Суббота , 5 июля 2025

Ардақ ӘШІМОВА: БИЛІК БЕТІНЕН ҚАЙТПАСА, ертеңгі елімізде тыныштық боларына ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК ЖОҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

Бло­гер

 


 

Әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық кон­тен­тін­де ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на ұсы­ны­лған өзгерістер­ге қаты­сты қызу пікір­та­лас жүріп жатыр. Әсіре­се желі қол­да­ну­шы­лар­дың 26-бап төңіре­гін­де­гі бел­сен­ділі­гі ерекше. Мұн­дағы тоқе­тер тұжы­рым – жеке мен­шік­ке иелік ету­ге құқы бар «Қаза­қстан аза­ма­тын» «әркім­ге» алма­сты­ру­ды көз­де­ген бапқа ұсы­ны­лған өзгеріс Кон­сти­ту­ци­яға енгізіл­меу керек; егер өзгеріс ене қалған жағ­дай­да елде сая­си-әле­умет­тік тең­селіс тууы мүмкін.

Әле­умет­тік желі­ге бақы­лау (мони­то­ринг) жасай­тын мем­ле­кет­тік ішкі сая­сат инсти­тут­та­ры мен арнайы қыз­мет орган­да­ры халы­қтың қар­сы­лық тала­бын тиісті билік орын­да­ры­на қаз-қал­пын­да жет­кі­зеді деген ойда­мыз. Ал біз бүгін қоғам мен әле­умет­тік желінің бел­сен­дісі, шым­кент­тік бло­гер-жаз­ба­гер Ардақ Әші­мо­ва­ның сұх­ба­тын оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсынамыз.

 

– Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зудің жоба­сы жария болған­нан кей­ін-ақ, сіз мен­шік құқы­на қаты­сты ұлт мүд­десін қорғау жөнін­де рес­пуб­ли­ка­лық жиын өткі­зу тура­лы баста­ма көтер­ген едіңіз. Сіздің желі­де­гі сол ұсы­ны­ңы­зды қол­да­у­шы­лар өте көп болған-ды. Қазір сол баста­ма­ның жүзе­ге асу бета­лы­сы қалай болып жатыр?

– Иә, менің 26-бапқа бай­ла­ны­сты баста­мам­ды желі­де­гі ҚР аза­мат­та­ры жап­пай қол­даға­ны рас, тіп­ті қазір­дің өзін­де қол­да­у­шы пікір­лер­ге толас жоқ. Қол­да­у­шы­лар­ды элек­трон­ды және жаз­ба түр­де тізім­деу жүріп жатыр. Біз бұл тізім­нің ұзын-ырға­сын тиісті талап­пен бір­ге Ақор­да­ның Жұмыс комис­си­я­сы­на тап­сы­ра­тын боламыз.

Бір өкіні­штісі – Кон­сти­ту­ци­я­мы­зға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу жоба­сын талқы­ла­у­ға бір ай ғана уақыт беріл­ді. Мұн­дай өте маңы­зды құжат­ты талқы­ла­у­ға беріл­ген мерзім – өте аз. Керек десеңіз, осы өзгерістер енгі­зу тура­лы жоба­дан халы­қтың басым бөлі­гі хабар­сыз. Мем­ле­кет­тің тағ­ды­рын шешетін осын­дай өте маңы­зды жобаға еуро­па­лық елдер­де­гі сияқты кемін­де екі жыл уақыт берілуі керек еді. Ал біз­де бар­лы­ғы керісін­ше, билік ұрлық жасаған қыл­мыс­кер­дің сиқы­мен, лажы бол­са, ешкім біліп қой­ма­сын деген­дей, бар­лы­ғын тез-тез біті­ре салуға асы­ғу­да. Сон­да біздің билік 17 мил­ли­он халы­қтың бола­шақ тағ­ды­рын бір-ақ айда шеше сал­мақ­шы ма? Бұл өте дұрыс емес асығыстық.

– Тая­у­да Шым­кент­те бір мей­рам­ха­на­да өткен қоғам­шыл­дар жиы­ны сол баста­ма­ны қол­да­удың бір көрінісі болған сияқты. Сол жиын­ның егжей-тег­жейі қалай бол­ды? Жұрт­шы­лық 26-бап төңіре­гін­де не деп жатыр?

– Шым­кент­тік халық бел­сен­ділері Кон­сти­ту­ци­я­мы­зға енгізіл­мек­ші болған өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар­ды кеңі­нен талқы­лау үшін бір­не­ше рет жиын өткізді. Әсіре­се 26-бапқа ерекше тоқта­лып, осы бап­тың өзге­руіне түбе­гей­лі қар­сы екен­дік­терін біл­дір­ді. Сон­дай-ақ осы басқа­су­да алдағы уақыт­та атқа­ры­ла­тын ауқым­ды жұмыс жос­па­ры талқы­ла­нып және жер­гілік­ті әкім­шілік пен билік­ке хат жол­дау керек екен­ді­гі айтыл­ды. Қазір осы бағыт­та жұмыс жүр­гізіліп жатыр.

– Сіз қалай ойлай­сыз: егер осы 26-бап билік ұсы­нған үлгі­де қабыл­да­нып кетер бол­са, елде өткен жылғы көк­тем мен жазғы митин­гілік толқу­лар қай­та­дан орын алуы мүм­кін бе?

– Әлбет­те! Егер бұл бап билік ұсы­нған үлгі­де қабыл­да­нып кетер бол­са, онда был­ты­рғы толқу­лар әншей­ін бала­ның ойы­ны сияқты болып қала­ды. Ол кез­де толқу­дың орны­на төң­керіс орын алуы мүм­кін. Билік­те­гілер дәл қазір­гі уақыт­та әбден ашы­нған халы­қтың ашу-ыза­сы­на тиіп, қоғам­ды аран­дат­паға­ны дұрыс.

– Айт­пақ­шы, Ардақ, өткен жылы сіз әле­умет­тік желі­де­гі аза­мат­тық бел­сен­ділі­гіңіз үшін қуда­ла­у­ға тап болып, жұмыс­сыз қалға­ны­ңы­зды жазған едіңіз. Сол қыспақтың соңы не болды?

– Жалға­сып жатыр… Маған поли­ция қыз­мет­кер­лері өткен жыл­дың 15–16 жел­тоқ­сан күн­дері үйден шық­па­уым­ды талап етіп, еркін жүріп-тұру жөнін­де­гі аза­мат­тық құқы­ғым­ды бұз­ды. Сон­дай-ақ билік­тің айда­уы­мен әлдекім­дер желі­де билік тура­лы жазуым­ды тоқта­туым­ды ескертуде…

– Жал­пы, сізді қоғам­да бел­сен­ді болуға итер­ме­лей­тін қан­дай күш?

– Мен­де ешқа­шан қоғам­да бел­сен­ділік таны­ту тура­лы ой бол­маған. Бірақ мына өмір сүріп оты­рған қоға­мы­м­ы­здың құл­ды­ра­уы мен түр­лі әділет­сіздік­тер­дің, жемқор­лы­қтың орын алуы мені қат­ты ашын­ды­рып, ішкі нара­зы­лы­қта­рым­ды тудыр­ды. Сон­дай-ақ жыл сай­ын бола­тын тең­генің құн­сызда­нуы, тоқта­у­сыз өрші­ген инфля­ци­я­лар, әр тоқ­сан сай­ын өсе беретін тариф­тер құны мен азық-түлік­тің, күн­делік­ті халық тұты­на­тын тау­ар­лар­дың удай баға­ла­ры әбден шар­шат­ты. Міне, осы­ның бар­лы­ғы жиы­лып келіп, мені еріксіз қоғам бел­сен­дісіне айналдырды.

– Сіз соны­мен бір­ге желі­де көбі­не­се дін­ге қаты­сты, оның ішін­де сала­физм де бар – тұщым­ды ойлар жаза­сыз. Сон­да сіз қазақ қоға­мы­на қан­дай қатер төніп тұр деп ойлайсыз?

– Оған себеп – өзім­нің айна­лам­дағы талай дос-жаран­да­рым мен таны­ста­рым­ның сала­физм әле­міне еніп кетіп, әсі­ре дін­шіл болып, араб әле­міне жұты­лып кету қау­пі алаң­да­та­ды. Тіп­ті кей­біре­улерінің жоға­ры білім­дері мен тәп-тәуір тұр­мыста­ры, отба­сы­ла­ры бар бол­са да, қараңғы­лық жете­гін­де кетіп бара­ды. Олар қалай дін­ге бет бұр­ды – отба­сы­нан оқша­у­ла­нып, тіп­ті кей­біре­улері өзінің туған ата-ана­сын, туы­ста­рын кәпір­лер сана­ты­на жатқы­зған ради­кал­ды қаті­гез­ге айна­лып бара­ды. Олар­дың талай­ын көріп жүрмін.

Мүм­кін, олар­дың Құдай­ға бет бұрған­да­ры да жақ­сы шығар?! Бірақ олар Құдай­ға емес, ара­б­тар­дың теріс ағы­мын­дағы дін­ге бет бұрып, өзін қазақ емес сезі­нуі – елі­міз бен ұлты­мыз үшін үлкен апат. Мен өз жаз­ба­ла­рым­да Аллаға бет бұрған мұсыл­ман жамаға­ты бар­лық жан-тәні­мен араб әле­міне жұты­лып кет­пе­се екен деген қатер­ден құтқа­ру­ды мақ­сат тұт­тым. Ең бірін­ші орын­да адам­ның өз ұлты тұруы керек. Керісін­ше емес.

– Айт­пақ­шы, сіз діни әде­би­ет­ті, ислам фило­со­фи­я­сын арнайы оқы­ған ада­мға ұқсайсыз…

– Айтар­лы­қтай арнайы дай­ын­ды­ғым жоқ. Бірақ бала кезім­нен үйде­гі Құран- кіта­пқа, шариғат төңіре­гін­де­гі әде­би­ет­тер­ге көп үңілетін едім. Сон­да мен шариғатқа жаса­ла­тын кей­бір қисы­нға кел­мей­тін түсінік­те­ме­лер мен қара­ма-қай­шы­лы­қтар­ды көп аңғар­дым. Сосын қанағат­тан­баған соң, көбіне әке­ме сұрақтар жауды­ра­тын едім. Менің қой­ған сұрақта­рым­ның көбіне әкем қорқып қарай­тын. Себебі әкем «Құран­ның аты – Құран және ол Құдай­дың сөзі, ол ешқан­дай талқы­ла­у­ға жат­пай­ды» деп айта­тын. Бірақ менің ішкі түй­сі­гім әкем­нің айтқа­ны мен сол кітап­тың ішін­де­гі кей­бір уәж­бен еш келі­се алмай­тын. Содан кей­ін мен­де ізде­ну­шілік пай­да бол­ды, көп­те­ген діни кітап­тар­ды ақта­руы­ма және басқа дін­дер­мен таны­суы­ма тура кел­ді. Ең соңын­да мені ішкі түй­сік бағ­да­рым­ның алда­маға­ны­на толық көзім жетті.

Қысқа­ша айтқан­да, пер­дені алдан­ды­ра­тын құпи­я­ның бір шетін көріп қой­ған сияқты­мын. Дін­нен ізде­ген ізгілік­ті өзім­нің ішкі жан дүни­ем­нен таба­тын бол­дым. Кей кез­дер­де ішкі дүни­ем арқы­лы ғарыш кеңісті­гіне кіріп кететін құбы­лы­старға тап бол­дым. Соның арқа­сын­да адам мен ғарыш ара­сын­дағы тепе-теңдік заң­ды­лы­қта­ры тура­лы бір­не­ше жаз­ба­ла­рым дүни­е­ге кел­ді. Енді оны ғылы­ми еңбек деп ата­сам да бола­ды. Бірақ ол еңбек­ті мына заман­ның түр­лі қиын­ды­қта­ры­на бай­ла­ны­сты ресми түр­де қорға­уға зауқым жоқ.

– Бүгін­де әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық кон­тен­ті билік­ке қар­сы қозға­лыс туды­ра­тын­дай дәр­мен­ге жет­ті деп ойлай­сыз ба?

– Сөз жоқ, мынау 26-бапқа өзгеріс енгі­зу жоба­сы ондай дәр­мен­ге өзі­нен-өзі түрт­кі болу­да. Сон­дай-ақ осы­ған қосым­ша – халы­қтың қазір­гі әле­умет­тік жағ­дай­ы­ның өте ауыр­лы­ғы «Фейс­бук­тың» ғана емес, бүкіл қоғам­ның зығыр­да­нын өрші­те түсуде.

Қаза­қстан аза­мат­та­ры 26-бап­ты билік­тің мүд­десіне сай өзгер­ту­ге жол бер­ме­уі­міз керек. Егер билік алған беті­нен қайт­пай­тын бол­са, онда ертең­гі елі­міз­де тыны­штық бола­ры­на ешқан­дай кепіл­дік жоқ. Инве­сти­ци­я­лық әле­ует үшін қаза­ққа қаси­ет­ті түсінік­тер­ді елге кел­ген «әркім­мен» алма­сты­руға әсте бол­май­ды. Көшпен­ділік мен­та­ли­теті қанын­да қалған қазақ «жеке мен­шік» деген­де, бірін­ші кезек­те жер­ді атай­ды. Қазақ үшін жер – оның Ата мекені, жай­ла­уы, күзе­уі, қыста­уы, ауы­лы. Сон­ды­қтан 26-бап­ты өзгер­тудің ащы зардабы қазақ қоға­мын өте қай­ғы­лы әле­умет­тік тең­селістер­ге тап қылуы мүм­кін. Демек, осын­дай қатер­ді билік­те­гілер өз қол­да­ры­мен жаса­мақ­шы ма?

Сон­дай-ақ, егер пре­зи­ден­ті­міз Ата заң­ның 26-бабын­дағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты» деген­ге қар­сы қол қой­са, онда ол ҚР аза­мат­та­рын басқа­ру­дан өз еркі­мен бас тарт­ты деп қабыл­дау қажет!

Тағы бір айта кететін жағ­дай бар. Кей­бір адам­дар қазір­гі ескі билік кет­кен­нен соң, жаңа­дан сай­ланған пре­зи­дент саты­лып кет­кен мүлік пен жер­ді мем­ле­кет­ке кері қай­та­рып ала­ды деген адас­па пікір­лер айтып жүр. Жоқ, осын­дай жаң­сақ пікір­дің өзі үлкен қауіп. Кон­сти­ту­ци­яға еніп кет­кен 26-бап­ты кері қай­та­ру тіп­ті мүм­кін бол­май­ды. Мем­ле­кет­тің мін­дет­терін қабыл­дай­тын неме­се мой­ын­дай­тын халы­қа­ра­лық кон­вен­ци­я­лар мен пак­тілер ондай «кері қай­та­руға» мүм­кін­дік бер­мей­ді. Өйт­кені осы бап­тың көме­гі­мен қаза­қтың мен­ші­гіне ие болған шетел­дік аза­мат­тар неме­се «әркім­дер» халы­қа­ра­лық заң­дарға жүгі­неді. Сон­ды­қтан ондай алдам­шы ойдан аулақ болған дұрыс.

– Аза­мат­тық ой-пікіріңіз­ге рах­мет! Ел мүд­десіне ара­ша түс­кен шым­кент­тік ағай­ын­дарға біздің газет­тің аты­нан дұғай сәлем дерсіз!

 

Сырым ДАТОВ

 

 

Мек­ке­ге қажы­лы­ққа барып кел­ген бір апай­ы­мыз сол Мек­ке­де­гі қара тасты қорға­шта­уда. «Қара тас – пұтқа табы­ну­шы­лық емес пе?» неме­се «Мил­ли­он­даған адам сүй­ген тас мик­роб­тар­дың ошағы емес пе?» деп сұраған адам­дар­дан ол кісі ислам дінінің жау­ла­рын жасауда.

Былай­ша қараған­да, ол кісі өте білім­ді де, сау­ат­ты адам. Керек десеңіз, оның бой­ын­дағы тама­ша қаси­ет­тері ол кісіні еріксіз сый­ла­у­ға өзі­нен-өзі сұра­нып тұрады.

Айт­пағым – осын­дай кісілер сол Мек­ке­де­гі қара тасты қат­ты қорғы­штаған­дай, қазір­гі елі­міз­ге қауіп-қатер төн­діріп тұрған 26-бап тура­лы айтып, жері­мізді неге қорға­май­ды екен деген ойға келесің. Мек­ке­де­гі қара тасты қорғай­тын өз мем­ле­кеті мен араб деген ұлты бар. Қорға­са – солар қорға­сын өз жерін­де­гі қара таста­рын. Оның үстіне Аллаh деген құдай­ла­ры мен ислам діні және бар…

Қажы­лар, сіз­дер Мек­ке­де­гі қара тас пен дін­ді қорғаған­дай, өзі­міздің қаси­ет­ті жері­мізді 26-бап­тағы кез кел­ген «әркім­дер­ден» неге қызғы­штай қорға­май­сыздар?! Біздің жері­міз бен мем­ле­кеті­міздің тұта­сты­ғы Мек­ке­де­гі жан­сыз қара тасты қорғаған­дай бол­маға­ны ма?!

 

• Ардақ Әші­мо­ва­ның ФБ-парақшасы­нан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн