Воскресенье , 6 июля 2025

САЛАФИЛЕР ДӘСТҮР ДІДҰРЫС ТАНЫМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Дін мен дің

 


 

Кей­ін­гі кез­де қоғам­да Ислам­ды жамы­лып пай­да болған теріс ағым­дар саны­ның көбе­юі өзек­ті мәсе­ле­ге айнал­ды. Әдет­те мұн­дай құбы­лыс қоғам­да адам­дар­дың діни сау­а­ты­ның жоқты­ғы­нан неме­се сау­а­ты­ның азды­ғы­нан туын­дай­ды. Демек, қоғам­да қазақ үшін тари­хи қалып­тасқан дәстүр­лі Ислам­ды, оның ішін­де Әбу Хани­фа мазһа­бын наси­хат­тай­тын білім­ді маман­дар қажет.

 

Түр­кі халы­қта­ры­ның Хана­фи мазһа­бын таң­да­уын­да өзін­дік ерекшелік бар. Бұл мек­теп­тің басқа мек­теп­тер­ден ерекшелі­гі – халы­қтың мәде­ни­еті мен салт-дәстүріне құр­мет­пен қарап, тұр­мыста олар­ды пай­да­ла­нуы­на жағ­дай жаса­уы. Сон­ды­қтан да біздің дәстүрі­міз дін­мен біте қай­на­сып кет­кен. Егер кей­бір дәстүрі­міз шыны­мен де Ислам қағи­дат­та­ры­на қай­шы келіп жат­са, оны имам­да­ры­мыз ескер­тіп жатады.

Ал енді діни білім­ді шет мем­ле­кет­тен оқып кел­ген жастар­дың басым көп­шілі­гі дәстүр­лі мазһа­б­тар­ды қол­дай­тын Ислам­ды емес, басқа ағым­дар­ды наси­хат­тай­ды. Сон­дай теріс ағым­дар­дың бірі – сала­физм. Сала­физм халқы­мы­здың дәстүр­лерін де, Әбу Хани­фа мазһа­бын да түбе­гей­лі теріс­ке шығарады.

Шариғат үкі­мі­мен үйлес­кен қай­тқан ада­мға ас беруді алай­ық. Астың арты­нан қай­тқан адам­ның рухы­на Құран оқып, бағы­штап, жиналған ағай­ын-туыс, көр­ші-қолаң, жора-жол­дастар­мен бір­ге бұрын өткен­дер­дің күнәла­рын кешіруін Алла­дан тілейміз.

Ал елге беріл­ген астың негіз­гі мақ­са­ты – садақа ретін­де қабыл­да­нуы. Беріл­ген астан кей­ін қари­я­лар­дан бата сұрап, сосын Құран оқып, тағы алақан жай­ып, Алла­дан мей­ірім мен бере­ке сұрау, Құран сау­а­бын марқұ­мға бағы­штау – біздің халы­қтың ғасыр­лар бой­ы­на қалып­тасқан дәстүрі. Бата бер­ген­нің, ас қай­тарған­ның несі айып?

Ас демек­ші, сала­фи­лер дастар­хан басын­да бет сипап, ас та қай­тар­май­ды. Ал Мұхам­мед пай­ғам­бар: «Дұға құл­шы­лы­қтың өзе­гі», – деп айтқан емес пе? Осы сияқты дәстүр­лері­мізді сала­физм жолын ұстанған кей­бір жаста­ры­мыз жоққа шыға­ру­мен әлек. Тіп­ті олар­дың кей­бірі Қаза­қстанға шынайы Ислам діні 89–90-жылдары ғана кел­ді деп айта­ды. Мұны да естідік. Сон­да біздің Абайдың:

«Алла­ның өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз еш уақыт­та жалған болмас.

Көп кітап кел­ді Алла­дан, оның төрті

Алла­ны таны­туға сөз айырмас…»,

– деп, иман шар­тта­рын тал­да­уы Ислам емес пе? Әрине, Ислам.

Шәкәрім бол­са: «Иман деген Алла Таға­ла­ның бар­лы­ғы­на, бір­лі­гіне, одан басқа құдай жоқты­ғы­на, Құран сөзінің бәрі шын­ды­ғы­на анық ықы­ласпен нан­бақ…» – деп иман­ды айшы­қтап кет­ті. Ислам­ды сол 90-жыл­да­ры таны­ған­дар басқа­лар­ды өздерін­дей көр­месін. Ата­ла­ры­мыз мұсыл­ман болған.

Дін арқы­лы ғана мәсе­ле шешіл­мей­ді. Бұл жөнін­де Шәкәрім қажы былай дейді:

«Жер­дің жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрін­де де бар қауіп,

Дін көбей­ді сондықтан.

Сол көп дін­де шешу бар,

Сол шешудің арты бар.

Адасқанға кешу бар,

Кешудің де шар­ты бар».

Ұлт­тық мінез-құлық, салт-дәстүр, өмір­лік ұста­ным­дар әрбір халық үшін өзінің әле­умет­тік күші мен руха­ни нәрін жоғалт­пай­тын сарқыл­мас кәу­сар. Өйт­кені әр халық өзінің ата-баба­сы ардақтаған дінін, сені­мін тари­хи жадын­да тап­тыр­мас құн­ды­лы­қтар ретін­де қастерлейді.

Сала­фи­лер­дің тап­жыл­май қар­сы тұрып, мой­ын­дағы­ла­ры кел­мей­тін келесі дәстүрі­міз – келін­нің сәлем беруі. Сала­физм идео­ло­ги­я­сы бой­ын­ша келін­нің сәлем беруі діні­міз­де жоқ деген­ге келеді. Сөй­тіп, олар келін­нің сәлем салуын, құл­шы­лық кезін­де­гі руку­ғ­пен (намаз кезін­де еңкею) теңе­стіреді. Басқа­ша айтқан­да, адам­ның тек қана Алла­ның алдын­да, Аллаға ғана иілуіне бола­ды. Ал адам бала­сы­ның алдын­да сәлем беруіне Ислам рұқ­сат бер­мей­ді. Олай жасау Аллаға серік қосқан болып сана­ла­ды екен. Осы қысқа шал­бар киген сала­фи­лер «қысқа» ойлай­тын көрі­неді. Келін­нің сәлем беруін­де­гі мәні – жаңа үйдің табал­ды­ры­ғы­нан аттаға­лы тұрған кез­де­гі сол ота­удың иелеріне құр­мет көрсетуінде.

Дәстүрі­мізді дұрыс біл­мей­тін, не арнайы діни білі­мі жоқ шала сау­ат­ты­ларға айта­рым – дін­нен ізгілік­ті, дәстүр­ді көр­ген дұрыс. Бұдан былай жастар­дың діни білім­ді елі­міз­де, яғни елі­міздің діни оқу орын­да­рын­да білім алға­нын қалаймын.

Жастар – біздің жарқын бола­шағы­мыз, оларға жіті көңіл бөлу, тәр­би­е­леу – ел аға­ла­ры, дін қай­рат­кер­лері мен имам­да­ры­мы­здың алдын­дағы негіз­гі мәсе­ле­лер­дің бірі. Жастар­дың келе­ше­гі осы­ған бай­ла­ны­сты. Өйт­кені мешіт­ке бара­тын халы­қтың басым бөлі­гі – жастар. Сон­ды­қтан да шығы­стық түсінік­те­гі тәр­бие ұғы­мы­ның ел бола­шағы­на бағыт-бағ­дар беру­де­гі маңы­зды­лы­ғы өте жоға­ры. Әсіре­се мұсыл­ман­дық түсінік­те жас ұрпаққа ана құр­сағын­да жатқан­нан бастап тәр­бие беру­ге баса назар аударылады.

Жаста­ры­мы­здың сан ғасыр­лар бойы қалып­тасқан салт-дәстүрін ұмыт­пай, құр­мет тұтып, қадір­ле­уі, ада­ми құн­ды­лы­қтар­ды бірін­ші оры­нға қою маңы­зды. Дәстүр­лі діні­міз­де ата-дәстүрі­міз­бен ұшта­сып жатқан адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар жетіп жатыр: білім­ге, ақы­лға, жақ­сы ниет­ке, әле­умет­тік әділет­тік­ке, соны­мен қатар адам­дар­дың құқы­ғы мен құр­метіне ерекше көңіл бөлінген.

Ғари­фол­ла ЕСІМ,

про­фес­сор

Abai.kz

 

 

 

«НҰРДӘУЛЕТ» тағы не жазды?

 

Осы бірер жыл­дың жүзін­де ғана Ақтө­бе­де­гі «Нұр­дәу­лет» мешітінің айна­ла­сын­дағы әңгі­ме қаза­қстан­дық бүкіл БАҚ-ты шула­тып, әрең басы­лған­быз. Онда да облы­сқа бел­гілі кәсіп­кер­лер Ербол мен Мақ­сат Бай­жарқы­но­втар­дың аймақ билі­гі тара­пы­нан орын­сыз қысым көріп оты­рға­ны жай­лы жазған едік. (Оқы­ңыз: «Ұлт Таймс», «Алтын ғасыр», т.б.).

 

Енді тара­тай­ық. Өз басым мешіт­ке анда-сан­да бас сұға­тын адам­мын. Анау ауы­лға кетіп қалған­дарға құран бағы­штай­мын, аз-маз садақам­ды салам. Ербол­ды Жел­тоқ­сан үшін қат­ты сый­лай­мын. (Бір рет те көр­ген ада­мым емес). Мақ­сат ағаға газет шару­а­ла­ры­мен соғып тұрам.

…Қаза­қстан­да тұрып, басы­мы­зға шығып оты­рған газет, арна, т.б. бар екенін білесіз­дер, кез­дей­соқ қолы­ма түс­кен біре­уі айы­зы қанып тұрып жазып­ты. Олар қаза­ққа бол­сын дей ме? Мысқы­лы көп. Бір Дәу Қаза­қтың бір Жәй Қаза­ққа көр­сетіп оты­рған қысы­мы­ның қаза­қы, клас­си­ка­лық үлгісі…

Әңгі­мені Жәй Қаза­қтан бастай­ық. Мақ­сат Бай­жарқы­нов – бала­сы, елге бел­гілі құры­лыс­шы Ербол Бай­жарқы­нов бас болып, аздап кәсіп баста­ды. Одан соң Ақтө­бенің қақ орта­сын­да иә бол­май, иә қой­май тұрған «сақал­ды құры­лыс», бола­шақта Жастар сарайы бола­ды деген жер­ді сатып алып, мешіт, сауда үйі, мед­ре­се, Дәстүр үйі­нен тұра­тын үлкен кешен сал­ды. Бұл кешен қазір Ақтө­бенің брен­діне айналған дема­лыс орны. Алды­на бала­лар­дың дема­лыс орны мен шағын хай­у­а­нат­тар орны да ойла­сты­рыл­ды. Бала­лар аттрак­ци­он­да­ры Ақтө­бе­де­гі ең арзан (билет құны 100–200 тең­ге) дема­лыс орны бол­са, керік, тауыс сияқты сирек мақұлы­қты ақтө­белік­тер басқа қай­дан көре ала­ды? Сауда үйінің алдын­да елі­міздің еге­мен­ді­гінің сим­во­лы – Тәу­ел­сіздік мону­мен­ті асқақтап тұр. «Нұр­дәу­лет» қай­ы­рым­ды­лық қоры­ның «Алға» бала­лар үйіне, «Жай­саң» кем­тар бала­лар үйіне, «Үміт» сәби­лер үйіне, қарт­тар үйіне ай сай­ын ауда­ра­тын қар­жы­сын есеп­те­удің де қажеті жоқ: міне, бір­не­ше жыл­дың жүзі бол­ды, тұрақты түр­де қай­ы­рым­ды­лық жасалады.

Міне, өз кәсіп­терін адал атқа­рып, елге қыз­мет жаса­удың тама­ша үлгісін көр­сетіп оты­рған Бай­жарқы­но­втарға алғы­стан басқа айта­ры­мыз бол­мауы керек, қисын бой­ын­ша. Бірақ… «бірағы­мы­зды» тара­тай­ық енді…

Алды­мен мешіт­ті соғыс құр­ба­ны Нұр­дәу­лет есі­мі­мен атау да үлкен дау бол­ды, әупірім­деп әрең берілді.

Одан «Нұр­дәу­лет» мешітін Діни басқар­маға беру керек деген желеу шықты. Жеке мешіт бол­са да, жан-жақтан дауға қалған Мақ­сат Бай­жарқы­нов – «Жазған құл­да шар­шау жоқ» – бүкіл құжат­та­рын рәсім­деп, оған да көн­ді: мешіт­ті Діни басқар­ма­ның фили­а­лы етіп бекітті.

Енді аттрак­ци­он­дар дауы тура­лы. Рас, Бай­жарқы­но­втар мен­ші­гін­де­гі жер­ге кази­но сал­ма­ды, сау­на соқ­па­ды – бала­ларға аттрак­ци­он­дар жаса­ды. Ақтө­белік­тер сол жер­ге бара­ды. Себебі елба­сы атын­дағы парк­ті сатып алған қожай­ын­ның қолы қым­бат… Барып көріңіз.

Міне, біраз бол­ды, аяқ асты­нан Ақтө­бе билі­гі «Нұр­дәу­лет­тің» алдын­дағы аттрак­ци­он­дар­ды неге «жина» деп жатыр? Әле­умет­тік желілер­ге құлақ салайық.

«Нур­дау­ле­тов­скую пло­щад­ку сно­сить нель­зя! И так детям играть негде!»

«Это един­ствен­ная нор­маль­ная дет­ская пло­щад­ка в окру­ге! Конеч­но, аки­ма­ту выгод­но постро­ить здесь еще один мага­зин или парковку».

«А дети им чем поме­ша­ли? И не стыд­но, детей лишать радо­сти?». «Ува­жа­е­мый аки­мат Акто­бе! Пере­стань­те стра­дать ерун­дой! В горо­де доста­точ­но серьез­ных про­блем – доро­ги, меди­ци­на, обра­зо­ва­ние, марш­рут­ки. А Бай­жар­кы­но­вы – насто­я­щие пат­ри­о­ты нашей Роди­ны, все дела­ют для народа».

Бұл әле­умет­тік желі­де­гі шулап жатқан мың­даған адам­ның бір бөлі­гінің ғана дауысы.

«Нұр­дәу­лет­тің» кері­гін (жираф) де біраз дау қылып, ақы­ры құр­тып тын­дық. Ал сол керік­ті ту-у‑у бір жақтан қан­ша қар­жы­ға әкеліп, ақтө­белік­тер, бала­лар қуан­сын деген Адам тура­лы ойла­дық па? Ойламадық!

Соңғы апта­да тағы бір қисы­нға тумай­тын дау бастал­ды. Енді­гі әңгі­ме – кешен­нің алды­на қой­ы­лған Тәу­ел­сіздік мону­мен­ті тура­лы. Билік­тің айтуы бой­ын­ша – мону­мент дұрыс тұрған жоқ. Теріс қарап тұр. Шын­ды­ғын­да, мону­мент кешен­ге, құбы­лаға қарап тұр. Сон­да дей­міз ғой, айқай­ла­тып-жала­у­ла­тып ашқан кез­де билік те, қала­ның сәу­леті мен архи­тек­ту­ра­сы­ның айна­ла­сын­дағы шене­унік­тер де қай­да қараған? Ара­да өткен жыл­дар­да біре­уі де Тәу­ел­сіздік мону­мен­тіне бір рет бол­са да қара­маған ба? Бірақ ойлай­мыз, жоқ жер­ден ши шыға­ра­тын шене­унік­тер­ге Тәу­ел­сіздік­тің құны да көк тиын шығар?!

Осы мате­ри­ал жазы­лып жатқан­да, «Нұр­дәу­лет» кешеніне тағы бір «гроз­ный» хат кел­ді: «Нұр­дәу­лет» аял­да­ма­сын енді «Қаз­те­ле­ком» деп атау тура­лы шешім қабыл­да­нып­ты. «Қаз­те­ле­ком» ғима­ра­ты бұл жер­ден біраз жер, тіп­ті аял­да­ма ата­уы кім­ге кедер­гі бол­ды? Өздеріңіз түсініп оты­рған­дай, «әләуләй­ім біт­се, біләуләй­ім тағы бар», «былай көн­бе­сең, былай сын­ды­ра­мыз» деген жымысқы әрекет.

Кеше ғана елі­міздің бас про­ку­ро­ры «кәсіп­кер­лер­ге қисын­сыз тиіс­пеу қажет­ті­гі» тура­лы қат­ты айт­ты. Кәсіп­кер құқы­ғы тап­та­лып жатқан­да, про­ку­ра­ту­ра қай­да қарап отыр сонда?

«Нұр­дәу­лет» кешенінің ұжы­мы облыс әкі­мі, қаза­қы бол­мысты Бер­ді­бек Сапар­ба­евқа Ашық хат дай­ын­дап жатыр. Ашық хатқа қол қой­ып, нара­зы­лық біл­діру­шілер қара­сы өте көп. Әңгі­менің нүк­тесін де халы­ққа жақын, қаза­қы, қара­пай­ым әкім – Бер­ді­бек Мәш­бекұ­лы қоя­тын болар деген үміті­міз бар.

Шара ЕЛЕУСІЗ,

Ақтө­бе қаласы

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн