«Общественная позиция»
(проект «DAT» №9 (373) от 8 марта 2017 г.
Күн тақырыбына
Ұмытпасам, 90жылдардың бас кезі болар – атаанасы өзін ұзатқалы отырған болашақ күйеуіне барғысы келмей, жаны жабырқап жүрген таныс өзбек қызына: «Ендеше, сен деп зар илеп жүрген анау қазақ Аманғалиға тиіп алмайсың ба?» – дедім. Сонда ол жалмажан: «Ой, қойыңызшы! Сосын балаларым өзбек тілін білмей өсетін болады», – дегені бар. Өзі Алматының теміржол техникумында оқып жүрген, баржоғы 17–18 жасар Гүлчеһраның мына сөзін естігенде, ішімнен: «Не деген жетелілік, не деген саналылық, дініне, тіліне, ұлтына, салтдәстүріне не деген ұлы сүйіспеншілік!» – деп ойлаған едім.
Қаршадай өзбек қызы айтқан – ұлтына деген ұлы махаббатқа толы мұндай сөзді кіндігін ашып, шашын тоқал ешкінің басындай сыпыртып тастаған қазақ қызкеліншегі түгілі, сары қарын қатынқалашы, пайғамбар жасына жеткен қазақ кемпірсампыры да айтпайды. Өйткені олар өздерінің бұл санасыздығы қазақ деген ұлтты түптамырымен жоқ қылып жібергелі тұрғанын білмейді, білетіндерге «бари бир».
Қазір өркениеттілік, толеранттық (төзімділік), «елімізде тыныштық», «бірлігіміз жарасқан», «бәріміз бір әкенің баласындаймыз» деген жалаңаш ұрандар санасына әбден сіңірілген көпшілік қазақ «ұлттық мүдде» дегенді ойлауға да қабілетсіз. Ал жер бетінде кез келген ұлт жойылар алдында оның ең әуелі ошақ басындағы әйелдері мен оң жақта отырған қыздары бұзылатыны белгілі.
Иә, қыз – болашақ ана, ұрпақтың тәрбиешісі. Ал ұлтының не тілін, не дінін, не үрдісін қадірлемейтін, ойына келгенін істеп, аузына келгенін сөйлейтін, бетімен кеткен әйелден туған, соның тәрбиесін көрген ұрпақ – азғын ұрпақ болады. Ұрпағы азған ұлт – азғын ұлт. Шыққыр көзің осының бәрін көріп отырған соң, өз ұлтыңа өзің өкпелеп: «Ана болар – қызың жоқ, әке болар – ұлың жоқ, қыл мойынға құрық түспей, түсінетін түрің жоқ» деп те күнәға батады екенсің.
XIX ғасырда француздардың еуропалық емес халықтарға өркениет сіңіреміз деген сылтаумен жүргізген саясаты (Ia mission civilisatrice) бүгінде Қазақстан Республикасында (абайлаңыз, Қазақ Республикасы емес!) емінеркін жүргізіліп жатыр. Туған ұлты, туған Үндістаны үшін бүкіл өмірін сарп еткен Махатма Ганди «Батыстың өркениеті туралы не ойлайсыз?» деген шетелдікке: «Ұсынып тұрған идеяңыз жаман емес екен» деп, мысқылдай жымиыпты да жүре беріпті. Ал біздің жоғарыдағылар ешкім мұндай сұрақ қоймайақ, өздеріненөздері шетелдіктер өйтеді екен де, бүйтеді екен деп, сөз бастайды. Тіпті Қазақстанда гендерлік саясат жүріп жатқанын да мақтаныш тұтатындар бар.
Әнебір жылы Әйелдер ісі жөніндегі комитетте істейтін бір ханым гендерлік саясат жөнінде Еуропаға барып, есеп беріп келгенін ұялмайқызармай баспасөзде жариялады. Бұл – біле білген адамға, біз әйелдері мен қыздарының тәрбиесіздігі, көргенсіздігі, дөрекілігі, темекі шегуі, арақшарап ішуі, некені бұзуы, жеңіл жүріске салынуы, атаене сыйламауы, бала тумау және бала алдыру, ана тілін білмеу, еуропалык әйелдердің жабайы қылуаларына еліктеу жөнінен 50 мемлекеттің алдына түсеміз деп есеп берумен барабар емес пе?!
Иә, адам баласының хайуаннан басты айырмашылығының бірі – ұятты білуі. Қазіргі Батыс әйелдері мен қыздарында бұл – ұмыт болған ұғым. Соларды теледидарда көріп, өсіп келе жатқан қазақ қыздарын кінәлау да орынсыз сияқты. Қазір қыздар көшеде, аялдамада қасыңа келіп, темекісін бұрқыратып, сырасын ішіп отыра беретін болды. Осыдан біраз жыл бұрын қыздарымыз қарнын ашып тастап, кіндігін көрсетіп жүретінін ерсі көрсек, енді олардың майқұйрықтың үстіне көкпеңбек қып салып тастаған «сурет галереясын» «тамашалайтын» болдық. Ал осыдан біраз жыл бұрын түсіріліп, көрсетіле бастаған «Перекресток» деген фильм ұлқызымызды ұлттық санадан өнер арқылы айырудың бастамасы болды. Тіпті не басы, не аяғы, не ортасы жоқ сол «Перекрестокты» фильм деуге де ауыз бармайды. Ол шетел фильмдеріне еліктеу деуге ғана болатын дүниесымақ бір нәрсе.
Мына бір сорақылықты қараңыз: қазір жасы 60ты алқымдап, 70ті желкелеп қалған қазақ кемпіршалдары немерелерін «Баяна», «Қымбата», «Айнура», «Аселя», «Анеля», «Шолпана» деп шақырады. Бұл жай еліктеу емес, үлкен бір санасыздықтың, әлі де болса орысқа жарамсақтану мен еліктеудің, надандықтың бір түрі! Осының өзіақ біздің ұлттық сана, ұлттық намыс дегеннен айырылып бара жатқанымыздың айқын айғағы. Кеңес өкіметі орнарорнамастан Құдайға, Құранға қарсы шығу, салтдәстүрді сату жөнінен де КСРОда бірінші орынға шыққан қазақтың әйелдері болатын. Келекеле ерін тыңдамау, атаене сыйламау, неке бұзу, өзге ұлтқа күйеуге тию, ерінен ажырасу, арақ ішіп, темекі тарту, бала алдыру жөнінен 70 жыл ішінде мұсылман әйелдері ішінде қазақ қызкеліншектері алдына жан салмады. Өйткені олар біз әлі де ұлы жазушы, кемеңгер жазушы атап жүрген марқұмдардың шығармаларындағы қазақ қыздары мен әйелдері атабабамыздың салтдәстүрінен, еріксіз тиген күйеуінен қорлық көрген, сүйгеніне қосыла алмаған бақытсыздар еді дегенді ғана оқып, соны миына сіңіріп алғандар. Осы күні өзіміз ренжігенде «шала қазақ», «мәңгүрт қазақ», тағы басқадай деп атап жүрген қазақтардың көбі – сондай әйелдерден туғандар. Ал әлгіндей жазушыларымыз солай жазғаны үшін Лениндік сыйлық, Мемсыйлықтар алып, омырауына «Алтын Жұлдыз» тақты.
Ал бүгін біз еркегінің көзіне шөп салып, шетел аралап, сол үшін өлтіре сабаған ерін соттата сала, тағы да күйеуге шыққан қатынды жеркөкке сыйғызбай, телеарналардан жарыса көрсетудеміз. Егер бізде қазақ ұлты мына әпербақан заманнан аман қалсын деген мысқалдай ой болса, дереу әйелдеріміз бен қыздарымызды түзу жолға, арұят жолына, атабаба жолына түсіретін – не ереже, не заң қабылдауымыз керек. Ең алдымен жалпы әйел жыныстының темекі тартуына, «туған күн», «жуған күн» дегендерді сылтауратып та, былай да сыра, шарап ішуіне, еркекті, атаенені сыйламауына заң жүзінде қатаң тыйым салар кез келді. Бұл әйел мен қызды қорлау емес. Бұл – ұлттық мұраны сақтап қалудың әділет жолы.
Қазіргі қазақ қыздары шаңырақ көтеріп, отбасылық әйел міндетін атқарудан қашқалақтайды. Оларға еркектің де оншалықты қажеті жоқ. Өйткені салт басты, сабау қамшылы салтаң әйелдің өз еркі – өзінде. Батыстағылар – екі еркектің бірбіріне үйленуі, мультимиллионер қатын Сандес Бернардес сияқты өзінің ұлына күйеуге тию, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауы, күйеуіне өзге еркекпен «жатуға» кетіп бара жатқанын айтып кету сияқты хайуандықпен ғана бізден алда келеді. Әнебір кезде мыңнан астам әйелеркегі аралас жұрт «анадан туғандай тыр жалаңаш» Лондон көшелерін аралап шықты. Ағылшындар оларды теледидарға түсіріп, Азия, Африка құрлығындағы мұсылман елдеріне көрсетті. Мақсат – Англияда демократия, бостандық екенін дәлелдеп, сол арқылы мұсылман әйел жыныстыларына, жалпы өзге ұлттарға бүлдіргі ой тастау.
Әнебір жылдары АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Аллен Даллестің бір еңбегінен баспасөзде келтірілген үзіндіні оқып, мұндай да хайуандық болады екен деп таңданғанбыз. Ол сонда өзге елдерде жәләптықты, қанішерлікті, адамды азаптауды, хайуанға ғана тән қылуаларды, жалаңашжалпы суреттер мен мал сияқты ашықтанашық жыныстық жасап жатқанды көрсететін фильмдер түсіріп, тарату үшін – Америка шетсізшексіз қаржы бөліп отыруы керек деп жазған еді. Міне, сол Америка мен кейбір Еуропа елдері жүргізіп отырған небір жымысқы саясат Қазақстанда да қолдау тауып отырған сияқты.
Қазақ әйел жыныстысының ұлттық санадан және әйели арұяттан айырылуына Кеңес заманында қыздарымызға интернационалистік тәрбие беруіміздің де кесірі тиді. Осы интеррухпен тәрбиеленген қазақ қыздарын Кеңес кезінде ермек ретінде де пайдаланбаған ұлт жоқ шығар. Сол жылдары басқа ұлтқа күйеуге тиген қыздарымызды әспеттеп, қызметке орналасуына, пәтер алуына жағдай жасау да үрдіс болды.
Ал осы күні ұлқызы мәңгүрттік аурудан ада, ана тілі мен салтдәстүрін сақтап қалған ұлттардың бәрі Кеңес заманында да әйелдері мен қыздарын қатаң бақылауда ұстаған. Қатаң бақылау дегеннен шошып кетіп, шоршып түсетіндер шығатынын біліп отырсақ та, солай деуге мәжбүрміз. «Қатаң бақылауда ұстау» дегеніміз – ұлттық үрдістерді, ұлттық салтсананы, тілді аман сақтау деп түсіну керек.
Екіншіден, «қатаң бақылау», «қатты ұстау» дегеніміз – ер мен әйелді тең, әділ ұстау деген сөз. Қазір келіншектер ерінен айрылса, заң атаулы түптүгел өздерін қорғап шығатынын, алиментін, пәтерін алып, қалаған еркегімен төсектес болып, жүгенсіз желе жортып, «рахат» өмір кешетінін біледі.
Кезінде көрнекті жазушы Тахауи Ахтанов Үндістанға барғанда, «Сіздерде әйел құқы мәселесі қалай?» – деп сұрапты. Сонда Тахаң әзілдеген болып: «Біз сол әйелдерге құқықты көбірек беріп қойып, қайтып ала алмай жүрген сияқтымыз», – депті. Тіпті Л.И. Брежневтің өзі Маргарэт Тэтчердің саясаткерсіп, шошаңдай бергенін жақтырмай: «Бұл қатын Черчилльді басып озып, оның шалбарын да тартып алмақшы сияқты ғой», – деген екен. Брежневтің осы бір өте оңтайлы айтылған сөзі біздің осы күні саясаткерсымақ, үкімет ісіне араласқансымақ болып жүрген кейбір еркетотайларымызға да арнап айтылғандайау…
Тағы да мысал: дүние жүзіндегі пайғамбар сахаба, шадияр атаулыны алып қарасаңыз, ішінде бірдебір әйел заты жоқ. Исламда да, Буддада да, христианда да солай. Қазақтың «Байтал шауып бәйгі алмас» деген мақалына дендеп кірсек, ол жай айтыла салмаған, әрі ұлағатты, әрі ғылыми дәлелді сөз екенін аңғарамыз. Бұл ауыспалы мағынасында әйелдерге сен еркектің алдына шығып, басқа шауып, төске өрлей берме деген ишараны білдірсе, екіншіден – шыныңда да, ұлы дүбір шабыста байтал, биелердің озық шығуы рабайда болмаса, кездесе бермейді.
Қызкеліншектеріміз «байтал» деген сөзге шамданбайақ қойсын. Өйткені олар үлгі алып жүрген ағылшындар жақсы көрген әйелін жылқыға, өзі ұнатқан әйел бөксесін жылқының сауырына теңейді.
Жалпы, біз мынаны қаперімізге алуымыз керек. Жаратқан Иеміз еркек пен әйелді физиологиялық жағынан екі түрлі етіп жаратқан. Олардың миының жарты шарлары да әртүрлі жұмыс істейді. Әйелдерге қарағанда, еркектердің сүйегі каттырақ және терісінің астындағы май да аздау келеді. Біз қызкеліншектерімізге тәрбиелілік дегеніміз – ер адамның, жасы үлкен кісінің бетіне бажырайып тура қарамаудан басталатынын үйретуіміз керек. «Ер бала – үйдің таяуы, қыз бала – үйдің бояуы» деп ғұлама ақын Әбубәкір Кердері айтқандай, қыз бала – елдің де көркі, әрі шаңырақтың екі иесінің бірі.
Әнебір жылы Рим папасы келгенде, Астанадағы Еуразия университетінің қыздарына оның алдынан нан алып шығу былай тұрсын, папаның қолын сүйгізіп, масқара болғанымыз да жетеді. Ал қазақ әйелінің өмірдегі орны туралы тағы да Әбубәкір Кердерінің «Жаман болса алғаның, өлсең көрде жатқызбас – сүйегіңді тебірентпей» дегені қайсы еркек кіндіктіні де ойға батырар сөз емес пе?!
Бізде екі әйел алуға қасқая қарсы шығып, ендеше біз де екіүш күйеуге тиеміз деп құтырынғандар, «гендерлік саясат» деп өзеуреп жүрген надан желөкпелер сол дамыған АҚШта Сильвестер Сталлоне, Ж.К. Ван Дамм, Брюс Уиллис сияқты талай «цивилизованныйлар» бірнеше әйел алғанын білмей ме екен? Немесе, о заман да, бұ заман – қай патша, қай король, қай сенатор, қай император немесе олигарх қызым сүйген екен деп, кедейге бергенін, ұлына тақыр кедейдің қызын алып бергенін естіп пе? Сөйте тұра, қазақтың хан, сұлтандары, байлары көп қатын алған, 16–18дегі жас қыздарын малға сатқан деген қауесеттерді аузыаузына жұқпай қайталайды. Олар «күйеуім», «отағасым», «байым» десе, өркениеттен артта қалып қоярдай, «жолдасым» деп сөйлейтін болды. Олар түгілі, теледидардың кітап оқымайтын сауатсыз жүргізушілері де сұхбат алып отырып, «жолдасыңыз» деуді дәреже көретін сияқты.
Бүгінгі Қазақстанда еркектің отбасындағы, әйел алдындағы беделі құлдырағаны да айқын. Үйде жұмыссыз отырған еркек күні бойы базарда тұрып, қайтарда көрші бутиктегі 3–4 қатынмен қосылып, 1–2 жартымен «бой жылытып», қызып келген әйеліне қарсы сөз айта алмайды. Әнебір жолы бір өлеңімізде:
…Шаңырақтан ризық көшіріп,
Ошақтың отын өшіріп,
Баз кешіп бай мен баладан,
Тоятын іздеп қаладан,
Атаның қонбай ақылы
Қаңғырып кеткен қатыны, – дегенде, осыны айтқымыз келген еді.
Қазір «түкірігі жерге түспей тұрған» қуатты елдер ұсақ елдерді, әсіресе мұсылман елдерін өз уысынан шығармау үшін, «экономикалық одақ», «кеден одағы» деген қулықтармен қатар, сол елдердің қызкеліншектерін де теріс жолға түсіру үшін, қолтығына су бүркіп, «әйелдер ісі», «әйелдер мәселесі», «әйел теңдігі», «гендерлік саясат» дегендерді қару қып пайдаланып келеді. Қазақтың сауатты, білімді әйел жыныстылары ондай арандатуға ермейді.
Ал білімбілігі төмен, үйінде дұрыс тәрбие көрмеген қызкеліншектер сондай сайхали саясаттың құрығына тез түсіп, әйелге тән бүкіл сүйкімді жүрістұрысынан айырылады. Өзінің ұлттық дәстүрі олардікінен әлдеқайда озық екенін білмеу, өз ұлтын еуропалықтардан кем көру – нағыз надандықтың, сауатсыздықтың нышаны.
Баяғыда орыстың үлкен ойшылы, әдебиет сыншысы Писарев «Орыстың Рафаэлі болғанша, орыстың етікшісі болған жақсы» деген екен. Ол бұл жерде қайта өрлеу дәуірінің әлемге мәшһүр суретшісі Рафаэль Сантиді айтып отыр. Баяғыда гректер «Афины демократиясы», «сөз бостандығы» дегенді ойлап тауып, ұлқызымызды, жастарды бұзды деп, Сократты жазаға тартқаны белгілі. Қысқасы – әйел жыныстысы бұзылған ұлт жойылатынын, мемлекет күйрейтінін тарих талай рет дәлелдеген. Ендеше қызкеліншектеріміздің ұлттық тәрбиеден алыстап кетпеуін мемлекеттік те, отбасылық та деңгейде қолға алатын кез келді.
Мырзан КЕНЖЕБАЙ,
ақын,
публицист
Редакциядан: Мырзан Кенжебай мырзаның ойжоралғысы – оның жеке пікірі екенін және жазылған жәйттің дені қоғамға мерез болған жағдайлар екенін ескере отырып, еліміздің әйелдер қауымын 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!