Суббота , 5 июля 2025

Зәуреш БАТТАЛОВА: ТІРКЕУГЕ АЛУ ЗАҢЫНЫҢ ЗАРДАБЫ үй-күйсіз жүрген қазаққа тиді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

Қаңтар­дың алға­шқы дүй­сен­бісін­де күшіне енген «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң актілеріне экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қимыл мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң­ның бір бөлі­гі аза­мат­тар­ды тір­ке­у­ге тұру­ды талап етеді.

Тұрғы­лы­қты жері­нен тысқа­ры жаққа бір айдан аса­тын мерзім­ге барған әр қаза­қстан­дық Халы­ққа қам­ту орта­лы­ғы­на (жазы­лып жүр­ген­дей, «қыз­мет көр­се­ту» емес) барып, мем­ле­кет­тік баж салы­ғы ретін­де 227 тең­ге төлеп, уақыт­ша мекен-жайы бой­ын­ша тір­ке­у­ге тұруы тиіс. Бұл талап қонақүй­де тұрып, өзге қала­да жұмыс істей­тін адам­дарға да, өзге қала­дағы ауру­ха­на­да жатып, ұзақ емде­летін адам­дарға да қаты­сты. Алға­шқы­ла­рын – қонақүй орна­ласқан мекен-жай, ал екін­шілерін – емде­летін орны бой­ын­ша тір­кей­ді. Бұл талап­ты орын­да­маған­дарға жеті АЕК (айлық есеп­тік көр­сет­кіш) көле­мін­де, яғни 16 мың тең­ге айып­пұл салынады.

Айып­пұл уақыт­ша тір­ке­у­ге тұру­дан бас тар­тқан тұлға­ларға ғана емес, пәтерін­де тұрып жатқан адам­дар­ды тір­ке­у­ге қой­маған жалға беру­шілер­ге де салы­на­ды. Жеке тұлға­ларға 10 АЕК (22,6 мың тең­ге), шағын кәсіп­кер­лер­ге – 15 АЕК (34 мың тең­ге), ал қонақүй қожай­ын­да­ры сияқты ірі биз­нес өкіл­деріне 50 АЕК (неме­се 113,5 мың тең­ге) көле­мін­де айып­пұл салынады.

Пар­ла­мент­те осы заң жоба­сын талқы­лау жөнін­де­гі жұмыс комис­си­я­сы­ның тың­да­у­ла­ры­на қаты­сқан экс-сена­тор Зәу­реш Бат­та­ло­ва­ның айтуын­ша, жаңа заң күштік құры­лым­дар­дың экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы күре­су мүм­кін­ді­гін арт­ты­рып, қадаға­лау әре­ке­терінің күше­юі аза­мат­тық құқық пен еркін­дік­ті шек­теу қау­пін ұлғай­та­ды екен. Мәсе­ленің мән-жай­ын толы­ғы­рақ түсін­ді­ру үшін, біз экс-сена­тор­ды «ДАТ!» айда­рын­да әңгі­ме­ге тарттық.

 

– Сіз аза­мат­тар­ды тір­ке­у­ге қаты­сты заң жоба­сын дай­ын­дау жөнін­де­гі жұмыс тобы­ның оты­ры­сы­на қаты­сты­ңыз: сон­да бұл заң халы­ққа қиын­шы­лық әке­летінін біл­медіңіз­дер ме?

– Алды­мен айта кетей­ін, бұл жұмыс тобы­ның оты­ры­ста­ры­на мен ғана емес, сая­си пар­ти­я­лар мен басқа да қоғам­дық ұйым­ның өкіл­дері қаты­сты. Бізді заң жоба­сы­ның тұса­у­ке­сері­нен бастап, дөң­ге­лек үстел­де сарап­та­ма жасалған оты­ры­старға шақыр­ды. Бел­гілі құқы­ққорға­у­шы­лар Алек­сандр Жовтис пен Жеміс Тұр­мағам­бе­то­ва және бірқа­тар қоғам­дық ұйым өкіл­дері осы тір­кеу рәсі­міне қаты­сты нара­зы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп, жұмыс тобы­ның талқы­сы­на сал­дық. Заң­дағы бап­тар халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа жат­пай­ты­нын, лаң­кест­ік­пен күрес мәсе­лесін шешпей­тінін, заңға бағы­на­тын аза­мат­тар­дың құқы­на шек­теу қой­ы­ла­ты­нын ескерт­тік. Жұмыс тобы­ның соңғы оты­ры­сы­на дей­ін көп­шілік халы­қтың әле­умет­тік және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­мен қам­ты­луға қол жет­кі­зе алмай оты­рға­нын да айт­тық: тір­ке­лей­ін десе, бас­па­на­сы жоқ, пәтер жал­дап тұруы­на жағ­дайы көтер­мей­ді. Мен өзім тір­кеу мәсе­лесі арқы­лы лаң­кест­ік­пен күре­су мүм­кін еме­сті­гін де баса айт­тым. Тір­кеу мен лаң­кест­ік­пен күрес жөнін­де жеке-жеке заң қабыл­да­нуы керекті­гі де ескертілді.

 

– Сіз­дер­дің осы ескер­ту­леріңіз­ден кей­ін, айтқан ұсы­ны­ста­ры­ңыз заң жоба­сы­нан көрініс тап­ты ма?

– Жоқ, әрине! Бұл заң аза­мат­тар­дың еркін жүріп-тұруын қам­та­ма­сыз ететін кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­рын шек­теп, керісін­ше, күштік құры­лым­дар­дың қары­мын күшейт­ті. Халық үшін алды­мен әле­умет­тік қол­дау қол­жетім­ді болуы тиіс десек, мұн­дай тұжы­рым дәл осы заң­ның діт­те­ген мақ­са­ты­на қай­шы кел­ді. Өйт­кені бұл заң ең алды­мен экс­тре­мизм мен тер­ро­риз­мнің алдын алуға бағыт­талған. Ал біздің қой­ған тала­бы­мыз – аза­мат­тар­дың әле­умет­тік құқы­ның қорға­луы еді. Сон­ды­қтан тағы бір заң жоба­сын жасау күн тәр­тібін­де сұра­нып тұрған мәсе­ле. Заң күштік құры­лым­дар­дың экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы күре­су мүм­кін­ді­гін арт­ты­ра­ды, бірақ қадаға­лау функ­ци­я­ла­ры­ның күше­юі – аза­мат­тық құқы­қтар мен еркін­дік­тер­ді шек­теу қау­пін ұлғай­та­ты­ны сөзсіз.

 

– Аза­мат­тар­ды уақыт­ша тұрғы­лы­қты жері бой­ын­ша тір­ке­у­ге алу тура­лы заң­на­ма Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы мен халы­қа­ра­лық адам құқы­ғы нор­ма­ла­ры­на сай еркін жүру және ерік­ті түр­де тұрғы­лы­қты жер­ді таң­дау құқы­на өрес­кел қай­шы кел­мей ме?

– Әр аза­матқа тек Қаза­қстан­да ғана емес, шетел­ге барған­да да қай­да барып, қай­да тұра­ты­ны­на халы­қа­ра­лық стан­дарт бой­ын­ша шек­теу жасал­мауы керек. Бірақ біздің елде бұл нор­маға «тір­кеу» деген шек­теу қой­ыл­ды. Билік әлем­дік тәжіри­бе­ге бұрыс сіл­те­ме жасап отыр, өйт­кені өрке­ни­ет­ті елдер­дің көбін­де аза­мат­тар­ды мін­дет­ті тір­кеу деген талап жоқ. Оған қоса шетел­дік тәжіри­бе­де айып­пұл салу тура­лы сөз қозға­удың өзі мүм­кін емес. Әрине, тұрақты эко­но­ми­ка мен инфрақұры­лым­ды қол­дау үшін, мем­ле­кет нақты бір аймақ тұрғын­да­ры­ның санын қадаға­ла­у­ын­да ұста­уы тиіс, бірақ мұның бар­лы­ғы салық төлей­тін неме­се жұмысқа орна­ла­са­тын жері бой­ын­ша жасалады.

Ал Еуро­па Одағын­да бір елдің аумағы­на одаққа мүше екін­ші елдің аза­ма­ты үш айдан астам уақы­тқа кел­се, онда ол хабар­лау сипа­тын­да ғана тір­ке­у­ге алы­на­ды. Біз­де бәрі керісін­ше, тір­ке­уде­гі мекен-жай­ы­нан басқа жер­де тұра­тын аза­мат­тар үшін қиын­ды­қтар туын­дап жатқа­нын «ЦОН»-дағы апа­лас-төпе­ле­стен көріп отыр­мыз. Бала­бақ­шаға, мек­теп­ке бала­сын апа­ра­тын­дар әлек­ке түсіп, жап­пай айып­пұл төле­уі – қай қисы­нға сыя­ды? Осы мәсе­ле халы­қа­ра­лық нор­маға қай­шы келетін жағ­дай. Пар­ла­мент­те­гі жұмыс тобы­ның оты­ры­сын­да осы мәсе­лені көтер­гені­міз­де, билік өкіл­дері тір­ке­у­ге қаты­сты басқа заң жоба­сын жаса­уға кірі­се­міз деп уәде бер­ген еді. Ол уәде­лерін орын­да­май­ты­ны­на көзі­міз жет­ті, енді, міне, күшіне енген тір­ке­у­ге алу заңы­ның зардабы үй-күй­сіз жүр­ген қара қаза­ққа тиіп жатыр.

 

– Елде­гі шеші­мін тап­паған әле­умет­тік мәсе­ле – бас­па­на және пәтер про­бле­ма­сы. Тір­кеу жүй­есі – елде­гі бар­лық аза­мат­тар­дың өз еркі­мен тір­ке­лу мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете алмай­ты­ны, өйт­кені ел аза­мат­та­ры­ның басым бөлі­гінің басын­да не пәтері, не жеке мен­шік үйінің жоқты­ғы кедер­гі кел­тіреді, дей­ді тәу­ел­сіз сарап­шы­лар. «Самұрық- Қазы­на» Ұлт­тық әле­ует­тік қоры­ның зерт­те­уі бой­ын­ша, қаза­қстан­ды­қтар­дың 29 пай­ы­зы­ның үй-жайы жоқ екен. Сон­да бас­па­на­сыз жүр­ген қаза­қтар­ды тір­ке­у­ге алу­дың қитұрқы мақ­са­ты қан­дай деп ойлайсыз?

– Қитұрқы­лы­ғы сол – билік тұрғын­дарға «ЦОН» арқы­лы әр аза­мат­тың арты­на қара­уыл қой­ып, аңду әре­кетін заң­да­сты­руға кірісті. Уақыт­ша тір­ке­у­ге тұру тәр­тібі бұрын­нан бары рас, бірақ ол мін­дет­ті емес еді. Әрі ешқан­дай айып­пұл салу тәр­тібі де қарас­ты­рыл­маған. Ата­ме­кен­ге оралған қан­даста­ры­мы­здың тір­ке­луі қиын­дық туғы­зуы­на бай­ла­ны­сты бір кез­дер­де заң­ды меке­ме­лер­ге тір­кеу про­цесі қарас­ты­рыл­ды. Тіп­ті бір үйге төрт жүз­дей адам­ның тір­ке­лу мүм­кін­ді­гі болған. Тір­кел­ген­дер әле­умет­тік қыз­мет түр­леріне қол жет­кі­зе алған. Бірақ меке­ме бас­шы­ла­ры үшін бұл жағ­дай аса қиын мәсе­ле­ге айнал­ды. Егер осы тір­кел­ген­дер­дің ара­сы­нан әлдекім тәр­тіп бұзып, жау­а­пқа тар­ты­ла­тын­дай жағ­дай­ға тап бол­са, кесірі тір­ке­у­ге алған меке­ме­ге келіп тиеді. Мұн­дай әдісті қол­да­ну­дан меке­ме бас­шы­ла­ры бір­тін­деп бас тартқан.

Бүгін­де кей­бір аста­на­лы­қтар өз пәтер­лерін, бол­ма­са үйдің бөл­ме­лерін жалға беріп оты­рған аза­мат­тар­ды уақыт­ша тір­ке­у­ге алуға асы­қ­пай­ды. Себебі одан кей­ін қосым­ша салық пен ком­му­нал­дық төлем­дер­ді төле­у­ге тура келеді деп ойлай­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты біре­улер пәтер жал­дай­тын­дарға өз туы­ста­ры­ның үйіне уақыт­ша тір­ке­луді сұра­са, енді біре­улер жалға беріп оты­рған бөл­ме­лерін мүл­дем боса­ту­ды көз­дей­ді. Ел билі­гі осын­дай мәсе­ленің алдын алу үшін, аза­мат­тар­ды қол­жетім­ді тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету­ге бел­сене кіріс­кені жөн болар еді. Мұн­дай бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша салы­нып жатқан пәтер­дің баға­сы қол­жетім­сіз, әрі салын­бай жатып, шеті­нен қирап жатқа­ны­на кім жау­ап беріп жатыр?

 

– Шыны­мен де, үй неме­се пәтер қожай­ын­да­ры салық төле­уден неме­се қосым­ша ком­му­нал­ды қыз­мет ақы­сын төле­уден қашып, ешкім­ді де ресми түр­де тір­ке­у­ге құлы­қты емес. Енде­ше бас­па­на­сыз күн кешіп жүр­ген­дер үшін тір­ке­лу жүй­есі оңды әдіс деу­ге бола ма? Тір­ке­у­ге оты­рған­нан кей­ін дәрі­гер­ге көрі­ну­ге, тағы да басқа әле­умет­тік көмек алуға қол жет­кі­зеді деген ресми наси­хатқа сіз қан­ша­лы­қты сенім біл­ді­ре аласыз?

– Заң бой­ын­ша тұрғы­лы­қты жер­де тір­кел­ген кез кел­ген аза­мат әле­умет­тік қыз­мет түрін пай­да­ла­на ала­ды. Деген­мен, кешелі бері «ЦОН»-дағы кезек­те тұрған нөпір халық тір­кел­се де, емха­на мен ауру­ха­наға барған­да да жағ­дайы қарық бол­май­ты­ны бел­гілі. Сапа­лы ем ала­ты­ны­на сену қиын. Өйт­кені елде­гі ден­са­улық сақтау меке­ме­лерінің жағ­дайы да мәз емес: қар­жы тап­шы­лы­ғы, қажет­ті емдеу-тех­ни­ка­лық жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз етілуі сын көтер­мей­ді. Тұрғы­лы­қты жерін­де­гі емха­на­ларға бекітіл­ген науқастар жар­ты­лай ғана ем ала­ды, көбі­не­се ақы­лы қыз­мет түр­леріне жүгі­ну­ге мәж­бүр. Демек, алдағы уақыт­та осын­дай ақы­лы қыз­мет түріне кеңі­нен жол ашы­ла­тын бол­ды. Ал қара халы­қтың қал­та­сы ондай қыз­мет түрін көте­ре алма­сы анық.

Білім беру сала­сы­на келетін бол­сақ, ата-ана­лар бала­сын тір­кел­ген жерін­де­гі, үйіне жақын мек­теп­ке беруі қиын­дық туғы­зу­да. Әле­умет­тік салаға қар­жы дұрыс бөлін­бе­ген­дік­тен, ден­са­улық сақтау, білім беру меке­ме­лері әр адам­ның сұра­ны­сын қанағат­тан­ды­ра алмай отыр. Сон­ды­қтан наси­ха­ты елді дүр­лік­тір­ген алдарқа­ту билік­тің дәр­мен­сіз түрін тағы бір рет әшке­ре етті десек, әбден болады.

 

– Аза­мат­тар­ды тір­ке­у­ге алу­дың мақ­са­ты не деген­де, 227 тең­ге тір­кеу құны арқы­лы ойы­лып қалған бюд­жет­ті тол­ты­ру және ЭКСПО-2017 көр­месіне жетіс­пей жатқан қар­жы­ны қам­та­ма­сыз ету ама­лы жаса­лу­да деген пікір­ге қан­дай ой қосар едіңіз?

– Бұл 227 тең­ге бюд­жет­тің аңы­рай­ған жыр­ты­ғын неме­се ЭКС­ПО-ның жоқ­шы­лы­ғын жамай қоймас…

 

– Әйт­се де, «Самұрық-Қазы­на­ның» дере­гі бой­ын­ша, елде­гі 17 мил­ли­он халы­қтың 29 пай­ы­зы үй-күй­сіз екенін ескер­сек, 4,9 мил­ли­он адам бас­па­на­сыз болып шыға­ды. Осы 5 млн-ға жуық сан­ды 227 тең­ге­ге көбей­тіп жібер­сек, 1 мил­ли­ард­тан астам тең­ге шыға­ды. Бұған тір­ке­уден өтпе­ген­дер­ге салы­на­тын айып­пұл­ды қос­сақ, халы­қтан біраз қар­жы сығып алу­дың мүм­кін­ді­гі туа­тын сияқты…

– Иә, деген­мен, бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамау жөнін­де айты­лған пікір­дің жаны бар. Соңғы бірер жыл­дың көле­мін­де үкі­мет халы­қтан салық пен түр­лі төлем­дер сау­у­ды тәжіри­бе­ге айнал­дыр­ды. Ел қар­жы­сын ысы­ра­пқа, талан-тара­жға түсіріп жатқан­дар «суға кет­кен тал қар­май­ды­ның» әре­кеті­мен халы­қтың алым-салық қамы­тын қыса түсті.

Дұрыс айта­сыз, 227 тең­ге тір­ке­лу құны­на әкім­шілік жау­а­пқа тар­ты­лған­дар­дың айып­пұл сома­сын қос­саңыз, ЭКСПО үшін қыру­ар қар­жы­ның көзі табыл­ды. Бірақ бюд­жет­ті бөлу про­цесін­де бұл қар­жы­лар­ды жұм­сау бап­та­ры жеке-жеке бел­гі­ле­нуіне бай­ла­ны­сты ол сома көр­менің жыр­тық-жамауы­на жет­пе­уі де мүмкін.

 

– Тір­ке­лу тәр­тібін «бұза­тын­дар» негізі­нен алыс ауыл­дан үлкен қала­ларға жұмыс іздеп кел­ген­дер, жетім­дер үйінің түлек­тері, қыл­мыстық жаза­сын өтеп шыққан­дар, мүге­дек­тер, орал­ман­дар, тұрғы­лы­қты мекен-жайы жоқтар (БОМЖ), көп бала­лы отба­сы­лар. Қорға­удың орны­на қор­ла­у­ға тап болған осы топ өкіл­деріне тір­кел­ме­гені үшін айып салып, жау­а­пқа тар­ту – қоғам­да әле­умет­тік әділет­сіздік туды­ра­ды деп ойла­май­сыз ба? Әле­умет­тік қол­да­уға зәру аза­мат­тар­ды тір­ке­лу­ге мәж­бүр­ле­удің соңы әле­умет­тік жағ­дай­ды ушы­қты­руға әкеліп соқ­пай ма?

– Қол­да­уға мұқтаж мұн­дай әле­умет­тік топ­тар аз емес қой. Бірақ үкі­мет оларға қарай­ла­су­дың орны­на, мәсе­лен, қалаға жұмыс іздеп кел­ген аза­мат­тарға «неге кел­дің, қай­да тұр­дың, көшіп нең бар еді, асты­ң­нан су шықты ма?» дегенн­нің кебін кигі­зеді екен. Билік­тің дәл осы әре­кетін – Кон­сти­ту­ция мен халы­қа­ра­лық адам құқы­ғы нор­ма­ла­ры­на сай, еркін жүру және ерік­ті түр­де тұрғы­лы­қты жер­ді таң­дау құқы­на қол сұқты деп санай­мын. Қаза­қстан аза­мат­та­ры ауыл­да неме­се қала­да тұру еркін өзі таң­дай­ды. Жер­гілік­ті жер­де­гі әкім-қара ешкім­ді де айтқа­ны­мен жүр­гізіп, айда­уы­на көн­ді­ре алмай­ты­ны Ата заң­мен бекітіл­генін естен шығар­мау­ла­ры тиіс.

Осын­дай әле­умет­тік әділет­сіздік­тің түбі аза­мат­тар­дың зығыр­да­нын қай­на­тып, төзі­мін тауы­са­ты­нын билік біл­мей оты­рған жоқ. Бірақ сөй­те тұра, үкі­мет­тің өзі жағ­дай­ды ушы­қты­рып отыр. Мұның соңы үлкен әле­умет­тік тең­селістер­ге тап қылуы әбден мүмкін.

 

– Аза­мат­тар­ды тір­ке­у­ге алу­дың алға­шқы күн­дер­гі нәти­же­лері көр­сет­кен­дей, жемқор­лық пен парақор­лы­қтың бел­гілері біліне баста­ды. Тір­ке­луді талап ететін орын­дар аза­мат­тар­дан ақша сұрап, пара алу­дың астыр­тын жолын ізде­мей­ді деген­ге кім кепіл береді? Сұра­ныс – ұсы­ны­сқа сай жаса­ла­ды демек­ші, «жүз пай­ы­здық тір­ке­луді қам­та­ма­сыз ете­міз» деген хабар­лан­ды­ру ғалам­тор бетін кезіп кет­ті. Демек, ресми тір­ке­лу тәр­тібін айна­лып өтудің де жолы бар ғой?..

– Астыр­тын «биз­нес» жасап, жемқор­лы­қ­пен айна­лы­са­тын­дарға таң­да­ну­дың қажеті жоқ. Ғалам­тор­ды қой­ып, көше­де­гі баған­дар­да, бұрыш-бұры­шта «тір­ке­лу­ге көмек­те­се­міз» деген хабар­лан­ды­ру­лар мен­мұн­да­лап тұр. Заң жоба­сын пар­ла­мент­те­гі жұмыс тобын­да талқы­лаған кез­де осы мәсе­ле де көтеріл­ді. Мәсе­лен, учас­келік поли­ция қыз­мет­кері үй ара­лап, тек­серіс жүр­гіз­ген кез­де тір­ке­уі жоқ аза­мат­тар­ды «қорғап» қалу ақы­сын алмай­ты­нын кім қадаға­лап отыр екен? Лаң­кест­ік­пен күре­стің орны­на жемқор­лы­қтың тағы бір түріне жол ашыл­ды десем, ешкім де артық айт­ты демес.

 

– Аза­мат­тар­ды тір­кеу – тер­ро­ризм мен экс­тре­миз­мнің алдын ала­ды деген­ге сену­ге бола ма? Лаң­кестер­мен күре­стің әре­кеті тір­ке­лу­ге ғана тіреліп қалған ба?

– Иә, тір­ке­у­ге алу – құқық қорғау меке­ме­леріне тер­ро­ризммен күрес үшін тап­тыр­май­тын әдіс бол­ды. Өздерінің кәсі­би білі­мін жетіл­діріп, лаң­кестер­мен күрес тәсілін тиім­ді іске асы­ру­дың орны­на қара­пай­ым аза­мат­тар­ды аңд­удан ары аса алмай оты­рған­да­ры­на не деу­ге бола­ды? Тір­кел­ген аза­мат­тарға бақы­лау жасау арқы­лы лаң­кест­ік­тің алдын ала­мыз деу – сан­ды­рақ мәсе­ле. Халы­қа­ра­лық нор­ма бой­ын­ша, тір­кеу неме­се тір­ке­лу – аза­мат­тар­дың жеке басы­ның құпи­я­сы, ол жария түр­де жүр­гізіл­ме­уі тиіс. Соны­мен бір­ге аза­мат­тар­дың жеке басы­на қаты­сты мәлі­мет­тер құқық қорға­у­шы меке­ме­лер­дің қолы­на беріл­ме­уі керек.

Қаза­қтан­дағы сая­си дағ­да­ры­стың нәти­же­сі осы­ған келіп тірел­ді, сая­си алаң – билік­тің қар­сы­ла­ста­ры­нан тазар­тыл­ды, ала­бө­тен ойлай­тын аза­мат­тар атыл­ды, асыл­ды, қуғы­нға түсті, түр­ме­ге қамал­ды. Енді қалға­ны қара­пай­ым халы­қты бір бұры­шқа тығып, әле­умет­тік құқын шек­теу ғана болып тұр. Жиыр­ма бес жыл­дық жеке адам­ның шексіз билі­гінің жет­кен жері осы бол­ды! Тір­ке­уді желеу еткен лаң­кест­ік­пен күре­стің аста­рын­да бүгін­гі шатқа­яқтаған билік­ті сақтап қалу­дың қитұрқы әре­кеті жатыр. Мәң­гілік ештеңе жоқ екені бел­гілі, енде­ше тран­зит­ті кезең­нен өту – билік­ке де, ел аза­мат­та­ры­на да сын бола­тын кезең­ге кел­дік дей беріңіз…

 

– Сол кезең­ге тезірек жет­сек екен, Зәу­реш ханым! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн