Суббота , 5 июля 2025

Айгүл БАЖАНОВА: Менің әндерімді КІМ КӨРІНГЕН сұрай бермейді…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

Сәр­сен­бінің сәтінде


 

 

Жазған әндері шоу-биз­не­стің шаңын шыға­рып жүр­се де, өз басы таны­мал­ды­ққа тал­пын­бай­тын, қара­пай­ым қал­пын­да жүруді жөн көретін саз­гер, әрі әнші Айгүл Бажа­но­ва бүгін­гі «Сәр­сен­бінің сәтін­де» қонақта.

 

− Айгүл ханым, Қытай­дағы ән бай­қа­уын­да ерекше дауы­сы­мен әлем­ді дүр­лік­тір­ген Димаш сіздің бір әніңіз­ге құда түсті деп естідік. Сұх­ба­ты­мы­зды осы хабар­дан бастайық…

− Иә, Дима­штың музы­ка­лық талға­мы мен ерекше дауыс диа­по­зо­нын ескеріп, әкесі – Қанатқа «бір ән жібе­рей­ін, тың­дап көріңіз» деп ұсы­ныс тастаған өзім бола­ты­н­мын. Ол кісі ұсы­ны­сым­ды қабыл алған соң, 3–4 әнім­ді жібер­дім. Соның іші­нен ақын Мұнай­дар Бай­мол­да сөзін жазып бер­ген «Маxаб­бат бер маған» деген әнім­ді ұна­тып, Қанат бұл әнді Дима­штың репер­ту­а­ры­на қосқы­сы келетінін айтты.

Жал­пы, біз­де – Димаш еке­уі­міздің ара­мы­зда алдағы уақыт­та да шығар­ма­шы­лық бай­ла­ныс бола­ды деп ойлай­мын. Себебі Дима­штың дауыс мүм­кін­дік­тері менің әндерім­нің шары­қтау мүм­кін­ді­гіне сәй­кес. Осы тек­тес әндер мен­де бар­шы­лық. «Әйте­уір түбін­де бір орын­да­у­шы­сын табар, әр нәр­сенің өз уақы­ты бар» деп, сақтап жүр­ген әндерім бар еді. «Маxаб­бат бер маған­ның» да жазы­лға­ны­на 3–4 жыл­дай болып қалған-ды.

 

− Бұл ән Димаш қаты­сып жатқан «Син­гер» бай­қа­уын­да орын­да­ла ма?

− «I ‘m singer»- де орын­да­ла ма, жоқ па – ол жағын мен сұра­мап­пын. Мүм­кін, орын­дай­тын болар – оны Дима­штың өз қала­уы біледі.

 

− Музы­ка маман­да­ры­ның айтуы бой­ын­ша, Димаш әнді төрт окта­ваға дей­ін­гі диа­по­зон­да орын­дай­ды екен. Яғни, сіздің бұл әніңіз сол дауы­стың тала­бы­на сай кел­гені ғой…

− Солай шығар… Мен шынын­да да күр­делірек әндер жазған­ды жақ­сы көре­мін. Екі окта­ва­да орын­да­ла­тын әндерім бар, егер моду­ля­ция жаса­са, ән үш окта­ва­да орындалады.

 

− Димаш бұры­ны­рақта ел ішін­де­гі бір ән бай­қа­уы­на қаты­сқан кез­де бел­гілі айтыс ақы­ны Ринат Зай­ы­тов «мұн­дай шыңғы­рған дауы­стан қорқа­мын» дегені бар. Ал музы­ка­ның мама­ны ретін­де сіз Дима­штың дауы­сын қалай баға­лар едіңіз?

− Біз қол­да бар алтын­ды қадір­лей алмай­мыз. Бары­мы­зды қол­да­мақ тұр­мақ, оны қасақа­на еле­ме­у­ге, көр­ме­у­ге тыры­са­мыз. Эфир­ге жиі шыға­тын­дар­ды, «жер өртеп, атта­рын шыға­ра­тын­дар­ды» төбе­міз­ге көте­ру­ге бар­мыз, бірақ нағыз талант­ты, саф алтын­ды бай­қа­май­мыз. Біздің бай­қа­уы­мыз үшін, Дима­шты мін­дет­ті түр­де өзге бір алпа­уыт ел мой­ын­да­уы керек екен. Оны әйгілі Лара Фаби­ан, сон­дай-ақ шетел­дік таны­мал кәсі­би музы­ка маман­да­ры баға­лап жатқан­да, менің баға беруім бір­нәр­се өзгер­те қояр ма екен?! Мен оған баға беретін­дей кім­мін? Димаш біздің елден «өсіп кет­кен» әнші.

 

− Осы­ған орай желі­де жазы­лған пікір­лер­дің іші­нен бір оқыр­ман­ның «сіздің қаза­қы нақы­штағы әніңізді Димаш кон­кур­стық әнге айнал­ды­рып жібер­ме­се екен» деген жаз­ба­ны көріп қал­дым. Бұған қаты­сты не айтар едіңіз?

− Кон­кур­стық әндер әншінің мүм­кін­ді­гін тек­се­ру­ге жақ­сы. Дима­шта білім де, музы­ка­лық такт та, жүрек те, теx­ни­ка да, дауыс та бар. Олай бол­ма­са, көте­ре алмай­тын шоқ­пар­ды беліне бай­ла­мас еді деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан әнді өз дең­гей­ін­де орын­дай­ты­ны­на сенемін.

 

− Жал­пы, сіз жөнін­де өз әнін кім көрін­ген­ге бере бер­мей­тін ком­по­зи­тор деген сөз бар. Бұл қан­дай талғам­нан туған талап деп айтар едік?

− Менің әндерім­ді кім көрін­ген сұрай да бер­мей­ді, кез кел­ген­ге ұнай да қой­май­ды. «Кім көрін­ген­ге ұнай бер­мей­ді» деп, әндерім­нің бағы­тын да, сти­лін де өзгерт­кім жоқ. Жеңіл-жел­пі ән жазу қиын емес шығар. Бірақ мен олай жаз­бай­мын, жазғым да кел­мей­ді. Бұл – өнер. Өнер қонған адам болға­сын, абы­рой­лы болғанға не жет­сін. Ал абы­рой бір айда неме­се бір жыл­да келе сал­май­ды. Ол – көп жыл­дар­дың жемісі. Жолым­ның, тариxым­ның былғанға­нын қаламаймын.

 

− «Жұмыр­тқа бұрын пай­да бол­ды ма, әлде тауық па?» деген сау­ал тұрғы­сы­нан айтар бол­сақ, әнді әйгілі ететін ком­по­зи­тор­лық шебер­лік пе, жоқ әлде әншінің дауы­сы ма?

− Әннің тағ­ды­ры да адам тағ­ды­ры сияқты. Бір­жақты сипаттай салуға бол­май­ды. «Көк тудың желбіре­генін», мыса­лы, ән таны­мал болғанға дей­ін де бір­не­ше бел­гілі әншілер орын­даған. Бірақ сол Ибра­гим Ескен­дір­дің орын­да­уын­да ғана әннің бағы ашыл­ды. Сол сияқты қан­ша­ма ән орын­даған әншіні ешбіре­уі әйгілі етпей, тек бір ғана әннен бағы ашы­лып кет­кен­дер де бар.

 

− Алма­ты­да алға­шқы шығар­ма­шы­лық кон­цер­тіңізді өткізу­ге дай­ын­да­лып жатқан көрі­несіз: ол кон­церт­тің сахна­сы­на кім­дер шыға­ды, жұрт­шы­лы­ққа қан­дай жаңа­лық ұсын­бақ ойы­ңыз бар?

− Әншінің бәрін тізіп шығу мін­дет емес шығар. «Мұзарт» − «Жалғыз досым», Ақбо­та – «Қош, маxаб­бат», Сәкен (Май­ға­зи­ев) – «Асыл ана», Айгүл (Иман­ба­е­ва) – «Жақ­сы көрем» әні­мен шыға­ды. Ескі әндер де қай­та өңделіп, оны басқа әншілер орын­дай­тын бола­ды. Жаңа әндер де көп. Оның бәрін айта бер­сем, несі жаңа­лық? (Күл­ді).

 

− Айт­пақ­шы, ол кон­церт­ке Дима­штың қаты­суы мүм­кін бе?

− Мүм­кін. Оны мен де біл­мей­мін, Дима­штың әкесі әрі про­дю­сері Қанат та біл­мей­ді. Бұй­ыр­са, келер, бұй­ыр­ма­са – оны да көрерміз.

 

– Анда-мұн­да ән айтып қала­ты­ны­ңыз бар: кон­цер­тіңіз­де өзіңіз орын­дай­тын ән бола ма?

− Әлбет­те. Өзім­нің кон­цер­тім болған соң, соны пай­да­ла­нып, өзім де бір ән айтып қалай­ын! Менің де орын­да­уым­дағы әндер­дің айны­мас табы­ну­шы­ла­ры бар – сен­сеңіз. Солар үшін саx­наға шығамын.

 

− Музы­ка сын­шы­ла­ры­ның ара­сын­да «Айгүл Бажа­но­ва­ның әндері – махаб­бат пен сыр­шыл­ды­қтың әле­мі» деген бағам бар. Деген­мен, сізді өзге саз­гер­лер секіл­ді теле­бағ­дар­ла­ма­лар мен кон­церт­тер­ден жиі көре бер­мей­міз. Осы «тар­тын­шақта­удың» аста­рын­да қан­дай сыр жатқа­нын білу­ге болар ма екен?

− Біл­мей­мін, бірақ әдейі істе­мей­мін. Шақыр­са – баруға тыры­са­мын. Шақыр­ма­са – сұран­бай­мын. Өзім­нен «культ» жасағым кел­мей­ді. Ән шыға­ру мен үшін өмірім­нің жәй ғана бір бөл­ше­гін­дей, қалып­ты, қара­пай­ым, дәлел­де­уді қажет етпей­тін сіңісті нәр­се сияқты. Сон­ды­қтан ба, өзім­ді елден ерек, «ком­по­зи­тор» сезі­нуім сирек. Қара­пай­ым пен­де­мін. Өзе­уреп, өзім­ді көрін­ген сахнаға тық­па­ла­уды май­да тір­лік санаймын.

 

− Сіз ән ғана емес, соны­мен бір­ге оның мәтінін де өзіңіз жаза­сыз: бұл сіздің ақын­дарға көңіліңіз тол­маған­нан туған тал­пы­ны­сы­ңыз ба, әлде «талант­ты адам – әр қыр­лы» деген сөздің әлпе­ті дәл келе ме?

− Тап­сы­ры­спен жаз­ды­рған әннің мәтіні «жан­сыз» болып, көз­ге ұрып тұра­ды. Сон­ды­қтан ақын­дар­ды қинағым кел­мей­ді. Нағыз, жаз­ба ақын­дар ондай­ға шорқақ келеді. Себебі қара­пай­ым бол­са да, ішім­нен шыққан әнге өз жаным­нан өлең жазға­ным әлдеқай­да сіңімдірек.

 

− Бірақ қазір­гі кез­де әншілер өздеріне-өздері ән жазып ала­тын «өнер шығар­ды». Мәсе­лен, ақын­дық кемісті­гін бетіне бас­са да, әніне өзі өлең жазып ала­тын Сей­фул­лин Жол­ба­ры­сты былай қой­ған­да, жас әншілер Әли Оқа­пов та, Жанар Дұға­ло­ва да өздері мәтін жаза­тын бол­ды. Осы сияқты «әмбе­бап­ты­ққа» сіз қалай қарайсыз?

− Әркім өз ісінің шебері бол­сын. Басқа айта­рым жоқ.

 

− Айт­пақ­шы, сіз той­ға арналған әндер жазуға да сон­ша­лы­қты құштар емес екен­сіз. Сон­да әншінің бәрі той­дан нәпақа тауып жүр­ген­де, сіз қан­дай табыст­ың есебі­нен күн көріп жүрсіз?

− Несі­бем – Алла­дан. Жоқтан бар­ды жасай алмай­мын. Әр күн­нің несі­бесі бары­на сенемін.

 

− Шығар­ма­шы­лы­ғы­ңы­зда басқа алға қой­ған мақ­сат­та­ры­ңы­з­бен бөлі­се отырсаңыз…

− Осы мен мақ­сат та қой­май­ды екем. Бірақ іштей әндерім­ді «А’сту­дио», Стинг, Лара Фаби­ан сияқты әншілер­дің орын­даға­нын еле­стетіп, арман­дап аламын.

 

− Әншілер­ге ән жазып жүр­ген жас саз­гер­лер іші­нен кім­дер­дің еңбе­гіне қарап сүйсінесіз?

− Мүм­кін, ізденіп, жаңа әндер­ді тың­да­маған­нан болар, әзір­ге тоқта­лып ешкім­ді айта алмай тұр­мын, есі­ме түс­пей оты­рға­ны. Демек, есте қалар­дай ешнәр­се тың­дай қой­маға­ным ғой. Әйт­пе­се бар­шы­лық қой. Айт­пақ­шы, Шоқан Уәлиxа­нов деген жас саз­гер бар – ерекше стиль­ді. Сосын Жанар Дұға­ло­ва жақ­сы, білім­ді ком­по­зи­тор ғой.

 

− Саз­гер ретін­де сіздің есі­міңізді қай жазған әніңіз көп­шілік­ке таны­та­ды деп айта аласыз?

− Мен мек­теп­те жүр­ген­де «14 жасар сәбидің сөзі» деген ән жазып, xалы­қтың ықы­ла­сы­на бөлен­ген­мін. Содан бері «Біл­мей­мін, сені бала­сын­дым ба?», «Кез­де­скім келеді», «Бұры­мы ұзын қарын­дас», «Жалғыз досым», «Қош, маxаб­бат», «Ақ гүл­дер», «Асыл ана» атты әндерім­нің бар­лы­ғы менің мәр­те­бем­ді көтер­ді. Естеріңіз­де бол­са, «Ғашық жүрек‑2» филь­мін­де Мөл­дір кон­кур­сқа менің «Сен» деген әнім­ді орын­дап шыға­ды. Таң­дау бұл әнге кез­дей­соқ түс­кен жоқ. Оны елі­міз­ге бел­гілі, өте сау­ат­ты музы­ка­лық про­дю­сер Бағым Мұxит­де­но­ва таң­даған еді. Айт­пақ­шы, кон­церт­ке Баян­ның про­дю­сер­лі­гін­де­гі Жарқы­най деген әнші қыз сол әнді орын­дап шыға­ды. Және Бағым­ның өзі де менің бір әнім­ді орын­дай­ды. Осы­дан кей­ін кон­цер­тім­нің бола­шақ дең­гей­ін бағам­дау қиын емес шығар…

 

– Иә, сәті түс­се, дең­гей­лі кон­церт болай­ын деп тұр екен. Іске сәт!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

 

• Сурет Айгүл Бажа­но­ва­ның ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн