Суббота , 5 июля 2025

АЩЫ ДА БОЛСА, АҚИҚАТ ҚЫМБАТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

Бұры­нғы «Жас Алаш» біз­де қонақта

 


 

• (Қаза­қстан пре­зи­ден­ті­мен сырт­тай дидарласу)

 

Әле­умет­тік желілер­ден бел­гілі болған­дай, «Жас Алаш» газеті мен­шік иесінің (құры­л­тай­шы) шеші­мі­мен басы­лым­ның бас­шы­лы­ғы ауы­сқан еді. Бұл ауыс-түй­істің нәти­же­сі қалай бола­рын газет­тің бола­шақтағы маз­мұ­ны мен сая­си-қоғам­дық ұста­ны­мы айқын­дай­ды деген сенімдеміз.

Ал газет­ке жаңа бас­шы­лық кел­ген соң, аяқ асты­нан және алдын ала ескер­тус­із болған өзгеріс­ке нара­зы­лық біл­дір­ген редак­ция ұжы­мы­ның бір жар­ты­сы өз қыз­мет­терін доғарған екен. Бірақ төтен­ше болған өзгеріс нәти­же­сін­де газет­тің кезек­ті нөміріне «ескі» редак­ци­я­лық ұжым дай­ын­даған дүни­е­лер жары­ққа шық­пай қалған.

Біз әріп­те­стік қол­да­удың бел­гісі ретін­де «Бұры­нғы «Жас Алаш» біз­де қонақта» деген айдар­мен 96 жыл­дық тарихы бар басы­лым­ның доға­ры­стағы редак­ци­я­лық ұжы­мы­на «ДАТ»-тың беті­нен орын беріп отырмыз.

Ескер­те кетей­ік, «Жас Ала­штың» жаңа редак­ци­я­сы тара­пы­нан дәл осын­дай ынты­мақ­та­сты­ққа ілти­пат бол­са, екін­ші тарап­тың пікірін де өз оқыр­ман­да­ры­мы­зға жет­кізу­ге дайынбыз.

 

Оқыр­манға газет­те­гі тосын өзгеріс жайт­ты түсін­ді­ру үшін, мәлім­де­ме дай­ын­дап, оны кезек­ті нөмір­ге жари­я­ла­у­ға кіріс­кен едік. Жағ­да­ятқа құлақта­нып үлгер­ген жана­шыр адам­дар редак­ци­яға жиналған. Сол алқа-қотан жиы­лы­ста төмен­де­гі­дей әңгі­ме-сұх­бат болған-ды.

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы: Сіз­дер қашан да халы­қтың ойын­дағы сөзді айтып, көзқа­рас­та­ры­ңыз бен пікір­леріңізді ашық біл­діріп жүр­сіз­дер. Басы­мыз қосы­лған­да бос қайт­пай­ық, елдік мәсе­лені талқы­лай­ық. Күні кеше мем­ле­кет бас­шы­сы зия­лы­лар­мен кез­де­сті. Ондағы­лар­дың не дегенін жұрт көр­ді. «Айна­лам­дағы­лар­дың, жағым­паз­дар­дың, сарай ақын­да­ры­ның не айта­тын­да­рын жатқа біле­мін. Одан бөлек сіз­дер не айтар едіңіз­дер?» деп, пре­зи­дент Н.Назарбаев алда-жал­да осын­да оты­рған сіз­дер­ді шақы­рып, сон­дай кез­де­су өткіз­се, қан­дай мәсе­лені қозғар едіңіз­дер? Сұх­ба­ты­мы­зды шар­тты түр­де «Нағыз зия­лы­лар­мен пре­зи­дент­тің дидар­ла­суы» деп ата­сақ. Сөзді, Қабе­ке, Сіз бастасаңыз.

Қаб­деш Жұмәді­лов, халық жазу­шы­сы: 60 жыл­дан бері «Ленин­шіл жас» – «Жас Алаш» газетіне автор болып келе жатыр­мын. Ең алғаш өлең­дерім жари­я­ланған. Аты­мы­здың шығуы­на, әде­би­ет­ші ретін­де қалып­та­суы­мы­зға көп көмек­те­сті. Сонау кезең­дер­ден бері үзбей оқып келе­міз. Біз­ге қым­бат газет. Бір ғасыр бойы халы­ққа қыз­мет етіп жүр. Барын­ша шын­ды­қты, ақиқат­ты айтып келе жатқан газет. Соны­сы үшін сүйеміз.

Мына еге­мен өкі­меті­міз ақиқат­ты айтқан бас­пасөзді де, жеке адам­ды да ұнат­пай­ды. Іштеріне шын­дық жақ­пай­ды. «Жас Ала­шқа» нешетүр­лі қастық, қыса­стық ұйым­да­сты­рып жатқа­ны­на куә­міз. Жасан Зекей деген­ді айдап салып, қан­ша­ма әуре қыл­ды сен­дер­ді. Оны кере­мет екен деген­ге, барып емделіп те көр­ген­біз. Оның ғалым­ды­ғы шикі. Назар­ба­ев­пен сурет­ке бір­ге түс­кен­дер­дің біре­уінің басын ойып тастап, өзінің басын орна­тып қой­ған сурет­ті кіта­бы­на салып, көп­теп таратқан кісіні кім дей­міз? Бәлен мил­ли­онға газет­ті жығып бер­ген­де, қалың оқыр­ман біз төлей­міз деді ғой газетін қорғап. Мұның өзі халы­қтың ықы­ла­сын біл­діреді. Сот әділет­сіздік жасады.

Қай­сы­бірін айтай­ық. «Жас Алаш» талай нәр­сені қолға алды. Қажы­ғұ­мар Шәб­денұлы­ның алты том­ды­ғын шыға­руы­ма екі жыл уақы­тым кет­ті. Жазу­шы­лар одағы тұяғын қимыл­датқан жоқ. Төраға­сы Нұр­лан Ора­за­лин жылы сөз айт­пақ тұр­мақ, кел­ген шару­ам­ды құлағы­на да ілгісі кел­меді. «Әу, мен сенен он жей­дені бұрын тоздыр­дым ғой, жасы үлкен деп тың­да­саң қай­те­ді», – дедім. Сон­дағы жау­а­бы: «Мен сіз­ден он есе терең ойлай­мын!». Мұн­дай тым «терең ойлай­тын­дар­мен» қалай ұғысарсың!

Міне, сол кез­де қасы­мы­здан «Жас Алаш» табыл­ды: қырық жыл түр­ме­де оты­рып, шын­шыл шығар­ма­лар жазған, елге жетуді аңсап, шер­мен­де болған жазу­шы­мыз Қажы­ғұ­мар Шәб­денұлы­на Халы­қтық сый­лық берей­ік деп баста­ма көтер­ді. Қимаған Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­нан сол артық деді. Халы­қтан, әде­би­ет сүй­ер жана­шыр­лар­дан жиналған мил­ли­он жарым тең­гені қызы мен неме­ресіне сал­та­нат­ты жағ­дай­да Рыс­бек өз қолы­мен табыс етті. Қажы­ғұ­мар­ды елге кел­тіру­ге жәр­дем­де­суді сұрап, екі рет пре­зи­дент аты­на хат жаз­дық. Нәти­же шық­па­ды. Міне, осын­дай қиын-қыстау сәт­тер­де, аза­мат­тар­дың басы­на іс түс­кен­де, қажет кезін­де халық жағы­на шыққан «Жас Алаш». Ондай басқа газет бар ма?

Билік­те оты­рған­дар­дың не ойлай­ты­нын, миын­да не бар екенін мен біл­мей­мін, түсін­бей­мін. Олар­дың өзінің қара­тып алған газет, жур­на­лы, автор­ла­ры бар шығар – сөзін сөй­леп, сой­ы­лын соға­тын. Бұлбұл­да­ры бар бағып отырған…

Біз «Жас Ала­шты» қорғай­мыз, осы ұжым­мен бір­ге­міз. Бұл халы­қтың газеті. Оған ешкім қоқан-лоқы жаса­ма­сын. «Жас Ала­шпен» ойнау, оны қор­лау – халы­қ­пен ойнау, ақиқат­ты қорлау!

Осы күн­дер­де бас­пасөз­де пре­зи­дент кет­се, орнын кім­ге беріп кете­ді, мұра­гер кім бола­ды деген сөз­дер жүр. Мен мұны артық әңгі­ме деп есеп­тей­мін. Неге пре­зи­дент өзінің қалаған ада­мын қой­ып кетуі керек? Егер ол қалаған ада­мын таққа тастап кет­се, онда мына режим жалға­са береді деген сөз. Біз Назар­ба­ев­тың жеке басы­на емес, сол орнатқан режим­ге қар­сы­мыз. Бүкіл ел солай. Орны­на кім­ді қоярын ол да, бас­пасөз де айт­па­сын. Біз халы­қты жаңа сай­ла­у­ға дай­ын­да­уы­мыз керек. Мұра­гер­лік деген­ді мидан шығарған жөн. Халық соған сеніп алған әбден. Біз­де қазір құл­ды­қтың, жеке басқа табы­ну­шы­лы­қтың екін­ші саты­сы жүріп жатыр: бағы­ну, жағы­ну саты­сы. Халы­қтың сана­сы­нан мұра­гер­лік­ті аршып алып тастау керек. Жаңа­ша, демо­кра­ти­я­лық жол­мен сай­лау өткізіп, халық өз таң­да­уын жаса­уы тиіс.

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы: Қабе­ке, мен Назар­ба­ев болып сіз­ге мына­ны айт­сам: «Қажы­ғұ­мар тура­лы маған ешкім ештеңе демеді ғой! Мен біл­мей қалыппын…».

Қаб­деш Жұма­ді­лов: Сіз, Нұре­ке, Жаңаө­зен­де халы­қты қырып салған­нан кей­ін де «маған ешкім ешнәр­се айт­пап еді» деген­сіз, біл­мей қалған­сыз. Сіз пре­зи­дент­сіз, сөзіңіз­ге сен­бе­гені­міз жөн бол­мас дегенбіз.

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы (пре­зи­дент болып): Халай­ық, менің қызым да, күй­еу балам да пре­зи­дент бол­май­ды! Талай таза сай­лау өткіздік, тағы да сөй­те­міз. Халық өзінің таң­даған қала­у­лы­сын пре­зи­дент етіп сай­лап ала­ды. Сіз­дер оған алаңдамаңыздар!

(Жиы­нға қаты­су­шы­лар ара­сын­да күл­кі туды: «Лай­ым осы әзіліңіз шын­ды­ққа айнал­сын!» деген сөз­дер естілді).

Софы Сма­та­ев, жазу­шы: Біз, Нұре­ке, Темір­та­уда бір­ге қыз­мет істе­дік. Сон­да жүр­ген­де демо­кра­ти­я­ны сұм­дық аңса­у­шы едік қой. Мына біздің ұлты­мы­здың интел­ли­ген­ци­я­сы шығар­ма­шы­лық, ғылы­ми интел­ли­ген­ция бола­тын. Бірақ тех­ни­ка­лық интел­ли­ген­ци­я­сы жоқ еді. Соны кеш­кісін­гі бас қосу­лар­да талай рет айтып, неге жолға сал­май­мыз деуші едік. Сол кез­де сіз демо­крат бола­тын­сыз – қазір­гі­дей емес. Орта­лық коми­тет­те бір­ге істе­ген кез­дер­де мен Кол­бин­ге қар­сы шығып жүр­генім­де ақыл айт­ты­ңыз: оны­мен ұстас­паңыз, ол не пар­ти­ядан шыға­ра­ды, не ауы­ру қыла­ды деп. Пар­ти­ядан шыға­ра алма­ды, бірақ ауы­ру етті. Халы­қтың тілі, аузы болып сөй­лей­тін аза­мат­та­ры­мыз қашан шыға­ды деуші едік. Билік­те өзім отыр­сам, сон­дай­ларға өзім жол аша­мын, қол­дау біл­діре­мін деуші едіңіз. Қай­да қал­ды сол айтқаныңыз?

«Жас Алаш» менің жан сырым­ды жай­ып сала­тын мін­берім. Халы­қтың жүре­гін­де­гісін, көкей­де­гісін айтқы­сы кел­се, соған бір­ден-бір мүм­кін­дік беретін газет – осы «Жас Алаш». Сон­ды­қтан, бұй­ырт­са, оның бет­терін­де мен мем­ле­кет­ке, басқа­руға, ондағы жөн­сіздік­тер­ге қаты­сты­ның бәрін тіз­бе­леп, ашып беретін, елдің өксі­гін, өкіні­шін жария ететін бола­мын. Қыспаққа алып, төбе­ден төм­пеш­те­ген­де, мұң­данған халы­қты жұба­та­тын, көзінің жасын сүр­ті­сетін газет – осы «Жас Алаш».

Халық әр уақыт­та да адал­ды­қты, әділ­дік­ті жақтай­ды, Нұре­ке! Халы­қтың алып­ты­ғын басып, ақиқа­тын көміп таста­ды­ңыз. Халық қазір ерге­жей­лі болып қал­ды. Кеудесін тік­тей алмай­ды. Соны сіздің маңай­ы­ңыз жасап отыр. Мен де қаза­қтың жазу­шы­сы­мын. Бірақ «Қазақ әде­би­еті» мен «Жұл­дыз» жур­на­лы менің аты-жөнім кетіп бара жат­са, сызып тастай­ды. Жазға­ным­ды бас­пай­ды. «Еге­мен» де сол. Егер «Жас Алаш» газеті жабы­лып қала­тын бол­са, онда менің аузы­ма құм құй­ы­ла­ды. Көкіре­гі­ме шер тола­ды. Жүре­гім­ді ыза кер­ней­ді. Өйт­кені халы­қтың сөзін, тіле­гін жет­кі­зетін, арман-мүд­десін айта­тын басы­лым бұл.

Халық – дүниенің тұтқа­сы. Оны тәу­ел­ді етіп, пен­де­ге – одан құлға айнал­дыр­ды­ңы­здар. Аны­ғын, ақиқа­тын біл­дір­ме­удің, көзін соқыр, құлағын керең қылу­дың ама­лын асыр­ды­ңы­здар. Тәу­ел­сіз басы­лым­дар­ды қуда­лап, қуғын­дап, жауып тастап, еркін ойға, бостан сөз­ге жол бер­медіңіз­дер. Адам мен мал­дың айыр­ма­сы – ойлау мен еркін­дік­тен көрі­неді. Сон­да сіз халқы­ңы­зды мал етпексіз бе? Мал баға­тын қой­шы неме­се түй­е­ші болып отыр­мақ­сыз ба? Осы­ны ойла­май­сыз ба?

Халық – құдірет. Ол қашанғы бүгіліп, иіле бер­мек?! Күн­дер­дің күнін­де еңсесін тік­теп, сіл­кін­ген­де, басы­нып, мой­ны­на мініп алған­дар жан-жаққа ұшып түсер. Сон­да қайт­пексіз­дер? Халық түбін­де ақиқа­тын іздей­ді, алып­ты­ғын таны­та­ды. Жалған­дық пен айла­кер­лік алы­сқа апар­май­ды. Халы­қтың аузын­дағы­сын жырып алу­мен пай­да табу көгертпейді.

«Жас Ала­шта» ақиқат­ты қылы­штай кесіп айта­тын, өткір жаза­тын жас жігіт­тер бар. Солар­дың бәрін баулып, басқа­рып оты­рған менің Рыс­бек інім. Кей­де осы­лар көз­сіз батыр­лық жасап жүр­ген жоқ па, ертең билік­тің шабар­ман­да­ры кесе-көл­де­нең­деп тұра қал­май ма, қара­улық жасап, қастан­дық ұйым­да­стыр­май ма, қол­да­рын­дағы қаруын тар­тып алмай ма деген үрей менің де кеу­де­ме кіреді. Газет­тің әр санын қолға алған сай­ын, әр бетін ашқан сай­ын, осы­лар­дың істеп жүр­гені қаза­ққа нағыз керек шаруа екеніне көз жет­кі­зе түсе­мін. Іштей риза бола­мын. «Жас Ала­шқа» жазы­луға әкім-қара­лар тый­ым сал­са да, құд­ды баяғы халық жауын­дай үрей­лен­дір­се де, сот­тарға сүй­ре­леп, мил­ли­он­дап айып тар­тқыз­са да, газеті­міз құла­май, сүрін­бей келеді. Халық сүй­ген бас­пасөз ешқа­шан жеңіл­ме­уі керек. Оның бір ғана тіре­гі бар. Ол – халық. Нұре­ке, бұл газет­ті сіз оқыңыз.

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы (Нұре­ке болып): Сәке, Сіз «Жас Ала­шты» оқы дей­сіз. Мен ол газет­ті жақтыр­май­мын ғой. Өзім­ді де оңдыр­май­ды, қызда­ры­ма да тыны­штық бер­мей­ді, күй­еу балам­ды, айна­лам­ды, бәрін сынай­ды. Мардыт­паған министр, әкім­дер­ді, жемқор­лы­қ­пен ұста­лып жатқан­дар­ды қыз­мет­ке қой­ып жатқан кім? Өзім­мін. Солар­мен бір­ге тыр­дай жалаңа­штап, айна­ның алды­на қояды қаз­дай тізіп – халық көр­сін деп. Ондай газет­ті мен қалай оқи­мын? Маған да жүрек керек, ден­са­улы­қты ойлай­мын. Өзім­ді қинағым кел­мей­ді. Төңіре­гім­де­гілер­дің бәрі құлаққа жаға­тын тәт­ті сөз айтып жатқан­да, ащы сөз­бен мүй­із­дей­тін газет­ті неге оқуым керек? Баяғы алпы­сын­шы жыл­дар­дағы демо­кра­ти­я­ны аңсаға­ны­мыз үшін бе?

Мыр­зан Кен­же­бай, ақын: Нұре­ке, шексіз еңбек сіңіріп жатқан көрі­несіз, «Еге­мен Қаза­қстан­нан», «Каз­прав­да­дан» оқи­мын, «Хабар» теле­ар­на­сы­нан көріп оты­ра­мын. Бірақ халы­қтың ішіне жиналған шер-мұңы лық­сып тұр, соны ойла­сам, не тын­ды­рға­ны­ңы­зды түсіне алмаймын.

Қаза­қтың зар-запы­ра­нын, мұң-шерін айта­тын бір­ден-бір газет­ке – «Жас Ала­шқа» неше жыл­дан бері билік­те­гілер жау­ша жабысып қал­ды. Жаны­ма бата­ды. Қия­нат, қуда­лау, қол­дан кел­ген бар­лық жаман­ды­қты жасау тый­ыл­май келеді. Ұлт­тың сөзін сөй­лей­тін басы­лы­мға қақ­пақ қою, жуа­сы­туға әре­кет жасау – ол қаза­қтың аузы­на қақ­пақ қою, тұн­шы­қты­ру деп ойлай­мын. Халқы­мы­здың аузын аштыр­мау – тәу­ел­сіздік алға­ны­на 25 жыл болған елде тілінің бағы­ның жан­ба­уын, тілінің сор­лап қалға­нын айтқы­з­бау, рухы­нан айы­рып, мәң­гүрт­тен­ді­ру. Шын­шыл «Жас Ала­шты» жоқ ету неме­се өзгер­ту осы мақ­сат үшін керек.

Рас-өтірі­гін кім біл­сін, дик­та­тор деген Ста­лин­нің өзі мақта­уға тый­ым салған көрі­неді кезін­де. Сізді ғой мақта­уға мал­ты­қты­рып таста­ды. «Айбозым» деп ат қой­ы­лған кітап қолы­ма түсті. Авто­ры әкеп бер­ді. Бастан-аяқ сіз­ге арналған екен, Нұре­ке. Тіп­ті өрес­кел кет­кен жер­лері көп. Мақта­уын аспан­да­та келіп, «әлем­нің кіл­тін, 18 мың ғалам­ның кіл­тін сіздің қолы­ңы­зға бер­се, шырт үйіріп басқа­рар едің-ау, ағе­ке!» дей­ді. Бұдан өткен шек­тен шығу, жағым­паз­дық басқа мем­ле­кет­тер­де бар ма, жоқ па – біл­мей­мін. Осын­дай­лар­ды біл­мей оты­руы­ңыз мүм­кін емес. 18 мың ғалам­ды басқа­ра­ды деп Мұхам­мед пай­ғам­барға да ешкім айтқан жоқ.

Жер­ге бай­ла­ны­сты митин­гі­ге шықтық. Сол тұста теле­ар­на­лар­дан енді ешқан­дай аяу­шы­лық бол­май­ды дедіңіз. О заман да, бұл заман – өз халқы­на аяу­шы­лық бол­май­ды деген­ді бір­де-бір король, пат­ша, пре­зи­дент айт­паған еді. Сон­дай сөзді сіздің аузы­ңы­здан естідім. Осы­ңыз ұят болды!

Екін­ші бір ұят­ты жағ­дай­ы­ңыз – «кім­де-кім орыс­ша сөй­ле­се, оған қаза­қ­ша жау­ап бер­сең, жұмыстан қуа­мын, жау­а­пқа тар­та­мын» дедіңіз. Құдай­дың рахы­мы түсіп, ел басқа­рып оты­рған адам­сыз – мұны­ңыз жөн бол­ма­ды. Осын­да тұрып, осын­да туып, өмір сүріп, қаза­қтың жері­нен нан жеп оты­рған оры­старға, басқа­ларға сіз қаза­қ­ша неге үйрен­бей­сің­дер деудің орны­на мұны­ңыз қалай?

Қаза­қстан­да «нұр» деген сөздің қадірі әбден кет­ті. Аттаған жер­дің бәрі – «нұр» – дүкен, кафе­ден бастап. Кеше біреу «нұр-мон­ша­дан» келе жатыр­мын дей­ді. «Нұр-дәрет­ха­наға» да кіріп-шық дедік оған. Қаси­ет­ті сөздің қадірін кетіріп бол­ды. Осы сіз­ге ұнай ма?

Теле­ди­дар – өте қуат­ты қару. Күл­лі Қаза­қстан­да орыс тілін­де сам­пыл­дап тұр. Айта­ты­ны – Ресей­дің сая­са­ты. Ол қаза­қты ұлт етуді, тәу­ел­сізді­гін сақта­уды көз­де­мей­ді. Қай­та керісін­ше жұмыс жасай­ды. Қаза­қты азғын­да­та­тын, сана­сы­нан айы­ра­тын, тілі­нен алшақта­та­тын сая­сат белең алды. Теле­ви­де­ниені қаза­қтан­дыр­май, өз елі­міз­ге ие бола алмаймыз.

Нұре­ке, жағым­паз, жан­тық шал­дар­мен кез­де­се бер­мей, мына Қаб­деш, Софы аға­ла­ры­мыз сияқты тура­шыл зия­лы­лар­мен дидар­ла­сып тұр­саңыз, сөз­деріне құлақ түр­сеңіз, өзіңіз­ге де, елге де пай­да­лы болар еді. 2020 жыл­дан кей­ін кететін шығар­сыз пре­зи­дент­тік­тен. Соған дей­ін тың­дап қалыңыз.

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы (Нұре­ке орны­на): Кет­кені несі? Билік­тің біра­зын үкі­мет пен пар­ла­мент­ке бөліп бер­дім, сон­ды­қтан жұмысым жеңіл­деді. Қалған шару­аға шал­дың да шама­сы жете­ді. «Кете­діні» кім шыға­рып жүр-ей, жаман­ды­ққа бастап. Ондай әуен­ге сала­тын оппо­зи­ци­я­ны жоқ етсем де, менен құты­лғы­сы келетін­дер бар екен ғой әлі.

Мыр­зан Кен­же­бай: Нұре­ке, мына қап­таған тер­ро­ри­стер­ді қай­дан тауып алған­сыздар? Жоқ нәр­се­ге әуе­с­піз ғой: экс­тре­мист, араз­ды­қты қоз­ды­ру­шы деп, қит еткен­ді қамай сала­ды қазір. Қол­дан жау жасап не көрін­ді? Бұл не, халы­қты қорқы­тып ұстап оты­ру үшін әдейі ойла­сты­ры­лған айла-шарғы ма?

Жақын­да хабар тарат­ты: екі қазақ Ресей­де тер­рор­лық әре­кет жаса­мақ болып­ты деп. Қазақ қашан басқа елге басқын­шы­лы­ққа барып, күш көр­сетіп, ойран салған еді? Тарих­та ондай жоқ қой. Мұның бәрі сіздің кезіңіз­де пай­да болға­ны несі? Қазір «тер­ро­рист», «исла­мист» десе, бәрі аңы­рай­ып, қаза­ққа қарай­тын болды.

Қаб­деш Жұма­ді­лов: Тер­ро­ризм, экс­тре­мизм деген қаза­қта жоқ. Оның аты – ашы­нған адам­дар, жұмыс­сызды­қтан, жоқ­шы­лы­қтан тары­ққан­дар. Тер­ро­ризммен күресіп жатыр­мыз дей­ді. Шын мәнін­де өз халқы­мы­зды тұн­шы­қты­ру­дан басқа не болсын?!

Талғат Айт­бай­ұ­лы, жазу­шы, пуб­ли­цист: Жаңаө­зен­де­гі қырғын­ды не дей­міз? Мұнай­шы­лар­ды қол­даған, қорғаған «Жас Алаш» оқиға­лар­дың бел орта­сын­да жүр­ді. Қай­ғы жұтқан қаза­қты жұбат­ты, көмек ұйым­да­стыр­ды, еске алу­лар мен қоғам­дық талқы­ла­у­лар өткізді. Жаңаө­зен ақиқа­ты тура­лы кітап шығарды.

«Жас Алаш» – халы­қтық газет. Ашы­нған ел, тиісті меке­ме есі­гі­нен сыға­лат­пай, маң­дайы тасқа соғы­лып, сор­лаған жұрт «Жас Ала­шқа» келеді. Осы газет­тің төбесіне су құй­сақ, не болады?

Жам­был облы­сы, Жуа­лы ауда­ны, Қошқар ата ауы­лы­нан жақын­да ғана зей­нет­ке шыққан мұғалім Әлде­бай Бекқұ­лов хабар­ла­сты: «Жас Ала­шқа» жаз­дыр­май қой­ды», – дей­ді. Билік осы­лай қыса­стық жасау арқы­лы да ақиқат­шыл газет­тің тара­лы­мын қасақа­на шек­теп жатыр.

Елдің Кон­сти­ту­ци­я­сы ойын­шық бол­мауы керек. 26-бап­тағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты» деген­ді «әркім» деп өзгерт­ті. АҚШ соңғы жыл­да­ры Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның бір әрпін де өзгерт­кен жоқ. Неге? Өйт­кені бұл заң­да мем­ле­кет­тің тағ­ды­ры тұр.

Кон­сти­ту­ци­яға «әркім­нің» енгені келе­шек ұрпақ алдын­да жасаған қия­на­ты­мыз екенін «Жас Алаш» бүгін­ге дей­ін жеріне жет­кі­зе жаз­ды. Соның тілін бай­лап, аузын матап, ақиқат­ты айтқы­з­ба­уға күш салып отыр билік.

Мах­мұт Жете­нов, газет жана­шы­ры: Жер рефор­ма­сы­на қаты­сты, Ата заңға өзгеріс енгізу­ге бай­ла­ны­сты қар­сы­лы­қты, халы­қтың нара­зы­лы­ғын «Жас Алаш» кеңі­нен түсін­діріп, мәнін ашып жаз­ды. Билік­тің қитұрқы сая­са­ты­на қар­сы екенін анық бай­қат­ты. Елі­міз тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған­нан кей­ін, отар­сыздан­ды­ру сая­са­ты жүр­гізілуі керек еді. Ол сая­сат­ты билік жүр­гіз­ген жоқ. Оны «Жас Алаш», «ДАТ» секіл­ді тәу­ел­сіз, азат басы­лым­дар үне­мі ескер­тіп келеді және импе­ри­я­лық астам­шы­лы­қтың, ескіні көк­се­ушілік­тің көріністеріне батыл той­та­ры­стар берді.

Еура­зи­я­лық одақтың ұшпаққа шығар­май­ты­нын, оның тәу­ел­сіздік­ке тигі­зер залал­да­рын сан мәр­те жаз­ды. Эко­но­ми­ка­лық, сая­си тәу­ел­ділік­ке бастай­тын кесір­лі келісім-шар­ттар­ды жаса­уға бол­май­тын­ды­ғын ескерт­ті. «Жас Ала­штың» осын­дай бел­сен­ділі­гі, пат­ри­о­тиз­мі қазақ билі­гі­мен қоса, ресей­шіл­дер­ге де түр­пі­дей тиді. Басы­лым­ның қоғам­дағы орны олар­ды сескендірді.

Дамы­ған елдер­де оппо­зи­ци­я­ны қуда­ла­май­ды. Ол қоғам дамуы­ның қажет­ті бөлі­гі болып табы­ла­ды. Ал біз­де керісін­ше, оппо­зи­ци­я­ның, тәу­ел­сіз ақпа­рат құрал­да­ры­ның үнін өшіру­ге әуес. Өйт­кені одан қорқады.

Дай­ын­даған –

Қуа­ныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн