұн­дай сая­си әділет­сіздік эко­но­ми­ка­лық әділет­сіздік­ке әкеліп тірей­тіні анық. Соның сал­да­ры­нан 1990 жыл­дар­дың орта­сын­да өткен стра­те­ги­я­лық мағы­на­сы бар жал­пы­ха­лы­қтық өндіріс сала­ла­рын­да жеке­ше­лен­дірудің таза өтпе­гені бар­шаға мәлім. Сол уақыт­тан бастап Қаза­қстан­да оли­гар­хи­я­лық эко­но­ми­ка­ны қалып­та­сты­ру, оны қорға­уға арналған жеке билік­ті нығай­ту про­цесі ұшта­сып жатты.

Соның сал­да­ры­нан, Тәу­ел­сіздік­тің арқа­сын­да жет­кен жетістік­тер­ден басқа, соңғы ширек ғасыр­дың нәти­же­лері мынан­дай болды:

– инду­стри­я­сы басым халық шару­а­шы­лы­ғы шикі­зат пен қары­зға бату жолы­на түс­кен эко­но­ми­каға айналды;

– жемқор­лы­ққа батқан, сай­ла­уды бұр­ма­ла­у­ға бағыт­талған, тар­мақта­рын теңе­стіретін және тежей­тін меха­низмдері жоқ сая­си билік жүй­есі құрылды;

– эко­но­ми­ка­лық және сая­си тоқы­ра­удың сал­да­ры­нан елдің инве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғы төмендеді;

– мем­ле­кет­тің әле­умет­ке қар­сы сипа­ты, ден­са­улық сақтау, білім беру және ғылым жүй­есінің ком­мер­ци­я­ла­нуы олар­дың сапа­сын төмендетті;

– бүгін­гі заман­да төз­гісіз әле­умет­тік жік­те­лу орын алды.

Бүгін­гі Қаза­қстан­да тұрақты пай­да таба­тын­дар – тек тым бай­ып алған «бай­шы­ке­ш­тер», олар­дың табысы кез кел­ген жағ­дай­да басқа­ларға қараған­да есе­леп өсу­де. Есесіне кедей­лер одан әрі кедей­леніп, әле­умет­тік теңсіздік артып, қаза­қстан­ды­қтар­дың төрт­тен үші «аут­сай­дер­лер» қата­ры­на қосы­лып барады.

Бұл үрдісті, негізі­нен эко­но­ми­ка­да әрта­рап­тан­ды­ру жүр­гізіл­ме­удің сал­да­ры­нан орын алып оты­рған елі­міз­де­гі тоқта­у­сыз дағ­да­ры­стар кезеңін тез­дет­ті. Соның кесірі­нен ұлт­тық валю­та құн­сызда­нып, елді жұмыс­сыздық жай­лап, әле­умет­тік шығын­дар қысқа­ру­да. Яғни, Қаза­қстан­ның дамуы­на жол бер­мей­тін қателік­тер бүгін­гі билік­тің бол­мысын­да жатыр, олар қоғам­ның еркін біл­діретін сая­си жүй­енің жоқты­ғы – әле­умет­тік шие­леніс­ке және сая­си тұрақ­сызды­ққа әкеліп соқты­руы мүмкін!

Тағы бір қат­ты алаң­да­та­тын мәсе­ле, ол – халқы­мы­здың ада­ми қадыр- қаси­етінің, руха­ни салт-дәстүрінің дағ­да­ры­сқа ұшы­ра­уы. Билік­тің сая­са­ты­ның сал­да­ры­нан қоғам­да пай­дақор­лық пен руха­ни азғын­дау күшей­іп бара­ды. Бұл өз кезе­гін­де қыл­мыстың өсуіне, ел ішін­де алаң­да­у­шы­лық пен амал­сыздық үрей­ін туғы­зып, енжар­лы­ққа себеп болып отыр.

Осы жағ­дай­да елі­міз­де жеке басқа табы­ну орын алып келе жатыр. Бұл –бүгін­гі өрке­ни­ет­ке мүл­де жат құбы­лыс, әсіре­се Қаза­қстан­да оған жол беріл­ме­уі тиіс. Өйт­кені мил­ли­он­даған халы­қтың кезін­де көш­бас­шы­ны дәріп­те­уден қан­ша­ма жапа шек­кені бел­гілі. Жеке басқа табы­ну халы­қты қор­лап, сана­ны азды­ра­ды және елдің дамуын тоқтатады!

Билік өз рөлін осы­лай жеңіл-жел­пі түсі­нуі – сая­си «тран­зит­тің» алдын­да тұрған Қаза­қстан үшін аса қауіп­ті. Бұл – оли­гар­хи­я­лық-қауым­дық топ­тар­ды текетірес­ке, не бол­ма­са күн­нен-күн­ге ушы­ғып бара жатқан әле­умет­тік шие­леніс­ке неме­се Қаза­қстан­ды қор­шаған гео­са­я­си мүд­де­лер­дің қақты­ғы­сы­на алып келуі ықтимал.

Қоры­та айтқан­да, елі­міздің 25 жыл­ды­ғы екіұ­шты сезім туғы­за­ды. Бір жағын­да – мақта­ныш сезі­мін туды­ра­тын, бар­ша халы­қтың жүре­гі­нен ойып тұрып орын алған – Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гі, екін­ші жағын­да – Тәу­ел­сіздік­тің мүм­кін­дік­терін қаза­қстан­ды­қтар­дың игілі­гіне дұрыс пай­да­ла­на алмаған билік­тің дәрменсіздігі.

Сон­ды­қтан мен Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің ширек ғасыр­лық мерей­тойы –бар­лық қоғам­дық-сая­си күш­тер­дің билік­ті демо­кра­ти­я­лан­ды­ру, әле­умет­тік мем­ле­кет құру және қоғам мүд­десіне жұмыс жасай­тын эко­но­ми­ка қалып­та­сты­ру үшін нақты Ұлт­тық диа­лог арқы­лы бітім­ге келудің басы болуы керек деген сенімдемін!

Соны­мен қатар осын­дай маңы­зды кезең­де Қаза­қстан «шетқақ­пай» болып қал­май, бірқа­тар мем­ле­кет­тер­де оңшыл идео­ло­ги­я­ның, ұлт­шыл­дық және ксе­но­фо­бия кеңі­нен жай­ы­лып, орын алу кесірі­нен қауіп төн­ген ада­ми құн­ды­лы­қтар­ды қорға­у­шы­лар қата­ры­нан өзінің иде­я­лық орнын табуы керек.

Өрке­ни­ет­тер тоғы­сқан, оның бар­лық озық үлгілерін бой­ы­на сіңір­ген біздің елі­міз­де ол үшін бар­лық мүм­кін­дік­тер бар.

Біздің пар­тия – соци­ал-демо­кра­ти­ка­лық бостан­дық және әділет­тік құн­ды­лы­қтар­ды іске асы­ру­да өз үлесін қосуға әрқа­шан­да дайын! 

 

Алма­ты қаласы,

Жел­тоқ­сан­ның 7‑сі, 2016 ж.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн