Суббота , 5 июля 2025

РЕФОРМАНЫҢ ҚАДІРІН ЛӘППАЙШЫЛАР КЕТІРДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Ғылым неге көте­рем болды?

 


Кеше Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның 70 жыл­дық мерей­той­ы­на арналған жал­пы жина­лы­сы­ның сал­та­нат­ты сес­си­я­сы өтті. Сес­си­я­ның жұмысы­на қаты­сқан ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ғылым сала­сы­на, оның ішін­де Жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы ғылым­ның тұра­лап қалуы­на қаты­сты біраз сын айтты.

Бүгін­де көбе­дей-көп қара­пай­ым ЖШС-тер­дің біріне айналған ҰҒА-ның мерей­той­ын­да ел пре­зи­ден­ті: «Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның жаны­нан эти­ка жөнін­де­гі алқа орга­нын құру­ды ұсы­на­мын. Ол ғылым кодексі мен жари­я­ла­ным эти­ка­сы жөнін­де­гі кодексті дай­ын­да­уы керек», – деді.

Ал төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­да Назар­ба­ев мыр­за­ның наза­ры­нан тыс қалған біз­де­гі ғылым сала­сы­ның ғала­мат про­бле­ма­ла­ры сөз бола­ды. Бәл­кім, пре­зи­дент­тің сөзін бұдан былай «бас­шы­лы­ққа ала­тын» тиісті орын­дар газет ауто­ры көтеріп оты­рған мәсе­ле­лер­ге ден қояр деген үміттеміз.

 

Тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін жоға­ры білім­ге еркін­дік беріл­ді. Екінің бірі қалаған жері­нен уни­вер­си­тет ашып алуға мүм­кін­дік туды да, жеке­мен­шік ЖОО ата­у­лы жауын­нан кей­ін­гі саңы­ра­уқұлақ­ша қап­та­ды. Оның бәсе­ке­ле­стік жағы­нан кел­ген­де қажет тұста­ры бар еді. Бірақ, мате­ри­ал­дық база­сы тала­пқа сай кел­мей­тін, жоға­ры білім беру­ге мүм­кін­дік­тері аз жеке­мен­шік уни­вер­си­тет­тер кей­бір аудан орта­лы­қта­ры­ның өзін­де ашы­лға­нын қай­тер­сің. Ірі қала­лар­да тұрғын үйлер­дің бірін­ші қаба­тын оқу орны­на айнал­ды­рған­дар болды.

Әйте­уір, жер­төле­ден уни­вер­си­тет ашып жібер­ме­гені­міз­ге шүкір­шілік демес­ке лажы жоқ. Соның сал­да­ры­нан еңбек нары­ғын­да бәсе­ке­ге түсе алмай­тын, қол­да­рын­да күрек­тей диплом­да­ры ғана бар, білі­мі таяз, іске қабілет­сіз­деу түлек­тер­дің қата­ры көбей­ді. Жал­пы тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да бұл сала білім беру­ден гөрі, диплом мен ғылы­ми атақ-дәре­жені үле­стіру­ге басым­дық бер­ген­дей күй­де бол­ды. Соның сал­да­ры­нан диплом­нан да, ғылым­нан да қадір қашты.

Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дан кей­ін заң­гер, эко­но­мист, мене­джер маман­ды­қта­ры бой­ын­ша диплом алған­дар­дың саны бұрын бол­маған жоғарғы көр­сет­кіш­ке жет­се, 2000 жыл­дан кей­ін ғана инже­нер, тех­ни­ка­лық маман­ды­қта­рын таң­дай­тын­дар­дың қара­сы көбейе түсті.

Гума­ни­тар­лық, әле­умет­тік сала маман­ды­қта­ры бой­ын­ша да жоға­ры білім алушы­лар­дың саны толас­сыз өсіп, диплом­ды жұмыс­сыздар­дың бүкіл бүтін «арми­я­сы» қалып­та­сты. Сөй­те тұра мұнай, газ, құры­лыс сала­сы­ның маман­да­рын шетел инве­стор­ла­ры сырт­тан алып келе­міз. Бұл да өз кезе­гін­де үкі­мет­тік жүй­елі сая­сат бел­гі­лен­бе­ген­ді­гінің сал­да­ры болатын.

Қазір­гі таң­да ЖОО сту­дент­терінің саны елі­міз­де арнайы кәсіп­тік білім беретін лицей, тех­ни­ка­лық оқу орын­да­ры­нан әлдеқай­да көп. Негізі, осы сала бой­ын­ша мем­ле­кет­тік сая­сат әу баста дұрыс бел­гі­лен­се, кәсіп­тік білім беретін лицей­лер­дің саны көбей­іп, жұмыс­сыздар­дың саны азай­ған болар еді. «Ештен кеш жақ­сы» демек­ші, қазір үкі­мет бұл салаға бет бұрған секілді.

Қаза­қстан­дағы жоға­ры білім беру сала­сы­ның дамуын­да Баты­стың өрке­ни­ет­ті елдерін­де­гі­ден мүл­дем өзге­ше ерекшелік бол­ды. Атал­мыш сала­ның Кеңес одағы тұсын­да негізі қаланған кез­ден бастап, ЖОО ата­у­лы оқы­ту үдерісіне басым­дық беру бағыт­та қалып­та­сты. Ал, ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сын одан бөліп алып, ғылы­ми-зерт­теу сала­сы­ның дер­бес ұйы­мы­на айнал­дыр­ды да, қар­жы­лық сая­сат соған негіз­дел­ді. Сөй­тіп, уни­вер­си­тет­тер­де ғылы­ми-зерт­те­удің база­ла­ры талап дең­гей­ін­де қалыптаспады.

Оқы­ту­шы­лар азын-аулақ оқулы­қтар жазып, қажет­тілі­гі бол­сын-бол­ма­сын ғылы­ми жұмыстар­мен айна­лы­са­тын. Соңғы жыл­да­ры одан да қалып бара­ды. Өйт­кені, білім сала­сын­дағы ұшы-қиыр­сыз қағаз­ба­сты­лық пен ұсақ бюро­крат­тық олар­ды әбден қажытқан.

Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы тара­ты­лып, оған қарас­ты инсти­тут­тар білім және ғылым мини­стр­лі­гіне қара­ты­лған­нан бері қар­жы жағы­нан бір­ша­ма қиын­ды­қтарға тап болған жайы бар. Оның үстіне дис­сер­та­ци­я­лық кеңе­стер жап­пай тара­ты­лып, ғылы­ми мек­теп­тің дәстүрі үзіл­ді. Бұрын жаман-жақ­сы бол­сын, әйте­уір, оның өзі көңіл­ге медеу, орнын­да бар дүние еді. «Орнын­да бар оңа­лар» дей­тін қаза­қ­пыз ғой, енді мүл­де құрып кет­кен дүниені не демек керек.

 

Қазір қалай десек те ғылы­ми әле­уеті­міз төмен­де­ме­се, артып кет­кен жоқ. Сту­дент­тің саны артқан сай­ын сапа да төмен­деп бара­ды. Уни­вер­си­тет­тер педа­го­ги­ка­лық жүк­те­ме­мен оқы­ту­шы, ғалым­да­рын еңсе көтерт­пей­тін жағ­дай­ға жет­кі­зуі елі­міздің эко­но­ми­ка­лық дамуы­на айтар­лы­қтай үлес қоса­тын­дай ғылы­ми-зерт­те­улер жүр­гі­зу­леріне мұр­ша бер­мей жатыр.

Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың орта­сы­нан бастап, Қаза­қстан­ның жоға­ры білім беру жүй­есін әлем­дік стан­дар­тқа сәй­кест­і­ру, сту­дент­тер­дің өз беті­мен ізде­ну­леріне қол­дау көр­се­ту, пән­дер мен оқы­ту­шы­ла­рын таң­да­уға мүм­кін­дік беру, білім дең­гей­лерін балл бой­ын­ша баға­лау секіл­ді баста­ма­лар­ды қолға алуы – жоға­ры білім беруді дамы­туға бағыт­талған игі шара­лар бола­тын. Алай­да, ұста­здар еңбе­гін лай­ы­қты баға­лау ісі әлі жолға қой­ыл­май келеді. Оның үстіне ала­тын жалақы­ла­ры­ның сын көтер­мей­тіні, тіп­ті, «жығы­лғанға жұдырық».

Жоға­ры білім беру сала­сы­на мем­ле­кет­тен қар­жы­лық қол­дау жоқ деп ауы­зды қу шөп­пен сүр­ту­ге бол­май­ды. Оба­лы нешік, аянып қалып жатқан жоқ. Бел­гілеп оты­рған мем­ле­кет­тік сая­сат та дұп-дұрыс. Бірақ, мем­ле­кет­тік қол­да­у­ла­ры нақты иесін тап­пай, айда­лаға кететіні болмаса.

Ұлт­тық мәр­те­бесі бар уни­вер­си­тет­тер­де өкініш­ке қарай, бар­лық баста­ма ата­у­лы арт­та қалған көне көзқа­рас­тағы аз ғана басқа­ру­шы топ­тар­дың қолы­на көшіп алған. Олар­дың руха­ни әле­уеті асып-тасып тұр­са мақұл дер­сің-ау. Өкініш­ке қарай, нағыз «өздері біл­мес, біл­ген­нің тілін алма­стар­дың» керін кел­тіріп жүр­се не шара? Соның сал­да­ры­нан жас ғалым­дарға қол­дау табыл­май­ды, тың иде­я­лар мен инно­ва­ци­я­лық тәсіл­дер игерілмейді.

Бұл дегені­міз, жоға­ры білім берудің сапа­сы төмен­деп, руха­ни күш-қуа­ты­мыз әлсірей түседі деген сөз. Бүгін­гі таң­да қала­сақ та, қала­ма­сақ та жоға­ры білім сала­сын түбірі­мен өзгер­тіп, әлем­дік қалып­тың (стан­дарт­тың) дең­гей­іне жет­кі­зу қажет. Бұл тура­лы ел Пре­зи­ден­ті де үне­мі айтып жүр. Жал­пы, бұл бағыт­тағы мем­ле­кет­тік сая­сат дұрыс деген­ді қай­та­лап айтқым келеді.

Мем­ле­кет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын клас­си­ка­лық үлгі­де­гі ұлт­тық уни­вер­си­тет­тің санын Қаза­қстан­да 5–6‑дан көп асыр­ма­са, қалға­нын әлем­дік дең­гей­де­гі ірі­лен­діріл­ген жоға­ры оқу орны етіп, жеке­мен­шік нысан­да қай­та құруға бола­тын секіл­ді. Қалай болған­да да, кеңе­стік кезең­де­гі сала­лық бағы­тқа бей­ім­дел­ген инсти­тут­тар­дан бас тар­та­тын уақыт жет­ті. Бірік­ті­ру, ірі­лен­ді­ру тура­лы айтып жүр­ген сала мини­стрінің сөзін­де де жан бар.

Көр­ші Ресей де қазір­гі таң­да бұл сала­да бұры­нғы дәстүрі­нен бас тар­тып, ЖОО ұжым­да­рын бірік­тіруді, феде­рал­дық дең­гей­де­гі уни­вер­си­тет­тер құру­ды қолға ала бастағанға ұқсай­ды. Біз­де де арнайы білім беру мек­теп­тері мен жер­гілік­ті кол­ле­дж­дер­ді көбей­тіп, ел эко­но­ми­ка­сы­ның дамуы­на қажет маман­дар­дың қата­рын кеңей­ту қажет­тілі­гі туып отыр.

Қаза­қстан­да білік­тілік­ке негіз­дел­ген эко­но­ми­ка­ны қалып­та­сты­ру үшін жал­пы білім бой­ын­ша тео­ри­я­лық терең мағлұ­мат алған, қарым-қаты­на­стың биік мәде­ни­етін игер­ген, өз ұлты­ның дәстүрі мен ана тілін қастер­лей­тін, ХХІ ғасыр­дың тех­но­ло­ги­я­лық, ақпа­рат­тық талап­та­ры­на толы­қтай жау­ап бере ала­тын жоға­ры білім­ді маман дай­ын­да­уды іс жүзін­де қолға алуы­мыз керек. Деген­мен, бел­гілі бір маман­ды­қтар бой­ын­ша түлек­тер­ді дай­ын­дап шығарған­да ең алды­мен сан­нан бұрын сапаға ден қоя­тын кез келді.

Ол үшін басты­сы, сол маманға деген сұра­ны­сты, оны дай­ын­дап шыға­ра­тын уни­вер­си­тет­тің әле­уетін, база­сын негіз­ге алуы­мыз қажет. Неғұр­лым саны шағын, сапа­сы жоға­ры маман­дар­ды өзі­міз­де дай­ын­дап, ал біз­де негізі салын­баған күр­делі маман­ды­қтар бой­ын­ша ғана шетел­де оқы­ту бағы­тын ұстанға­ны­мыз абзал. Негізі­нен әлем­де мой­ын­далған сала­ла­ры­мыз бой­ын­ша маман дай­ын­да­уы­мы­зға арты­қ­шы­лық беріл­се. Айта­лық, біз­де агро неме­се тау кен, меди­ци­на сала­сын­да сапа­лы маман дай­ын­дай­тын жақ­сы тәжіри­бе­міз бар шығар. Олай бол­са, неге өзге елдер­дің жаста­рын біздің елдің уни­вер­си­тет­тері оқы­тып сапа­лы маман­дар дай­ын­дап бермеске.

 

Бүгін­де көп елдер­де уни­вер­си­тет кам­пу­сын құру тура­лы жиі айты­лып жатыр. Жал­пы жоға­ры оқу орын­да­рын қала­ның шетіне шыға­рып, жеке қала­шық құру мәсе­лесі көңіл­ге қоным­ды мәсе­ле. Мұн­дай тәжіри­бенің бір мыса­лы ретін­де Аста­на­дағы «Назар­ба­ев Уни­вер­си­тетін», Тұңғыш Пре­зи­дент атын­дағы Ұлт­тық Қорға­ныс уни­вер­си­тетін және Алма­ты­дағы әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ жанын­дағы «Каз­ГУ­град» сту­дент­тер қала­шы­ғын айтуға болады.

Жарай­ды, оның бәрі бел­гілі бір оқу орны­ның жеке шаруа­сы деп қара­уға бола­тын шығар. Ғылы­ми-зерт­те­удің бел­гілі бір сала­сы бой­ын­ша әлем­де көш­бас­шы болар­лық зерт­ха­на­лар ашу мәсе­лесі қолға алынса.

Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да қалып­тасқан шетел­ге жіберіп оқы­ту­дың «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сын қай­та қарап жетіл­ді­ру, оған тек қана шын қабілет­ті жастар­ды таң­дап алып, әлем­нің ең үздік ЖОО-на ғана жол­да­ма бер­ген абзал. Мыса­лы, Ресей­дің уни­вер­си­тет­теріне жібе­ру үшін арнайы мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ның қажеті қанша?

Мұн­дағы басты мақ­сат Окс­форд, Гар­вард, Кем­бридж секіл­ді әлем­ге әйгілі, дүни­е­жүзіне мой­ын­далған оқу орын­да­ры арқы­лы ғана елі­міз­ге қажет­ті ғалым­дар­ды, зерт­те­ушілер­ді дай­ын­да­уы­мыз керек. Оның өзін­де мұн­дай игілік­ті шара барын­ша ашық жари­я­лы, әділ түр­де жүзе­ге асы­ры­луға тиіс.

Сон­дай-ақ, уни­вер­си­тет­тер­дің басқа­ру жүй­есін демо­кра­ти­я­лық прин­циптер­ге сай жетіл­ді­ру – заман тала­бы. Оның рек­то­рын бір ғана сая­си пар­ти­яға неме­се жеке­ле­ген тұлғаға қан­ша­лы­қты адал беріл­ген­ді­гіне қарап тағай­ын­дау қисын­сыз. Керісін­ше, басқа­ру ілі­мін жетік мең­гер­ген, өз уни­вер­си­тетін әлем­дік дең­гей­ге көте­ре ала­тын көш­бас­шы жас ғалым­дар­ды бәсе­ке­ле­стік негізін­де ұсы­нып, ғылы­ми кеңе­сте әділ түр­де сай­лаған абзал. Уни­вер­си­тет бас­шы­ла­рын әр 5–6 жыл сай­ын ауы­сты­рып оты­ра­тын демо­кра­ти­я­лық үрдісті қалып­та­сты­ру ауа­дай қажет-ақ.

Шын мәнін­де, оны үкі­мет­тен бей­та­рап, руха­ни әле­уеті мықты басқа­ру кеңесі ғана жүзе­ге асы­руға тиіс. Дәл осын­дай басқа­ру кеңесін құрып қой­ған­дай, өздерін жар­на­ма­лап, науқан­шыл­ды­қ­пен көз алдап жүр­ген ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер­дің ар-ұят­та­ры­на сын. Олар­дың аты бар да заты жоқ кеңе­стері әзір­ше уни­вер­си­тет­тің іс-қыз­метіне бақы­лау жасап, күн­делік­ті бағыт-бағ­дар сіл­тей­тін іскер құры­лым бола алған жоқ. Олай бол­май­ды, негізі!

Қаза­қстан­дағы жоға­ры білім сала­сын­дағы түр­лі рефор­ма­лар мен іс-шара­ларға сын көп. Жал­пы, елі­міз­де 1990 жыл­дар­дың орта тұсы­нан басталған жоға­ры білім рефор­ма­ла­ры осы сала­ның менедж­мент жүй­есін түсініксіз жай­ларға душар еткені де рас. Оны әркім әртүр­лі түсіндіреді.

 

Біре­улер­дің пай­ым­да­уын­ша, мәде­ни­еті жоға­ры дамы­ған АҚШ-тың жүй­есін меха­ни­ка­лық тәсіл­мен көшір­ген­дік­тен, біздің жағ­дай­ы­мы­зға үйле­с­пей жатқан көрі­неді. Ал, енді бір сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, Аме­ри­ка­ның үлгісін қабыл­даған­да, кей­бір маңы­зды про­це­ду­ра­ла­рын жоғал­тқан­ды­қтан, шынайы маз­мұ­ны­на сай кел­мей бұр­ма­лан­ды деседі. Қалай болған­да да елі­міздің жоға­ры білім беру ісіне жұрт­тың көңілі тол­май­ты­ны рас.

Әлем­дік қалып­ты стан­дарт­ты айт­паған­ның өзін­де, бұры­нғы бары­мы­зды жоғал­тып алдық деушілер де бар. Қан­ша жер­ден өзгерт­тік, жаңарт­тық деп өзе­уре­сек те, біздің бер­ген диплом­да­ры­мы­зды әлем елдері мой­ын­дап оты­рған жоқ.

Қазір­гі таң­да ғылым мен білім тура­лы заң бекітіл­гелі елі­міздің ЖОО, соның ішін­де ұлт­тық мәр­те­бе­ге ие болған уни­вер­си­тет­тер үшін екі мәсе­ле аса маңы­зды болып отыр. Оның бірін­шісі – ғылы­ми зерт­те­уді бас­шы­лы­ққа алған уни­вер­си­тет (research university) болу, екін­шісі – шынайы оқу орда­сы­на (training center) айналу.

Озық ойлы ғалым­дар­дың пікір­леріне кел­сек, елі­міз­де­гі ірі уни­вер­си­тет­тер­дің өзін­де қалып­тасқан жағ­дай сын көтер­мей­ді. Айта­лық, жоға­ры­да аталған research university-дің мәнін жетік түсін­бей­тін­дік­тен, ғылы­ми кеңе­стің өзі рек­тор­лар­дың жете­гін­де­гі аты бар да, заты жоқ ұйы­мға айналған. Ғылы­ми кеңе­стер шын мәнін­де, про­фес­сор, оқы­ту­шы­лар ұжы­мы алдын­да есеп беру­ге құлы­қ­сыз, рек­тор­дың айда­уын­дағы енжар құры­лым болып кет­кен. Осы­ның сал­да­ры­нан бүгін­де уни­вер­си­тет менедж­мен­тіне про­фес­сор оқы­ту­шы­лар­дың қаты­суы, олар­дың жұмыстық бел­сен­ділік­тері іс жүзін­де қысқарған.

ЖОО база­сын жетіл­діру­ге елі­міздің үкі­меті айтар­лы­қтай көңіл бөліп оты­рға­нын жоққа шыға­ру­дан аулақ­пыз. Әлем­дік тәжіри­бе­ге зер сал­сақ, уни­вер­си­тет­тер­дің қар­жы­лық көз­дері оқу ақы­сы­нан, деме­ушілер­дің көме­гі­нен, ғылы­мға бөлі­нетін дота­ци­ядан, патент, лицен­зия, роя­лт­тық төлем­дер­ден және мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен құра­ла­ды екен.

Біз­де­гі жағ­дай тура­лы уни­вер­си­тет­тер БАҚ-ты айт­паған­ның өзін­де, жеке веб-сайт­та­ры­на да мұн­дай мәлі­мет­тер­ді ұсын­бай­тын­ды­қтан, алдын ала бір­де­ме деу қиын. Әрбір құпи­я­ланған есеп-қисап пен қар­жы көз­дерін, табысты бүр­ке­ме­леу жемқор­лы­ққа күдік туды­ра­тын­ды­ғын ескер­сек, елі­міз уни­вер­си­тет­терінің бұл әре­кеті кәдім­гі­дей күдік туды­ра бастайды.

Ұлы­бри­та­ния, Гер­ма­ния, Фран­ция, Жапо­ния секіл­ді жоға­ры дамы­ған елдер­де уни­вер­си­тет­тер­дің өзін-өзі басқа­ру менедж­мен­ті жетіл­діріл­ген­дік­тен, бар­лы­ғын оқу орны­ның ішкі мәсе­лесі ретін­де қарас­ты­ра­ды. Нақты­рақ айт­сақ, уни­вер­си­тет­ті басқа­ру­дағы негіз­гі тетік – оқы­ту­шы, про­фес­сор­лар­дың, ғылы­ми қыз­мет­кер­лер­дің, қатар­дағы жұмыс­кер­лер мен сту­дент­тер­дің қолын­да. Атал­мыш елдер уни­вер­си­тет­терінің басқа­ру­шы ұйым­да­ры­ның құры­лы­мы­на кел­сек, рек­тор­дың өзі де, оның жасақтаған коман­да­сы – рек­то­рат та оқы­ту­шы ғалым­дар ара­сы­нан сай­ланған басқа­ру­шы кеңес пен одан дер­бес құры­ла­тын бақы­ла­у­шы коми­тет­ке бағы­на­ды. Айта­лық, осын­дай құры­лы­мы ең күшті дамы­ған Жапо­ни­яға кел­сек, елдің ЖОО-лары (Цуку­ба уни­вер­си­теті­нен басқа­сы) өзін-өзі басқа­ру жүй­есіне көш­кен. Уни­вер­си­тет­тің шта­тын­дағы оқы­ту­шы­лар, қыз­мет­кер­лер, сту­дент­тер­дің өкіл­дері қаты­сты­ры­лған сай­ла­удың нәти­же­сін­де рек­тор тағайындалады.

 

Ал, Батыс Еуро­па елдерін­де­гі жағ­дай сәл өзге­ше­леу. Онда уни­вер­си­тет ұжы­мы­нан сай­ланған «пар­ла­мен­ті» іспет­ті басқа­ру­шы орга­ны бар. Сол өкілет­ті орган арқы­лы рек­тор­ды сай­лай­ды және отстав­каға кетіреді.

АҚШ уни­вер­си­тет­терінің жүй­есі мүл­де өзге­ше. Ондағы бар­лық уни­вер­си­тет­тің билі­гі басқа­ру кеңесі (board of trustees, regents), әкім­шілік (administration), ғылы­ми кеңес (senate, council, house) деген үш инсти­тут­тан тұра­ды. Олар­дың әрбірінің өкілет­тік субъ­ек­тісі, құры­лу ере­же­лері, атқа­ра­тын мін­дет­тері мен құқы­қта­ры әр бөлек.

Ондағы басқа­ру кеңесінің орны ерекше. Олар уни­вер­си­тет­тің күн­делік­ті жұмысы­на тіке­лей ара­лас­пай­ды. Керісін­ше, ғылы­ми кеңе­стің нұсқа­уы­мен рек­тор мен про­рек­тор­лар­ды тағай­ын­дап, ағым­дағы жұмысты жүр­гіздіреді. Ал, өздері рек­то­рат­тың жұмысы­на бақы­лау жасайды.

Уни­вер­си­тет менедж­мен­тін­де­гі тағы бір маңы­зды инсти­тут – ғылы­ми кеңес екені бел­гілі. Оны білім орда­сы ұжы­мы сай­лай­тын­ды­қтан бар­лық мүше тең құқы­лы. Басқа­ру кеңесі құры­л­тай­шы өкілет­тілі­гін біл­дір­се, ғылы­ми кеңес оқы­ту­шы, ғалым­дар, яғни, уни­вер­си­тет­тің ака­де­ми­я­лық ядро­сы­ның өкіл­дері бол­мақ. Сон­ды­қтан, кеңе­стің төраға­лы­ғын біз­де­гі­дей рек­тор­ге беріп қоймайды.

Сон­дай-ақ, ғылы­ми кеңес өзінің ере­же­сі бой­ын­ша бел­гілі мерзім­ге сай­ла­на­тын бас­шы­сы, орын­ба­са­ры, өзге қыз­мет штат­та­ры­мен қатар тұрақты және уақыт­ша коми­тет­тер арқы­лы өз ісін ұйым­да­сты­ра­ды. Ака­де­ми­я­лық мәсе­ле­лер­ді шешу­мен қатар уни­вер­си­тет өмірінің өзге де про­бле­ма­ла­ры жай­ын­да рек­то­рат­пен мәміле­ге келіп оты­ра­ды. Сон­ды­қтан да, атал­мыш құры­лым уни­вер­си­тет­те ұжым­дық басқа­ру­дың прин­циптерін жүзе­ге асырады.

Аме­ри­ка­лық үрдісті толық түсі­ну үшін Кали­фор­ния уни­вер­си­тетін мысалға алай­ық. Атқа­ру кеңесі (Board of Regents) 25 мүше­ден тұра­ды. Оның 18-ін штат губер­на­то­ры тағай­ын­дай­тын көрі­неді. Уни­вер­си­тет­ті басқа­ра­тын­дар да, осы­лар. Қалған 7 мүшенің 4‑ін үкі­мет­те­гі лау­а­зым­ды тұлға­лар­дан таң­да­са, 2‑і түлек­тер одағы­нан сай­лан­са, 7‑ші – мүше рек­тор­дың өзі. 18 мүшені бір­ден жер­гілік­ті үкі­мет тағай­ын­да­уы­ның себебіне кел­сек, оқу орны жер­гілік­ті үкі­мет­тің мүл­кі, әрі халы­ққа қыз­мет көр­се­тетін маңы­зды нысан ретін­де қарастырылатындығында.

Соны­мен қатар, уни­вер­си­тет­ті жер­гілік­ті билік­тен, сая­сат­тан бей­та­рап етіп, оның ака­де­ми­я­лық еркін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­де оның маңы­зды­лы­ғы жатыр. Уни­вер­си­тет­ті сая­си алаң, пар­ти­я­лық идео­ло­ги­я­ның ныса­ны деп қарау тым аңғал­дық болар еді. Керісін­ше, ол білік­тілік пен қабілет­тілік­ті (merit) қастер­леп, алға тар­та­тын прин­ципті (meritocracy) ұста­на­тын білім орда­сы. Сон­ды­қтан, ала­у­латқан-жала­у­латқан «Жас Отан­нан» бастап, сая­си ұйым ата­улы­ның бәрі одан тыс тұруға тиіс.

Тіп­ті, жастар­дың ара­сын­да «ҚДМ» деп ата­ла­тын көп­шілік ұйым­дар­дың өзін ешбір сая­си пар­ти­я­лар­дың мен­шік­те­у­ге құқы жоқ. Ал, біз­де­гі заң­дар мен заң­ды­лы­қтарға сай ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер прин­циптік те, прак­ти­ка­лық та тұрғы­дан кел­ген­де, іс жүзін­де Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің бюро­кра­ти­я­лық бір бас­пал­дағы болып шыға­ды және сая­си маши­наға тәу­ел­ді, қағаз­ба­сты­лы­қтан көз ашпай­тын енжар ұйым.

 

Аме­ри­ка­ның жүй­есіне көз­сіз елік­те­ген кез­де, оның ішкі қыр-сырын жетік түсін­бей, меха­ни­ка­лық тәсіл­мен көшірудің сал­да­рын, міне, осы­дан аңға­руға бола­ды. Прин­циптік тұрғы­дан кел­сек, ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер­дің шынайы құры­л­тай­шы­сы Білім және ғылым мини­стр­лі­гі емес, шын мәнін­де, Қаза­қстан халқы (public) деп түсі­нуі­міз қажет және солай болуға тиіс те. Себебі, сол оқу орда­ла­рын салып, тұрғы­зуға жұм­салған қар­жы-қара­жат халы­қтың қал­та­сы­нан өтел­ді. Соны­сы­мен де ол ұлт­тық уни­вер­си­тет. Олай бол­са, Қаза­қстан­дағы бар­лық ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер­дің мақ­са­ты ұлты­мы­зға адал қыз­мет көр­сетіп, халқы­мы­зға жоға­ры білім­ді маман­дар даяр­лап беру. Оны халы­қтың аты­нан ұйым­да­сты­рып, үйле­стіріп оты­рған «коман­да» ол – қазақ үкіметі.

Сон­ды­қтан, Әл-Фара­би, Қаныш Сәт­ба­ев, Лев Гуми­лев­тің аты­мен ата­ла­ты­ны бар, өзге ірілі-ұсақты бар­лық уни­вер­си­тет­тер – қаза­қстан­ды­қтар­дың иелі­гін­де және халы­ққа қыз­мет көр­се­ту мін­деті жүк­те­летін­дік­тен, олар бір ғана мини­стр­лік аппа­ра­ты­ның «қол­ба­ла­сы» емес, бол­май­ды да.

Осы себеп­тен ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер­дің басқа­ру кеңесі дей­тін­ді құра­тын бол­сақ, ол құры­лым Қаза­қстан халқы­ның өкілет­ті ұйы­мы ретін­де ел аза­мат­та­ры­ның аты­нан ортақ мүлік­ті қорғап, оған жұм­са­лып жатқан әр тиын­ды қадаға­ла­у­ға мін­дет­ті болмақ.

Мәсе­ленің келесі жағы­на кел­сек, ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер – Қаза­қстан халқы­ның мүл­кі. Ол санат­кер­лік бола ма, тіке­лей мағы­на­да заттық бола ма бәрібір. Соны­мен бір­ге ол ғылы­ми-зерт­теу әрі білім беру меке­ме­лері болған­ды­қтан, қан­дай бір сая­си ықпал­дан тыс, дер­бес тұруға тиіс. Өкініш­ке қарай, біз­де­гі заң­дарға, қау­лы-қарар­ларға жүгі­нер бол­сақ, көп жағы­нан бір ғана мини­стр­лік­тің «ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да». Оның өзін­де рек­тор­лер неше жылға тағай­ын­да­ла­ды, оның өзін неше рет қай­та тағай­ын­да­уға бола­ды – ол жағы әлі аны­қтал­маған. Уни­вер­си­тет рек­тор­лері про­рек­тор­лерін өзі тағай­ын­дап, боса­та­тын­ды­қтан, оның жанын­дағы ғылы­ми кеңе­стің, тіп­ті, рөлі жоққа тән. Соны­сы­мен ғылы­ми кеңе­стер өзінің негіз­гі мін­детін атқа­руға да дәр­мен­сіз рәміздік дәре­же­де­гі бюро­кра­ти­я­лық бір бас­пал­даққа айналған.

Қысқа­сы, қазір­гі таң­да ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер жанын­дағы басқа­ру дей­сіз бе, ғылы­ми дей­сіз бе, қай кеңе­сте де, өз аппа­ра­тын бақы­ла­у­ға қабілет­сіз, ондай құзы­ры да, тәжіри­бесі де жоқ. Оған ешбір негіздің бол­ма­сы да айдан анық. Рек­тор­лар уни­вер­си­тет­ке келеді, кете­ді. Ал, ғылы­ми кеңес деген тетік уни­вер­си­тет­пен мәң­гі жасай­тын­ды­қтан, рек­тор­мен бір­ге про­рек­тор­лар­ды да шынайы түр­де бекі­тетін билік­ке ие бол­са, өзінің негіз­гі мис­си­я­сын атқарған болар еді.

Уни­вер­си­тет­тер­ге қаты­сты мәсе­ле­лер қарас­ты­ры­лған­да, әртүр­лі шешім­дер ұстаз-ғалым­дар­дың қаты­суын­сыз көбі­не­се рек­тор­дың жеке қала­у­ы­мен тағай­ын­далған ат төбелін­дей лау­а­зым­ды­лар­дың бас шұлғуы­мен қабыл­да­на­тын жағ­дай­ға жет­тік. Сол ләп­пай­шы­лар мәсе­ленің мәнін терең тал­дап түсін­дірудің орны­на рек­тор­ды жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақта­у­мен, тура­сын айтқан­да, жағым­паз­да­ну­мен күнел­тіп жүр­ген жай­ла­ры бар. Ондай ғылы­ми кеңе­стер­де қан­дай бедел болсын?!

Сай­ып кел­ген­де, елі­міз­де­гі ұлт­тық уни­вер­си­тет­тер­дің басқа­ру жүй­есін жетіл­ді­ру, оған шұғыл бет­бұрыс жасау қажет­тілі­гі өмір­ден туып отыр. Рефор­ма­ның қадірін құр мадақ­пен, көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен, жағым­паз­ды­қ­пен кетір­ме­сек игі еді.

 

Қуан­дық ШАМАХАЙҰЛЫ,

ҚР мәде­ни­ет қайраткері,

халы­қа­ра­лық журналист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн