Воскресенье , 6 июля 2025

ТАС ЛАҚТЫРДЫҢ ҚАЙ ЖАҚҚА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Темірқа­зық

 


 

Әле­умет­тік желілер­де Тасмағам­бе­то­втың доға­ры­сқа кетуіне бай­ла­ны­сты жасалған жора­мал­дар­дың қисы­нға жуы­ғы да, жуы­ма­сы да болуы мүм­кін. Ал бір жора­мал анық жаң­сақ: шетел­де­гі елшілік­тер орна­ласқан ғима­рат пен елшілік көлі­гінің іші сол елдің тер­ри­то­ри­я­сы сана­ла­ды. Яғни, мем­ле­кет­тік-дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­те­гі аза­мат өз елінің жерін­де жүр деп есеп­те­леді. Сон­ды­қтан «соңғы 10 жыл» тала­бы (Сай­лау заң­ды­лы­қта­ры­на сәй­кес, пре­зи­дент­тік таласқа түсу үшін, үміт­кер соңғы 10 жыл­да ел тер­ри­то­ри­я­сын­да тұруы шарт) ТАС-тың таққа тала­суы­на кедер­гі етпе­се керек.

 

Ал басқа кедер­гілер жыр­ты­лып-айы­ры­ла­ды. Мәсе­лен, алы­сқа бар­май, ҚР Қорға­ныс мини­стр­лі­гі жау­ап­ты һәм лау­а­зым­ды офи­цер­леріне қаты­сты Аста­на­да басталған сот ТАС-қа тас ату­дың ама­лы емес пе? Аны­ғын­да, сол сот ісінің ішін­де ТАС-тың «атал­май қалуы» ЕБ-ның оған жасаған «жақ­сы­лы­ғы» болуы мүм­кін бе? Мыса­лы үшін, «сен кө@іңді қысып отыр, сот­талған­дар­дың сана­тын­да бол­маға­ны­ңа рах­мет айт» деген иша­ра Има­шқа жасал­ма­ды ма?

Егер дәл осы күлбіл­те күдік қисы­нға келіп тұр­са, ТАС-қа тақ түгілі, аман қалға­ны орас­ан олжа бол­май ма? Сая­сат­тың интри­га­сын итше игер­ген ЕБ осы иша­ра­мен-ақ басты бақта­ла­сты тақта­ла­стан тай­ды­рға­ны ғой?

Қалай болған­да да, билік­тің тран­зи­ті тақаған тұста ТАС-ты тала­стан тай­ды­ру – сұрқия сая­сат­шы­ның сұңғы­ла ама­лы деудің реті бар. Бәрін былай қой­ған­да, оқы­стан тақ төңіре­гін­де олай-былай, аума­лы-төк­пе­лі оқиға орын алса, ТАС-тың (және жақ­та­ста­ры­ның) «ту ұстап», бар­ри­ка­да­ның басқа бетіне шыға қалуы­на да қар­сы қам жасал­ды деген сөз.

Сон­ды­қтан тастай ТАС ЕБ-ның есебін­де­гі үміт­кер емес екенін әлдеқа­шан сезініп, сырт­та жүре тұру­ды жөн көр­ген сияқты. Сая­сат­кер­дің клас­си­ка­лық ғұмы­ры­мен салы­сты­рар бол­сақ, ТАС әлі жас – 60-қа енді ілік­ті. Енде­ше ол пост­тран­зит­тік тала­сты (бәл­кім, ЕБ кет­кен соң) күте тұра­ды. Елшілік­ке кету­ге «сұра­нуы» да сондықтан.

Тастай Тасмағам­бе­тов қыз­меті­нен кет­ті деген хабар жет­кен­де, «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­ма «ақы­ры құты­лған екен ғой…» деп жазып­пын. Сол жаз­бам­ның жалға­сы былай еді:

«Енді ел ішін­де мұра­гер­лік­ке пей­іл­ді бөтен пен­де қал­ма­ды. Сая­сат алаңы «бөтен» фигу­ра­лар­дан толық тазарды.

Бірақ әдет­те­гі тастай ТАС: «Шық­паған шыңым, ты@паған төбем қал­ма­ды, рах­мет, көке, енді мен еркі­ме кетей­ін…» дей алма­ды. ЕБ-ның айтуы рас бол­са, өзі сұраныпты.

Оған елшілік лау­а­зым тең бе еді? Айдаған жағы­на желе жөне­лу жет­пе­ді ме? Пост­тран­зит­тік кезеңнің алдын­да «айда­удан» ары­лып, оңа­ша (аузы­на су ұрт­тап алып) жүр­мес пе еді?

Әрине, жан­тая жатып, жор­та сұрақ қою біз­ге қиын бол­ма­са керек. Ақор­да­ның қопа­ру­сыз қоя­сы қан­дай екенін кім біл­сін?! Елба­сысы уақы­тын «жұтып біт­кен» (пре­зи­дент бола­тын уақы­тын деп түсі­ну керек), Иманға­ли да өзін­ше итшілеп жүр­ген шығар…».

 

Енді Тасмағам­бе­то­вты тай­ды­ру­дың «ыстық-суы­ғы» басы­лған сәт­те бұл жаз­баға не алып-қосуға болады?

Ең алды­мен Кон­сти­ту­ци­яға енгізіледі деп ұсы­ны­лған өзгерістер ауы­зға ілі­геді. Желі­де­гі «жазғы­штар» бұл өзгерістер­ді билік­тің пост­тран­зит­тік кезеңіне дай­ын­дық, «мұра­гер­ге жол салу» ама­лы деп жатыр. Мүмкін.

Бірақ қаза­қстан­дық авто­ри­тар­лық билік­тің жеке ада­мға ғана бағы­нған қазір­гі жағ­дай­ын­да Кон­сти­ту­ция деген не, тәй­ірі? Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев үшін Ата заң үндінің «әулие сиы­ры» емес: көңілі қала­са, оны олай-былай бұра тар­тып, аула сыпы­ру­шы­дан пре­зи­дент жасау – алақанға шырт түкір­ген­дей түк емес шаруа. Яғни, Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зу – Тасмағам­бе­тов сияқты «бөтен­дер­ге» бөгет жаса­удың ама­лы деген сөздің қисы­нға қабы­сар жері жоқ.

Тіп­ті бұл өзгерістер­дің өзе­гі­нен тақ мұра­геріне орын дай­ын­да­удың да сық­пы­ты сезіл­мей­ді. Назар­ба­ев­тың «билік­ті бөліп берем» дегені – бесік­те­гі бала­ны сыл­дыр­мақ­пен алдан­ды­ру­дың ама­лы­нан аспа­ды. Ұсы­ны­лған «өзгерістер­ді» қолы­ңа шам алып тінт­сең де, құзыр­ды «бөлудің» сым­бы­лын сезбейсің.

Сол жаз­баға екін­ші қосар­лық жәйт – пре­зи­дент өткіз­ген, Тасмағам­бе­то­вты тай­ды­ру­дың «сал­та­на­ты» жария болған үкі­мет­тік жиын. Бұл алқа-қотан оты­ры­сты Назар­ба­ев әдет­те­гі әгу­гәй­і­мен әйбәт-ақ зыр еткізді. Халы­қтың қадет­те­гі­дей аузы ашы­лып қал­ды, мини­стр­лер мен әкім­дер құлақ түбі­нен зу-зу өткен зіл­ді сөз­ден бұға-бұға аман-сау ауыл­да­ры­на қайтты.

Деген­мен, осы үкі­мет­тік жиын­ның теле­жә­шік­тен көрін­ген нұсқа­сы­нан бір ақиқат­ты айқын аңға­руға бола­ды: пре­зи­дент­тің төңіре­гін­де өңшең бала-шаға қалып­ты. Енді төбесі­нен төн­ген «Дамо­кл­дың сем­сері» жоқ: ескі гвар­ди­я­ның көзі – моги­кан­ның соңғы тұяғы Тасмағам­бе­тов кет­кен соң, пре­зи­дент алаң­дай­тын ешкім қал­ма­ды. Құй­ым­шағы қажап біт­кен тағы­на мұра­герін оты­рғы­за ма, жоқ әлде Ата заң­ды «өзгер­ту­мен» өңін айнал­ды­рып, өзі оты­ра бере ме – ешкім емен есі­гі­нен сыға­лап, маза­сын алмай­тын болды.

 

Менің бұл ойым Тасмағам­бе­то­вты «жоқта­удың» жоба­сы емес. Менікі – желі мен жұрт­та жары­лған қос қаза­қтың орта­сын­дағы ойды айту.

Айна­лып кел­ген­де, билік­ке «тастай батқан» Тасмағам­бе­тов әлдекім­дер әуек­тет­кен үндінің «әулие сиы­ры­на» сыңар емес. Назар­ба­ев­тың мінезі мен қылы­ғын­дағы жақ­сысын жаны­на жап­сыр­са да, жама­нын жиір­кеніш ете алмай жүр­ген, өзі айтқан­дай, «өнім» еді. Оның билік­те­гі оли­гарх екенін еме­урін­ді елі білер-біл­мес: бірақ жаңа Қаза­қстан үшін ол «жаң­сақ ныса­на» (оры­стар «лож­ная цель» деуші ме еді?) екенін енді білер кез кел­ді. Совет­тің шоқ­пыт шек­пе­нін шеше алмай (бәл­кім, шештір­месі – шештір­ме­ген) жүр­ген шон­жар-оли­гарх бұқа­ра­ны бола­шаққа бастай­тын сер­ке бола алма­са керек.

Осы орай­да билік­тің бітіс­пес оппо­нен­ті Ғазиз Алдам­жа­ро­втың бір жыл­да­ры айтқа­ны бар еді: «Пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға Назар­ба­ев пен Тасмағам­бе­тов қатар түсер күн туса, мен дауы­сым­ды алға­шқы­сы­на берем», – деп.

«О неге?!» – дегем таң­да­ны­спен мен сон­да сая­сат­тың Ғазизына.

«Тасмағам­бе­тов пре­зи­дент бол­са, Назар­ба­евқа зар боп қаламыз…».

Алдам­жа­ро­втың айтуын­дағы «айы­ры­лу­дың» ау-жай­ын аңғар­сам да, Назар­ба­ев­тан әбден ығыр болған халық үшін ТАС-тың таққа оты­рға­нын іштей қалап қалғам. Бүгін де сол ойым­нан онша­лы­қты озып кет­кен түрім жоқ: кім кел­се де, мыңқ етпес мына­удың кет­кені керек. Ал Кон­сти­ту­ци­яға ұсы­ны­лған «әркім­ге» қараған­да, «артын айна­лып» жүру­ге сыралғы ТАС тәп-тәуір тұлға емес пе еді?

Айт­пақ­шы, Тасмағам­бе­то­втың арты­нан «тас атуға» құштар емес­пін. Тек желі­де жел­дей ескен «елдің қамын жей­тін жігіт» деген сөз­ге басу айтқым-ақ келеді. «Елдің қамын жесе», билік­тің биік мін­берін қиып кет­кен басқа­лар­дан жаны артық па еді? Айда­лып, аты­лып, қама­лып кет­кен­дер­дің жолын құшпа­са да, «бол­дым, көке, менің тіз­гінім­ді түріп, жәй­і­ме жіберіңіз» десе, «қам жеуден» бір хабар сезер едік. Өйте алмады.

Аны­ғын­да, мен біл­сем, «өйт­тір­мей­тінін» сезген де шығар. Бір кез­дері «АҚШ-қа елші боп бара­сың» деген­де, «одан да бос қал­сам да, ауыл­да жүрей­ін» деген мінезі болған. Ол мінез мұқалған сияқты. Тағы да айдаған жағы­на кет­ті. Шама­сы, соңғы шек­ке жет­кенін өзі де сезді – жаңа тарих­та жанын­да жүр­ген адам­ды жөніне жібер­месін білді.

Оның үстіне жібер­месі айтқан да шығар: «Кеше ғана күй­еу балаң «Мос­ком­мерц­банк­тің» жарғы­лық капи­та­лын тол­ты­руға кірісті, ол енді сенің иелі­гің­де­гі банк. Ақша­ның ағы­сы жаны­ң­да, жай­лы жер­ге жат та, үніңді шығар­ма!» – деп.

…Иә, тасты қалай атса да еркі бар ада­мға оның не деудің реті бар ма? Тек сол тасты қай­та­дан теріп ала ма, жоқ па – ол енді жау­а­бы жұм­бақ әңгіме.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн