Суббота , 5 июля 2025

Ұлт көшбасшысының парызы – ҰЛТ АМАНАТЫН ОРЫНДАУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

 

Ашық хат

 


Тәу­ел­сізді­гі­міздің 26 жылы­на қадам басқан­да, демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­ді талап еткен Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жасау тарихы­на тап бол­дық. Енді осы жолы елба­сы­мы­здың өзі демо­кра­ти­я­лық жаңа­ру­ды бастап жатқан­да, демо­кра­ти­я­лық талап бой­ын­ша (азшы­лық көп­шілік­ке бағы­на­ды) мем­ле­кеті­міз мем­ле­кет­тік тілін Кон­сти­ту­ци­яға жеке-дара ста­тус беріп жазып алма­са, бұдан кей­ін қай заман, қан­дай кезең­ге тап боламыз?!

 

«Түр­кі халқы үшін Түн ұйы­қта­ма­дым, Күн­діз отыр­ма­дым…» деген Көк түрік қаған­да­рын­дай Көк туы­мы­зды көк­ке өрлетіп, Тәу­ел­сіз Қаза­қстан мем­ле­кетін бүгін­гі­дей әлем таны­ған биік дең­гей­ге жет­кіз­ген Тұңғыш пре­зи­ден­ті­міз – Ұлт көш­бас­шы­сы алдын­да тағы бір Ұлт­тық мін­дет, Ұлт ама­на­ты тұр! Ол Ұлт­тың арма­нын орын­дау – Мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесін әпе­ру болып табы­ла­ды! Ұлт көш­бас­шы­сы Ұлт ама­на­тын орын­да­уды өзіне парыз деп санаған­да, ел де өзін елміз деп санайды!

Мем­ле­кет­тік тілі­міз – Қазақ тілі Тәу­ел­сізді­гін ала­тын кезі жет­ті! Өйт­кені 28 жыл бойы Қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл деген аты бол­са да, Кон­сти­ту­ци­я­ның орыс тілі тура­лы 7‑бабының 2‑тармағына Тәу­ел­ді болып келді.

Осы уақы­тқа дей­ін мем­ле­кет­тік тіл­ді білу­ге мәж­бүр­ле­ме­ген елба­сы­ға өзге ұлт өкіл­дері алғы­сын айтып, енді қазақ тілінің мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесін жеке-дара иеле­нуіне өздері де қол­дау жаса­уы тиіс! Бұл жол­да Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы мен пар­ла­мен­ті­міз, қоғам­дық-сая­си күш­тер, зия­лы­лар қауы­мы қай­рат көр­се­туі керек!

2015 жылы елба­сы­мыз тарих­та тұңғыш рет Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мын­да қаза­қ­ша сөй­леп, бүкіл әлем пре­зи­дент­тері алдын­да қазақ тілін­де баян­да­ма жасап, Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на кере­мет тар­ту жасаған еді.

«Енді ешкім өзгер­те алмай­тын бір ақиқат бар! Ана тілі­міз Мәң­гілік Елі­міз­бен бір­ге Мәң­гілік Тіл бол­ды. Бұл мәсе­лені даудың тақы­ры­бы емес, ұлт­тың ұйы­тқы­сы ете біл­гені­міз жөн. Біздің тілі­міз мем­ле­кет­тің бар­лық жүй­есін­де қол­да­ны­луы үшін, бар­лық жер­де керек болуы үшін, біз өзі­мізді-өзі­міз қам­шы­ла­у­ы­мыз керек және осы­ған өзі­міз атса­лы­суы­мыз қажет», – деген елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қазақ тілі Мәң­гілік дауға айнал­май, Мәң­гілік елдің Мәң­гілік тілі болуы үшін, бұл Ұлт алдын­дағы қаси­ет­ті пары­зы мен мін­детін өзге­ге қал­дыр­май, өзі орын­да­уы керек! Ел елба­сы­дан осы­ны күтіп келеді!

Өйт­кені Кеңес Одағы­ның құра­мы­нан шық­паған бодан кезі­міз­де қаза­қтар­дың саны рес­пуб­ли­ка халқы­ның 39,7 пай­ы­зын құраған, 1989 жылы қабыл­данған Тіл­дер тура­лы заң тала­бы­нан 28 жыл­дан соң, бостан кезі­міздің 26 жылын­да 70–75 пай­ыз кезі­міз­де шыға алма­сақ, ешу­ақыт­та да шыға алмаймыз?!

ХХ ғасыр­дың басын­дағы Алаш көсем­дері «Оян, Қазақ!» деп жар салған­нан бері бір ғасыр өтті. Биыл сол Ала­штың 100 жыл­ды­ғы! Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге ширек ғасыр­дан асты! Енді қашан ояна­мыз? Елба­сы­мы­здың осы Демо­кра­ти­я­лық жаңа­руға баста­уын, Қаза­қтың ояна баста­уы­на – ұлт­тық жаңғы­руға шақы­ру деп, ұлт мүд­десін ұлы­қтаған ұлт­тық ұран деп қабылдайық!

Жоға­ры­да көтеріл­ген мәсе­ле­лер­ді сара­лай келе, біз, Қаза­қстан­ның қоғам­дық ұйым­да­ры, зия­лы қауым өкіл­дері, осы Ашық хаты­мыз арқы­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­маға бай­ла­ны­сты Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жанын­дағы комис­си­яға ұсы­ны­сы­мы­зды мәлімдейміз:

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 7- бабы­ның орыс тіліне бай­ла­ны­сты 2‑тармағы алы­нып тасталсын!

 

Мәтін­ді толық оқы­дым, қол­дай­мын және қолым­нан бас тарт­пай­мын деп қол қоямын:

• Ә.НҰРПЕЙІСОВ, Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы, КСРО Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Д.ИСАБЕКОВ, жазу­шы-дра­ма­тург, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; А. ӘШІМОВ, КСРО және Қаза­қстан­ның Халық әртісі, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Қ.ЖҰМӘДІЛОВ, Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Т.ӘБДІКҰЛЫ, жазу­шы, ҚР Мем­ле­кет­тiк сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; А.АЙТАЛЫ, про­фес­сор, қоғам қай­рат­кері; Т.ШАРМАНОВ, Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі; К.ОРМАНТАЕВ, Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі; Ө.АЙТБАЕВ, Халы­қа­ра­лық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның төраға­сы, Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі; М.МЫРЗАХМЕТОВ, Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Ғ.ҚАБЫШҰЛЫ, жазу­шы, қоғам қай­рат­кері, Қаза­қстан­ның құр­мет­тi жур­на­лисi; Н.НҮСІПЖАНОВ, ҚР халық әртісі, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; С.ДОСАНОВ, жазу­шы, ҚР Мем­ле­кет­тiк сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты. Халы­қа­ра­лық М.Шолохов атын­дағы сый­лы­қтың лау­ре­а­ты; Ұ.ЕСДӘУЛЕТ, ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, КР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; Е. РАУШАНОВ, ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; М.ӨТКЕЛБАЕВ, мате­ма­тик, Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; С.ЕЛУБАЙ, жазу­шы, қоғам қай­рат­кері; С.СМАТАЙ, жазу­шы, қоғам қай­рат­кері; Ж. ЕРМАН, ақын, КР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Қаза­қстан айтыс ақын­да­ры одағы­ның төраға­сы; А.ОСМАН, «Мем­ле­кет­тік тіл­ге құр­мет» бір­ле­сті­гі төрай­ы­мы, Қаза­қстан Халқы Ассам­бле­я­сы­ның мүше­сі; М.ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ҚР ҰҒА кор­ре­спон­дент-мүше­сі, Қаза­қстан тарих­шы­ла­ры қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы; Д.КӨШІМ, «Ұлт тағ­ды­ры» бір­ле­сті­гі төраға­сы; Қ.ИСА, ақын, «Қазақ үні» газеті пре­зи­ден­ті, Халы­қа­ра­лық С.Есенин атын­дағы сый­лық иегері; И.САПАРБАЙ, ақын, «Тар­лан-Пла­ти­на» сый­лы­ғы лау­ре­а­ты, С.ТҰРҒЫНБЕКОВ, ақын, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; К.ӘМІРБЕК, ақын, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Пре­зи­дент сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Д.ЫСҚАҚ, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, Халы­қа­ра­лық Ш.Айтматов ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі; М.КЕМЕЛ, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; З.ҚАБЫЛДИНОВ, тарих ғылым­да­рын­вң док­то­ры, про­фес­сор; С.ЖҮСІП, «Алаш» ғылы­ми-зер­теу инсти­ту­ты дирек­то­ры; Д.МӘСІМХАНҰЛЫ, ақын, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; Д.КЕНЖЕТАЙ, дін­та­ну­шы, фило­со­фия және тео­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры; Б.САРБАЛАҰЛЫ, сын­шы, Халы­қа­ра­лық Алаш сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Ә.ҒАЛИ, сая­сат­та­ну­шы, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры; С.ҒАББАСОВ, жазу­шы, меди­ци­на және педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, КСРО ден­са­улық сақтау ісінің үзді­гі; С.БАТЫРШАҰЛЫ, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Аста­на қала­лық «Мем­ле­кет­тiк тiл» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қозға­лы­сы­ның төраға­сы; Э.ТӨРЕХАНОВ, жазу­шы, Алма­ты қала­лық «Қазақ тiлi» қоға­мы­ның төраға­сы; З.ЖАНДАРБЕК, ғалым, тарих ғылы­мы­ның кан­ди­да­ты; Б.ӘЛІМЖАНҰЛЫ, ақын, жыр­шы-мана­сшы, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; К.МЫРЖЫҚБАЕВ, әнші, ҚР еңбек сіңір­ген әртісі; Ж.ЖҮЗБАЙ, күй­ші, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; С.АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, Т.ӘБДІКӘКІМҰЛЫ, ақын; Ғ.ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; Р. БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» бір­ле­сті­гі Пав­ло­дар облы­стық фили­а­лы­ның төрай­ы­мы; А.САРЫМ, сая­сат­та­ну­шы; Р.ЖҰМАЛЫ, сая­сат­та­ну­шы; М.ТОҚАШБАЕВ, «Пре­зи­дент және халық» газетiнiң бас редакторы.

Ашық хатқа барлығы115 адам қол қой­ған. Қол қою әлі де жалғасуда.

 

 

 

Айт­пақ­шы

 

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ

Мем­ле­кет­тік тіл мәртебесін

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

 

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да 1989 жылғы халық санағын­да 16199,2 мың адам тір­кел­ді. 1999 жылғы санаққа дей­ін­гі ара­лы­қта Қаза­қстан халқы 1246,1 мың ада­мға кемі­ген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүр­гін­ге ұшы­рап, Қаза­қстан жеріне көшіріліп, қоны­стан­ды­ры­лған өзге ұлт өкіл­дерінің, әсіре­се оры­стар­дың, укра­ин­дар­дың, немістер­дің, кав­каз халы­қта­ры­ның, т.б. өз ата­ме­кен­деріне көшіп кетуі бол­ды. 1989 жыл­мен салы­сты­рған­да 1999 жылы ұлт­тық құрам­да да айтар­лы­қтай өзгеріс бол­ды. Мыса­лы, қазақ ұлты 1468,1 мың ада­мға (22,9%) көбей­іп, рес­пуб­ли­ка халқы­ның жар­ты­сы­нан аста­мын (53,4%-ын) құра­ды. Оның есесіне орыс ұлты өкіл­дерінің саны 1582,4 мың ада­мға (26,1%-ға) кеміді» (https://kk.wikipedia.org/wiki).

 

Яғни, 1989 жыл­дан 1999 жылға дей­ін он жыл­да халық санағын­да қаза­қтар 22,9 пай­ы­зға көбей­іп, 53,4 пай­ыз бол­са, оры­стар 26,1 пай­ы­зға кемі­ген. Ал 2009 жылы қаза­қтар, ресми дерек бой­ын­ша, 63,1 пай­ы­зға жетті.

Соны­мен қоса, қаза­қстан­дық орыс диас­по­расы өкіл­дерінің 25,3 пай­ы­зы қазақ тілін түсі­неді, 8,8 пай­ы­зы оқи ала­ды, 6,3 пай­ы­зы жаза­ды. Елі­міз­де­гі диас­по­ра­лар­дың өкіл­дері әлі де өздерінің, не ұрпақта­ры­ның тари­хи отан­да­ры­на қоныс аударға­нын қалай­ды. Мәсе­лен, «Сіз, өз бала­ла­ры­ңы­здың бола­шағын қазақ елі­мен бай­ла­ны­сты­рас­ыз ба?» деген сау­алға қаза­қтар­дың 96,9 пай­ы­зы, оры­стар­дың 53,5 пай­ы­зы, басқа диас­по­ра өкіл­дерінің 78,5 пай­ы­зы – «иә» деп жау­ап бер­ген. Ертең елі­міз­де қаза­қтар 75–80 пай­ы­зды құраған­да, іс қағаз­да­ры Ресей тілін­де қалып жат­са, ұлт­тық нара­зы­лық туа­ты­ны айқын. 2013 жылы өткізіл­ген халық санағы­ның қоры­тындысы бой­ын­ша халы­қтың этноқұра­мы келесі­дей: қаза­қтар – 65,2%, оры­стар – 21,8.

Әр онжыл­дық санақта елі­міз­де­гі халық саны­на шаққан­да, кемін­де 10 пай­ы­зға өсіп оты­рға­ны­мы­зды ескер­сек (1989 жыл мен 1999 жыл ара­сын­дағы он жыл­да қаза­қтар 13,7 пай­ы­зға өсті), қаза­қтың бүгін­гі саны шама­мен 75 пай­ы­зға жуы­қтай­ды деген болжам бар. Себебі ата­ме­кен­ге көшіп келу­ші қан­даста­ры­мыз да мол, керісін­ше, тари­хи отан­да­ры­на көшіп кету­ші орыс ұлты өкіл­дері де көп.

Сон­да қазақ халқы 75 пай­ыз деп ала­тын бол­сақ, 2013 жылғы оры­стан өзге ұлт­тар­дың сан­дық пай­ы­зы 9,7 қалып­та қалған күн­нің өзін­де (түр­кі тіл­дес диас­по­ра­лар­дың өсі­мі жоға­ры, олар­дың көбісі мем­ле­кет­тік тіл­ді жақ­сы біледі), басқа халы­қтар (саны 1 пай­ы­здан төмен диас­по­ра­лар) 2013 жылғы санақ бой­ын­ша 4,4 пай­ыз бол­са, онда орыс ұлты­ның өкіл­дері 10 пай­ы­зға жуық төмен­дей­ді деп сана­уға болады….

Енде­ше 10–20 пай­ыз ғана, кезін­де өзі­міз ота­ры болған ұлт диас­по­рас­ы­на өзге ұлт өкіл­дері­нен сан­сыз арты­қ­шы­лық-астам­шы­лық беріп, ширек ғасыр­дан астам әлі құл­дық ұра беру – негіз­гі ұлт – қаза­қтар­ды тіл­дік кем­сіту­шілік болып сана­ла­ды. Қазір Қаза­қстан­дағы орыс тілін біл­мей­тін, шала білетін түп­кілік­ті қаза­қтарға (көбі­не­се ауыл халқы) ресми саны ғана мил­ли­он­нан аса орал­ман ағай­ын­да­ры­мы­здың басым бөлі­гін қос­саңыз, оры­стіл­ділер­дің санын он орап ала­ды. Сон­да Кон­сти­ту­ци­ядағы орыс тілі тура­лы 7‑баптың 2‑тармағы оры­стар­дан үш есе­дей көп халы­қтың – негіз­гі ұлт­тың намысы­на тиіп, ширек ғасыр­дан астам тіл­дік кем­сіту­шілік­ке, яғни мем­ле­кет­тік тіл­дік кем­сіту­шілі­ке ұрын­ды­рып келеді.

Qazaquni.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн