МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗҚАУІПТІ ШЕККЕ ЖЕТТІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №5 (369) от 9 февраля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

2016 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 26%-ын құрады және қауіпсіз шекте қалды, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жұма күні ҚР президентінің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 

Бірақ, халықаралық қаржы мамандарының пікіріне қарағанда, мемлекеттің сыртқы қарызы Ішкі жалпы өнімнің 25 пайызынан, яғни төрттен бір бөлігінен асқан жағдайда ел экономикасы дефолт жағдайына жетті деп есептеледі. Сөйте тұра, бұл шектің қауіпті мөлшерге жеткенін мойындаған сыңаймен қаржы министрі ағымдағы жылы мемлекет басшысының тапсырмасын атқару жолында барлық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сырттан қарыз алу операцияларының барлығына үкіметтің бақылауы күшейтілетін болады деп айтты.

Ал сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы қаншалықты қымбатқа түсіп отыр?

Ескерте кетейік, Қаржы министрлігінің сайтындағы мәліметтері бойынша, сыртқы қарыздың абсолюттік түрдегі мөлшері Т11,5 трлн болды. 2015 жылы бұл көрсеткіш Т9,2 трлн болып, ЖІӨ-нің 21,6%-ын құраған, ал 2014 жылы ол Т5,4 трлн немесе ЖІӨ-нің 14%-ын құраған.

«Қазақстан бюджет тапшылығы зонасында тұр және ол екі жолмен жабылуда: Ұлттық қор қаражатымен және үкіметтің сырттан қарыз алуымен. Бюджет тапшылығының нәтижесінде мемлекеттік қарыз өсе береді. Қазақстанның кредиттік қарызы төмен болғандықтан, біз үшін халықаралық қаржыландыру қымбат», – деді ҚазТАГ-қа «BRB Invest» ЖШС директоры Галим Хусаинов.

Оның айтуынша, негізгі қарыз сомасы түріндегі ауыртпалықтан басқа мемлекет оған қызмет етуге де шығын жұмсайды. Ол шығындар орташа алғанда жалпы соманың 10%-ын құрайды. Одан басқа, қарыздардың бір бөлігі валютамен номиналданған және егер теңге әлсіреген болса, онда мемлекеттік міндеттер өседі, деді Г. Хусаинов.

Мемлекеттік қарыздар өскенде, ең маңыздысы ол қаражаттың неге жаратылатындығында, деді өз кезегінде Tengri capital компаниясының басқарушы серіктесі Әнуар Үшбаев.

Егер мемлекет тартып отырған ақша есебінен жарататын шығындар мен инвестиция тиімді нәтиже беретін болса, онда экономика келешекте жетерліктей кіріс беріп және салық алымдары мемлекеттік шығын орнын толтырады. Ондай жағдайда, оның пікірінше, мемлекеттік қарыздардың артуында тұрған ешқандай қауіп жоқ. «Егер инвестиция тиімсіз болатын болса, онда ол мемлекеттік қарызды тек өсіру болып табылады», – деп ол атап көрсетті.

ҚазТАГ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн