Суббота , 5 июля 2025

ТӘЖИННІҢ ТӨРТІНШІ ОРАЛУЫ: ІШКІ САЯСАТТАН НЕ КҮТЕМІЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

ДАТ-CАУАЛНАМА

 


 

 

Марат Тәжин­нің Мәс­ке­уде­гі дипло­ма­ти­я­лық мис­си­я­сы күт­пе­ген жер­ден аяқта­лып, Ақор­да әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры лау­а­зы­мы­на ора­луы ел сая­са­тын­да талқы­лы тақы­рып болу­да. Оның елге ора­луы­на қаты­сты сая­сат­кер­лер түр­лі болжам­дар айту­да. Тіп­ті Марат Мұхан­бетқа­зы­ұлы­ның Қаза­қстан­ның идео­ло­ги­я­сы мен ішкі сая­сат сала­сы­на жетек­шілік­ке келуі елде­гі мүм­кін бола­тын сая­си рефор­ма­ның баста­ма­сы деген пікір­лер де бар.

Ал бұл төңірек­те «D» сұрау салған сая­сат­кер­лер мен сарап­шы­лар не дей­ді? Назар ауда­рып көріңіз..

 

Біздің аны­қта­ма

 

Марат Тәжин 1960 ж. сәуір­дің 8‑інде Ақтө­бе қала­сын­да туған.

Алма­ты халық шару­а­шы­лы­ғы инсти­ту­тын және С.М.Киров атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің аспи­ран­ту­ра­сын бітір­ген. Әле­умет­та­ну ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор.

1992 ж. дей­ін ғылы­ми-оқы­ту­шы­лық қыз­мет­пен айна­лы­сты. Сол жыл­дың соңын­да ҚР пре­зи­ден­ті мен Мини­стр­лер каби­неті Ішкі сая­сат бөлі­мі мең­ге­ру­шісі Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тың шақы­руы­мен билік бас­пал­дағы­на ілі­гіп, бөлім мең­ге­ру­шілі­гінің бірін­ші орын­ба­са­ры бол­ды. Кей­ін­нен Алтын­бек ҚР бас­пасөз мини­стрі болып кет­кен соң, М.Тәжин оның орны­на бөлім­нің мең­ге­ру­шісі болды.

1994 ж. дей­ін – ҚР Пре­зи­ден­ті аппа­ра­ты бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры және Ақпа­рат­тық-тал­дау орта­лы­ғы­ның басшысы.

1994–95 жж. – ҚР Пре­зи­ден­тінің мем­ле­кет­тік кеңесшісі.

1995–99 жж. – Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры және Пре­зи­дент әкім­шілі­гі Тал­дау және стра­те­ги­я­лық зерт­теу орта­лы­ғы­ның басшысы.

1999-01 жж. – Пре­зи­дент­тің Ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­ле­лері жөнін­де­гі көмек­шісі – ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің хатшысы.

2000 ж. – ҚР Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы күрес жөнін­де­гі Мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның төраға­сы мін­детін атқарды.

2001 ж. – ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетін басқарды.

2002 ж. – Пре­зи­дент­тің Ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­ле­лері жөнін­де­гі көмек­шісі – ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің хатшысы.

2002 ж. тамыз айы­нан бастап – ҚР Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орынбасары.

2006 ж. сәуір айы­нан бастап қай­та­дан – Пре­зи­дент­тің көмек­шісі – ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің хатшысы.

2007 ж. қан­тар­дың 11-інде ҚР Сыр­тқы істер мини­стрі болып тағайындалды.

2009 жылғы 4 қыр­күй­ек­те үшін­ші рет – Пре­зи­дент­тің көмек­шісі – ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы болып тағайындалды.

2013 жыл­дың қаңта­ры­нан – ҚР Мем­ле­кет­тік хатшысы.

2014 жыл­дың ақпа­ны­нан бастап, ҚР ПӘ‑і бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры болып тағай­ын­далғанға дей­ін (қаңтар, 2017 ж.) ҚР-ның РФ-ғы Төтен­ше және өкілет­ті елшісі бол­ды. Бұл – Тәжин­нің ішкі сая­сат про­бле­ма­сы­на төр­тін­ші рет оралуы.

 

 

Серік­бай ӘЛІБАЕВ,

қоғам қай­рат­кері:

– Назар­ба­ев­тың сенетін адам­да­ры­ның қата­ры сел­діреп келеді. Өзінің әлпеш­теп тәр­би­е­ле­ген шене­унік­терінің қан­ша­ма­сы түр­ме­де отыр, соңғы­ла­ры қамауға да алы­нып жатыр. Оның қата­рын­да пре­мьер-мини­стр­лер, мини­стр­лер, әкім­дер, Жоғарғы сот мүше­лері, т.б. бар.

Осы­ның бәрін қалай түсі­ну­ге бола­ды? Қазір пре­зи­дент­тің жанын­дағы­лар үрей­леніп: «Кезек кім­дікі?» деп оты­рға­ны анық. Бүгін – бар, ертең – жоқ жал­да­ма­лы лау­а­зы­мы үшін діріл­деп-қал­шыл­дап оты­рған шене­унік­тер­ден не үміт, не қайыр?

Менің­ше, елі­міз терең орға құлап жатқан сияқты. Осын­дай жағ­дай­да жоғарғы билік­те 30 жылға таяу оты­рған пре­зи­дент өзінің билі­гін одан әрі қарай жалға­сты­ра беру үшін әртүр­лі тәсіл тауып, кадр­лық «чехар­да­мен» рефор­ма жаса­удың иша­ра­сын жалға­сты­ру­да. Бұл – көз­бо­я­у­шы­лық, xалық оған сен­бей­ді, халы­қты үне­мі алда­уға болмайды.

Ал Марат Тәжин­ге кел­сек, ол қай қыз­мет­ке тағай­ын­дал­са да, оның рөлі – Назар­ба­ев­тың көмек­шісі, кеңес­шісі болу­дан аспа­ды деу­ге бола­ды. Жал­пы Тәжин­ды «тұй­ық» адам дей­тін­дер де көп. Ол өз басы­на жау­ап­кер­шілік алып, елге керек күр­делі рефор­ма­ның жоба­сын ұсы­на­ды деу­ге бол­май­ды. Ондай рефор­ма Назар­ба­евқа да керек емес, билік тіз­гі­нен айы­ры­лып қалу қау­пін туды­ра­тын өзгеріс оған керек пе? Сон­ды­қтан бұл жолы да Тәжин пре­зи­дент­тің ойын­дағы рефор­ма­ның елесін ғана дай­ын­дай­ды. Қалай бол­са да, Назар­ба­ев­тың кезек­ті қулы­ғын іске асы­ру­дан аспайды.

Біз әлі Тәжин­нің «Мад­рид­ский про­рыв» деген жалған, тап-таза өтірік­ке құры­лған сөзін ұмы­тқан жоқ­пыз. 2008 жылы Қаза­қстан­ның «ОБСЕ»-ге төраға­лы­ғы қар­саңын­да ҚР сыр­тқы істер мини­стрі болған Тәжин Еуро­па­ның бетін біз­ге қарай қара­ту үшін: «…Мы поста­ви­ли перед собой мас­штаб­ные зада­чи по поли­ти­че­ской модер­ни­за­ции… Пра­ви­тель­ством Каза­xста­на ото­зва­ны или при­оста­нов­ле­ны зако­но­про­ек­ты за кле­ве­ту и оскорб­ле­ния в СМИ… До кон­ца 2008 года Казах­стан при­мет меры по либе­ри­за­ции реги­стра­ци­он­ныx тре­бо­ва­ний к поли­ти­че­ским пар­ти­ям…» деп, әлем қауым­да­сты­ғын алдап соққан еді. Сол Мад­рид сам­ми­тін­де ол «сай­лау заң­да­ры­на өзгеріс енеді, адам құқы­ғын жақ­сар­туға бет­бұрыс жасал­ды, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есіне көше­міз» деп, Қаза­қстан билі­гінің аты­нан көп уәде бер­ген. Бірақ Тәжин­нің айтқан­да­ры қағаз жүзін­де ғана қал­ды. Менің ойым­ша, аза­мат­тық ары, намысы бар сая­сат­кер мұн­дай бас-көз­сіз өтірік­тен кей­ін қыз­меті­нен кетуі керек еді.

Осы жер­де тағы бір айта кететін мәсе­ле бар: Тәжин марқұм Алтын­бек Сәр­сем­ба­ев­пен көп жыл­дар қыз­мет­тес бол­ды, жақын ара­ла­сты, отба­сы­лық дос бол­ды. Тәжин­ді билік­ке алып кел­ген де Алтын­бек еді. Сөй­те тұра, Алтын­бек­тің нақақтан болған қаза­сы­на қаты­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на, әріп­те­стері мен дос-жаран­да­ры­на бір ауыз көңіл айта алма­ды. ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы бола тұрып, Алтын­бек­ті өлтіру­ге тап­сыр­ма бер­ген­дер­ді, орын­да­у­шы­лар­ды табуға қаты­сты тер­геу жұмыста­ры­на ара­ласқа­нын есті­ген жоқ­пыз. Оның қыз­мет бабы­мен де осы істі зерт­те­у­ге мүм­кін­ді­гі бол­ды. Осы тар­тын­шақтық – Тәжин­нің аза­мат­тық тұр­па­ты­на берілетін негіз­гі мінез­де­ме деп ойлаймын. 

 

Дос КӨШІМ,

қоғам қай­рат­кері:

– Марат Тәжин­нің елге ора­луын қоғам өте жақ­сы қабыл­дап жатыр. Өйт­кені Тәжин бір­не­ше жау­ап­ты орын­дар­дың тіз­гінін ұстаған кез­де қоғам­да ешқа­шан дүр­бе­лең орын алған емес. Ол кісі жұм­сақ сая­сат ұста­на­тын сая­си мене­джер ретін­де танылды.

Аслан Мусин, Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин секіл­ді сая­сат­кер­лер ұста­на­тын бір­ден бел­ден баса­тын қатаң сая­сат Тәжин­нің табиға­ты­на жат. Ол істі түл­кі бүл­кек­пен бастап, ақы­рын қасқыр әлпет­пен аяқтай­тын шебер әрі әккі сая­сат­кер. Ым-жымын біл­дір­мей, бар­лық тарап­ты разы қылып, мәсе­ле шешетін ондай сая­сат­кер біз­де өте аз. Сон­ды­қтан да Тәжин елба­сы­ға баға­лы. Мем­ле­кет бас­шы­сы Тәжин­ді үне­мі ел үшін жау­ап­ты әрі қиын күн­дері билік­ке алып келеді.

Мыса­лы, Еуро­па­лық қауіп­сіздік шар­ты ұйы­мы­на Қаза­қстан төраға­лық ететін маңы­зды жау­ап­ты кез­де Тәжин­ді сыр­тқы істер мини­стрі етті. Тарих ғылы­мы мен ел тарихы­на қаты­сты дау туған­да да, осы мәсе­лені шешуді елба­сы Тәжин­ге сеніп тап­сыр­ды. Қаза­қстан тарихын қай­та қарау ісі соңы­на дей­ін жүзе­ге аспа­са да, бұл кезең Тәжин­нің кез кел­ген істі қиын­сын­бай мой­ны­на алып, әрі өзін ашық ұста­на­тын сая­сат­кер ретін­де тағы бір дәлел­деп бер­ді. Қалай деген­мен де, оны елге қай­та­рып алуы­на қараған­да, қоғам­да бел­гілі бір дең­гей­де­гі қиын­ды­қтар туындаған.

Шынын айтқан­да, қазір Қаза­қстан әле­умет­тік, сая­си, эко­но­ми­ка­лық, тіп­ті ұлт­тық шие­леніс алдын­да тұр. Мұны рас­тай ала­мыз. Жер мәсе­лесі, үштіл­ділік мәсе­лесі, жүй­е­де­гі парақор­лық мәсе­лесі, кеше­гі уақыт­ша тір­кеу мәсе­лесі, зей­не­тақы жинағы ақша­сы­ның желі­нуі мәсе­лесі – мұның бар­лы­ғы айна­лып кел­ген­де қаза­ққа тиіп, ұлт­тың шым­бай­ы­на батады.

Сая­сат­та­ну­шы Тәжин, міне, осы өзек­ті мәсе­ле­лер­ді бел­гілі бір дең­гей­де оңтай­лан­ды­рып, ішкі сая­сат­та «таза­лық» жүр­гі­зе ала­ды. Тәжин­нің келуі ішкі сая­сат­тағы мене­джер­лер­дің бәсе­ке­ле­сті­гін күшей­те­ді. Бұл – өте жағым­ды құбылыс. 

 

Уәли­хан ҚАЙСАРОВ,

экс-сена­тор:

– Пре­зи­дент өзі қоғам­да және әлем­де болып жатқан өзгерістер мен оқиға­ларға жау­ап беру­ге қабілет­тілі­гі­нен күн­нен-күн­ге айы­ры­лып бара жатыр. Сенім­ді адам­да­ры да қар­тай­ып бара­ды неме­се дүниені салып жатыр. Деген­мен, қан­ша қар­тай­са да, Назар­ба­ев билік­тен айы­ры­лғы­сы келмейді.

Оба­лы нешік, кететін уақы­ты да келер. Сол күн­ге бүгін дай­ын­дал­ма­са, ертең кеш бола­ды. Сон­ды­қтан билік­ті өз мұра­геріне көзінің тірісін­де тап­сы­руы қажет. Және сол билік­ті кей­ін­гі ұрпақтар­дың қолы­на ұста­та­тын­дай мықты кепіл болу керек. Пре­зи­дент Назар­ба­ев ондай тап­сыр­ма­ны орын­дау Тәжин­нің қолы­нан келеді деп ойлай­ды. Бұл – елба­сы­мы­здың тағы да бір үлке-е-ен қателігі.

Тәжин – Ақор­да­ның идео­ло­ги­я­лық және ішкі сая­сат сала­сын­дағы іс-қимыл әре­кетіне жаңа леп, жаңа­ша сер­пін әке­леді деп ойла­май­мын. Өйт­кені оның билік­тің ішкі сая­са­ты мен идео­ло­ги­я­сын­да болған бұры­нғы лау­а­зым­ды қыз­мет­тері соған дәлел. 90-жыл­дар­дан бері Қаза­қстан­ның ішкі сая­са­ты дүние жүзін­де­гі болып жатқан өзгерістер­ден қалып бара жатқа­ны­на бүкіл халық, әсіре­се ғалам­тор­дан шық­пай­тын жастар мен шетел­ге барып кел­ген қаза­қстан­ды­қтар куә. Оларға «Хабар­дың» үгіт-наси­ха­ты түк емес, теле­ар­на­да көр­сетілетін халы­қты жап­пай алдау наси­ха­ты-ақ өтірік­терін әшке­ре етті. Ал оны түсін­бей жатқан адам­дарға қаза­қтың мынан­дай бір кере­мет мақа­лын айтар едім: «Дари­я­ны көр­ме­ген, бұлаққа таң қалады!».

Сол 90-жыл­дар­да да, одан кей­ін­гі кез­дер­де де Тәжин елдің ішкі және сыр­тқы сая­сат­та­ры­на ықпал­ды қыз­мет­тер­де бол­ды. Бірақ Тәжин түрт­кі бол­ды деген жақ­сы­лы­қты май­шам­мен іздеп тап­пай­сың. Өкініш­ке қарай, әлем­де болып жатқан про­грес­сив­тік өзгерістер­дің Қаза­қстан­ның дамуы­на әсер ететін үлгісін дұрыс пай­да­ла­на алма­ды. Менің­ше, тек бір адам­ның билі­гін сақта­уға ықпал ететін әдіс-айла­ны сырт­тан іздеп тауып, елге әкеліп, заң нор­ма­ла­ры мен Кон­сти­ту­ци­яға енгізді. Соны­мен бір­ге оппо­зи­ци­я­мен күре­су әре­кет­тері­мен айналасты.

Сон­ды­қтан мен Тәжин­ді авто­ри­тар­лық режим­нің өкілі де, нөкері де, тіп­ті оның өзі де авто­ри­тар­лық режим­нің үлгісі деп тани­мын. Қаза­қстан­дағы авто­ри­тар­лық жүй­е­де Тәжин ештеңені төң­керіп тастай алмай­ды. Бірақ фило­соф­тар­дың пай­ы­мы бой­ын­ша, жеке тұлға жал­пы адам­заттың дамуын тоқта­та алмай­ды, бірақ даму үрдісін тез­де­ту­ге неме­се кедер­гі кел­тіру­ге себеп­кер бола ала­ды. Тәжин – бұның еке­уіне де жат­пай­тын жай­дақ орын­да­у­шы ғана.

 

Айдос САРЫМ,

сая­сат­та­ну­шы:

– Марат Тәжин­нің Ақор­даға қай­та ора­луын­да қан­дай да бір сая­си астар­дың барын аңда­уға бола­ды. Тәжин­нің үлкен сая­сатқа ора­луы – үлкен сая­сат­тың өзі. Менің ойым­ша, оған ішкі сая­сат, стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау, ақпа­рат-наси­хат сала­сын қай­та құрып, қай­та жасақтау жүк­те­леді. Себебі соңғы жыл­да­ры бұл сала­да жіберіл­ген кем­шілік­тер мен олқы­лы­қтар халы­қтың билік­ке ғана емес, мем­ле­кет­ке, елге деген сені­мі­нен айы­рып, жоқ жер­ден еш негізі жоқ қақты­ғы­стар мен тар­ты­старға алып бар­ды. Бұған тіке­лей кінәлі адам­дар­дың бірі – күні кеше мем­ле­кет­тік құпи­я­лар­ды заң­сыз жина­ды, тарат­ты деп айып­та­лып жатқан Бағлан Май­лы­ба­ев дер едім. Енді Тәжин сол кем­шілік­тер мен олқы­лы­қтар­ды түзе­туі тиіс.

Жуы­қта ел пре­зи­ден­тінің нұсқа­уы­мен билік тар­мақта­рын қай­та­дан бөлу жөнін­де­гі жұмыс комис­си­я­сы құрыл­ды. Бірақ одан әзір­ге үлкен тран­зит­тік нәти­же күту­ге бол­май­ды. Пре­зи­дент­тің бұл шеші­мін билік­тің тран­зит­тік кезең­ге дай­ын­дық деп айту үшін, тран­зит­тік оқиға болуы керек. Менің түсіні­гім­ше, пре­зи­дент Назар­ба­ев әзір­ге билік­тен кет­кісі жоқ және де өзінің билі­гін біре­у­ге беру­ге дай­ын емес. Сон­ды­қтан да құры­лып жатқан комис­си­я­ның жұмысын тран­зит мәсе­лесі­мен бай­ла­ны­сты­ру­дың қажеті жоқ.

Басты мәсе­ле – кезін­де қабыл­данған «100 қадам рефор­ма­ла­рын» жүзе­ге асы­ру үшін Кон­сти­ту­ци­яға бір­ша­ма өзгерістер енгі­зу қажет­ті­гіне тіреліп тұр. Комис­си­я­ның құра­мы­на назар аудар­саңыз, ішін­де тек шене­унік­тер ғана бар. Бұның өзі көп­те­ген мәсе­ленің «тех­ни­ка­лық өзгерістер­ге» бай­ла­ны­сты екенін көр­сетіп оты­рған сыңай­лы. Бұдан бәрі­міз демо­кра­ти­яға кенеліп, Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгізіл­ген соң, кере­мет демо­кра­ти­я­лы мем­ле­кет бола­мыз деген­ге өз басым еш сенбеймін.

Тәжинің алдын­да тұрған басты мәсе­ле­лер – ішкі сая­сат­тағы үдерістер мен үрдістер­ді қай­та­дан билік­ке түсінік­ті, бақы­ла­у­ға, ықпал ету­ге келетін арнаға түсі­ру үшін қыз­мет етеді.

Ақпа­рат-наси­хат сала­сын қай­та­дан халы­ққа тар­тым­ды ету, билік пен қазақ көп­шілі­гінің ара­сын жамау, жақын­да­сты­ру, ақпа­рат­тық қауіп­сіздік пен мәде­ни-ақта­парт­тық тәу­ел­сіздік­ке ұмты­лу да Тәжин­ге жүк­те­летін сыңай­лы. Билік пен зия­лы қауым­ды, сарап­шы­лар тобы ара­сын­дағы сенім­сіздік­ті сей­іл­тіп, олар­ды қай­та­дан табыст­ы­ру бола­тын сияқты.

 

Расул ЖҰМАЛЫ,

сая­сат­та­ну­шы:

– Марат Тәжин­нің Ақор­да билі­гіне қай­та ора­луын қан­дай да бір сая­си-кадр­лық қажет­тілік­пен бай­ла­ны­сты­рар бол­сам, әрине, бұл жер­де кла­на­ра­лық тар­ты­стың сал­да­ры да болуы ықти­мал. Бірақ біз үшін маңы­здысы – оның аста­рын­да идео­ло­гия мен ақпа­рат сала­сын­да билік­тің өз осал тұста­рын жана­ма түр­де бол­са да мой­ын­даға­ны жатыр.

Ал жағ­дай шыны­мен де өте алаң­да­тар­лық. Соңғы бір­не­ше жыл бой­ын­да елде­гі ішкі қара­ма-қай­шы­лы­қтар, билік пен қоғам ара­сын­дағы түсініс­пе­ушілік, мем­ле­кет­тік орын­дарға деген сенім­нің күрт төмен­де­уі сияқты келеңсіз жәйт­тер үдеп бара­ды. Тіп­ті ресми меке­ме­лер қабыл­даған әрбір шешім қоғам бол­сын, әле­умет­тік желілер бол­сын – тара­пы­нан қатқыл сынға, әжу­аға ұшы­рап жатқа­ны көп нәр­сені аңғартады.

Енді, міне, мем­ле­кет үшін аса маңы­зды сана­ла­тын идео­ло­ги­яға жау­ап беріп кел­ген лау­а­зым иелерінің қыл­мыстық істері әшке­ре­леніп отыр. Бұл өз алды­на масқа­ра жағ­дай. Менің ойым­ша, идео­ло­гия сала­сын­да тәжіри­бесі мол, өзін­дік сал­мағы бар Марат Тәжин­нің елге қай­та­ры­луы – аталған олқы­лы­қтар­ды жедел түзе­тудің қамы болып табы­ла­ды. Бәл­кім, бұл тұрғы­да оған кеңей­тіл­ген лау­а­зым­дық өкілет­тік­тер берілетін де шығар.

Бұл тағай­ын­да­уға қаты­сты қоғам­ның пікірі негізі­нен алған­да жағым­ды бол­ды. Оның себебі – халық елде­гі ішкі сая­сатқа, оның ақпа­рат­тық сүй­е­мел­де­нуіне мүл­де көңілі тол­май­тын­ды­ғы, тың өзгерістер­ді қалайтындығы.

Алай­да жеке­ле­ген шен­ділер­дің орын алма­суы­мен қор­да­ланған түйт­кіл­дер­дің тарқа­ты­луы неғай­был. Бұны біз талай рет көрдік.

Өкіні­штісі сол – жүй­елі әре­кет­тер­дің орны­на билік баяғы әдетін­ше әлдебіре­уді тағай­ын­дай салу­мен неме­се жаңа мини­стр­лік­ті құра салу­мен мәсе­ле шешіледі деп ойлай­ды. Бірақ одан түк шық­пай­ды. Бұл өзін-өзі алдау ғана. Тиісін­ше, Марат Тәжин­нің идео­ло­гия тіз­гінін қолы­на алуы­мен жағ­дай оңа­ла­ды деген­ге сену қиын.

Қаза­қстан бүгін­де жүй­елі сая­си дағ­да­рыс кезеңін­де тұр. Оның ең қауіп­ті тұсы – мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есінің дағ­да­ры­сы. Оны еңсе­ру үшін жеке­ле­ген кадр­лық ауыс-түй­істер не үстір­тін кос­ме­ти­ка­лық шара­лар жет­кіліксіз. Дағ­да­ры­стан шығу үшін кешен­ді сая­си рефор­ма­лар, демо­кра­ти­я­лан­ды­ру, ашы­қтық керек. Бірақ көріп оты­рға­ны­мы­здай, ондай қадам­дарға билік дай­ын емес.

Ақор­да­ның идео­ло­ги­я­лық сала­дағы ішкі сая­са­тын­да қателік­тер көп қой. Солар­дың ішін­де, менің­ше, басты­сы – идео­ло­ги­я­ның бұры­нғы совет шек­пе­ні­нен әлі күн­ге шей­ін шыға алмаға­ны. Ойлап қарай­ы­қ­шы – ширек ғасыр өткені­мен, Қаза­қстан­да шын мәнісін­де сана­ның отар­сызда­нуы орын алды ма? Мем­ле­кет­тің дің­ге­гі болып табы­ла­тын қазақ тілі, қаза­қи діл мен рух жаңғыр­ды ма? Әрбір аза­мат тәу­ел­сіздік­тің қадірі мен игілі­гін толық сезіне алды ма? Сөз жүзін­де­гі емес, іс жүзін­де­гі демо­кра­ти­я­лық қоғам құра алдық па?

Жоқ! Негіз­гі себеп – мем­ле­кет­тік басқа­ру­да сол мем­ле­кет­шіл­дік, ұлт­тық тұғыр­дың жетіс­пе­уі, керісін­ше, тиісті де ауа­дай қажет­ті руха­ни құн­ды­лы­қтар­дың әркез бөтен идео­ло­ги­я­ның, бөг­де мемл­кет­тер­дің көлең­кесін­де қалып кел­гені. Тура­сын айтқан­да, біз әлі күн­ге шей­ін Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның дер­бес күн тәр­тібін қабыл­дай алған жоқ­пыз, оның имми­та­ци­я­сы­мен айна­лы­стық. Бұл зая кет­кен уақыт. Бос сөз­ден нақты іске әлдеқа­шан көшу керек еді.

Десе де, бүгін­гі сая­си эли­та­лар бұл олқы­лы­қты жан-тәні­мен түсініп, сезініп оты­рға­ны бай­қал­май­ды, бәл­кім, оған қабілеті де жоқ шығар. Әлде де ескі сарын, басқа елдер­ге жал­тақтай беру, жігер­сіздік басым. Олай бол­са, мем­ле­кет­шіл ұста­ны­мы берік жаңа эли­та қалып­тас­пай, жасам­паз идео­ло­ги­я­ның пай­да болуы күмәнді.

 

Қаз­бек БЕЙСЕБАЕВ,

экс-дипло­мат:

– Марат Тәжин­нің Ақор­да билі­гіне қай­та ора­луын қан­дай да бір сая­си-кадр­лық қажет­тілік­пен бай­ла­ны­сы сол – елде шеші­мін тап­паған сая­си-әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер қата­ры көбей­іп жатыр, ал осы мәсе­лені шешу­ге қабілеті мол, сау­ат­ты, сенім­ді кадр­лар жет­пей­ді. Бұл – бір.

Екін­ші­ден, жал­пы билік­тің басқа­ру жүй­есін­де­гі туын­даған про­бле­ма­лар да жетіп арты­ла­ды. Осы сәт­те авто­ри­тар­лық жағ­дай­ын­дағы ел билі­гінің ішкі сая­са­ты­на өзгеріс әке­лу үшін Марат Тәжин орал­ды. Бірақ елдің төрт-бес жыл бұры­нғы жағ­дай­ын бүгін­гі күн­мен салы­сты­руға кел­мей­ді. Ал дағ­да­рыс ден­де­ген елде­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай мүл­де басқа­ша. Халы­қтың әле­умет­тік аху­а­лы өте нашар­лап кет­ті. Осын­дай жағ­дай­да елде өзгеріс бола­ды деген­ге кім сенеді? Менің күмәнім көп.

Ақор­да­ның идео­ло­ги­я­лық сала­дағы ішкі сая­са­тын­дағы олқы­лық көп.

Соның біре­уі – «Елба­сы­ның арқа­сын­да елде бәрі жақ­сы» деген дог­ма­лық идео­ло­гия басым­ды­лық алып бара­ды. Үкі­мет­тің әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ге дай­ын­даған бағ­дар­ла­ма­ла­ры тек қағаз жүзін­де қалып, билік пен халы­қтың ара­сы алшақтады.

 

 

Сау­ал­на­ма­ны жүргізген –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн