Суббота , 5 июля 2025

ӘЙГІЛІ «Дос-Мұқасанға» – 50 ЖЫЛ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.)

 

Биы­лғы бір мерейтой

 


 

 

Сонау 1967 жылы Алма­ты поли­тех­ни­ка­лық инсти­ту­ты­ның сту­дент­тері құрған, қазақ эст­ра­да­сын алғаш рет әлем­ге таны­тқан «Дос-Мұқа­сан» ансам­бліне биыл – 50 жыл. Тех­ни­ка сала­сын­да оқы­са да, қазақ жаста­ры­ның өнер ота­уы­на ене бастаған элек­трон­ды аспап­тар­ды игеріп, ансамбль құрып, тең­десі жоқ шебер­лік дең­гей­іне көтерілуі – эст­ра­да өнерін­де­гі сол заманғы тең­дес­сіз нәти­же еді.

 

Кеңе­стік кезең жыл­да­ры жоға­ры оқу орын­да­ры­ның сту­дент­тері құры­лыс отряд­та­рын құрып, ауыл­ды жер­лер­ге барып, тұрғын үйлер, ауыл шару­а­шы­лық нысан­да­рын сала­тын. Солар­дың бірі – «Поли­тех­тің» жаны­нан құры­лып, Пав­ло­дар облы­сы­ның Бая­на­уыл ауда­ны­на барған «дос-мұқа­сан­дық» жігіт­тер еді. Олар 1967 жылғы тамы­зда құры­лыс­шы­лар мере­кесі күні алғаш рет көп­шілік алдын­да кон­церт қой­ды. Осы­дан кей­ін вен­гер­лік Янош есім­ді сту­дент «азан шақы­рып», ансамбль мүше­лерінің есім­дерінің басқы буын­да­рын алып, «поли­тех­тік» ансамбль­ге «Дос-Мұқа­сан» деп ат қойды.

Өнер­лі жастар құрған қара­пай­ым музы­ка ұжы­мы­ның өмір­шеңді­гін вен­гер­лік жігіт­тің аузы­на пері­ш­те салған болар: осы­дан бастап-ақ ансамбль­дің өнері өрге жүзді. Бая­на­уыл­дан басталған эст­ра­да­лық эпо­пея аз ғана уақыт­тың ара­сын­да халы­қа­ра­лық аре­наға ұласты.

«Дос-Мұқа­сан» сол жыл­да­ры КСРО эст­ра­да әле­міне жаңа­ша музы­ка­лық стиль, соны леп әкел­ді. Алды­мен бұл вокаль­ды-аспап­ты ансамбль 1971 жылы Таш­кент­те КСРО бой­ын­ша өткен тех­ни­ка­лық жоға­ры оқу орын­да­ры ара­сын­дағы Бүкі­ло­дақтық кон­кур­ста бірін­ші орын­ды жеңіп алды. Осы кон­кур­стың бас қазысы болған атақты әнші Батыр Заки­ров «Поли­тех­тан» шыққан топ­ты түр­кі тек­тес ұлт­тар ішін­де құры­лған тұңғыш ансамбль екенін айтып, «Дос-Мұқа­санға» бас жүл­де тапсырды.

Ара­да екі жыл өткен соң, 1973 жылы Мин­скі­де кеңе­стік әндер орын­дай­тын кәсі­пқой орын­да­у­шы­лар­дың Бүкі­ло­дақтық кон­кур­сын­да сахна иесі «Пес­ня­ры» бірін­ші, «Дос-Мұқа­сан» екін­ші орын­ды иеленіп, Бер­лин­де өтетін жастар мен сту­дент­тер­дің бүкіләлем­дік фести­валіне берілетін қос жол­да­ма­ның бірін жеңіп алды. Ал Бер­лин­де өткен фести­валь­де «Дос-Мұқа­сан» КСРО-ның намысын қорғап, алтын медаль­ға ие болды.

Әйгілі жезтаң­дай әнші Әмі­ре Қашау­ба­ев қаза­қты Евро­паға таныт­са, 1977 жылы «Дос-Мұқа­сан» КСРО-дағы 15 рес­пуб­ли­ка іші­нен тұңғыш рет эст­ра­да­лық ансамбль ретін­де қазақ әуенін Аме­ри­каға әкеліп, жер бетін­де қазақ деген ұлт бар екенін жария етті. «Дос-Мұқа­сан­ның» бел­гілі әншісі болған марқұм Бақыт Жұма­ді­лов «Қаза­қтар үшін Аме­ри­ка­ны ашқан Хри­сто­фор Колумб – біздің ансамбль бол­ды» дегені тегін емес еді.

Сол «Дос-Мұқа­сан» әлі күн­ге дей­ін қазақ эст­ра­да өнерін­де­гі орнын жоғал­тқан жоқ. Құра­мы бір­не­ше қай­та­ра өзгер­се де, оның көр­кем­дік жетек­шісі Мұрат Құсай­ы­нов ансамбль­дің абы­рой­ын әлі де сақтап келеді. Халық ара­сы­на тарап кет­кен көп­те­ген әндері, «Наурыз» күйі, рок-клас­си­ка сти­лін­де жазы­лған «Пір дастан» күйі, элек­трон­ды-аспап­ты қазақ музы­ка әле­мін­де­гі тұңғыш күр­делі шығар­ма­ла­ры «Бет­пақ дала», «Мұхит пен сая­хат» рок-ком­по­зи­ци­я­ла­ры қазақ эст­ра­да­сы анто­ло­ги­я­сы­нан мәң­гілік орын алды. Топ­ты тарқат­пай ұстаған осын­дай өнер иелері құр­мет­тің қан­дай­ы­на бол­са да лай­ық. 2000 жыл­дың басын­да Пав­ло­дар­да С.Торайғыров атын­дағы Мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің рек­то­ры, қаза­қтың бір­ту­ар аза­ма­ты Ерлан Арын «Дос-Мұқа­санға» уни­вер­си­тет­тен арнайы музей ашып, ансамбль­дің алға­шқы мүше­лерінің мүсін­дік ком­по­зи­ци­я­сын қондырды.

Осы тұста «досмұқа­сан­ды­қтар» руха­ни әке санаған Тұр­сын Омарұ­лы Сәлі­ба­ев­тың атын айт­пасқа бол­мас. Ол – Қаза­қстан­ның Халық әртісі, атақты әнші Жамал Ома­ро­ва­ның туған бауы­ры. Ансамбль мүше­лері­мен тон­ның ішкі бауын­дай ара­ласқан қамқор­шы­сы болған, нағыз ұлт­жан­ды, рухы биік жан өмір­ден ерте­леу кетті.

Әйгілі ансамбль­дің 50 жыл­дық мерей­той­ы­ның құр­метіне «Дос-Мұқа­санға» бір ескерт­кіш қою­дың реті бар. Алма­ты­дағы Көк­те­бе биі­гіне орна­ты­лған бри­тан­дық «Бит­лз» тобы ескерт­кі­шінің қасы­на әйгілі ансамбль­дің мүсінін қою керек-ақ. Тым бол­ма­са, кезін­де «Поли­тех» атанған бүгін­гі Қазақ ұлт­тық тех­ни­ка­лық уни­вер­си­тетінің бас ғима­ра­ты алдын­дағы аллея – «Дос-Мұқа­сан» ансам­бліне арналған ескерт­кіш­ке сұра­нып тұрған орын. Қазақ эст­ра­да өнерін төрт­күл дүни­е­ге паш еткен атақты «Дос-Мұқа­сан» ансам­блінің шығар­ма­шы­лық өмірі, жүріп өткен жол­да­ры, оның бар­ша тарихы тура­лы кино­фильм түсіріп, фото­аль­бом кіта­бын шыға­ру – ел болып істе­ген жақ­сы ісі­міз болар еді.

Дүй­сенәлі МҰСАҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн