Суббота , 5 июля 2025

«БАСҚА ПІКІРДІ» жоғалтып алмайық…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

Пост­фак­тум


 

Соны­мен, Қаза­қстан пар­ла­мен­ті екі күн­де едел-жедел қабыл­даған Кон­сти­ту­ци­я­ны өзгер­ту тура­лы заң Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес­ке жол­дан­ды: аузы-мұр­ны бей­мағлұм ол орган «мақұл­дан» басқа сөз айт­па­сы аян. Одан әрі ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қол қой­ған соң, заң күшіне енеді.

 

Бірақ осы заң және Кон­сти­ту­ци­яға енгізіл­ген жарым-жар­ты өзгерістер леги­тим­ді бола­ды деп айта ала­мыз ба? Егер ел ара­сын­да «Назар­ба­ев­тың Кон­сти­ту­ци­я­сы» ата­лып жүр­ген 1995 жылғы Ата Заң бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум арқы­лы қабыл­данға­нын еске­рер бол­сақ, пар­ла­мент­тің пәр­мені­мен қабыл­данған соңғы заң, оры­стың орай­ы­мен айт­сақ, «Филь­ка­ның гра­мо­та­сы» болып қала­ды. Себебі бүкіл­ха­лы­қтық пле­бис­цит негізін­де қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­яға пар­ла­мент­тің өзгеріс енгізу­ге ешқан­дай қақы­сы жоқ. Бұған дей­ін де Кон­сти­ту­ци­яға пар­ла­мент арқы­лы қабыл­данған бір­ша­ма өзгерістер­дің күші сол «Филь­ка­ның фик­ци­я­сы» болып табылады.

Елде­гі жеке­ле­ген сая­сат­кер­лер де пар­ла­мент қабыл­даған «өзгерістер­ді» өгей санай­ды. Мәсе­лен, мәжілістің экс-депу­та­ты Ғани Қали­ев: «Пар­ла­мент­те тіп­ті өзі қабыл­дай­тын бюд­жет­тің қалай орын­да­лып жатқа­нын қадаға­лай­тын функ­ция жоқ», – дей­ді (Azattyq.org).

Ал бұры­нғы сенат депу­та­ты әрі пре­зи­дент­шіл «Қаза­қстан пат­ри­от­тар пар­ти­я­сы­ның» экс-жетек­шісі Ғани Қасы­мо­втың айтуын­ша, атқа­ру­шы билік­ке тәу­ел­сіз кон­сти­ту­ци­я­лық сот инсти­ту­тын жаңғырт­пай, билік тар­мақта­рын тәу­ел­сіз деп айтуға бол­май­ды. Оның сөзін­ше, билік тар­мақта­ры ара­сын­дағы жан­жал­дар­ды, төмен­гі сот инстан­ци­я­ла­ры алдын ала қара­уы тиіс адам құқы­ғы­на қаты­сты заң бұзу­шы­лы­қтар­ды Кон­сти­ту­ци­я­лық сот қара­уы тиіс. Ғани Қасы­мов «Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­ты жаңғыр­ту тура­лы ұсы­ны­сым­ды» Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін өзгерістер жоба­сы автор­ла­ры ескер­меді деп қынжылады.

Халы­қтың ерік-жігері­нен тыс қабыл­данған заңға өкініш біл­дір­ген Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы (ЖСДП) бас­шы­ла­ры­ның бірі Айдар Әлі­ба­ев: «Депу­тат­тар барып тұрған сан­ды­рақ ұсы­ны­стар­ды да қабыл­да­уы мүм­кін. Егер ертең пре­зи­дент оларға «пар­ла­мент­ке жалаңа­яқ келің­дер, кім­де-кім туфли киіп кел­се, пар­ла­мент­тен қуа­мыз» десе, олар қар­дың үсті­мен жалаңа­яқ келеді. Сон­ды­қтан мұн­дай пар­ла­мент арқы­лы Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зудің мәні жоқ», – дейді.

Деген­мен, «бет­пақ жеңді – бей­бақ көн­дінің» кері­мен айтқан­да, қалай десек те, заң қабы­дан­ды деген «жоралғы­ны жұтып» қоюы­мы­зға тура келеді. Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер енгізу­ге қар­сы өре тұрған қырғы­здың ерік-жігеріне жетер­лік қауһа­ры­мыз жоқ екенін мой­ын­да­уы­мыз керек.

Енді «қазан­шы» қалай айт­ты – қоғам соған көнеді. Көн­діретін көпір­ме сөз­дер де көп боп тұр. «Жал­пы­ха­лы­қтық талқы­лау бары­сын­да бар­лық ұсы­ны­стар қол­дау тап­ты десе бола­ды, – деп­ті пре­зи­дент Назар­ба­ев жұма күн­гі пар­ла­мент пала­та­ла­ры­ның бір­лес­кен оты­ры­сын­да. – 26-бапқа түзе­ту­лер мен өзгерістер­ді талқы­ла­у­ға қаты­сқан­дар­дың 70%-дан аста­мы қол­да­ды. Бірақ басқа да пікір­лер бол­ды. Олар мен­шік ұғы­мы тек жер­ге мен­шік­ке қаты­сты бола­ды деп есеп­тей­ді. Осы­ған қаты­сты және жер рефор­ма­сы тура­лы заң қабыл­данған­да мәсе­ле­лер туын­да­ды. Кез кел­ген сая­си шешім тара­зы­ланған, халы­қты бірік­тіретін шешім болуы керекті­гін еске­ре оты­рып, 26-бап­ты бұры­нғы редак­ци­яда, өзгеріс­сіз қал­ды­ру керек деп шештік».

Енді­гі дәт­ке қуа­ты – пре­зи­дент­тің «басқа да пікір­лер бол­ды» дегені. Яғни, Ақор­да­ның билі­гі 26-бап­ты қорғап қалған халы­қтың «басқа пікірі­нен» сес­кеніп, «әркім­ді» тық­па­лау жақ­сы­лы­ққа апар­май­ты­нын сезген. Енде­ше елге енді­гі мін­дет – «басқа пікір­дің» қызуын басып алмау.

«Көп – қорқы­та­ды» деген дана­лық дал­ба­са бол­ма­са керек…

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн