Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ: МЕН ТОҚАЛ ЕМЕСПІН

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №2 (366) от 19 января 2017 г.

 

«Әйел бақыты»

 


 

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «тоқал» сөзінің түп-төркінін түсіндіріп, өзін «тоқал» деп санайтындарға жауап берген екен. Stan.kz порталында жария болған Ләйлә ханымның сол жазбасын жалпақ жұртшылық назарына ұсынғанды жөн көрдім», – деп жазады өзін «Динара Серікқызы» деп атаған автор.

 

Ләйлә Сұлтанқызының бұл жазбасының түпнұсқасы L’officiel интернет-сайтындағы өзінің жеке блогында жария болыпты: «Менің әжем атамның үшінші не төртінші әйелі болатын. Біз «неге?» деп сұрағанда, анамыз ол заманда ерлер санының өте аз болғанын, фронттан тек бірең-сараң еркектердің қайтып келгенін айтқан еді. Кез келген ер азаматтың «құны» жоғары болды – ол ақсақ, бір көзі не бір қолы жоқ болса да», – депті Ләйлә ханым.

Танымал журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тоқал алу кезінде қалыпты нәрсе болғанын, ол заманда көпшіліктің бұл ұғымға дұрыс қарағанын айтады. «Тоқал (кіші әйел) қоғам ресми түрде мойындаған, отбасы мүшелерінің барлығы сыйлайтын, дүниеге бала әкеліп, оларды тәрбиелейтін, кейде басқа әйелдерімен бірге, ал кейде бөлек өмір сүретін әйел болған. Иә, мүмкін, ол кезде қазақтың әйелдері әлеуметтік жағынан белсенді болмаған шығар, көбінесе үй шаруасымен, баламен айналысты, еріне көбірек бағынды, бірақ ерлері оларды пайдаланып, тастап кеткен жоқ қой. Қазақ даласында «жалғызбасты ана», «жесір», «балалар үйі», «қарттар үйі» деген ұғым болмаған. Бүгінде тоқал – отбасы қамалынан сырт жақта құрылатын құпия. Әдетте тоқал өзінен біршама жас үлкен ер адаммен көңіл қосқан жас қыз. Айнұр Исинаның арқасында «тоқал» түсінігі бүгінгі жағымсыз сипатына ие болды», – деп жалғайды сөзін танымал тележүргізуші.

Сөз соңында Ләйлә Сұлтанқызы өзін тоқал деп атайтындарға жауап берген екен. Ол ресми түрде жұбайының тоқалы емес, заңды әйелі екенін мәлім етті.

«Ал біз өзгеру, бейімделу заманында өмір сүріп жатырмыз. Бұрынғыдай көшпелі қазақ емеспіз. Әлемдік мәдениеттердің ықпалы жаңа ұлтты қалыптастыруда. Әзірге ол қолымыздан жақсы келіп жатқан жоқ. Біз өзіміз үшін маңызды салт-дәстүрлерімізді жоғалтып барамыз. Біздің отбасы институтымыз дағдарысқа ұшырады. Бір отбасымыз бар ма, әлде екеу ме – маңызды емес, бастысы – отбасы мүшелерінің бақытты болуы (бірлігі жоқ үйде береке болмайды). Егер қарапайым отбасында бақытты бола алмасақ, біздің жетістіктеріміз бен экономикалық өсуіміз кімге керек? Бұл орайда мен, Ләйлә Сұлтанқызы, өзімді Қазақстандағы ең танымал тоқалдардың тізімінен көргендіктен, жұбайымның заңды ӘЙЕЛІ екенімді мәлімдеймін», – деп, өз жазбасына нүкте қойған екен Ләйлә ханым.

Өте батыл және танымды түйсік. Қоғамдағы қыздардың белгісіз мөлшері (және ол мөлшер аз емес – өзім де сол санаттамын) «тоқал» деген, бүгінде мәні өзгерген тоңтеріс атауға ие болып отырғандықтан, қазақи қасиетін жоғалтпаған орта бұл түйсікті түсінуі керек деп ойлаймын. Ел ішінде пайда болған бұл әлеуметтік-тұрмыстық текетіресті ерегеспен емес, ағайыншылықпен шешу керек сияқты.

Динара СЕРІКҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн