Суббота , 5 июля 2025

Конституцияның 23-бабы өзгереді, «ӘРКІМ» болмайтын болды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

Апта апты­ғы

 


 

Қаза­қстан­да билік тар­мақта­ры ара­сын­да өкілет­тік­тер­ді қай­та бөлу рефор­ма­сы аясын­да Кон­сти­ту­ци­я­ның 23-бабы­на өзгерістер мен түзе­ту­лер енгізіледі деп мәлім­деді Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев. Ресми БАҚ-тың хабар­ла­у­ын­ша, Назар­ба­ев бұл тура­лы кеше билік тар­мақта­ры ара­сын­дағы өкілет­тік­тер­ді бөлу жөнін­де­гі жұмыс­шы тобы­ның кезек­ті оты­ры­сын­да айтты.

 

«Жұмыс тобы үлкен жұмыс атқар­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар­ды жал­пы халы­қтық тал­дау өтті. Көп­те­ген түзе­ту­лер енгізіл­ді. Олар­дың бар­лы­ғын біз қарап шықтық. Біз жұмыс тобы­ның мүше­лері­мен оты­рыс өткізіп, талқы­ла­дық. Бар­лық ұсы­ны­стар­ды тыңғы­лы­қты қарап шықтық», – деді Н.Назарбаев сәр­сен­бі­де билік­ті қай­та бөлу жөнін­де­гі жұмыс тобы­ның отырысында.

Бұл рет­те мем­ле­кет бас­шы­сы елдің сая­си жүй­есіне түбе­гей­лі өзгерістер енбей­тінін атап өтті және енгізіліп жатқан өзгерістер­дің уақы­ты кел­генін айт­ты. «Қаза­қстан­ның негіз­гі сая­си үлгісі сақта­ла­ды. Біз пре­зи­дент­тік рес­пуб­ли­ка болып қала бере­міз. Зама­на­уи талап­тарға сәй­кес мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есі жұм­сақ болуы тиіс. Рефор­ма­лар нәти­же­сін­де билік­тің бір тар­мағы­на толық өкілет­тілік беріледі, ол тәу­ел­сіз жұмыс жасай­ды. Билік­тің әр тар­мағы­мен осы­лай бола­ды. Сон­ды­қтан билік­тің әр тар­мағы жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нуі керек», – деді президент.

Н.Назарбаев Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін түзе­ту­лер жоба­сы­ның жал­пы­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға шыға­ры­лға­нын еске сал­ды. «Мен талқы­ла­у­лар бары­сын тыңғы­лы­қты қадаға­лап отыр­дым және халық талқы­ла­уы бары­сын­да негізі­нен біз енгіз­ген өзгер­ту­лер қол­дау тапқа­нын айта ала­мын. Бүгін біз аза­мат­тар­дан келіп түс­кен ұсы­ны­стар мен пікір­лер­ді қарай­мыз, қоры­тындыс­ын шыға­рып, одан ары не істе­уі­міз керекті­гі жай­ын­да шешім қабыл­дай­мын», – деді президент.

ҚР Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гінің бас­шы­сы, жұмыс тобы­ның жетек­шісі Әділ­бек Жақ­сы­бе­ко­втың айтуын­ша, талқы­лау бары­сын­да ел аза­мат­та­ры­нан 6 мың­нан астам ұсы­ныс келіп түс­кен. Ұсы­ны­стар әртүр­лі және жал­пы халы­қтық талқы­ла­у­ға шыға­ры­лған жоба­мен шек­тел­мей­ді. Олар­дың бар­лы­ғы бір­не­ше блок бой­ын­ша жүйеленді.

Сөй­тіп, алға­шқы­да үкі­мет және басқа да атқа­ру­шы орган­дар дең­гей­ін­де 40 өкілет­тік­ті беру болжанған, қоры­тындыс­ын­да жоба­да елба­сы­ның 35 өкілет­ті­гі қай­та бөліс­ке салын­ды. Атап айтқан­да, ол – эко­но­ми­ка­ны, қар­жы­ны, мем­ле­кет­тік мүлік­ті басқа­ру­мен, әкім­шілік-аумақтық құры­лы­мға қаты­сты бірқа­тар мәсе­ле­лер­ді шешу­мен бай­ла­ны­сты өкілет­тік­ке қаты­сты жеке­ле­ген мәсе­ле. Ұсы­ны­лып оты­рған Кон­сти­ту­ци­яға өзгер­ту­лер мен заң­дар пар­ла­мент пен үкі­мет­тің жау­ап­кер­шілі­гі және өкілет­ті­гін кеңей­ту­ге бағыт­талған. Жұмыс тобы­ның пікірін­ше, олар­дың қабыл­да­нуы билік тар­мақта­ры­ның ара­сын­дағы тең­герім­нің ныға­юы­на, сон­дай-ақ мемор­ган­дар­дың жұмысы­ның тиім­ділі­гін арт­ты­руға сеп­ті­гін тигізеді.

Өз кезе­гін­де Н. Назар­ба­ев «аза­мат­тар біл­дір­ген пікір­лер алшақты­ғы билік жүй­есін­де­гі кемістік­тер мен ескеріл­ме­ген тұста­ры» тура­лы айтып тұрға­нын атап өтті. Ресми БАҚ таратқан ақпа­ратқа қараған­да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ел ішін­де нара­зы­лық туды­рған 26-бап­тағы «әркім­ге» жола­май­тын болды.

«D»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн