Суббота , 5 июля 2025

Қазақстандық мектептердің ҮШТЕН БІРІНДЕ КҮЙ ЖОҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

 

Мек­теп инфрақұры­лы­мы­ның жет­кіліксіз дамуы орта білім сала­сын­дағы негіз­гі про­бле­ма­лар­дың бірі, деп ата­ды ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гі. Бұл тура­лы ведом­ство­ның ҚР БҒМ сай­тын­да жари­я­ланған 2016 жылғы 29 жел­тоқ­сан­да бекітіл­ген 2017–2021 жыл­дарға арналған стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да айтылады.

 

«2015–2016 оқу жылы 7160 күн­діз­гі жал­пы білім беретін мек­теп­тер­ден: 2257 мек­теп (30,7%) бей­ім­дел­ген ғима­рат­тар­да орна­ла­сты­ры­лған, 69 мек­теп (0,96%) – апат­ты жағ­дай­да, 86 мек­теп (1,2%) сабақтар­ды үш ауы­сым­да жүр­гі­зеді, 1 337 мек­теп­тің (18,6 %) спорт залы жоқ», – деп көр­сетіл­ген орта білім беру сала­сын­дағы про­бле­ма­ларға тал­да­ма жасаған бөлімде.

Сон­дай-ақ сапа­лы білім­ге қол жетім­ділік­ке жету­де мек­теп­тер­дің жоға­ры желі­де­гі интер­нет­пен жет­кіліксіз қам­та­ма­сыз етілуі әсер ете­ді, соны­мен қоса сан­дық-ақпа­рат­тық ресур­стар саны да. Оқу­шы­лар­дың ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­ларға қол жету мүм­кін­ді­гі шек­тел­ген. Мек­теп­тер­дің әлем­дік білім беру, интер­нет ресур­ста­ры­на шығу көр­сет­кі­ш­тері төмен ден­гей­ді сақтап қалу­да деп көрсетілген.

БҒМ тағы бір про­бле­ма ретін­де «Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша ШЖМ (шағын жинақты мек­теп­тер­дің) саны жал­пы көр­сет­кі­ш­тер­ге қараған­да қысқа­ру­да, олар­дың үлесі 44,1% құрай­ды. Олар­да білік­ті маман­дар­дың тап­шы­лы­ғы орын алу­да, мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету дең­гей­інің төмен­ді­гі бай­қа­лу­да. Жаңа моди­фи­ка­ци­я­лық оқу каби­нет­тері жоқ мек­теп­тер: физи­ка 33,7%, химия 39%, био­ло­гия 39,3%, мате­ма­ти­ка 29,3% және лин­го­фон­дық каби­нет­тер 49%. 2015 жылғы ҰБТ қоры­тындысы бой­ын­ша ШЖМ орта бал­лы рес­пуб­ли­ка­лық көр­сет­кі­ш­тен (74,67 балл) төмен, яғни 4,45 балл», – деп көр­сетіл­ген жоспарда.

Білім мини­стр­лі­гінің жос­пар­ла­рын­да апат­тық мек­теп­тер­ді алдағы үш жыл­да жою бар. «Апат­ты мек­теп­тер­дің орны­на соны­мен қатар үш ауы­сым­ды мек­теп­тер­ді жою үшін құры­лыс рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гілік­ті бюд­жет­тен ғана емес, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік-жеке-кәсіп­кер­лік әріп­те­стік арқы­лы да жүзе­ге асы­ры­ла­тын бола­ды. Бұл 2020 жылға апат­ты және үш ауы­сым­ды мек­теп­тер­ді толық жояды», – делін­ген стра­те­ги­я­лық жоспарда.

Қаз­ТАГ

 

 

 

Құй күл, құй жыла!

 

«ЭКС­ПО-ға 5 мил­ли­он адам келеді, бәлен мил­ли­он ақша таба­мыз» деген-ді. «Ойпыр­май, көше­ге сый­май, сапы­ры­лы­сып, не ағы­л­шын­ша, не испан­ша тіл біл­мей, әр қонақтың аузы­на қарап жүр­ме­сек болға­ны» деп едік.

Ж‑о-оқ. Қоры­қ­паң­дар! Олай бол­май­тын бол­ды. Ат ары­л­тып, арып ашып, ЭКС­ПО-мызға келетін­дер өзі­міздің ордаб­а­сы­лық мұғалім­дер екен ғой. Қош кел­діңіз­дер, құр­мет­ті ордабасылықтар!

Мухит Тастан­ның ФБ-парақшасынан

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн