Суббота , 5 июля 2025

МҰҒАЛІМ ҚЫЗ кемшіліктерді ЖАЙЫП САЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 


Мек­теп­те­гі мерездік

 


 

 

«Ұста­здық ету – бала­ларға сабақ беру­мен шек­тел­мей­ді екен. Бұл кісілер­дің бір басы­на қыру­ар жұмыс жүк­теп қойыпты».

Рок­са­ла­на Цой (фото) есім­ді қарын­да­сы­мы­здың жаз­ба­сын оқып, бұған көз жеткіздік.

 

Рок­са­ла­на өз кәсібінің жақ­сы жағы мен кем­шілі­гін айтып беріп­ті. Ойлан­тып таста­ды. Мұғалім­нің жұмысы машақат екен ғой. Соны­мен, ол не дейді?

«Мен өз кәсібім тура­лы айтқым келеді. Мен – мұғаліммін.

Кем­шілі­гі:

1. Жалақы. 50–55 мың айлы­қ­пен ұза­ққа шап­пай­сың. Шамаң бел­гілі. Мүм­кін­ді­гің шек­те­улі. Қары­зға өмір сүресің. Қарыз ала­сың, қарыз қай­та­ра­сың. Жолым­ның өзіне жалақым­ның тең жар­ты­сы кетеді.

2. Жұмыс кестесі. Жұмысты қай уақыт­та бастай­ты­ның маңы­зды емес. Таңер­тең кел­сең де, түсте кел­сең де – бәрібір сен жұмыста өмір сүресің. Мәсе­лен, мен 8‑ден түскі сағат 1‑ге дей­ін жұмыс істе­сем де, тыныш оты­рғы­з­бай­ты­нын білем. Түскі асым­ды апыл-ғұпыл ішем де, біре­удің орны­на сабақ берем. Себебі мұғалім мүл­дем жетіс­пей­ді. Сенің 12 сағат бойы тікең­нен тік тұрып жұмыс істе­генің ешкім­ді қызы­қтыр­май­ды. Мек­теп сенің үйіңе айна­ла­ды. Көзіңнің асты ісіп кет­кен түрің­мен жүр­генің. Мұн­дай­да өз-өзіңді күту­ге шамаң да, құлқың да бол­май­ды. Үзіп-жұлып ішкен тамағың ден­са­улы­ққа әсер етеді.

3. Қағаз­ба­сты­лық. Біт­пей­тін есеп. Жос­пар­лар. Кесте­лер. Ешкім­ге керек емес бір құшақ пап­кі құшақтап жүр­генің. Бұл пап­кі­де­гі ақпар комис­си­яға арналған. Ал комис­си­яға қара­саң, олар осы мек­теп­те өмір сүретін сияқты. Тау­сыл­май­тын тек­серіс. Біздің комис­си­яға дай­ын екені­мізді тағы бір комис­сия тек­се­реді. Тек­се­ру­шілер сенің сыны­бы­ң­дағы бала­лар­дың саны­нан көп. Бір құжа­тың толық бол­ма­ды екен, комис­сия шашы­ң­ды жұла­ды. Сені ақы­мақ қып көр­се­ту­ге тыры­са­ды. Сосын дәп­тер… Көте­ру­ден шар­шай­сың. Құшағы­ңа сый­май­ды. Сыны­бы­ң­да 37 бала бар бол­са, осы 37-ні 4‑ке көбей­тіңіз. Көбейт­тіңіз бе – міне, осын­ша дәп­тер­ді арқа­лап жүресің, оны­сы өз алды­на – бұлар­ды тек­се­ру керек.

4. Пәтер ара­лау. Жылы­на екі рет жаз­да және жаңа жыл­дан кей­ін сақыл­даған сары аяз­да пәтер ара­лап, жасы 0‑ден 18-ге дей­ін­гі бала­лар­ды санақтан өткі­зе­міз. Қашан, қай­да туды? Қай­да оқи­ды? Егер біздің мек­теп­те оқы­ма­са, оның мек­тебіне барып, аны­қта­ма ала­мыз. Әрқай­сы­мы­зға 100–200 пәтер­ден беріп қой­ған. Біздің адам­дар да долы ғой: есі­гін ашпай­ды, тарс жауып ала­ды. Боқтап тастай­ды. Тиі­сетін­дер де табы­ла­ды. Осы­ның бәріне төзу керек. Аны­қта­ма жина­ма­дың, саған тиісті пәтер­ге кір­медің екен – ескер­ту ала­сың. Үш рет ескер­ту алсаң, жұмыстан қуып шығады.

5. Сыр­тқы кел­бетің мен жеке өмірің… тура­лы жазып та кере­гі жоқ. Үстің бор-бор, сия-сия, тіп­ті әжең де кимей­тін киім­мен жүр­генің. Жұмыстағы жұрт­тың дені әйел. Әйел болған­да да, шеті­нен долы, ашу­лан­шақ, күй­е­у­ге шық­паған неме­се жалғы­з­ба­сты қатын­дар. Өмір­ден қажы­ған физрук…

Иә, сені де сон­дай тағ­дыр күтіп тұр, Рок­са­ла­на. Бір-екі жыл күт. Сен де солар­дың кебін киесің. Мек­теп­тің оты­мен кіріп, күлі­мен шығып, зом­биға айналған қызды кім ала­ды? Кәне, кім бар?

Жігіт­тер де қызық. «Қыдыр­май­тын, үйде оты­ра­тын қыз керек» деген­де сон­дай­сы­ң­дар. Мен клуб­тың атын есті­генім бол­ма­са, затын көр­ген адам емес­пін. Таңғы сағат 6‑да тұр­сам, қай­дағы клуб? Бұл уақыт­та менің құр­да­ста­рым өмір­дің қызы­ғын көріп жүр. Киген­дері кере­мет көй­лек, опа-далап, жасан­ды қас… Ал мен бол­сам, бұл уақыт­та бала­лар­дың бақы­лау жұмыста­рын тек­серіп отырам.

Иә, еркек­тер күтім­ді қызды жақ­сы көреді – мой­ын­да­уым керек. Сон­да мен­де жеке өмір жоқ па? Ол қашан пай­да болады?

6. Енді жұмысым­ның жақ­сы жағы тура­лы айт­сам. Ол біреу ғана. Бала­лар. Олар сені шын көңіл­мен жақ­сы көреді. Әрине, бұл үшін олар­дың махаб­ба­ты­на лай­ы­қты ұстаз болуың керек. Мысалға, мен сияқты. Мен мек­теп­ке кел­ген­де, олар алдым­нан шыға­ды. Құшақтай­ды. Сағы­нып қалға­нын айта­ды. Міне, сол кез­де бұл кәсіп­ті неге таң­даға­ны­ң­ды түсі­несің. Кей­бір қошақан­дар қате­лесіп, мені «мама» деп қояды. Күн­дерінің қалай өткенін әңгі­ме­леп береді. Сен олар­дың ең жақын досысың. Солай!

 

• P.S. Егер мені осы жаз­ба үшін жұмыстан шыға­рып тас­та­са, мені жұмысқа алыңыздаршы».

Kerey.kz

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн