Суббота , 5 июля 2025

ЕЛДІҢЕЛШІСІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Тас түс­кен жеріне ауыр…

 


Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втың Ресей Феде­ра­ци­я­сы­на төтен­ше және өкілет­ті елші қыз­метіне атта­нуы бас­пасөз бен әле­умет­тік желілер­дің кешелі бер­гі тақы­ры­бы­на айнал­ды. Тақы­ры­пқа айна­луы­ның басты себебі – Тасмағам­бе­то­втың аса таны­мал­ды­лы­ғын­да ғана емес, тағай­ын­да­удың тосын­ды­ғын­да бол­са керек.

 

Рас, бұл ел іші, тіп­ті билік­те­гі ақ жаға­лы­лар­дың орта­сы күт­пе­ген тағай­ын­дау бол­ды. Өйт­кені Сағын­та­ев үкі­метін­де­гі әле­умет­тік мәсе­ле­лер­мен шұғыл­да­на­тын вице-пре­мьер­дің атқа­руға тиіс шаруа­сы шаш етек­тен-ді. Оның үстіне атқа­ру­шы билік­те­гі бұл сала көп­тен бері Тасмағам­бе­тов сияқты іскер бас­шы­ны, іскер болған­да, ел мүд­десін көбірек еске­ретін бас­шы-тұлға­ны күтіп қалған-ды. Аталған сала­да қор­да­ланған мәсе­ленің де ұшы-қиы­ры­на жету қиын­дап кет­кен. Соның бірі, мыса­лы, ұлт­тық идео­ло­гия жұмысы еді. Ұлт­тық идео­ло­гия деген­ді ұлт­тың мақ­сат-мұра­тын ман­сұқтау, қаза­қты қатар­дан қал­ды­ра тұру деп түсі­нетін идео­лог­тар «ит басы­на іркіт­ті төгіп-ақ» кел­ді. Көше тілі­мен айтқан­да, кар­топ­ты жару­дай-ақ жарды.

Соның бірі, мәсе­лен­ки, «Ұлт бір­лі­гі» док­три­на­сы бол­са, бірі «үш тұғыр­лы тіл», «қазақ көшін тоқта­ту», «Оңтүстік Қаза­қстан облы­сын­да табиғи өсім­ді шек­теу», қаза­қстан­дық БАҚ бас­шы­лы­ғы­на ресей­лік­тер­ді қон­жи­ту, т.б. болып жалға­сып кете береді. Міне, осы­ның бәрін Сағын­та­ев пен Тасмағам­бе­тов тан­де­мі дұрыс жолға қояды, рет­ке кел­тіреді, тігісін жатқы­за­ды деп күтіл­ді. Әрине, аталған жайт­тар­ды Бақыт­жан Әбдірұ­лы жай­ы­на қал­ды­рып, жай­ба­рақат қарап оты­ра­ды дей алмай­мыз, бірақ пре­мьер-мини­стр­ге енді экс-вице-пре­мьер­дің ақыл-кеңесі, ерік-жігері, шешім­паз­ды­ғы жет­пей тұра­тын болады.

Жә, делік. Ілкі­ден бері бел­гілі, біз секіл­ді жазу-сызу­дың айна­ла­сын­дағы ағай­ын былай тұрып­ты, қара­пай­ым ел іші пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың Иманға­ли Нұрға­лиұлын қай­дағы қиы­нға сала­ты­нын жақ­сы біледі. Бұл рет­те Тасмағам­бе­то­вты Назар­ба­ев­тың десан­ты дерсіз.

1999–2000 жыл­да­ры Тасмағам­бе­тов Аты­рау облы­сы­ның бас­шы­сы қыз­метіне тағай­ын­дал­ды. Ол кез­де Аты­рау қала­сы – зама­на­уи игілікт­тер­ден шет қалған, ескіріп-тозған, құла­зы­ған шағын қала­шық-тұғын. Қала­ның сон­дағы кел­бетін көр­ген адам оны Қаза­қстан­дағы ең бай облы­стың, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на қан жүгір­тіп тұрған облы­стың орта­лы­ғы деп әсте ойлай алмас еді. Име­кең бар­ды да, алды­мен қала­ның таза­лы­ғын қолға алды. Бұрын­да­ры «Үйшік» деп аталған Аты­рау көше­де­гі үйін­ділер­ден ары­лып, ажа­рын ашты. Қан­дай алпа­уыт­пен бол­са да табан­да­сып сөй­ле­се ала­тын Тасмағам­бе­тов Аты­ра­удағы кен орын­да­ры­на тас кене­дей жабысып, «қара алтын­ды» құлаш-құлаш құбыр­лар­мен қорқы­ра­тып сорып жатқан баты­стық инве­стор­лар­ды иіп әкеліп, облы­стың әле­умет­тік тұр­мысын жақ­сар­туға жұмыл­дыр­ды. Қата­ры­нан қан­ша­ма мемо­ран­дум­дарға қол қой­ғы­зып, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін күшейт­ті. Осы және өзге де шару­а­ны пәр­мен­ді түр­де қолға ала бастаған іскер әкім тап сол кез­де Елор­даға шұғыл шақырылды.

Тасмағам­бе­то­втың таң­дай қақты­рған тағы бір қыз­меті Алма­ты қала­сы­ның әкім­ді­гін басқарған жыл­да­ры бол­ды. Бұн­да да Име­кең жұмысты қала­ның таза­лы­ғы­нан баста­ды. Хра­пу­но­втың кезін­де «Макар атай­дың мал қорас­ы­на» ұқсап әбден ыбыр­сы­ған, сасы­ған, қолаң­са иісі қолқаң­ды қаба­тын Алма­ты айнал­ды­рған бірер жыл­дың шегін­де ілгері­де­гі «гүл қала, арман қала» қал­пын қай­та тап­ты. Жолай­ры­қта­ры көп­теп салын­ды. Көше­лер көлік­тер­дің кеп­телісі­нен ары­ла баста­ды. Алма­ты жұрт қызы­ға­тын, тури­стер там­са­на­тын, ұлт­тық бояу нақы­шын әйгілей түс­кен, мәде­ни­еті озық жан­дар­дың қала­сы болып қай­та­дан түлеп, қай­та­дан жай­нап шыға келді.

Сөйт­кен­де… «Шаңы­рақ», «Бақай» дауы тұтан­ды… «Сол дау қай­дан шықты, неге солай бол­ды?» деп, еркін бір сұх­бат­тың сәтін­де сұрақ қой­ған осы жол­дар­дың авто­ры­на біздің бүгін­гі кей­іп­кері­міз: «Менің елге жаулық ойлау үш ұйы­қ­та­сам түсі­ме кіре ме? Әлгі аудан­дар­да жер асты газ құбы­ры өтіп жатқан нысан­дар­дың үстіне, топы­рағы бос, құла­ма­лы, сусы­ма­лы жер­лер­ге үй салып алған­дар бар. Сол адам­дар тың жер­ге көш­сін неме­се әкім­шілік ұсы­нған пәтер­лер­ге барып орна­лас­сын дедік», – деп жау­ап бер­ді. Әзір­ге «Шаңы­рақ», «Бақай» дүр­бе­леңіне көп­шілік Тасмағам­бе­то­вты кінәлі санай­ды. Өйт­кені бұл да біз­де­гі мем­ле­кет­тік құпи­я­лар­дың бірі ретін­де «құл­пын ашып», құрық бой­ла­туға бол­май­тын оқиға. Сон­ды­қтан біз «үйлер­ді күреп таста­уға сақа­дай-сай­ла­нып шыққан трак­тор­лар, үй бұзғы­штар – Тасмағам­бе­то­втың еркі­нен тыс күш­тер­ге ұқсай­ды» дей­тін болжам­мен ғана шек­те­ле тұрамыз.

Алма­ты­дан Аста­наға ауы­сқан Иманға­ли Нұрға­лиұ­лы «Сити-мити­дің» сиқы­мен күн кеш­кен, тура­сы­на көш­сек, қай елдің қала­сы екен­ді­гі бел­гісіз Елор­даға ұлт рухын сіңіріп бақты. Қалаға қаза­қы кел­бет дарыт­ты. Тасмағам­бе­то­втың тұсын­да БАҚ-та жария бол­маға­ны­мен, ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер­ден көрініп қалған бір дерекке сүй­ен­сек, Аста­на қала­сын­да жер­гілік­ті ұлт­тың жан саны есе­леп артты.

Ол уақыт Қаза­қстан халқы­ның саны «аны­қтал­май», Ақор­да­ны әуре­ге салып жатқан кез. Естеріңіз­де шығар, 2009 жылғы санақтың қор­тындысы 2010 жыл­дың аяғын­да әрең жари­я­ла­нып еді ғой. Неге десеңіз, билік қаза­қтың қарап жүр­мей көбей­іп кет­кені­нен шошы­нып, соны біреу-міреу естіп қой­ма­сын деп қат­ты абы­р­жып отыр­ды. Сон­дай абы­р­жу­лы тұста Тасмағам­бе­то­втың Елор­даға қаза­қты қап­та­тып жібер­гені «сұм­дық» іс еді. Оның үстіне кезек­ті қар­жы дағ­да­ры­сы­ның қара құй­ы­ны соғып, Аста­на­дағы құры­лыс орын­да­ры қаңы­рап, керік мой­ын кран­дар­дың тұм­сы­ғы әуелеп қалған. Тасмағам­бе­тов сол керік мой­ын кран­дар­ды жұмысқа сал­ды. Қала тұр­мысы өзінің құры­лы­сқа бей­ім қал­пы­на орал­ды. Сөйт­кен­де қала әкі­мі бір күн­нің ішін­де Қорға­ныс сала­сы­на кетті…

Қорға­ныс сала­сы­ның тір­лі­гін түзеп, үкі­мет­ке, өзінің жаны сүй­іп, әрі құл­шы­на істей­тін шаруа­сы­на кіріс­кен Име­кең ақы­рын­да РФ елшілі­гіне аттан­ды. Тағы да қиы­нға, қиянға кет­ті. Неге десеңіз, қазір Ресей жан-жағы­на қоқан-лоққы жасап, агрес­си­я­лық қимыл­дарға ойлан­бай бара­тын, маза­сыз, тыныш­сыз, тый­ым­сыз елге айна­лып бара­ды. Укра­и­на­дағы сепа­ра­ти­стер­ді қол­дап, соғыс ашып отыр. Қырым­ды тар­тып алды. Гүр­жі еліне тар­па бас­са­луға дай­ын. Кав­каз­ды уысы­нан шығар­маудың бар әре­кетіне дай­ын. Батыс елдері­мен ара­сы суы­нып кет­ті. Ресей әскері Сири­ядағы қан қасап­тың орта­сын­да жүр. Түр­ки­я­мен де ілінісіп қала­ды. Ресей сая­сат­кер­лері қай-қашан­нан бері қазақ жерін жырым­дап әке­тудің жос­па­рын айтып, сар­нап оты­ра­ды. Сол сар­на­уы­қтар­дың қата­ры кей­ін­гі жыл­да­ры мүл­де көбей­іп бара­ды. Көбей­іп, өрше­леніп бара­ды. Сон­дай елге кәтеп­ті қара нар­дай Име­кең үлкен мис­си­я­мен аттанды.

«Елде­стір­мек – елші­ден» деген дана баба­ла­ры­мыз. «Елшілік қыз­мет аяқталған кез­де соғыс баста­ла­ды», – дей­ді бүгін­гі Батыс сая­сат­кер­лері. Біздің қазір­гі жағ­дай­ы­мы­зда Ресей­мен елдік, елшілік қарым-қаты­на­стың қауіп­сіз жағы қам­та­ма­сыз еті­ле тұруы тиіс. Қалға­нын кемелі­міз­ге келіп, кене­ре­міз тасы­ған күн­дер­де көре жатармыз…

Жасы­ра­ты­ны жоқ, Тасмағам­бе­то­втың Ата заңы­мы­зға тағы да өзгеріс еніп, билік бөлінісі талқы­ға түс­кен алмағай­ып тұста Ресей­ге елшілік қыз­мет­ке атта­нуы – елден ала­ста­ты­луы деп жатқан­дар да бар. «Ала­ста­ты­лу» – ауыр сөз. Сыпай­ы­лап айт­сақ, Тасмағам­бе­то­втың елден қол үзе тұруы­на, елден алшақ жүре тұруы­на Назар­ба­ев­ты айна­ла­сын­дағы қар­жы­лық топ­тар мен сая­си күш­тер мәж­бүр еткен­ге ұқсай­ды. Себебі Тасмағам­бе­тов – өте хариз­ма­ти­ка­лық тұлға. Оның өткір сөзі, шалт қимы­лы, тура­шыл іс-әре­кеті бір­ден көз­ге түсіп жата­ды. Сон­ды­қтан да билік­те оның бақта­ла­ста­ры мен бәсе­ке­ле­стері аз бол­ма­са керек.

Өткен­де, мыса­лы, жап-жас басы­мен Айсұл­тан Рахатұ­лы Назар­ба­ев жасы алпы­сты алған аға­сын, қала бер­ді ата­сы­ның ең сенім­ді сері­гін – Тасмағам­бе­то­вты еш шімірік­пе­стен «халық жауы» деп ата­ды! Тағы бір «халық жауы» – Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков Пре­зи­дент әкім­шілі­гін басқа­рып отыр. Бәл­кім, осын­дай «халық жау­ла­ры­нан» ары­лу үшін де Айсұл­тан­ның наға­шы ата­сы Нұр­сұл­тан «өзінің өні­мін» һәм сенім­ді сері­гін РФ-ға елші етіп жібер­ген шығар. Бұл – ел аузын­дағы сөздің бір парасы.

Ал біз Иманға­ли Нұрға­лиұлы­ның елшілік қыз­мет­ті де абы­рой­мен атқа­ра­ры­на бек сенім­ді­міз. Име­кең елшілік­те қарап отыр­май­ды. Ол елде біздің ата тарихы­мы­здың тасқа түс­кен ізі жатыр, құн­ды мұра­ла­ры­мыз жатыр, қара орман­дай тұта­сып оты­рған қазақ дей­тін елі бар, ол қаза­қтың мұн­дағы бір адам бас көтеріп сұра­май­тын тұр­мыс-тір­шілі­гі, тілі, мәде­ни­еті бар. Оның сыр­тын­да біздің эко­но­ми­ка­лық мүд­де­міз бар. Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы­ның шең­берін­де неге қазақ кәсіп­кер­лері Ресей нары­ғы­на ұмтыл­мауы керек? Неге біз Кремль­дің аузы­на қарап оты­руы­мыз керек? Қала бер­ді «ақы­рып теңдік сұрай­тын» бір адам неге шулаған оры­стың орта­сын­да жүр­ме­уі керек?

…Деп кел­ген­де, жоға­ры­да біз Тасмағам­бе­то­втың РФ-ға төтен­ше және өкілет­ті елші болып тағай­ын­далға­ны бас­пасөз бен әле­умет­тік желілер­дің кешелі бер­гі тақы­ры­бы­на айналға­нын жаз­дық. Соны­мыз рас. Мыса­лы, abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лын­да жари­я­ланған «Тасмағам­бе­тов қыз­меті­нен кет­ті» атты мақа­лаға орай оқыр­ман қауым төмен­де­гі­дей пікір біл­діріп­ті. Сол пікір­лер­дің бір-еке­уін жұрт наза­ры­на қай­ы­ра ұсы­нған­ды жөн көрдік.

Дәу­рен ҚУАТ,

Abai.kz

 

 

Қай­ма­на қазақ:

Бүгін­гі билік ішін­де қаза­ққа жақы­ны Иманға­ли Тасмағам­бе­тов еді. Халық ара­сын­да да оның беделі жоға­ры тұғын. Қан­дай істі қолға алса да, тыңғы­лы­қты, жау­ап­ты. Өмір­ба­я­ны­на қарап отыр­сақ, әртүр­лі лау­а­зым­ды қыз­мет атқарған екен. Қазақ мәде­ни­еті мен тарихын, тілін жетік білетін жан. Көп қаза­қтар Име­кең сияқты адам­дар тұрған кез­де қазақ мүд­десін қорғай­тын билік­те әйте­уір бір адам бар деп өздерін жұба­та­тын. Ұлтқа тірек көретін. Енді кім қал­ды, ұлтқа бүй­ре­гі бұра­тын, жаны аши­тын? Бұл тағай­ын­да­уды дипло­ма­ти­я­лық сала­дан тәжіри­бе жинақтау (жалғыз осы сала­да ғана жұмыс жаса­маған екен) деп оң қабыл­да­уға да болар еді.

Бірақ елшілік­ке кет­кен билік өкілінің жоға­ры саты­ға қай­та қай­тып ора­луы сирек. Халық екі ойлы боп қал­ды. Бұл қадам сая­си бәсе­ке­лесін бей­та­рап­тан­ды­ру ма, әлде уақыт­ша үзіліс пе? Ауыр сал­мақты сая­си тұлға боп сана­ла­тын Тасмағам­бе­то­втың жұл­ды­зы пәс түсе бастаға­ны дей­ді кей сарап­шы­лар. Билік­те­гі бола­шақ өзгерістер тұрғы­сы­нан алсақ, Име­кеңе орын жоқ еді. Оның фигу­ра­сы­на лай­ық қыз­мет табу да қиын­ның қиы­ны. Бірақ оның мем­ле­кет пен қоғам үшін жасаған қыз­метін ешкім жоққа шыға­ра алмай­ты­ны анық. Рах­метін айтып, үлкен орден не медаль беріп барып, елшілік­ке шыға­рып салуға да болар еді.

 

Бек­жан:

Бірін­ші орын­ба­са­ры Тасмағам­бе­то­втың беделі пре­мьер-министр Сағын­та­ев­тың еркін жұмыс жаса­уы­на қолай­сыздық туды­рған болуы мүм­кін. Сосын Ұлт­тық банк төраға­сы­ның да қысы­мға ұшы­рып оты­рға­ны айтыл­ды. «Қаз­ком» мен «Халық банк» қосы­лу жолын­да, осы­лай ету Ұлт­тық банк жоба­сы екені түсінік­ті. «Қаз­ком» банк­тің иесі Тасмағам­бе­то­втың туған күй­еу бала­сы екенін ескер­сек, Аки­шев қысым­ды сол жақтан көр­ген­ге ұқсай­ды. «Халық банк» бол­са, Дариға жағы­ны­кі және Айсұл­тан­ның Тасмағам­бе­тов жай­лы айтқан­да­ры сол екі банк­тің қосы­луын жақтаға­ны деп біле­мін. Осын­дай бір­не­ше себеп­тер­мен Тасмағам­бе­тов ыңғай­сыз жағ­дай­да қал­ды және өзі де уақыт­ша Ресей­ге елші бола тұру­ды жөн көр­ген болар.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн