Суббота , 5 июля 2025

ЖИНАЛЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 


Уақыт уыты

 


 

Жина­лыс жүріп жатыр. Менің басым, Оспан­хан­ша айтқан­да, қатиматика!

…Ертең айлық түседі… үш мыңы – Кәтәудікі… он жеті мың үш жүз алпыс – Әгу­гай­дың дүкеніне… тә-ә-әк… екі мың төрт, жо-жоқ, екі мың жеті жүзі – Тұра­п­бай­дың дүкеніне… жем­ге – бес мың… Ойбай, Үкілім­нің сегіз мыңы бар екен ғой! … Неше­сі қал­ды? … Кәтәуға – үш, Әгу­гай­ға – он жеті мың… Тфу!.. Қой, сөз тың­дай­ын, жина­лы­ста отыр­мын ғой, ұят болар. Не деп жатыр, өзі?

– … Жол­да­удың маңы­зды деген тұста­ры­на тоқта­лар болсақ…

Не деген топас едім, а?! Мең­ду­а­на жеген мике­ще біреу бол­са, сол – мен шығар!.. Масқа­ра бол­ды! Осы жол­да­уды өз көзім­мен көр­дім ғой. Үйге бір емес, бақан­дай үш «Еге­мен» келеді! Бала да, келін де, қатын – Гүл­жа­пы­рақ та мек­теп­тен жазы­лған. Сол үше­уінің де бетін­де бат­тиып тұр­ды. Көр­дім. Оқы­дым. Ұққа­ным – дәл қазір маған соға қоя­тын тұсы көрін­беді. Көрін­се – көрін­ген шығар, тек менің көзі­ме түс­пе­ді. Осы – оқы­ған­да басы­на басқа ой кел­мей­тін­дер­ге қызы­ғам! Мен не оқы­сам да, миым­ның ойран-ботқа­сы шығады.

Алды­ңғы күні әкім­шілік­тің алдын­да Ады­раң­бай әкім, мек­теп деректірі Ілти­пат, анау ауыл ақсақа­лы Сиез­бай, ауыл­дағы маң­дай алды жеке кәсіп­кер Жүйт­кіл тұр екен. Жай тұрған жоқ, өткен-кет­кен­ді тер­геп тұр екен. Тер­ге­у­ге мен де іліктім.

– Оқы­дың ба? – деді әкім.

– Оқы­дық…

– Ұқтың ба?

– Не ұқтың?

– Оқы­дық қой енді… жақ­сы айты­лған… маңызды…

– Дөрәк! – деді Сиез­бай. – Міне, мынау да ұқпаған! Тай­ға таң­ба басқан­дай жазы­лып тұр, ұқпаған!

– Жап-жақ­сы үлгілі жанұя­ның отаға­сы дей­ді сізді! Мына­уы­ңыз ұят! Жұбай­ы­ңыз – мұғалім, келін-балаңыз да ұстаз…

Келін демек­ші, келесі апта­да құдағи­дың туған күні еді, оған қан­ша апа­ра­мыз екен? Гүл­жа­пы­рақтан сұрау керек…

– Оу, өй, біз сені­мен сөй­лесіп тұр­мыз ғой!

– Тың­дап тұр­мын ғой…

– Тың­даға­ның неге керек?! Біз­ге ұққа­ның керек! Осы ауыл­дағы сау­ат­ты, көзі ашық аза­мат­тың бірі сен деп жүр­міз ғой! Бала­ла­рың мек­теп­те озат бол­ды, қызың әне – гран­тқа түсіп, оқып жатыр. Сен болсаң…

Қызы­ма ақша салу керек еді, қар­ны ашып қал­ма­са бол­ды ғой…

– …Сен сияқты­лар­дың кесірі соның бәрі! – деп жатыр екен, ауыл ақсақалы.

– Мен не бүлдірдім?

– Бүл­діріп бол­дың! Әне, келе жатыр! Соноу Аста­на­дан жұрт жұмысын тастап, мына сен сияқты дым ұқпас­тарға арнайы ұқты­рға­лы шығып­ты! «Не бүл­дір­дім?» дей­ді ғой! – деп, әкім күй­іп кетті.

– Олар­дың келіп-кетуінің өзі үкі­мет­ке қан­ша шығын?! Соны, тым бол­ма­са соны ұға­мысың сен, дөрәк? Олар ана жақта, біз мына жақта қыру­ар шығы­нға ұры­нып жатырмыз!

Кәсіп­кер Жүйт­кіл де мыңқ етті:

– Рас енді. «Осы ауы­лға қонақ кел­се, біздің үйдің қызы­ның соры» деген­дей, қит етсе, осы біз сор­лай­мыз… Анау Тұра­п­бай­дың да малы бар, мәгәзіні бар, сол неге күт­пей­ді осы қонағыңды?

Бұл оның маған емес, әкім­ге дегені. Әкім жер­ге бір түкірді:

– Тұра­п­бай өткен жолы кел­ген кәмис­си­я­ны күт­кен. Оның алдын­да анау спорт жары­сы­на жүл­дені Әгу­гай алып бер­ген, осы жолғы кезек сенікі енді!

Жүйт­кіл маған ала көзі­мен қарады:

– Дипло­мың бар, оқы­ға­ны­ң­ды «ұқтым» десең, тілің кесі­ле ме?! Сен сияқты­лар­дың кесірі­нен енді айда­ла­дан келетін біре­у­ге жай­ы­лып жастық бола­мыз, одан маған не пай­да?! Ішеді, жей­ді, кете­ді… Бала-шаға­ның нәпақа­сын… маған мал біт­кеніне кінәлі­мін ба?!

Жер қыл­ды мынау! Кіре­р­ге тесік жоқ! Шынын­да да, осы оқи сала, ұға қоюға бола­тын еді ғой…

– Сіздің неме­реңіз мек­теп­те осы жай­лы қатқан рефе­рат жаса­ды! Ал өзіңіз…

Ойбұй, неме­ренің курт­ка­сы­ның жар­ты ақша­сын беру керек еді ғой! Қан­ша­сы қал­ды екен?..

– Жина­лы­сқа келетін бол! Ұқтың ба?

– Қашан?

– О, дөрәк десе дөрәк қой мынау! Айт­ты ғой жаңа ғана! Арғы күні сағат 15.00-де! Құлұпта!

– Жина­лы­стан қал­май­мыз ғой…

– Қал­маға­ның емес, ұққа­ның керек! Құлағы­ң­ды жуып, миы­ң­ды аршып кел! Сосын, саған ерекше тап­сыр­ма бар – тың­да! Келе жатқан қонақтар аудан әкі­мі ғана емес, анау жақтан да келеді. Сен Кәтәу­ды қолға ал. Білесің ғой – оның жина­лы­сқа жоға­ры­дан біреу кел­се құты­ра­ты­нын. Тәк што, бұл жолы оның үні шық­пай­тын болсын!

– Енді ауыз өзінікі… тігіп қой дей­сің бе?.. Біз­де демо­кра­тия емес пе…

– «Демо­кра­тия» деген – дей бер­сін деген сөз емес!

– Жей бер­сін деген де сөз емес…

– Тілің кесіл­сін, дөрәк!

– Бала-шағаңы­зға үлгі бол­май­сыз ба?! Сіз сияқты бей­та­рап­тар­дың кесірі елге тиеді, анау басқа ағы­мға қосы­лып кетіп жатқан жастар осы сіз сияқты бей­та­рап, мүләй­ім әке­лер­дің дер кезін­де шара қол­дан­баға­ны­ның кесірі!

– Осы дөрәк, был­тыр Ақтө­бе­де анау бәле болған­да, ауыл­да бол­маған сияқты осы, а?

– Ол кез­де жылқы жоға­лып, дала кезіп кет­тім ғой. Табыл­ма­ды ақы­ры. Мына­лар­дан қалай құтыл­сам екен? Жем­ге бару керек еді, сәл­ден кей­ін мал­дың алды­нан шығу керек…

– Кәтәу­дың құны бір жар­ты. Соны ішкіз. Жина­лы­сқа кел­се – келе бер­сін, тек сау келмесін!

– Е, сол-ақ па?! Оны қаты­ра­мыз ғой…

– Әй, өзің қыры­нып кел, бақа­бис екен де қалмасын!..

 

Бүгін, міне, жина­лы­ста отыр­мыз. Аноу жақтан кел­ген­дер, аудан­нан кел­ген­дер – сахна­да. Зал­да – мұғалім­дер, Сиез­бай бастаған шал-кем­пір, жоға­ры сынып оқу­шы­ла­ры, пел­шір, пошта­шы Зырғы­би­ке, бала­бақ­ша­ның екі-үш қызы…

Масқа­ра! Мына­лар­дың бәрі мені ала көз­дері­мен атып оты­рған сияқты ғой! Сахна­дағы игі жақ­сы­ның біре­уі мені атарға оғы жоқ сияқты. Мына мұғалім­дер де жұмыста­ры­нан қал­ды­рып, жина­лы­сқа әкеп қамалға­нын менен көріп отыр! Ұят! Бір­ден оқи сала, ұға қоя­тын дүниені ұқпаға­ным­ның кесірі қан­ша ада­мға тигені енді жет­ті миы­ма! М‑ә-ә, анау 11-сынып­тағы көр­ші Зыыр­дан­ның бала­сы да отыр ғой! Әкесі мүге­дек, құды­қтан су тар­тып, мал суға­ра­тын, қора күрей­тін уақыт­та мын­да отыр! Әке-шеше­сі сусыз, мал шөл­деп қалған шығар!? Өле сал­сам, маған обал жоқ! Не деген түй­сіксіз едім! Құры­сын, мына Тір­сек неғып отыр?! Бүгін қой кезе­гі соны­кі емес пе еді?! Ал енде­ше, жар­ты ауыл­дың қойы қара­у­сыз қал­ды! О, топас басым, жер­ге кірсеңші!

Сахна жаққа қай­та қара­дым. Аудан әкі­мі мен жаққа қарағы­сы да кел­мей­тін сияқты! Несіне қарай­ды? Оның қабыл­дау бөл­месін­де қан­ша­ма адам кезек күтіп, қан­ша­ма тағ­дыр тағат­сызда­на күтіп отыр? Солар­ды шешудің орны­на, менің меңіре­улі­гім­нің кесірі­нен аудан әкі­мі осын­да отыр! Жүре­гім аузы­ма тығыл­ды… Ауыл­дағы жалғыз доқтыр, пел­шір Тамыр­шы да осын­да! Күл­зи­па­ның келіні ай-күні жетіп отыр деп еді. Дәл қазір толға­тып жат­са, не бол­ды?! Баға­на Или­гай­дың бала­сы­ның іші өтіп, судай ағып жатыр деп еді, сон­дай болып, тағы бір бала жат­па­са не қыл­сын?! Үдеп тұрған тұмау бол­са мынау… О, көмусіз қалғыр, мике­ще! Үш газет­тен бір жол­да­уды ұқпаған миың кеп­сін, миың!..

…Қоры­та келе айтай­ын дегенім мынау – бүгін­гі ел эко­но­ми­ка­сы қарқын­дап дамы­ған тұста…

«Эко­но­ми­ка» демек­ші, өзім­де қан­ша қала­ды? Кәтәу­ды ішкі­зу үш мыңға түсті! Бұл жолы Тір­нек­тің дүкені­нен қары­зға жазғы­зып кет­тім. Тә-әк, үш мың – Кәтәуға, он жеті мың үш жүз алпыс – Әгу­гай дүкеніне, жем…

– Сұрақта­ры­ңыз бар ма деймін?

Кәтәу орны­нан тұр­ды. Әкім маған қара­ды. Кәтәу был­дыр етті. Әкім­нің көзін­де қуа­ныш ұшқы­ны жалт ете қалды:

– ¬Өй, мынау мас қой! Көңіл аудар­май-ақ қой­ы­ңы­здар, қадір­лі қонақтар! Әр ауыл­да мұн­дай бір тен­тек бола­ды ғой, енді…

Кәтәу­дың үні өшті. Әкім­нің тап­сыр­ма­сы екі жүз пай­ыз орын­да­лып тұр! Тәк, Кәтәуға – үш мың, он жеті мың… Неме­ренің курт­ка­сы­на қан­ша керек екен? Гүл­жа­пы­рақ қай­да отыр екен?.. Екі мың жеті жүзі – Тұра­п­бай­дың дүкеніне… Жем­ге бес мың… Үкілім­нің сегіз мыңы… ту‑у, не боп кет­ті!.. Осы өкі­мет «за вред­ность» деген бір үсте­ме қосу­шы еді ғой. «Отба­сын асы­ра­у­шы­ға» деген де үсте­ме ақы қос­са қай­те­ді екен?.. Жет­пей жатыр міне… Бала мен келін кре­дит­терін төлей­ді. Гүл­жа­пы­рақтың айлы­ғы ішіп-жеу­ге… менікі бол­са міне… жетпейді…

– …Арқа­сын­да отыз елдің қата­рын­да тұр­мыз! Осы­ның өзі біздің қарыштап…

Қалған 29 елдің ең төмен­гі айлы­ғы қан­ша екен, ә?.. О, тұқы­мың өскір, мына Бәл­ду қай­дан жүр? Бұған 750 тең­ге қарыз едім ғой!.. Үш мыңы – Кәтәуға… Он жеті… Трәм­блөр­ді ауы­ст­ру керек еді… Әкі­міләтр­ды Сәкі­штің үйі­нен ала кету керек. Өзі әкеліп бер­ген­ді білмейді!

– Айдөш, сенің айта­рың бар ма? Жал­пы түсінік­ті бол­ды ма?

– Ұқтым! Түсін­дім!.. Кешіріңіз­дер… Бәрің кешірің­дер! Алтын уақыт­та­ры­ңы­зды бөліп, қыру­ар жұмысты қал­ды­рып, осын­да жина­лу­ла­ры­ңы­зға кінәлі мен­мін! Бір­ден оқы­ған­да түсіне қоймадым…

Кешіріңіз­дер!..

Толқып тұр­мын.

– Оқа­сы жоқ, біз осы сіз­дер үшін, халық үшін еңбек етіп жүр­міз ғой! – деді анау жақтан кел­ген сүй­кім­ді біреу. Жылап жібер­гім кел­ді! Нет­кен кешірім­ді еді! Көңілім босаған сияқты… Енді үш мың­ды Кәтәу жалғыз ішкен жоқ қой!..

 

Сахна­да бесін­ші сынып­ты оқи­тын неме­рем тақыл­дап тұр. Кеше Гүл­жа­пы­рақ: «Анау Айка­ның рефе­ра­ты­на көмек­тес­сең­ші, еркек болып, осы үйге бір пай­да кел­тір­генің бол­сын!» – деген­де, теле­бе­зер­ден бір зия­лы аға­мыз: «Бұл дер кезін­де елге жет­кен құн­ды құжат боды!» – деп бастап, көсіліп еді. Соның сөзін айна қатесіз жазып, аяқ жағы­на баяғы ком­со­мол­дың әнін сәл бұр­ма­лап, қосып жібергем:

«Алға, бола­шақ, туың қолы­ң­да, Алға, бола­шақ, жеңіс жол­дын­да!» – деп. Соны неме­рем тақыл­дап оқып жатыр! Айна­лай­ын, Айко­сы­нан сол! Ата­сы­на тар­тқан! Осы неме­ре ұққан­ды мен ұқпай… Әй, қу тір­лік-ай!.. Курт­ка­сы­ның қан­ша ақша­сы қал­ды екен?..

Жұрт ду қол соғып жатыр. Жина­лыс жүріп жатыр.

Жина­лу керек екен! Жина­лы­сқа емес, өзі­ме жина­лу керек, миы­ма, ойы­ма, есебі­ме… Әйт­пе­се ұят бол­ды! Бір­ден ұға қой­ған­да, осын­ша жұрт бұлай дүр­лік­пес еді ғой. Кәсіп­кер Жүйт­кіл ала көзі­мен маған қара­мас еді…

«Алға, бола­шақ, туың қолыңда,

Алға, бола­шақ…».

Ән айтқым кел­гені несі?

Октябрь­де… Ж‑жоқ…

Жас шағы­ң­да құрыш қайрап,

Оққа мін­ген құрыш қайрат.

Ақ дәуір­дің қырандары,

Батыр елдің ұландары.

Алға, ком­со… бола­шақ – қызыл сұңқарлар…

Жина­лыс жүріп жатыр… Ұят болды…

 

Асқар НАЙМАНТАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн