Пятница , 4 июля 2025

2016 ЖЫЛДЫҢЖАҢҒЫРЫҒЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

Жыл­на­ма

 


 

 

  1. Елді оятқан ЖЕР ДАУЫ

 

Аты­ра­уда осы жылғы 24 сәуір­де өткен жер­ді сатуға және шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге нара­зы­лық таны­тып, 2−2,5 мың адам қаты­сқан, билік тара­пы­нан рұқ­сат беріл­ме­ген митин­гі «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның баға­ла­уы бой­ын­ша биы­лғы жыл­дың басты оқиға­сы деп таныл­ды. Митин­гі­ге қаты­су­шы­лар жер сату мен оны жалға беру­ге тый­ым салу­ды талап етті. Жиналған­дар­дың апты­ғын басу үшін, облыс әкі­мі Ноға­ев мыр­за мен бар­лық күштік құры­лым­да­ры­ның бас­шы­лы­ғы халы­қтың алды­на жығы­лар­дай болып, жағ­дай­ды ушы­қтыр­мауға жалы­ны­шты болды.

Осы күні сон­дай-ақ Аты­рау облы­сы­ның Құл­са­ры қала­сы­ның орта­лы­ғын­да ҚР Жер кодексіне енгізіл­ген түзе­ту­лер­ге қар­сы 300-дей адам­ның қаты­суы­мен рұқ­сат етіл­ме­ген митинг өтті. Осы митин­гілер­дің жалға­сы ретін­де бей­біт акци­я­лар Семей, Ақтау, Орал, Алма­ты және Ақтө­бе қала­ла­рын­да өтті.

Халы­қтың нара­зы­лық акци­я­сы­нан қат­ты қай­мы­ққан Ақор­да билі­гі Жер кодексін­де­гі дау­лы бап­тарға мора­то­рий жари­я­ла­у­ға, жер рефор­ма­сы­на қаты­сты комис­сия құруға мәж­бүр бол­ды. Егер пре­зи­дент Н.Назарбаев осын­дай жар­лы­ққа қол қой­маған жағ­дай­да, бүкіл елді шар­пы­ған нара­зы­лық шара­ла­ры сая­си тең­селістер­ге ұла­сып кетер еді.

 

 

2. Ақтө­бе мен Алма­ты­дағы­ТЕР­РОР­ЛЫҚ АКТІЛЕР

 

5 мау­сым­да Ақтө­бе­де 27 адам «Пал­ла­да» және «Пан­те­ра» қару-жарақ дүкен­деріне қару­лы шабуыл жасап, дүкен сату­шы­сы, күзет қыз­мет­кері мен дүкен­ге кел­ген екі тұты­ну­шы­ны атып өлтір­ді. Бұдан кей­ін олар №6655 әске­ри бөлім­ше­ге қару­лы шабуыл жаса­ды. Атыс бары­сын­да үш әске­ри қыз­мет­кер қаза тауып, алта­уы жара­ланған. Арнайы опе­ра­ция бары­сын­да поли­ция қыз­мет­кер­лері төрт қыл­мыс­кер­ді жой­ып, еке­уін жарақат­таған, кей­ін тағы бесе­уін өлтіріп, еке­уін ұстады.

Тер­геу ақпа­ры бой­ын­ша, атал­мыш тер­акт тұрғы­лы­қты жер­лерін­де Рама­зан айын­да тер­ак­ті жасау тура­лы шейх Аль-Адна­ни деп ата­ла­тын ДАИШ ресми өкілінің үгіт­те­уі бой­ын­ша және соның идео­ло­ги­я­лық ықпа­лы­мен болған.

Кей­ін­нен «Пал­ла­да» қару-жарақ дүкенінің дирек­то­ры Артем Гор­ла­ев 1 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Оған мін­дет­теріне немқұрай­лы қараға­ны үшін айып тағылған.

 

18 шіл­де­де Алма­ты­да Алма­лы АІІБ ғима­ра­ты­ның алдын­да 27 жасар, бұрын сот­талған Қызы­лор­да облы­сы­ның тұрғы­ны Рус­лан Кулек­ба­ев атыс шығар­ды. Аты­стан 5 адам қаза тап­ты. Кей­ін ауру­ха­на­ның жан сақтау бөлі­мін­де тағы үш поли­цей қай­тыс бол­ды. ІІМ-де мәлім­де­ген­дей, қыл­мыстың басты себебі құқық қорғау орган­да­ры­нан кек алу болған. Осы тер­ак­ті бой­ын­ша 24 қазан­да басталған сот­тың нәти­же­сін­де Р.Кулекбаев өлім жаза­сы­на кесілді.

 

 

3. «ТОРМОЗДАРДЫҢ» қай­та­дан сайлануы

 

Елде­гі дағ­да­ры­сқа қар­сы дай­ын­дық шара­ла­ры­ның сыл­та­уы­мен 20 науры­зда пар­ла­мент мәжілісі мен бар­лық дең­гей­де­гі мәс­ли­хат депу­тат­та­рын сай­лау өтті. Сай­лау науқа­ны бары­сын­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы (127 кан­ди­дат), «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы (35), «Ауыл» халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы (19), Қаза­қстан­ның ком­му­ни­стік халық пар­ти­я­сы (22), Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­тия (23) және «Бір­лік» сая­си пар­ти­я­сы (8 кан­ди­дат) тір­ке­у­ге алын­ды. ОСК ақпа­рын­ша, дауыс беру­ге сай­ла­у­шы­лар­дың 77,1% қаты­сты. Халы­қа­ра­лық бақы­ла­у­шы­лар мен жеке­ле­ген қоғам­дық ұйым­дар мой­ын­да­маған сай­лау нәти­же­сі бой­ын­ша пар­ла­мент­ке үш пар­тия өтті: «Нұр Отан» пар­ти­я­сы 82,15%, «Ақ жол» – 7,18%, ҚКХП – 7,14%. Ескер­те кететін бір жәйт – «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­нан сай­ланған­дар­дың 40 пай­ы­здан аста­мы бұдан бұрын өздерін елде­гі рефор­маға теже­уіш бол­дық деп жари­я­лап, ел пре­зи­ден­ті­нен пар­ла­мент мәжілісін тарқа­ту­ды талап еткен «тор­моз­дар» еді.

 

 

4. ЖЕРІН ҚОРҒАҒАН БАТЫРЛАР Макс пен Талғат­ты нақақ соттау

 

Биы­лғы 18 мамыр­да аза­мат­тық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды заң­сыз митинг­ке қаты­суға шақы­рған­да­ры үшін Аты­рау облы­сы әкім­шілік істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған соты қамауға алған еді. 24 мамыр­да Т.Аян мен М.Боқаевқа қаты­сты сотқа дей­ін­гі тер­геу жүр­гізіліп, оларға ҚР ҚК 174-бабы бой­ын­ша (Әле­умет­тiк, ұлт­тық, рулық, нәсiл­дiк, тек­тік-топ­тық неме­се дiни ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру), 274-бап бой­ын­ша (Әдейі жалған ақпа­рат тара­ту), 400-бап бой­ын­ша (Жина­лыс, митинг, пикет, шеру, демон­стра­ция өткі­зудің тәр­тібін бұзу) айып тағылды.

Жерін қорғаған Халық батыр­ла­ры Макс пен Аян 28 қара­ша­да әрқай­сысы 5 жылға бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­рыл­ды. Сот бары­сын­да өрес­кел заң­сызды­қтарға жол беріліп, қорға­лушы тарап­тың ешбір уәжі қапер­ге алын­ба­ды. Сөй­тіп, елде туын­дап келе жатқан аза­мат­тық нара­зы­лы­қтың алдын алу үшін, билік халы­ққа осы­лай­ша сес көр­сетіп, ескер­ту жаса­удың ебе­дей­сіз сыңай­ын танытты.

 

 

5.ЖОЛЫ БОЛМАҒАН «мем­ле­кет­тік төңкеріс»

 

Қаңтар айын­да Шым­кент­те «Шым­кент­сы­ра» зауы­ты­ның иесі Тоқтар Төле­шов ұстал­ды, ал кей­ін ҚР ҚК 297‑б. 3‑т. 3‑тармақшасы (Есірт­кі, пси­хо­троп­тық заттар­ды, сол тек­те­стер­ді өткі­зу мақ­са­тын­да заң­сыз дай­ын­дау, қай­та өңдеу, ием­де­ну, сақтау, тасы­мал­дау, жөнел­ту не өткі­зу), 266‑б. 3‑т. (Қыл­мыстық топ­тың әре­кетін қар­жы­лан­ды­ру, сол сияқты мүлiк­тi сақтау, бөлу, қар­жы­лан­ды­ру арна­ла­рын әзiр­леу) бой­ын­ша қыл­мыс жасаған деген күдік­пен қамауға алынды.

Кей­ін мау­сым айын­да ҰҚК Т. Төле­шо­вқа билік­ті күшпен басып алуға дай­ын­дық жүр­гіз­ген деген айып тағыл­ды. Бұл айы­пқа қаты­сты аза­мат­тық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян бастаған Аты­рау митин­гісін Төле­шов қар­жы­лан­ды­рған деген аңыз пай­да бол­ды. Билік дай­ын­даған сце­на­рий бой­ын­ша, «Жер рефор­ма­сы­на» қар­сы Қаза­қстан­ның бір­не­ше қала­ла­рын­дағы нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на ақша­ны Т. Төле­шов төлеп, мем­ле­кет­тік билік­ті «басып алмақ» болған екен-мыс.

 

 

6. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар айып­таған ӘКЕЛІ-БАЛАЛЫ МАТАЕВТАР СОТЫ

 

Биы­лғы 3 қазан­да Аста­на­ның Есіл аудан­дық соты Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы­ның жетек­шісі Сей­ітқа­зы Мата­ев­ты «қар­жы жымқыр­ды» және «салы­қтан жал­тар­ды» деген айып­тар­мен 6 жылға сот­та­ды. Ал Қаз­ТАГ агент­ті­гінің дирек­то­ры Әсет Мата­ев «қар­жы жымқыр­ды» деген айып­пен бес жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Бұдан өзге, Мата­ев­тар­дың жыл­жы­май­тын мүлік­тері (бір­не­ше пәтер мен жер телім­дері), оның ішін­де Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы мен бір­не­ше көлік­тері тәркіленді.

Бірақ қаза­қстан­дық қоғам, жур­на­ли­стік қауым­да­стық және халы­қа­ра­лық ұйым­дар Мата­ев­тар­дың сая­си тап­сы­ры­спен сот­талға­нын мәлім­деп, олар­ды боса­ту­ды талап етті. Мәсе­лен, Халы­қа­ра­лық жур­на­ли­стер феде­ра­ци­я­сы (IFJ) Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев пен Қаз­ТАГ агент­ті­гінің дирек­то­ры Әсет Мата­евқа шыққан сот үкі­мін айып­та­ды. «Билік олар­ды тәу­ел­сіз ақпа­рат таратқа­ны үшін айып­тап отыр» делін­ген феде­ра­ци­я­ның ресми сай­тын­дағы мәлімдемеде.

Соны­мен бір­ге ЕҚЫҰ-ның (ОБСЕ) сөз бостан­ды­ғы жөнін­де­гі өкілі Дуня Мия­то­вич Мата­ев­тарға шыққан үкім Қаза­қстан­дағы бас­пасөз еркін­ді­гіне зиян тигі­зуі мүм­кін екенін мәлім­деді. Ал АҚШ-тың Қаза­қстан­дағы елшілі­гі Мата­ев­тарға шыққан сот үкі­міне алаң­дап, Қаза­қстан үкі­метін бар­лық аза­мат­тың ой-пікір еркін­ді­гін біл­ді­ру құқы­ғы мен заң­ды тұрғы­дан қорға­ну құқы­ғын құр­мет­те­у­ге шақырды.

 

 

7. АҚОРДАНЫ ОСЫП ӨТКЕН Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың шапалағы

 

Фран­ци­я­ның мем­ле­кет­тік кеңесі 9 жел­тоқ­сан­да бұры­нғы қаза­қстан­дық бан­кир, оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зо­вті экс­тра­ди­ци­я­лау тура­лы үкім­нің күшін жой­ды. Бұған дей­ін БҰҰ-ның азаптау істерін тек­се­ру жөнін­де­гі арнайы уәкілі Нильс Мель­цер Фран­ция билі­гін­де қамауда оты­рған қаза­қстан­дық бұры­нғы оли­гарх Мұх­тар Әбі­ля­зо­вті Ресей­ге экс­тра­ди­ци­я­ла­мауға шақы­рып: «Фран­ция қан­дай да бір адам­ды азапта­уға ұшы­рау мүм­кін­ді­гі жоға­ры елге беріп жібер­ме­уі тиіс» деген еді.

Фран­ция мем­ле­кет­тік кеңесінің шеші­мі­нен кей­ін, Қаза­қстан билі­гі «банк­тің 6 мил­ли­ард қар­жы­сын жымқыр­ды» деп айып­таған Мұх­тар Әбі­ля­зов бостан­ды­ққа шықты. Қуғын­дағы сая­сат­кер әле­умет­тік желі арқы­лы таратқан сұх­ба­тын­да: «Мен Назар­ба­ев­тың режи­міне қар­сы күресім­ді бұдан былай да жалға­сты­ра бере­мін» деп мәлім­деді. Сай­ып кел­ген­де, қуғын­дағы оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер­дің фран­цуз түр­месі­нен боса­ты­луы Ақор­да­ны осып өткен «жыл шапа­лағы» болды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн