Суббота , 5 июля 2025

ӨЗБЕК ПЕН ҚАЗАҚ арасындағы шекара дауы ҚАЙТА ҚОЗА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Қатер қай­дан демеңіз

 


 

«Қазақ үні» газеті: «Сыр­да­рия, Навои, Жызақ облы­ста­рын­дағы жер телім­дері бой­ын­ша Қаза­қстан­мен демар­ка­ци­я­лау келіс­сөзі жүр­гізіл­мек. Соны­мен бір­ге Оңтүстік Қаза­қстан, Қызы­лор­да, Ақтө­бе және Маңғы­стау облы­ста­ры­мен шека­ра­лас Қарақал­пақстан авто­ном­ды рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша келіс­сөз­дер өтпек­ші» деп жазып­ты. Екі мем­ле­кет ара­сын­дағы шека­ра сызы­ғын айқын­дау түй­ін­дел­ген секіл­ді еді – мына­сы несі тағы?

 

Ең алды­мен бұған дей­ін­гі шека­ра сыз­ба­сы қалай жүріп еді – соған тоқта­лай­ық. Қаза­қстан өзі­мен шека­ра­лас Ресей, Қырғыз­стан, Түр­кі­мен­стан, Өзбек­стан мем­ле­кет­тері ара­сын­дағы шека­ра­ны дели­ми­та­ци­я­ла­уды аяқтаға­ны бел­гілі. Оның негізі ретін­де КСРО-ның ыды­раған кезін­де, яғни 1991 жылға дей­ін бел­гі­лен­ген шека­ра сызы­қта­ры бой­ын­ша қалып­тасқан аумақтық-әкім­шілік бөлініс алын­ды. Бұл тәр­тіп құқы­қтық тұрғы­дан ТМД-ны құру тура­лы 1991 жылғы «Алма­ты декла­ра­ци­я­сын­дағы» шар­ттар­да бекітіл­ген болатын.

Кезін­де осы мәсе­ле­лер төңіре­гін­де, әсіре­се Өзбек­стан­мен ара­дағы шека­ра сызы­қта­рын қай­та бел­гілеу кезін­де жер дауы ушы­ққа­ны да рас. Екі мем­ле­кет ара­сын­дағы 1150 шақы­ры­мға созы­лған шека­ра­ны дели­ми­та­ци­я­лау мәсе­лесі оның Сары­ағаш ауда­ны­на қарас­ты 54 шақы­ры­мы, оның ішін­де шека­ра­да орна­ласқан Бағыс және Түр­кістан елді мекен­деріне қаты­сты 2500 гек­тар­дай жері және Арна­сай ойпа­ты аймағы екі жақты талас, дау туғы­зды. Өзбек­стан жағы дөрекі мінез­ге басып, әлі ста­ту­сы толық айқын­да­лып бол­маған Түр­кістан және Бағыс ауыл­да­рын қор­шай шека­ра­лық баға­на­ла­рын қон­ды­рып, аймақты мен­шік­теп, күзет­ке алды. Олар­дың өрке­ни­ет­ке жат бір жақты қадам­да­ры екін­ші жақтың – Қаза­қстан­дағы қара­пай­ым халы­қтың заң­ды ашу-ыза­сын туғызды.

Сол тұста тұрғы­лы­қты халқы негізі­нен қаза­қтар болып келетін аймақ тұрғын­да­ры ауыл­дар­дың тари­хи тұрғы­дан Қаза­қстан­да қалуы тиісті­гін жақтап, митин­гілер­ге шықты. Өзбек­стан жағы Бағыс, Түр­кістан ауыл­да­ры­ның тұрғын­да­ры­ның адам­дық, аза­мат­тық құқы­қта­ры­на, сөз бостан­ды­ғы­на тосқа­уыл бола­тын­дай әре­кет­тер­ге бар­ды. Іске өзбек­тер­дің ресми орын­да­ры­ның ашық ара­ла­суы, үкім кесуі, митин­гі­ге шыққан тұрғын­дар­ды әске­ри күш­тер кір­гі­зу арқы­лы ұрып-соғып, күш көр­се­ту фак­тілері сол аймақтағы қоға­ми, ұлта­ра­лық аху­ал­дың ушы­ғуы­на, бұл даудың жан­жалға ұла­суы­на себеп­ші болды.

Халық дауды ушы­қты­ра беретін бол­са, кезін­де Хру­щев­тың бұй­ры­ғы­мен Қаза­қстанға қарап кел­ген, 1956 жылы Өзбек­станға бел­гілі мерзім­ге ғана жалға беріл­ген Бостан­дық ауда­ны­ның 418 мың гек­тар жерін қай­та­ру­ды талап етті. Бостан­дық ауда­ны­ның тұрғын­да­ры­ның тари­хи және этни­ка­лық тұрғы­дан өздерін Қаза­қстан­ның құзы­ры­на алуын сұраған өтіні­ш­тері де біздің билік тара­пы­нан еске­русіз қал­ды. Ал дау туды­рған Бағыс ауы­лы сол бөл­шек­те­удің нәти­же­сін­де Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы­на қарап кел­ген сол аудан­ның бөл­ше­гі бола­тын. Тіп­тен Қаза­қстан жағы қытай­лы­қтар секіл­ді осы аудан­дар­ды өздеріне «шар­тты құжат» ретін­де негіз ете алма­ды. Қаза­қстан­дық демо­кра­ти­я­лық күш­тер мұны Өзбек­стан­ның ресми орган­да­ры­ның тара­пы­нан жүр­гізіліп оты­рған халы­қа­ра­лық татулық және құқық заң­ды­лы­қта­рын бұзу деп қабыл­да­ды. Өзбек­стан жағы­ның жер дау­ла­уы еш дәлел­сіз де, негіз­сіз барды.

Осы тұрғы­дан да бұл жай Қаза­қстан­ның кей­бір қоғам­дық-сая­си ұйым­да­ры­ның бел­сен­ділі­гіне қозғау сал­ды. Бағыс ауы­лы­ның айна­ла­сын­да сая­си аху­ал қалып­та­сты. Атал­мыш дау төңіре­гін­де «Азат» қозға­лы­сы, «Аза­мат­тық пар­тия», тағы басқа қоғам­дық-сая­си ұйым­дар мен түр­лі құзыр­лы орган бас­шы­ла­ры, жур­на­ли­стер­мен арнайы кез­де­су­лер ұйым­да­стыр­ды. Сая­си ұйым­дар­дың мақ­са­ты – дели­ми­та­ци­я­лау мәсе­лесін­де қоғам­дық бақы­ла­уды әділ түр­де жүзе­ге асы­руға мұрын­дық болу еді. Рес­пуб­ли­ка­да сая­си қай­рат­кер­лер­дің басын бірік­тір­ген «Бағыс шта­бы» құрыл­ды. «Бағыс шта­бы­ның» құра­мы­на азатты­қтар­дан басқа «Қазақ елі», «Жел­тоқ­сан» пар­ти­я­сы­ның және Жазу­шы­лар одағы жаны­нан құры­лған жер мәсе­ле­лері жөнін­де­гі тәу­ел­сіз комис­сия мүше­лері енді. Қоғам­дық ұйым­дар­дың мақ­са­ты – халы­қтың талап­та­ры мен өтіні­ш­терін Қаза­қстан халқы­на, оның үкі­метіне жет­кі­зу еді. Сөй­тіп, иесіз қалған жерінің тағ­ды­рын үлкен дау­сыз, шусыз заң­ды түр­де шешу болатын.

Керісін­ше, Қаза­қстан халқы­ның нара­зы­лы­ғы біздің билік тара­пы­нан: Мем­ле­кет­тік дең­гей­де шешілетін іске ешқан­дай сая­си қозға­лы­стың ара­ла­суға қақы жоқ; мұның өзі мем­ле­кет­тік, ұлт­тық мүд­де­лер­ді қорға­удағы көзқа­ра­сы­ның табан­ды­лы­ғы­на қоғам­ның сенім­сізді­гін туды­ра­ды; өза­ра қабыл­да­уға бола­тын шешім­дер­ге келу шара­ла­ры мей­лін­ше ұстам­ды­лық пен шыдам­ды­лы­қты талап ете­ді және асы­ғы­сты­қты бүгін­гі көңіл-күй ауа­ны көтер­мей­ді; түр­лі ұсы­ны­стар айты­лға­ны­мен, бұлар­дың шынайы негізі жоқ, тек жаты­па­тар мінезді біл­діреді деген иде­я­лық үлкен сөз­дер­мен бүркемеленді.

Жесір дауы түгілі, ердің құны­нан да күшті жер дауы қара­пай­ым халы­қты бей­жай қал­дыр­май­ты­ны, оған деген көп­шілік­тің өзін­дік көзқа­ра­сын сая­си ағым­дар мен қоғам­дық ұйым­дар біл­діріп оты­ра­ты­нын билік ескер­гісі кел­меді. Сол күн­дер­де­гі бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның жазуы және қоға­ми пікір бұл мәсе­ле мем­ле­кет­тік дең­гей­де сын­дар­лы шешілуі тиісті­гін, Бағыс та, Түр­кістан да, Арна­сай өңірі де Қаза­қстан­да қалуы керек деген басым қол­да­уға ойы­сты. Алға­шын­да үкі­мет бас­шы­сы Қ.Тоқаевтың өзі: «Бағыс про­бле­ма­сы төзім­ділік­ті, сая­си білік­тілік­ті талап ете­ді, асы­ғы­сты­ққа бар­май­ық», – деп, рес­пуб­ли­ка­мы­здың қос пала­та­сы­ның бірік­кен оты­ры­сын­да шека­ра­дағы Бағыс пен Түр­кістан ауыл­да­ры­ның Қаза­қстан құра­мын­да қала­ты­нын нық сенім­мен айтып, сен­діріп баққан еді. Өкініш­ке орай, жер дауы өзбек­тер­дің пай­да­сы­на шешілді.

Нәти­же­сін­де бір жарым жылға созы­лған шека­ра дауы (09.09.2002) екі мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның Аста­на­да өткен кез­де­суін­де өзбек­тің пай­да­сы­на шешіл­ді. Бағыс ауы­лы 800 гек­тар­дай аумағы­мен Қаза­қстан­да қал­са, Түр­кістан посел­кесі Өзбек­стан мен­ші­гіне өтті. Оның себебін: «Бұл ауыл 80-жыл­дар­дың ішін­де құры­лған, бұл кезең Қазақ КСР мен Өзбек КСР-нің бүгін­гі қалып­тасқан шека­ра сызы­ғы бекіп кет­кен­нен кей­ін пай­да болған Өзбек­стан тер­ри­то­ри­я­сын­дағы ауыл, сон­ды­қтан заң­дық тұрғы­дан да оны мен­шік­теу мүм­кін емес», – деп, Өзбек­стан қытай­лы­қтар­дың тәсіліне басып, кеңес кезеңі­нен қалған тағы бір «шар­тты құжат­ты» табан­дап, ақы­ры жер­ді өздерін­де алып тынды.

Міне, осы кез­де жері шөлейт, топы­рағы құнар­сыз, суа­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу қиын өңір, халқы­ның негізі өзбек­тер болып келеді деген желе­умен осы­ған дей­ін ешбір ақпа­рат құрал­да­рын­да көтеріл­ме­ген, екі жақты ресми кез­де­су­лер­де де айтыл­маған жаңа бір төр­тін­ші аймақ – Қаза­қстанға қарап кел­ген Қызы­лор­да облы­сы­ның Нысан‑1, Нысан‑2 және Бай­мұрат елді мекен­дері (1700 га) аяқ асты­нан күн тәр­тібіне шығып, күт­пе­ген жер­ден Өзбек­стан­ның иелі­гіне кете барды.

Осы жер­де айта­ры­мыз – Түр­кістан ауы­лы­ның халқы Қаза­қстан аза­ма­ты бола тұра, өзе­кең­дер олар­ды тұрғы­лы­қты жері­нен еріксіз көшір­тіп, жер­ді алса, Қаза­қстан бұл ауыл­дарға кел­ген­де, мұны оларға жасай алмады.

Тіп­тен мұн­дай келісім­нің болға­нын қоға­ми пікір түгілі, пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның өздері біл­мей қал­ды. Себебі бұл бұған дей­ін ешбір сая­си тар­ты­ста әңгі­ме бол­маған өңір еді.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сыр­тқы істер мини­стрі Е.Ыдырысов: «Мұн­дай келіс­сөз­дер­дің толық ашық бола алмай­ты­ны, соның ішін­де мұның өзі келіс­сөз­дер бой­ын­ша әріп­те­стері алдын­дағы тиісті мін­дет­те­ме­лер­ге де бай­ла­ны­сты екені түсінік­ті. Өза­ра сенім біл­ді­ру, келісім­ге келу –мем­ле­кет­тер­дің қазір­гі кез­де­гі өза­ра ұтым­ды ынты­мақ­та­сты­ғы­ның басты прин­циптері», – деген­ді айт­ты («Орал өңірі» газеті, 06.11.2001).

Біз бұл ауыс-берісті сая­си билік­тің қоғам­дық даб­ы­ра­дан тыс, «әріп­те­стері алдын­дағы мін­дет­те­ме­леріне» сай, «өза­ра ұтым­ды ынты­мақ­та­стық прин­ципті» негізін­де, алдын ала жос­пар­ланған бір келісім­дер арқы­лы халы­қтың сыр­ты­нан жүзе­ге асы­рған құпия айыр­ба­ста­уы деп түсіндік.

Сөй­тіп, шека­ра­ның екі жағы да қазақ жері бола тұра, Қытай да, Өзбек­стан да дели­ми­та­ци­я­ла­у­ға дей­ін қаза­қтың мен­ші­гі болып кел­ген жер­ден өз үле­стерін алды. Түр­кістан ауы­лы халқын Қаза­қстан аза­мат­та­ры бола тұра, олар­ды Қаза­қстанға көші­ру арқы­лы Өзбек­стан жері­міз­ге бір ие бол­са, халқы­ның дені негізі­нен өзбек­тер деген сыл­та­у­мен Қызы­лор­даға қарап кел­ген үш елді мекен­ді және алып, екі ұтты.

Ал Қаза­қстан Түр­кістан ауы­лы­ның қаза­қта­рын біз­ге көшіріп алу арқы­лы – жерін бір бер­се, екін­шісін­де – Қызы­лор­даға қарап кел­ген ауыл­дар­ды тұрғы­лы­қты халқы­мен қоса өзбек­тер­ге тағы беріп (өзбек­тер сияқты халқын көшіріп, жер­ді өзін­де қал­ды­ру­дың орны­на), жері­нен және айы­рыл­ды. Бұл жөнін­де: «Мүм­кін, екі елдің үкі­мет­терінің ара­сын­да халы­қтан жасы­рын сепа­рат­тық келісім бар шығар? Егер бұл күдік шын­ды­ққа саяр бол­са, екі елдің де үкі­мет­тері екі ақиқат­ты еске­ру­ге мін­дет­ті. Бірін­ші­ден, Бағыс пен Түр­кістан­ды Өзбек­станға беру қаза­қтың өзбек халқы­на деген өшпен­ді­гін туды­ра­ды. Екін­ші ақиқат – ондай келісім­нің автор­ла­ры, яғни қазақ-өзбек досты­ғы­ның жау­ла­ры түп­тің-түбін­де әшке­ре­ле­неді» – деп жаз­ды «Еділ-Жай­ық қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы» Өзбек­стан пре­зи­ден­ті И.Каримовке жазған ашық хатын­да (18.01.2002).

Қаза­қстан пост­кеңе­стік орта­а­зи­я­лық мем­ле­кет­тер­мен заң­ды шека­ра­сын осы­лай ұты­лы­спен бел­гілеп, өз тарихын­да «тең­десі жоқ» шаруа бітір­ген­дей бол­ды. Мұн­дай­да 100% қазақ жерінің 70% пай­ы­зы біз­де қал­ды ғой деп, өзі­мізді жұбатқа­ны­мыз да жөн емес. Біре­у­ге 100 тең­ге қарыз беріп, артын­ша 70 тең­гесін қай­та­рып бер­геніне қуанған бай­ғұ­стың күй­ін кешіп отыр­мыз. Шека­ра дауы жер­ді беріп құты­лу жолы­мен емес, тари­хи-әділет­тік жолы­мен шешілуі тиіс еді. Әлем­дік тәжіри­бе­де солай болып кел­ген. Өкіні­штісі – сол кез­де қазақ үкі­меті сая­си тұрақты­лы­қтың кепілі ретін­де жер­ді осы­лай айыр­басқа салып жіберді.

Сөз соңын­да айта­рым – енді­гі жер­де Қаза­қстан үкі­меті шека­ра мәсе­лесін­де табан­ды­лық көр­се­те­ді, ұты­лып қал­ма­са екен, бұл мәсе­ле қай­та қара­луға жат­пай­ды дегім келеді.

Нұр­лы­бай ҚОШМАНҰЛЫ

 

 

 

 

Айт­пақ­шы

 

ӨЗБЕКСТАН ХАЛҚЫ БІР ЖЫЛДА ЖАРТЫ МИЛЛИОНҒА КӨБЕЙДІ

 

 

Өзбек­стан­ның мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка коми­тетінің мәлі­меті бой­ын­ша, 2017 жылы 1 қаңтар­да халық саны 32 мил­ли­он 121 мың 100 адам болған. Өзбек ғалым­да­ры мұн­дай өсім­ді 2020 жылға таман күт­кен еді.

 

2016 жылғы өсім 1,7 пай­ыз – 545 мың 800 адам. Қала­лар­да 16 мил­ли­он­нан астам адам (50,6 пай­ыз), ал өзбек қыш­лақта­рын­да – 15 мил­ли­он 882 мың 600 адам (49,4 пай­ыз) тұрады.

Өткен жылы Өзбек­стан­да 275 мың неке тір­кел­ген, бұл 2015 жылғы көр­сет­кіш­ке қараған­да 12 мыңға аз. Был­тыр 29 мың 400 отба­сы ажырасқан.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн