Суббота , 5 июля 2025

Қуандық ЕСЕНҒАЗЫ: БИЛІК ЗОРЛЫҚПЕН, АЛДАП-АРБАУМЕН ҰШТАСПАУЫ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

ДАТ!

Біздің аны­қта­ма


 

 

Есенға­зы Қуан­дық – про­фес­сор, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры. Семей педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­ты­ның тарих факуль­тетін және Швей­ца­ри­яда Халы­қа­ра­лық сая­сат­та­ну мек­тебін тәмам­даған. Ресей­де, Қытай­да, Түр­ки­яда және рес­пуб­ли­ка­лық бас­пасөз­де әр жыл­да­ры тарих, сая­сат­та­ну, дін мәсе­ле­леріне арналған 200-ден астам ғылы­ми мақа­ла­ла­ры жарық көр­ген. «Сүрең салған сұрқия сая­сат», «Сая­сат­та­ну негіз­дері», «Қаза­қстан­дағы «Кіші Октябрь» қасіреті», «Ұрпақтар шежіресі», «Қаза­қстан тарихы», «XIV және XX ғасыр­лар ара­лы­ғын­дағы Қазақ елінің тарихы» атты кітап­тар­дың авто­ры. А.Байтұрсынов атын­дағы «Саңлақ автор» медалінің иегері.

 

 

Көп­шiлiк­ке мәлiм болған­дай, Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгер­ту­лер енгі­зу жоба­сы жария бола салы­сы­мен, қоғам­да дүр­бе­лең пай­да бол­ды. «Билiк­тің құзыр­лы өкілет­ті­гін бөлі­су» желе­уі­мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ұсы­нып оты­рған бұл өзгер­ту­лер Ата заңға енетін бол­са, халық мүд­десіне орас­ан зор нұқ­сан келуі мүм­кін деген қар­сы пікір­лер ел ішін, әле­умет­тік желілер­ді кер­неп кет­ті. «Осы рефор­ма­ның аясын­да үкi­мет­тi жасақта­удағы пар­ла­мент­тiң рөлiн күшей­те­мiз. Пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да жең­ген пар­тия үкi­мет құра­мын аны­қта­уға түбе­гей­лi ықпал ететiн бола­ды», – деген пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың мәлім­де­месіне күдік туу­да. Осы нара­зы­лы­қтарға орай сая­сат­та­ну ғылым­да­ры­ның мама­ны қан­дай ой-жоралғы айтар екен деген оймен «ДАТ!» айда­ры­ның аясын­дағы сұх­батқа про­фес­сор Есенға­зы ҚУАНДЫҚ мыр­за­ны шақы­рған едік.

 

– Есенға­зы мыр­за, сіз сая­сат­та­ну ғылы­мы­ның мама­ны ретін­де ел Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер енгі­зу қажет­тілі­гі қан­дай мүд­делілік­тен туын­да­ды деп тұжы­рым жасай аласыз?

– Бір­ден айтай­ын, ол қажет­тілік Кон­сти­ту­ци­я­ның иесі – халық мүд­десі үшін емес, елді ширек ғасыр бойы уысы­нан шығар­май кел­ген авто­ри­тар­лық режим­нің басқа­ру тетік­тері енді­гі кезең­де­гі қоғам дамуы­ның үрдістеріне сәй­кес кел­ме­уіне бай­ла­ны­сты пай­да болған сая­си дағ­да­ры­стың алдын алу үшін жасалған сақты­қтан туын­да­са керек. Бұл – дәу­рені өтіп бара жатқан ат төбелін­дей ғана оли­гар­хи­я­лық топ өз халқы­мен сана­спай, оған астыр­тын опа­сыздық жасай оты­рып, тек өз билі­гін ұзар­ту мақ­са­ты жолын­дағы қажет­тілік. Мен Кон­сти­ту­ци­яға ұсы­ны­лған өзгер­ту­лер жоба­сы­нан басқа­дай қажет­тілік көрмедім.

– Енде­ше сіз сол енгізілетін өзгерістер­дің жоба­сы­мен таны­сқан­да, көз бен құлаққа «ұра­тын» қан­дай маңы­зды мәсе­ле­лер­ді бірін­ші кезек­те атар едіңіз?

– Бірін­ші­ден, 26-бап­тағы ширек ғасыр бойы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры» аяқ асты­нан «әркім­ге» айна­луы тәу­ел­сіздік­тің құдіретін түй­сініп, оның бере­ріне қанып бол­маған қазақ халқын келе­шек­тің күді­гіне тап қыл­ды. «Не болып қал­ды?», «Аталған бапқа өзгеріс енгі­зу­де қан­дай себеп бар?», «Не жағ­дай мәж­бүр­леді?» деген сұрақтар ел аза­мат­та­рын маза­ла­уда. Яғни, бұл сұрақтар заң­гер­лер мен сая­сат­та­ну­шы ғалым­дар­дың ғана емес, қара­пай­ым халы­қтың да көзі мен құлағы­на «ұра­ды».

Аталған сұрақтар­ды қоюға және түсін­діруді талап ету құқы­ғы ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 33-бабы­ның 1‑тармағында көз­дел­ген. Онда: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның тiке­лей және өз өкiл­дерi арқы­лы мем­ле­кет iсiн басқа­руға қаты­суға, мем­ле­кет­тік орган­дар мен жер­гiлiк­тi өзiн-өзi басқа­ру орган­да­ры­на тiке­лей өзi жүгi­ну­ге, сон­дай-ақ жеке және ұжым­дық өтiнi­ш­тер жол­да­уға құқы­ғы бар» – деп негізделген.

Жұрт­ты әбі­гер­ге түсір­ген 26-бап­ты өзгер­тудің аста­рын­да қазақ халқы­ның «жан­ды жері» сана­ла­тын – ата-мекен жерін «әркім­нің» мен­шік­те­нуіне қаты­сты зыми­ян, сұрқия сая­сат жатыр. Халық Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін бұл өзгерісті – кезін­де саты­лып кет­кен қаза­қтың кең бай­тақ жер­лерін заң­да­сты­ру жолын­дағы қитұрқы сая­са­ты деп күдік­те­ну­де. Осы пікір­ді билік те әзір­ше жоққа шыға­ра алмауда. Билік­тің жан­дай­шап­та­ры жары­тып түсінік беру­ге дәрменсіз.

– Иә, Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабы­на бай­ла­ны­сты ел ара­сын­дағы қар­сы­лы­қты әле­умет­тік желілер­де­гі нара­зы пікір­лер­ден айқын көру­ге бола­ды. Бұл орай­да бірқа­тар сая­сат­та­ну­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, билік тара­пы дәл осы бапқа «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты» деген тір­кесті «әркім­мен» ауы­сты­ру­дың айла­сы бар деп есеп­тей­ді. Осы­ған қараған­да, билік халы­қты «қыры­лы­сты­рып» қою үшін бұл өзгерісті қасақа­на енгізіп, нәти­же­сін­де осы айла­ның қалқа­сын­да Кон­сти­ту­ци­яға басқа­дай қитұрқы­лық енгі­зу ама­лын жасап жатуы да мүм­кін. Бұл – менің ойым. Ал сіздің ойы­ңыз­ша, Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін осы өзгерістер­мен бір­ге елде билік­тің тран­зи­ті бастал­ды деп айта ала­сыз ба?

– Билік тран­зи­ті басталған күн­де де, халық зары­ға күт­кен үміт – пре­зи­дент өз еркі­мен орны­нан кет­пей­ді. Тек оған дай­ын­дық жаса­лып, бола­шақта осы авто­ри­тар­лық билік­ті ары қарай ием­де­ну мәсе­лесі жан-жақты ойла­сты­ры­лу үстін­де. Билік­ті аяқ асты­нан үш тар­маққа бөлу де – сол алдағы жос­пар­ды жүзе­ге асы­ру­дың сіз бен біз­ге бей­мәлім бір қитұрқы варианты.

Қысқа­сы, авто­ри­тар­лық билік­ті сақтап қалу үшін жан­та­лас бастал­ды. Ал қара халы­қты тобыр санай­тын қазір­гі билік қоғам­ды айла­кер­лік­пен пай­да­ла­нуға тырысуда.

Аме­ри­кан­ды­қтар­дың ұра­ны­на айналған әйгілі жазу­шы­сы Марк Твен­нің: «Егер аза­мат өз елінің сая­си киі­мінің тозған­ды­ғын көре тұра, оны тозды деп айтып, оны жаңар­туға ат салы­спа­са, ол – өз Ота­ны­ның сатқы­ны» деген сөзі біздің білім­ді, зия­лы қауы­мға түрт­кі болуы керек деп ойлай­мын. Олар өз ерік­тері­мен ел ішін­де бел­сен­ді түсінік жұмыста­рын жүр­гізіп, жағ­да­ят­тан хабар­сыз жұрт­шы­лы­қты оятуы керек. Бұл өзгер­ту­лер­дің нақты қитұрқы мән-мақ­са­ты жал­пы жұр­тқа жет­пей жатыр.

Өкініш­ке орай, ұлт­жан­ды­лық таны­та­ды деген зия­лы қауым өкіл­дері – бәрі бол­ма­са да, көп­шілі­гі кеңе­стік дәуір­де­гі әдіс­ке салып, бұғып отыр. Олар сол дәуір­ден қалған үрей­ді бой­ла­ры­нан шыға­руға әлі күн­ге дәрменсіз.

– Деген­мен, Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін ұсы­ны­стар жоба­сы­нан сіз құзыр­лы орган­дар ара­сын­да «билік­ті бөлі­су» меха­низ­мін көре алды­ңыз ба?

– Бұл сұрағы­ңы­зға жау­ап берер алдын­да, оқыр­ман­дарға түсінік­ті болу үшін, жал­пы осы билік тар­мақта­рын бөлудің қажет­тілі­гі тура­лы әлем­дік тәжіри­бенің тарихы­на тоқта­ла кет­кен жөн бола­ды. Құқы­қтық мем­ле­кет­тер­де адам­ның бостан­ды­ғы адам­зат бала­сы­ның бар­лық пра­во­ла­ры­ның негізі сана­лып, егер бостан­дық жоғал­са, ол онда өмір сүру мәні­нен айы­ры­ла­ды деп түсін­ді. Сон­ды­қтан олар адам­ның бостан­ды­ғын қорғай­тын заң­ның қажет екен­ді­гін көре біл­ді. ХVІІ ғасыр­да өмір сүр­ген ағы­л­шын ойшы­лы Джон Локк үкі­мет­тің заң шыға­ру­шы орга­ны мен атқа­ру­шы орга­нын бөлуді ұсын­ды. Заң шыға­ру­шы­лар­дан өз туын­ды­ла­ры­на өздерінің бағы­нуын талап етті. Оның ілім­дері сая­си ой-пікір­дің дамуы­на әсер етіп, бур­жу­а­зи­я­лық мем­ле­кет­тер­дің құры­лы­сын­да пайдаланылды.

ХVІІІ ғасыр­дағы фран­цуз­дың ағар­ту­шы­лық кезеңінің әйгілі сая­си ойшы­лы Шарль Луи Мон­те­с­кье «Заң­дар­дың рухы тура­лы» деген еңбе­гін­де сая­си бостан­ды­қты әке­летін, оны туды­ра­тын – мем­ле­кет деп есеп­те­ді. Ол мем­ле­кет­те ойы­ңа не кел­ген­ді емес, заң не істе­у­ге мүм­кін­дік береді, соны­мен ғана шұғыл­да­ну­ды еркін­дік деп сана­ды. Заң­ды қатаң сақтау – бостан­ды­қты қам­та­ма­сыз ету­ге, мем­ле­кет­тік төң­керістер­ді бол­дыр­мауға қыз­мет ете­ді. Ол – мем­ле­кет­тік билік­тің үш тар­мағын – заң шыға­ру­шы, атқа­ру­шы және сот билі­гін – бөлу арқы­лы басқа­ру аза­мат­тар­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ете­ді, өкі­мет билі­гі теріс пай­да­ла­ны­лып, қоға­мға қия­нат жаса­уды бол­дыр­май­ды деген ой айтқан. Сөз, бас­пасөз, ар-ождан бостан­ды­ғы­на еркін­дік беруді, мүлік теңсізді­гін жою­ды, аза­мат­тар­дың күн көру­леріне, өмір сүру­леріне жағ­дай жасау мін­дет­тілі­гін көрсетті.

Жан-Жак Рус­со өзінің «Қоғам­дық келісім жөнін­де» деген еңбе­гін­де демо­кра­ти­я­лық билік иде­я­сын ұсы­на­ды, оның мәні – халық заң шыға­руға қаты­суы керек. Кез кел­ген билік­тің негізі – қоғам­дық шар­тқа негіз­дел­ген адам­дар­дың өза­ра келісі­мі. Қоғам­дық шар­ттың мәні – әрбір адам өзінің еркін жоға­ры билік­тің қол асты­на бере оты­рып, өзі де сол билік­ке қаты­са­ды дей­ді. Тәу­ел­сіздік халы­ққа тән, ол ешбір заң­мен шек­тел­ме­уі тиіс, демо­кра­тия мен бостан­дық сон­да – егер заң шыға­руға халы­қтың өзі қатыс­са ғана қам­та­ма­сыз етіледі деген озық пікір біл­діреді. Заң жал­пы халы­қтың еркі­нен туа­ды, ал мем­ле­кет бас­шы­сы одан жоға­ры бола алмай­ды. Жеке адам­ның билі­гі зор­лы­қ­пен ұштас­па­уы керек, ол заң шең­берін­де ғана әре­кет еткені абзал. Ешбір адам басқа бір адам­дар­ды сатып ала­тын дәре­же­ге дей­ін баюға тиіс емес, сон­дай-ақ ешбір адам өзге­ге саты­ла­тын­дай сон­ша­лы­қты кедей де болуға тиіс емес. Ол шексіз бай­лы­ққа қар­сы тұра­тын заң қабыл­дау керек деген пікір айта­ды Жан-Жак Рус­со. Ол мем­ле­кет­те­гі заң шыға­ру­шы және атқа­ру­шы билік­тер­ді бөлуді ұсын­ды. Оның бұл иде­я­ла­ры 1789 және 1793 жыл­дар­дағы Адам және аза­мат­тар құқы­ла­ры­ның Декла­ра­ци­я­сы­на енді. Ал енді әлем­де­гі демо­кра­ти­я­ның игілі­гін көріп оты­рған елдер­дің халқы жоға­ры­да мен атаған осы прин­циптер­ді ғана бас­шы­лы­ққа алған. Осы­дан кей­ін сіздің «билік­ті бөлі­су меха­низ­мін көре алды­ңыз ба?» деген сұрағы­ңы­зға «әтте­ген-айдан» басқа айта­рым жоқ.

– «Пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да жең­ген пар­тия» үкі­мет­ті құру функ­ци­я­сы­на шынайы ие болу үшін, ең алды­мен бүгін­гі пар­ла­мент­ті тара­тып, қай­та­дан әділ сай­лау өткі­зу қажет­ті­гі хақы­сын­да қан­дай ой қосасыз?

– Сая­си пар­тия (раrtіs – бөлік) – пікір­ле­стер­дің ұйым­дасқан тобы, ол халы­қтың бел­гілі бір тобы­ның мүд­десін біл­діріп, оған мем­ле­кет­тік билік­ке келу неме­се оны жүзе­ге асы­руға қаты­су арқы­лы қол жет­кі­зуді мақ­сат ете­ді. ХІХ ғасыр­да «пар­тия» деген тер­мин өкі­мет билі­гі үшін, өкі­мет­ке ықпал ету үшін күрес­кен өза­ра бақта­лас топ­тың мүд­де­лерін біл­діретін болған.

Ал біз­де­гі жасан­ды «қуыр­шақ» пар­ти­я­лар – әлем­дік тәжіри­бе­де қол­да­ны­ла­тын осы аталған билік үшін күрес­ке мүл­дем дай­ын емес. Бүгін­гі пар­ла­мент депу­тат­та­ры арба­ның 5‑дөңгелегі секіл­ді, депу­тат­тық ман­дат­ты күдік­ті жол­мен алған­дар және олар өз мін­дет­терін атқа­руға мүл­дем дәрменсіз.

Қазір­гі Қаза­қстан­дағы қос пала­та­лы пар­ла­мент леги­тим­сіз, яғни халық сай­ла­маған және оны заң­ды деп мой­ын­да­маған. Өкі­мет билі­гінің леги­тим­ді­гі – заң­ды­лы­ғы дегені­міз, ол – сол өкі­мет­ті басқа­лар­дың, яғни халы­қтың мой­ын­да­уы. Заң шыға­ру­шы билік тар­мағы әлем­дік тәжіри­бе­де қол­да­ны­ла­тын демо­кра­ти­я­ның негіз­гі прин­ци­пі болып табы­ла­ды. Ол ел билі­гін бір адам­ның ием­деніп кетуі­нен, яғни узур­па­ци­я­ла­удан сақтай­тын дер­бес құры­лым болуы тиіс.

Біз­де­гі қазір­гі аяқ асты­нан «үш тар­маққа бөлін­ген» билік – демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды жүзе­ге асы­ра­тын­дай қабілет­ке ие болып, халық игілі­гіне қыз­мет ете алмай­ды. Себебі оған кедер­гілер өте көп. Бірін­ші­ден, оған пре­зи­дент­тің қазір­гі иеленіп оты­рған құзы­ры­ның өзі кедер­гі. Себебі сот билі­гін өзі тағай­ын­дай­ды, ал заң шыға­ру­шы билік өкіл­дері – ол басқа­ра­тын пар­ти­я­ның мүшелері.

Екін­ші­ден, билік үш тар­маққа тең бөлін­ген мем­ле­кет­те мін­дет­ті түр­де Кон­сти­ту­ци­я­лық сот болуы ауа­дай қажет­тілік. Ал біз­де­гі кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес ондай функ­ци­я­ны орын­да­уға қабілет­сіз. Демо­кра­ти­я­лық елдер­де билік буын­да­ры­на ең жоға­ры төрелік айту функ­ци­я­сы Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа жүк­те­леді. Кон­сти­ту­ци­я­лық сот қоғам­дағы билік­тің бар­лық саты­ла­ры­ның, оның мүше­лерінің өза­ра қаты­на­ста­рын заңға сәй­кестен­діріп оты­ру­шы мін­детін атқарған. Бөлін­ген билік­тер ара­сын­дағы қаты­на­стар тиісті заң­дар мен Кон­сти­ту­ция қағи­да­ла­ры негізін­де рет­те­леді. Билік тар­мақта­ры­ның ара­сын­дағы дау-дамай­ды, мем­ле­кет­тік маңы­зды мәсе­ле­лер бой­ын­ша келіс­пе­ушілік­ті шешетін тек – Кон­сти­ту­ци­я­лық сот.

Пре­зи­дент атқа­ру­шы билік­ті құра оты­рып, бұл дау­лар­ды әділ шеше алмай­ды. Оның үстіне осы «бөліні­стен» кей­ін де бұл арбитр­лық мис­си­я­ны пре­зи­дент­тің өзі атқарғы­сы келіп отыр. Сон­да қалай бола­ды: «Баяғы жар­тас сол жар­тас» қала­ды. Бұл – халы­қты кезек­ті алдау, зор­лау, қор­лау болып табылады.

Осы­ған ұқсас үкі­мет­ті жасақтау – демо­кра­ти­я­лық елдер­де пар­ла­мент депу­тат­та­ры арқы­лы жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Ал біз­де пар­ла­мент­те бір пар­тия «Нұр Отан» ғана үстем, қалған еке­уі қуыр­шақ партиялар.

Үшін­ші­ден, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар «егіл­ген жер­лерін­де нәр алып, көк­теп дамуы» үшін, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры сөз бостан­ды­ғы жағ­дай­ын­да шынайы әре­кет етіп тұра­тын «төр­тін­ші билік» деген атқа ие болған тәу­ел­сіз бас­пасөз керек. Ал біз­де­гі қазір­гі бас­пасөз – «қол­дан тамақ жей­тін асы­ран­ды», тек пре­зи­дент­ті мақта­удан басқаға шама­ла­ры жет­пей­тін «қасқа­лар». Олар тек сая­си-әле­умет­тік тап­сы­ры­стар­ды ғана орын­дай­тын «бұқа­ра­лық наси­хат» құра­лы ғана.

– Айт­пақ­шы, пар­ла­мент сай­ла­уы бол­са, кеше ғана – 2016 жыл­дың наурыз айын­да өттi. Осы ара­лы­қта пре­зи­дент­тiң үндеу жаса­уға, билiк­тi бөлi­судiң алғы шар­тын қалып­та­сты­руға зауқы бол­мауы­на нен­дей себеп?

– Зауқы бол­маға­нын қай­дан біл­діңіз?.. Мен айтар едім: 26 жыл бойы демо­кра­ти­я­ның басты атри­бу­ты болып сана­ла­тын прин­цип – мем­ле­кет­тік билік­тің үш тар­мағын уысы­нан боса­тып, дер­бес етіп бөлу­ге зауқы бол­май кел­се, енді зор­лы­қ­пен, күшпен басқа­ры­ла­тын мем­ле­кет­тің өмірінің соңы азапты бола­ты­нын сезген­дік­тен, оның «зауқы еріксіз оянып», күшейе түсті дер едім.

– Ал енді осы «кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер» жоба­сы­мен қатар­лас кел­ген Тасмағам­бе­то­втің отстав­ка­сы тура­лы өз ойы­ңы­зды да айта кетсеңіз…

– Бұл сұрағы­ңы­зға өзім­нің Тасмағам­бе­тов тура­лы жеке пікірім­ді айту арқы­лы ғана жау­ап берем. Ғалам­тор­да «Тас – бола­шақ пре­зи­дент», «Иманға­ли – иман­ды аза­мат» деген мақта­у­лар жиі кез­де­седі. Осы­лай мақтаған­дарға жұрт­тың қоя­тын мына­дай да сұрақта­ры бар екенін естен шығар­маған жөн: «Шаңы­рақ» пен «Бақай» ауыл­да­рын­дағы қан­ды оқиғаға себеп­кер болған кім? Оның «мен пре­зи­дент­тің «өні­мі­мін» – деп айтқа­ны естеріңіз­де болар. Ең соңғы «жігер­лене» айтқан жағым­паз­ды­ғы: «Қазақ жерін­де 128 қаған жаса­маған­ды сіз жаса­ды­ңыз, Нұре­ке!» – деген қып-қызыл өтірі­гі. Ал осы қылы­қта­ры­нан кей­ін де оны елдің қамын ойлай­тын бір сая­си тұлға санай­сыздар ма?

– Оны тұлға санау-сана­мау – газет­тің емес, қоғам­ның еншісін­де­гі ерік. Біз тек сіздің және қоғам тану­шы ғалым-маман­дар пікірі арқы­лы сол қоға­мға ой салу­ды мақ­сат тұтамыз…

Сұх­бат­тасқан –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн