Суббота , 5 июля 2025

АҢДУДА ЖҮРІП, Атыраудағы сотқа БАРА АЛМАДЫМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Тар жол, тай­ғақ кешу

 


 

Билік мені «халық жауы» етпек­ші болып, неше күн бол­ды, ізім­ді кесіп, қазір аңд­уда­мын, яғни 1937 жылғы­дай «халық жауы» болып шықтым…

Қаңтар­дың 10‑ы күні (2017) Ақмо­ла облы­сы, Бура­бай аудан­дық әкім­шілі­гінің арнайы шақы­руы­мен бар­сам, ол жер­ден біл­генім – мен Аты­рау қала­сын­дағы Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ның апел­ля­ци­я­лық соты­на бар­мауым керек екен. Егер барар бол­сам, аты­ра­улы­қтар көтеріліс жасайды-мыс…

«Мен көтеріліс жаса­уға емес, жері­мізді қорғаған­да­ры үшін жазы­қты болып, 5 жыл­дан сот­та­лып кет­кен қаза­ғым­ның екі аза­ма­ты – Макс пен Талғат­ты алы­стан бол­са да көріп, өз атым­нан ақ басым­ды иіп, тағ­зым етіп, алғы­сым­ды біл­дір­мек­ші болғам…» – дедім.

Одан ертеңіне ахы­лап-ухілеп екі қажы кел­ді үйі­ме сүй­ретіліп. Олар менің «Сұрағым бар, Нұр­сұл­тан» деген туын­дым­ның прин­тер­ден шыға­ры­лған нұсқа­сын төсқал­та­ла­ры­нан алып, «мына өлеңіңізді оқы­ған жұрт­шы­лық көтеріліс­ке шығып кете­ді» деген­ді жет­кізді – көз­дері алақан­дай болып…

Ол жай­ын­да да әле­умет­тік желі бетін­де мақа­лам шықты.

«Не істе­се де, Құдай­ға тап­сыр­дым, не бол­са да, жолға шығай­ын» – деп, алдын ала алып қой­ған билет­терім­мен жолға шыққан едім (14.01.2017 ж.).

Бура­бай темір жол бекетінің күту залы­на кіріп, енді оты­ра бер­генім­де, бір поли­ция май­о­ры екі қазақ аза­ма­ты­на ескер­ту жасаған болып, менің құжа­тым­ды тек­серіп, анан­дай жер­ге барып, біре­у­ге ұялы теле­фон соқты. Менің­ше, «Қуа­ныш Мұқтай деген жола­у­шы күту залын­да отыр» десе керек? Бір сұм­ды­қтың бола­рын ішім сезген­дей, қылп ете қалып еді…

Аста­на­да мені поез­дан Қай­ыр­лы Омар бауы­рым жеңіл көлі­гі­мен күтіп алды. Былай шыға бере: «Қуа­ныш аға, сіз арты­ңы­здан «құй­рық» ертіп келіп­сіз ғой. Мынау арты­мы­зда келе жатқан жеңіл маши­на мана­дан бері біз қай­да бар­сақ, сон­да бұры­лып, қыр соңы­мы­здан қала­тын емес…» – деді.

Қала­ның ішін­де бір сағат­тай қашып жүріп, ақы­ры «құй­ры­қтан» құты­лып, басқа жеңіл көлік­ті ұстап, Есіл қала­сы­на тарт­тық. Ойы­мыз сол жер­ден жаңағы Аты­ра­уға бара­тын поезға оты­ру. Билетім­ді қарап алай­ын­шы деп, поезға мінетін билет­ті әми­я­ным­нан ізде­сем – билет жоқ. Билет­пен бір­ге жеке куәлі­гім, зей­нет­кер­лік куәлі­гім, «Алтын ғасыр» газетінің тіл­шісі деген куәлі­гім жоқ, ал ақша орнын­да – алмап­ты. Аң-таң қал­дым: «Аста­пы­рал­ла, ақша ұрла­май­тын да ұры­лар бола­ды екен-ау?!» – деп.

Аста­на­дан Есіл қала­сы­ның ара­сы 350 шақы­рым­дай екен, так­сист жігіт­ке ақша­сын беріп, Есіл темір жол бекетіне кел­дік. Кас­сир­ден менің билетім­нің көшір­месін сұра­сақ, жеке куәлі­гім­ді сұрай­ды. Қай­та­дан билет алай­ық десек, «куәлі­гіңізді әкеліңіз» дей­ді. Билетім мен құжат­та­рым­ды ұрла­тып алға­ным­ды тіп­ті тың­дағы­сы жоқ, ақы­ры «поли­ция шақыр­та­мын» деп қорқытты.

Ақы­ры не керек, Қай­ыр­лы бауы­рым­ды Аты­ра­удың пое­зы­на мін­гізіп жібер­дім. Өзім Есіл қала­сы­ның мей­ман­ха­на­сы­на түнеп, таңер­тең Көк­ше­та­уға бара­тын авто­бу­сқа мініп отыр­сам, денесі дөнен­нің жар­ты етін­дей бір аза­мат авто­бу­стың ішіне кіріп, көзі­мен бір шолып өтіп, мені көр­ген соң көңілі жай тапқан болу керек, ұялы теле­фо­ны­на мен оты­рған жақты «бай­қат­пай» түсіріп алып, жөніне кет­ті. Шыға бере ұялы теле­фо­ны­мен сөй­лесіп жатқа­ны­на қараған­да, айт­са керек, «анау қызыл көз бәле­кет кей­ін қарай, үйіне кетіп бара жатыр» деп…

Кім қалай ойла­са – солай ойла­сын, ал бірақ басым­нан кеш­кен хика­ям осын­дай, ерте­гі­ге бер­гісіз бол­ды. Көк­ше­та­удан Щучье қала­сын­дағы үйі­ме жет­сем, поли­ция келіп, мені сұра­с­ты­рып, ком­пью­тер­де кім оты­ра­ты­ны­на дей­ін тәп­ті­ш­теп кетіп­ті. Енді­гі­де маған ком­пью­тер­ге оты­рып, мақа­ла, жыр жазуға бол­май қалған сияқты?

Ал сон­да Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда алтын әріп­тер­мен жазы­лған менің бас бостан­ды­ғым, құқым және билік­тің қай­нар көзінің халық екен­ді­гі, яғни сол қай­нар көзінің бірі мынау ақын, сая­сат­кер мен екен­ді­гім қай­да қалды?!

Жері­мізді, елді­гі­мізді қорғау үшін бей­біт шеру­ге шыққан қаза­қтың АР-ҰЖДАНЫ – Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­дай батыр бауыр­ла­рым, сен­дер­ді бір Жаратқан Иеме тап­сыр­дым! Кебін киген кел­мей­ді, кебе­нек киген келеді! Сен­дер кебе­нек киген Ерсіңдер!

Бара алма­дым Аты­ра­уға! Сен­дер­дің төбе­леріңді көріп, ақ басым­ды иіп тұрып, тәжім ету ақын аға­ла­ры­ңа жаз­бап­ты! Сол үшін кешірім сұрай­мын! Кешірің­дер, айналайындар!

Қуа­ныш МҰҚТАЙ,

ақын, қоғам қайраткері

16.01.2017 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн